Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы N 323 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіне мүшелiгi туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      1. Мыналар Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып тағайындалсын:

      1) Халықаралық Валюта Қоры:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;

      3) Еуропа Қайта құру және Даму банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      4) Азия Даму Банкi:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил;

      5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі:

      Басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров,

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Нұрашұлы Баймишев;

      6) Ислам Даму Банкi:

      Басқарушы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Нематұлы Келімбетов (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбеил.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімінің Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша АИИБ-мен байланыста болу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 08.02.2018 № 44 қаулысымен

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі