Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 Қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
      1) Халықаралық Валюта Қорының:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісім бойынша),
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
      2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;
      3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,
      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
      4) Азия Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев;
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
      5) Ислам Даму Банкiнiң:
      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев,
      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20 N 1041; 2003.03.20 N 275; 2003.06.19 N 576; 2003.07.02 N 643; 2003.11.12 N 1132; 2004.03.05 N 281a; 2004.04.15 N 418; 2004.09.27 N 986; 2005.04.22 N 382; 2006.03.20 N 190; 2006.06.20 N 564; 2007.02.26 N 145; 2007.09.26 N 838; 2008.01.25 N 66; 2008.05.16 N 462; 2008.11.28 N 1105; 2009.03.20 N 377; 2009.05.07 N 664; 2010.08.31 № 851; 2011.09.19 N 1074; 2012.03.26 N 353; 19.12.2012 N 1615; 08.05.2013 N 470; 23.12.2013 N 1384 қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі