Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 наурыз N 323

Жаңартылған
      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Z010264_ Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
      1) Халықаралық Валюта Қорының:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы Марченко Григорий Александрович (келiсiм бойынша),
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келiмбетов Қайрат Нематұлы; <*>
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Павлов Александр Сергеевич,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келімбетов Қайрат Нематұлы; <*>
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, <*>
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы (келiсiм бойынша);
      4) Азия Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы, <*>
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және

бюджеттік жоспарлау вице-министрі Дунаев Арман Ғалиасқарұлы; 
<*>

     5) Ислам Даму Банкiнiң:
     Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі 
Жәмiшев Болат Бидахметұлы,
     Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және 
сауда вице-министрi Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы тағайындалсын. 
<*>

     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20. N 1041         
              қаулысымен.  

P021041_

 
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.