Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
      1) Халықаралық Валюта Қорының:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша),
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ерғожин Дәулет Еділұлы;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы;
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі Жақсылықов Тимур Мекешұлы;
      4) Азия Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі - Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
      5) Ислам Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исекешев Әсет Өрентайұлы,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20 N 1041, 2003.03.20 N 275, 2003.06.19 N 576, 2003.07.02 N 643, 2003.11.12 N 1132, 2004.03.05 N 281a, 2004.04.15 N 418, 2004.09.27 N 986, 2005.04.22 N 382, 2006.03.20 N 190, 2006.06.20 N 564, 2007.02.26 N 145, 2007.09.26 N 838, 2008.01.25 N 66, 2008.05.16 N 462, 2008.11.28 N 1105, 2009.03.20 N 377, 2009.05.07 N 664, 2010.08.31 № 851, 2011.09.19 N 1074, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі