Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен
"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен1. Мыналардың Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев.
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,
Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Серікқызы Жүнісбекова;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасыныц Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Төкешұлы Тәкиев;
4) Азия Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасыныц Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,
Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев;
4-1) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі – АИИБ):
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфракұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Қасымұлы Ержанов;
5) Ислам Даму Банкiнiң:
Басқарушы - "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Бақытжанұлы Бекетаев.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.09.20 N 1041; 2003.03.20 N 275; 2003.06.19 N 576; 2003.07.02 N 643; 2003.11.12 N 1132; 2004.03.05 N 281a; 2004.04.15 N 418; 2004.09.27 N 986; 2005.04.22 N 382; 2006.03.20 N 190; 2006.06.20 N 564; 2007.02.26 N 145; 2007.09.26 N 838; 2008.01.25 N 66; 2008.05.16 N 462; 2008.11.28 N 1105; 2009.03.20 N 377; 2009.05.07 N 664; 2010.08.31 № 851; 2011.09.19 N 1074; 2012.03.26 N 353; 19.12.2012 N 1615; 08.05.2013 N 470; 23.12.2013 N 1384; 09.10.2014 № 1079; 29.08.2016 № 488; 25.01.2017 № 14; 24.03.2017 № 130; 08.09.2017 № 551; 08.02.2018 № 44; 16.11.2018 № 760; 05.04.2019 № 163 қаулыларымен.1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |