Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 399-VI ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 305-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "305-1-бап. Тең кепіл ұстаушылар";

      2) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-бап. Шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу

      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу олардың ортақ келісуі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісу бойынша олар бірлескен қызметке басшылық етудi және ортақ iстердi жүргiзудi, бұл жағдайда шартқа қалған қатысушылар берген сенімхат негiзiнде әрекет ететін қатысушылардың бiрiне немесе осы Кодекстің 823-бабында және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда үшінші тұлғаға тапсыра алады.";

      3) мынадай мазмұндағы 305-1-баппен толықтырылсын:

      "305-1-бап. Тең кепіл ұстаушылар

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шарттарда көзделген жағдайларда бір қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы бір борышкердің бірнеше кепіл ұстаушының (тең кепіл ұстаушының) алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін олардың кепілінде болуы мүмкін.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шарттарда өзгеше белгіленбесе, тең кепіл ұстаушылардың әрқайсысы өзінің кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшері шегінде кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттерін дербес жүзеге асырады.

      2. Кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша негізгі міндеттеме бойынша кредиторлар болып табылатын тең кепіл ұстаушылар арасында, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

      Кепіл нысанасы өткізілмеген жағдайда оған өндіріп алу қолданылған кезде кепіл нысанасы, егер тең кепіл ұстаушылардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды түрде олардың үлестік меншігіне түседі.

      Осы баптың ережелері келесі кепілге (қайта салынған кепілге) қолданылмайды.";

      4) 328-баптың 2-1-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кепілі міндетті тіркеуге жататын мүлікті қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу, сондай-ақ мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуі ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасын өткізу микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң жария сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырылады. Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасы сауда-саттық басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жария сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, кепіл нысанасы ломбард меншігіне өтеді.";

      5) 353-баптың 1-тармағындағы "қайта қаржыландырудың ресми ставкасы", "қайта қаржыландырудың ресми ставкасын" деген сөздер тиісінше "базалық мөлшерлеме", "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 370-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, лицензиядан айырылған не консервациялау немесе тарату (қызметін тоқтату) процесінде тұрған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қойылатын талаптарды;".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнындағы 728-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "728-бап. Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың және синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері";

      2) 728-баптың:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "728-бап. Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың және синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалады.";

      3) 740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      "6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;";

      4) 741-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;";

      5) 841-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы (қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы) шешімі заңды күшіне енген, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;";

      6) 915-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердiң талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендердi өткiзiлмеген деп тануы мүмкiн.";

      7) 916-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өтуі мүмкін.".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 39, 48-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; № 17-18, 78-құжат):

      1) 33-бапта:

      1-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) салынған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, басқарушы компания жер учаскелерін сонымен бір мезгілде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберіндегі жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға иеліктен шығарған кезде;";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан және оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мәмілелеріне, оның ішінде кепілге салуға, сондай-ақ жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия шарты бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қолданылмайды.";

      2) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруіне жол берілмейді.";

      3) 47-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "қайта қаржыландыру ресми ставкасы" деген сөздер "базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 52-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы баптың 1-тармағының ережелерi "Байқоңыр" кешенiнiң мемлекеттiк жер пайдаланушыларға бекiтiп берiлген ғимараттарына (құрылыстарына, құрылысжайларына), магистральдық құбыржолдардың желілік бөліктеріне меншік құқығына, ұялы немесе спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларға және (немесе) тіреуіштерге, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда жер учаскесі меншік иесінің келісімімен басқа тұлғаға меншік құқығында тиесілі жер учаскелерінде инвесторлар есебінен салынған өндірістік ғимараттарға (құрылыстарға, құрылысжайларға) меншік құқығына қолданылмайды.

      5) 64-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "беру құқығы бар." деген сөздер "беру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      8) өзіне меншік құқығымен тиесілі жер учаскесін салу құқығын осы Кодекстің 52-бабының 7-тармағына сәйкес инвесторға талаптары тараптардың келісуі бойынша белгіленетін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде беру құқығы бар.";

      6) 105-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарлық балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық-су шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырықты балық шаруашылықтары мен балық өсiретiн зауыттар салу;";

      7) 122-баптың 2-тармағында:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:

      1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін және қорғаныс мұқтажы үшін;

      2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

      3) осы Кодекстің 171-бабына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

      4) туризм объектілеріне (жолдарға, электр беру желілеріне, құбыржолдарға) инженерлік инфрақұрылым салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесінің шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған, пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.

      Осы тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:

      1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;

      2) экологиялық әсерге бағалау жүргізу;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.

      Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.";

      8) 171-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің ережелері көрсетілген бөліктер қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.".

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 107-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.";

      2) 125-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;".

      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 10, 46-құжат; № 12, 61-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      285-2-бап мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) өңдеу саласындағы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және шарттарда қаржыландыруға;".

      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      1) 62-бапта:

      3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті әзірлеу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуге құқылы.";

      6-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретін мемлекеттік органның меморандумын әзірлеу және бағалау тәртібін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меморандумын әзірлеу тәртібінің ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.";

      2) 155-2-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

      Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету кезінде республикалық концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу талап етілмейді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.";

      "3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жібереді.".

      7. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 77-құжат):

      33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, ерлi-зайыптылардың некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезінде жинаған мүлкiне ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметiнен, кәсiпкерлiк қызметтен және зияткерлiк қызмет нәтижелерiнен түскен кіріс сомалары, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен алынған кіріс сомалары, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, зейнетақы жинақтары, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабiлетiнен айрылуына байланысты нұқсанды өтеуге төленген сомалар және басқалары) жатады. Сондай-ақ ерлi-зайыптылардың ортақ кіріс сомалары есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiк, бағалы қағаздар, пайлар, салымдар, кредиттік ұйымдарға немесе өзге де ұйымдарға салынған, жарғылық капиталдағы үлестер және ол отбасында кімнің атына сатып алынғанына не ақша қаражатын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде жинаған басқа да кез келген мүлiк, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен сатып алынған мүлік ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.".

      8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Процестік әрекеттер барысында адамдардың екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында орналастырылған салымдарына және басқа да мүлкiне тыйым салу, сондай-ақ оларды алып қою осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.";

      2) 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацында:

      "әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздер "мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 163-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Екінші деңгейдегі банктердегi, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы және кредиттік мекемелердегi шоттар мен салымдардағы ақшаға және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.".

      9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 25-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Бизнес-әріптестер тізілімі";

      291-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 295-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім";

      2) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Бизнес-әріптестер тізілімі

      1. Кәсіпкерлік субъектілеріне және өзге де тұлғаларға бизнес-әріптестердің сенімділігі мен адалдығы туралы ақпарат беру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-әріптестер тізілімін құрады және жүргізеді.

      2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған, заңдармен қорғалатын құпияны құрамайтын кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе бизнес-әріптестер тізілімі болып табылады.

      Бизнес-әріптестер тізілімінде қамтылған кәсіпкерлік субъектілерінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру объектілерін бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауды қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, ал оларды интеграциялау тәртібі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында айқындалады.

      4. Бизнес-әріптестер тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      3) 70-бапта:

      2) тармақшадағы "үштен" деген сөз "бестен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы.";

      4) 73-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы "белгілеу болып табылады." деген сөздер "белгілеу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейі мен сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру болып табылады.";

      5) 82-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;";

      6) 85-баптың 2-тармағында:

      13-2) және 13-3) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша әзірлейді;";

      7) 102-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:

      1) тергеп-тексеру жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;

      5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      7) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      9) шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      11) шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      8) 112-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:

      "қаржы ұйымдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың," деген сөздер алып тасталсын;

      9) 266-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.";

      10) 283-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Инвестициялық басым жоба бойынша салықтар бойынша преференциялар (бұдан әрі – инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі.";

      11) 286-бапта:

      1-тармақ 2) тармақшасындағы "өндірушілерге беріледі." деген сөздер "өндірушілерге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) инвестициялық жоба бойынша – инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерi бойынша осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.

      Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мына қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:

      1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;

      2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;

      3) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген мұнай-химия өнімдерін өндіруді, акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет.

      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына екі реттен артық қайта қаралмайды.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады.

      Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір миллион еселенген мөлшерін құрайды;";

      5-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы инвестициялық жобаға инвестициялық преференцияларды қолданудың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:";

      12) 289-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын немесе 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын немесе инвестициялар туралы келісім шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаларға:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;

      2) шетелдік жұмыс күшін тарту саласында Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі ерекшелік жағдайды осы Кодекстің 295-2-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар құрайды.";".

      13) 291-бап алып тасталсын;

      14) 292-баптың 2-тармағындағы "және (немесе) инвестициялық субсидия" деген сөздер алып тасталсын;

      15) мынадай мазмұндағы 295-2-баппен толықтырылсын:

      "295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында жасалатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде жеті жарым миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялар туралы келісім болып табылады.

      2. Инвестициялар туралы келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жасалады.

      3. Инвестициялар туралы келісімде инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды берудің шарттары мен тәртібі айқындалады.

      4. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары инвестициялар туралы келісімде айқындалады.

      5. Инвестициялар туралы келісімге тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз қолданысын сақтайды.

      6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 80-1-тарауына сәйкес қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының жиырма пайызына дейін өтем алуға және жабдық сатып алуға құқығы бар.".

      10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 72-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы дауланып отырған құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.";

      2) 156-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялар бойынша нысана не клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.";

      екінші абзац "зейнетақы жинақтарына," деген сөздерден кейін "тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне," деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкерге тиесілі және банктегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалындағы ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салу қолданылатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салу қолданылатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды.";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актіні, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оларға реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;";

      3) 158-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) шоттардың нөмірлері мен нақты банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы белгілі болған жағдайда, жауапкерге тиесілі және банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу үшін банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты мәлімдеген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.";

      4) 239-баптың бірінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына қолданылады.";

      2) 113-баптың 3-тармағындағы және 4-тармағының екінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) 93-баптың 2-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін және пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 111-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 124-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 128-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылса – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;".

      13. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 13, 66-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 43-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Жобалық басқару";

      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган – жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      3) мынадай мазмұндағы 43-1-баппен толықтырылсын:

      "43-1-бап. Жобалық басқару

      1. Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекітеді.".

      14. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 15-I, 15-II, 76-құжат):

      1) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлейді және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;";

      2) 57-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын денсаулық сақтауды ақпараттандыру объектілерін қорғауды, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерінің сақталуы мен құпиялылығын, сондай-ақ пациенттің өзінің дербес деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;";

      3) 58-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дербес медициналық деректердің агрегаторы – уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және беруді жүзеге асыратын дербес деректер операторы;

      4) дербес медициналық деректердің иесі – өзіне қатысты осы деректер қалыптастырылған дербес медициналық деректер субъектісі (жеке тұлға);";

      4) 61-баптың 4 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығы дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.";

      "9. Талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүзеге асыру үшін медициналық деректер иесіздендірілген түрде пайдаланылады.";

      5) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.";

      6) 66-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды көздейтін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге, концессионерлерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің) болуы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.";

      7) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың біржолғы зейнетақы төлемдері;";

      8) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ақы төлеуге;";

      9) 110-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуды жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;

      2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті.";

      16-тармақтың бірінші бөлігіндегі "демеушілік етуге және алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді" деген сөздер "демеушілік етуге және оларды жарнамалауға, алкогольді өнімді, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Алкогольді өнімді сату кезінде алкогольді өніммен сауданы жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;

      2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, алкогольді өнімді сатудан бас тартуға міндетті.";

      10) 195-баптың 3) тармақшасы төртінші абзацындағы "көрсетілетін медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі." деген сөздер "көрсетілетін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға бірыңғай зейнетақы төлемдері есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.".

      15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары мен меморандумы

      1. Қазақстанның Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.

      Стратегиялық жоспарды Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.

      2. Қазақстанның Ұлттық Банкі кезекті қаржы жылына арналған меморандумды жыл сайын әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторлар қамтылады.

      Меморандумға Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

      Қазақстанның Ұлттық Банкі жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне меморандумның орындалуы туралы есепті ұсынады.";

      2) 8-баптың 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;";

      3) 12-баптың екінші бөлігіндегі "мен Директорлар кеңесі (Директорат)" деген сөздер ", Ақша-кредит саясаты комитеті және Директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-бапта:

      екінші бөлікте:

      63) және 65) тармақшалардағы "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар," және ", микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 65-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "65-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдары және олардың ірі қатысушылары, банктік холдингтер, банк конгломераттары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру тобы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, кредиттік бюро және коллекторлық агенттіктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;";

      69) тармақшадағы ", микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлікте:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына енгізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын адамдарға қойылатын талаптарды бекітеді;";

      5) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті:

      1) базалық мөлшерлемені белгілейді;

      2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.";

      6) 19-бапта:

      бірінші бөліктегі "(Директорат)" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      7) 29-бапта:

      екінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін;";

      үшінші абзацтағы "ставкаларының деңгейлерiн" деген сөздер "мөлшерлемелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның Ұлттық Банкі инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді.";

      8) 34-бапта:

      тақырыптағы "Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу үшін бағдар болып табылады.";

      9) 51-3-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен" деген сөздер "базалық мөлшерлемесінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):

      1) 6-2-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi электрондық хабарлама арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган рұқсатының бар-жоғы туралы мәліметтерді алады.";

      2) 12-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензия алынған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.";

      3) 14-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың ережелері қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қолданылады.";

      4) 16-1-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы осы Заңның осы бабы бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында және 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде есептік тіркеуден шығарылуға жатады.

      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның филиал қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.".

      17. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31, 33-құжаттар; № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):

      1) 2-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары танылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынатын мәліметтердің негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.";

      2) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі болып табылады.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған жері танылады.";

      3) 8-бапта:

      9-тармақ 14) тармақшасындағы "жалға берумен айналысуға құқылы." деген сөздер "жалға берумен айналысуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      4) 8-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банктің осы мәмілені алдын ала банктің директорлар кеңесінде бекіттіріп алмай, құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы мәмілені алдын ала Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде бекіттіріп алмай, құны Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері сомасының он пайызынан асатын, резерв ретінде қабылданған активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.";

      5) 11-1-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтеріне қолданылмайды. Көрсетілген банк холдингтері еншілес ұйым құрылған не еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері немесе дауыс беретін акциялары сатып алынған жағдайда, заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды еншілес ұйымның құрылғаны немесе сатып алынғаны туралы хабардар етуге міндетті.";

      3-тармақ "Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтерінің еншілес ұйымдарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жиынтық активтерінің сомасы жиырма миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      3) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында келісімнің болуы.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпаратты алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (оның ішінде қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзара іс-қимылдың өзге де мәселелері қамтылуға тиіс;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растауының болуы.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәліметтер, оның ішінде аяқталған соңғы екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды адамы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді, оған қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларды ашып көрсету (бюджет, активтер мен міндеттемелер туралы есеп, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп, маркетинг жоспары (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының клиентурасын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру кіреді;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде өтініш берілетін күнге тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылығының жоқ екені туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растауы;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;

      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайларда оларды осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің сөзсіз және дереу орындайтыны туралы жазбаша міндеттемесі;

      13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы орналасқан Қазақстан Республикасының аумағында деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының бар екенін растайтын мәліметтер және құжаттар;

      14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      15) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген құжаттар.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу;

      2) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;

      3) бизнес-жоспардың және өзге де ұсынған құжаттардың:

      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметiнiң рентабельдi болатынын;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiсті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының бар екенін;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызмет жоспарларына сәйкес келетін есепке алу және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және Корпорацияға жіберіледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.";

      7) 20-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде банк операциялары жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің басқа филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.";

      3-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның талабы көрсетілген банктердің акцияларын осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг иеленгенге дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;";

      5) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің (ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басшы қызметкерлердің осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері үшін), "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Атқарушы органның басшысы осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.

      Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысына осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен еңбек шартын бұзуға не атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.";

      8) 26-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен бередi.

      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

      Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған кезде береді.

      Уәкiлеттi орган лицензияны беру немесе қайта ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

      Лицензияны беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекіттіруге міндетті.

      Банк өзінің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар меншікті үй-жайдың болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы филиалдың есептік тіркелгенін растайтын құжатты алғаннан және осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастырғаннан кейін активтер қалыптастырылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін осы тармақтың екінші бөлігінің талаптарын орындайды және Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етеді, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке (ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензияны не лицензия беруден уәжделген бас тартуды береді.";

      9) 27-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талап орындалмаған;

      2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болмаған;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензияны алуды қалайтын заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмеген, тағайындауға (сайлауға) ұсынылатын кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмеген (жаңадан құрылатын банк, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін);";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) осы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.";

      10) 29-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті шартты орындау туралы талап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған немесе оның үй-жайларының саны азайған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үй-жайларының санын азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді көшірмені ұсынуға міндетті.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасында бейрезидент-банктердің филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы баптың 6, 7, 8-1, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы резидент-банкінің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін және бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайын не өкілдігін жабуды талап етеді.";

      11) 30-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк қызметі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.";

      11-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көрсетілген операцияларды банктерден басқа, құжаттандырылған нысанда шығарылған қаржы құралдарын сақтау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсатында орталық депозитарий жүзеге асыруға құқылы.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін банк осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелерін есепке алмай Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті лицензия негізінде жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттардан басқа, жеке тұлғадан бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмайтын салымды қабылдау Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізу шарты болып табылады.";

      12) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) 40-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында банк деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында банк деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы түсініледі.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың және осы баптың 1-тармағының талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі.";

      14) 42-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, депозиторлар мен кредиторлардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтер және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептілік тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің белгілі бір күнгі мөлшерін айқындауға құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициентін бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Жоспарды резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті бұзылған күннен бастап бір ай ішінде, бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар мен мерзімдерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып ұсыну қажет.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерінің жеткіліктілік коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";

      15) 44-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі туралы ақпаратты алуға құқылы.";

      16) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі.";

      17) 47-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.

      Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.";

      18) 48-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;

      18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;

      19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;

      20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";

      1-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.";

      19) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-9) кредиторлар синдикатына қатысушы банктің банк-агентке Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беруі;";

      20) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;";

      21) 52-5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын;

      2) егер бұл филиал туралы ережеде көзделсе, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында көзделген банк операцияларының және өзге де операциялардың, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін (осы Заңның 30-бабы 11-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операцияларды қоспағанда) жүзеге асыруға құқылы.";

      22) 54-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      23) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

      1. Банктер жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.

      Банктер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдасы мен шығыны туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.

      Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын бейрезиденттеріне қолданылмайды.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлiк есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық ұйым онда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкiлеттi органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының интернет-ресурсында уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, тоқсан сайын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.";

      24) 57-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың 1, 1-1, 1-3, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.

      Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы оларды қазақ немесе орыс тілінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";

      25) 61-6-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық есептілігі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік түсініледі.";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Филиалы қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қабылдайтын шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бұрын уәкілетті органға осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған міндеттемелерін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде орындайды.";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары банктің ірі қатысушысымен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкімен келісілуге тиіс.";

      26) 61-7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі.";

      27) 61-8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызылған жағдайда уәкілетті орган кейіннен төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтата отырып, оны барлық банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырады.";

      28) 69-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке" деген сөздер "жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару осы Заңның 30-бабы 13-тармағының үшінші бөлігінде көзделген шарттар сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      екінші бөліктегі "басқа банкке" деген сөздер "депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақтың бірінші бөлігінде түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-тармақтың екінші бөлігінде түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-1-тармақтың 3) тармақшасындағы "қатысушы болып табылатын басқа банкке" деген сөздер "қатысушы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) мынадай мазмұндағы 74-5-баппен толықтырылсын:

      "74-5-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімі бойынша;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің немесе осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Өтінішхатқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті органы бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы есеп және тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 69-бабының 2, 2-1 және 5-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады.

      Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын тарату туралы есеп бекітілгеннен кейін күнтізбелік жеті күн ішінде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының барлық кредиторының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүргізуге арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды сондай-ақ сот уәкілетті мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап қоюына) байланысты жүргізеді.

      Соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату рәсімін жүргізу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Соттың осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылады.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап:

      1) мыналарға:

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының пайдасына түскен ақшаны есепке жатқызуға;

      банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын лицензиядан айырғаннан кейін клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдында берешегінің болмауы немесе клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдындағы бар берешегін өтеуі шартымен клиенттердің өздерінің банктік шоттарына түскен ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы клиенттерінің және филиалдың өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі және жұмыстан шығарылады;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандырылуға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      6) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу жөніндегі міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және өзге де мәмілелерге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының борышкерлері орындайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 73-бабының 3, 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарына және 74-2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібі, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және олармен кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасқан келісімде реттеледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшері сомасынан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының конкурстық тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының конкурстық тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлік, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелер тарату комиссиясының басқа ислам банкіне немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалына беруіне жатады.

      Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.

      Уәкілетті орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 5-тармағы он төртінші бөлігінің ережелері қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 74-2-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды осы Заңның 74-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      30) 75-бапта:

      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері (1, 3, 5, 5-1, 10, 10-1, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 16-1, 16-2, 16-3, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 28, 47-1, 48-1, 52-4, 52-7, 52-9, 52-13, 52-14, 52-15, 52-16, 52-17, 54-1, 59-1, 59-2, 59-3, 60, 60-1, 61, 61-2, 61-4, 61-9, 61-10, 61-11, 61-12, 61-13, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 67-1, 68, 68-1, 70, 71, 72, 74, 74-1, 74-3, 76-1, 78-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      Осы Заңның 8-1, 20, 26, 27, 30, 31, 31-1, 34, 35, 36, 39, 40, 40-5, 45, 45-1, 50, 52-12, 56, 57, 61-5, 61-6, 61-7, 73-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктерге байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.".

      18. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-27) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      19. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):

      47-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы және 48-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының" деген сөздер "Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):

      21-бапта:

      1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;";

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;".

      21. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Жобалау қызметі

      1. Стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгілік регламентін бекітеді.

      Жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган деп жобалық басқару саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган түсініледі.".

      22. "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат):

      1) 2-бап:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шоттар – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті операторда біржолғы зейнетақы төлемдерін алушы ашатын ағымдағы банктік шот;";

      2) 3-баптың 8-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып тұрғын үй жағдайларын жақсарту деп тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітетін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында айқындалған мақсаттар түсініледі.";

      3) 5-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "қарыздарын беру тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады." деген сөздер "қарыздарын беру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін арнайы шоттар ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.".

      23. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 2-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі негізгі ережелерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашу, олардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығында қызмет ету шарттарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.";

      "4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 53-4, 54-1, 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5, 55-6, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 65, 66, 69, 69-1, 71, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға арналған өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.";

      2) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;

      8-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын оқшауланған бөлімшесі;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, актуарий;";

      3) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, "Өзара сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі сақтандыру қызметi болып табылады.

      3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi исламдық сақтандыру қызметі болып табылады.";

      4) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.";

      5) 11-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет ретінде мәмілелерді жүзеге асыруына және операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.

      "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру қызметінен басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.";

      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік беруге жататын сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады.";

      6) 11-1-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын – директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде – директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.";

      7) 12-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, сатып алу сомасы шегiнде қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасау тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымында бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.

      Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және меншікті қаражат бойынша және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.

      Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.";

      8) 15-1-бапта:

      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы түсініледі;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы түсініледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары танылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларын есепке алуды жүргізеді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың талаптарын қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы түсініледі.";

      9) 16-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1 және 3-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы;

      4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса);

      6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.";

      "3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) есептік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы ақпарат, оның интернет-ресурсы;

      4) өткен есепті үш жыл үшін аудиторлық ұйым растаған, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есептілігі (бар болса);

      6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында, 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат.";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының тізбесі;";

      10) 16-1-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат етіледі.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      11) 16-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы қызметкерлерінің сақтандыру брокерін құруға немесе оның қызметіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында лауазымдарды атқара алмайды.";

      12) мынадай мазмұндағы 16-4-баппен толықтырылсын:

      "16-4-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашу

      1. Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәліметтер, оның ішінде аяқталған соңғы екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиал ашуына қарсылығының жоқ екендігі туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасы;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнамасының талаптарын бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтайшысында (құрылтайшыларында) экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша сотталғандығының жоқтығы туралы, сондай-ақ құрылтайшының (құрылтайшылардың) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиядан айырған, оны мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде қызметті жүзеге асырмағаны туралы жазбаша растамасы. Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін лицензиядан айырғаннан, оны мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      12) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеу құжаттары;

      13) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) ұсынылған құжаттардың осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      3) осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтамау;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы атауының осы баптың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты анық емес ақпарат беру.

      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, одан бас тартылғаны туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың күші:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының есептік тіркелу кезіне қарай оның резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне және Корпорацияға жіберіледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының құқықтық мәртебесі Корпорацияда есептік тіркеумен және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның болуымен айқындалады.

      8. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ережеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері танылады.";

      13) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.";

      14) 20-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10 және 11-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылмайды.

      Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы оларды уәкілетті органға қазақ немесе орыс тілінде ұсынуға міндетті.";

      15) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі филиалдың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ретінде Корпорацияда есептік тіркелуімен және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның болуымен айқындалады.";

      16) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.";

      17) 27-баптың 8-тармағы алып тасталсын;

      18) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мынадай шарттар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың барлық саласы мен сыныбында сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроримзді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында келісімнің болуы.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпаратты алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (оның ішінде қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзара іс-қимылдың өзге де мәселелері қамтылуға тиіс;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесінің болуы;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасының болуы.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер, оның ішінде соңғы аяқталған екі қаржы жылы үшін аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адам бекіткен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі қол қойған, "жалпы сақтандыру" саласында ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін таяудағы үш жылға және "өмірді сақтандыру" саласында ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін бес жылға әзірленген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспары;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өтініш берілетін күнге тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылығының жоқ екені туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі:

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензияның бар екені туралы жазбаша растамасы;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растамасы;

      12) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін өз филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда оларды осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сөзсіз, дереу орындайтыны туралы жазбаша міндеттемесі;

      13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      14) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеу құжаттары;

      15) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) ұсынылған құжаттардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      4) осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;

      5) осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы атауының осы Заңның 23-бабы 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      7) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты анық емес ақпарат беру.

      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және Корпорацияға жіберіледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тұрған жері деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жері танылады.";

      19) 33-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген шарттарда рұқсат етіледі.";

      20) 34-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде сақтандыру қызметі жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болуға тиіс.

      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органының, заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.";

      3-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның келісімінсіз, осы тармақта белгіленген мерзімнен асырып атқаруға (уақытша болмағанда оны алмастыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасына және 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес, жаңадан ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын адамдарға келісім беру үшін құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне аталған адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының есептік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайтадан ұсынылған кезде құжаттарды уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері үшін), "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      21) 36-5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.";

      22) 36-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтерден бөлек, мыналар:

      1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

      2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органының – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған, исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың шарттары және тәртібі қамтылуға тиіс.";

      23) 37-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар болған кезде береді.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын ашуға) рұқсат алу кезiнде бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi өткенге дейiн сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшiн уәкiлеттi органға жүгінуге құқылы емес.";

      8-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында белгіленген құжаттар;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағына және 30-1-бабының 2-тармағына сәйкес, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді филиал есептік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Осы баптың 7-2, 7-3 және 8-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.";

      24) 38-баптың 1-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тағайындауға (сайлауға) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін);";

      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талаптар орындамалса;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялары болмаса;

      8) осы Заңның 34-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаса жүргізіледі.";

      25) 43-бапта:

      3), 5) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат бередi;";

      "5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға келісім береді;";

      "13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беруі бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен шарттарын айқындайды;";

      26) 44-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.";

      27) 46-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.

      Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтерді белгілеуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарының филиалдарын жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциалдық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі және олардың ең төмен мөлшері Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын, осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген активтерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың оныншы бөлігінде көрсетілген шаралар жеткізіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның жазбаша нұсқамада көрсетілген бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептіліктегі және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

      Осы баптың 3, 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.";

      28) 48-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;";

      29) 53-3-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Филиалына уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарды қойған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту бойынша, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын, осы Заңның 46-бабының 12-тармағында көзделген активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерді бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес орындайды.";

      30) 53-5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:

      1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысын тоқтата тұру;

      2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру.";

      31) 54-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданысы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін:

      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның осы бабының 4-тармағына және 46-бабының 4-тармағына сәйкес қойған талаптарын орындамауы;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес тыйым салынған қызметті жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметі процесінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды сақтамау;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы.";

      32) 55-бап мынадай мазмұндағы 1-2 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім шығаруға құқылы:

      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) осы Заңның 54-бабы 1-2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзушылық;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденттері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруы;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;

      5) осы Заңның 72-1-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";

      "5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағым жасауға құқылы.";

      33) 67-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті түрде тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына беру бойынша шаралар қабылдауға міндетті.";

      34) мынадай мазмұндағы 72-1-баппен толықтырылсын:

      "72-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің (қызметті ерікті түрде тоқтату) негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдерінде кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өзі жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына беру бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін сақтандырудың берілетін сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына бергеннен кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтiнiшхатқа тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса берілуге тиiс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 67-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында және 68-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын тарату туралы есеп бекiтілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде белгiленедi.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының барлық кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруына байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.

      Сот Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін уәкілетті органның оны лицензиядан айыруына байланысты емес негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      5. Уәкілетті органның шешіміне байланысты Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы тағайындалады, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған күннен бастап:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстар жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі және жұмыстан шығарылады;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне билік етуге құқылы болмайды;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      6) үш ай ішінде сақтандыру портфелін беру жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған күннен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, сақтандыру портфелін беру, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі осы Заңның 70-бабының 2, 3-тармақтарына және 72-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      Қызметті мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісімде реттеледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының он еселенген ең төмен мөлшері сомасынан аспауға тиiс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату, конкурстық массасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалған тәртiппен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде ол жасасқан мәмілені осы Заңның 70-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.

      Уәкiлеттi орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен архивке тапсыруға және бұл туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 5-тармағы он алтыншы бөлігінің ережелері қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 72-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Уәкiлеттi орган қызметі ерiктi түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының тарату комиссияларының қызметiн бақылауды осы Заңның 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      35) 74-бапта:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша анық әрі толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептiлігінің тiзбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы анық емес (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда, олардың бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілігін және өзге де есептiлігін түзетуді талап етуге құқылы.";

      36) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептілігiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілігінің ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға ұсынылуға жатады.";

      37) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығы тәуелсіз аудиторлық расталғаннан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті аудиторлық растаусыз уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.

      Сақтандыру холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

      Осы тармақтың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы:

      бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептілікті;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігін және онда ұсынылған мәліметтердің анықтығы аудиторлық расталғаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері бекіткеннен кейін аудиторлық есепті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті аудиторлық растаусыз, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқсан сайын жариялайды.";

      38) 80-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;";

      4-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;";

      "9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісі келісімінің негізінде банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.";

      39) 81-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары лицензияда көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты ұсынады.";

      40) 84-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;".

      24. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      5-бап 9) тармақшасындағы "жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.".

      25. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2020 ж., № 14, 72-құжат):

      27-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;".

      26. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 48-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 17-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) объектіні жобалау, сараптау, салу және кейіннен пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық өндірістің материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолданбау;".

      27. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-І, 60-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 12-баптың 2-2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Вагондарды сатып алуға және теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттеудің немесе қаржылық лизингтің бүкіл мерзіміне бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.";

      2) 14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 34-42), 34-43) және 34-44) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-42) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      34-43) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;

      34-44) теміржолдарды жаңғыртуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;".

      28. "Кредиттiк серiктестiктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін кредиттік серіктестіктің жоғары органы – кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін, кредиттік серіктестіктің микрокредиттер беру қағидаларының, кредиттік комитет туралы ережесінің және ішкі ережелерінің негізінде жүзеге асырады.

      3. Микрокредиттер беру қағидаларының мазмұнына қойылатын талаптар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.".

      29. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 74-құжат):

      1) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 23-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.";

      3) 24-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.";

      4) 25-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі "тізілімдерінің жүйесінде" деген сөздерден кейін "немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не атқарушы органның, басқа заңды тұлғаның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, лауазымын атқаруға не қызмет нысанасы қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалы басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.".

      30. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) консультативтік комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;

      5) кредитор – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар тұлғаға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;

      6) қосымша жарна – осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – уәкілетті орган өзіне қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      10), 13), 14), 15), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өтініш беруші – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      "13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайларына орай Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен төлейтін ақша сомасы;

      14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

      15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      "17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақыны шегере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;

      18) сақтандыру шарты – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт;";

      3) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерді жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      4) 4-1-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы –заңды тұлғасының басшысы болып табылған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.";

      4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      8) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танылған мәмілені жасағаны үшін өздеріне қатысты уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) өздеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері болып табылатыны туралы мәліметтердің болуы бойынша бас тартады.

      Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:

      уәкілетті орган ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілені айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп таныған;

      уәкілетті орган осы мәмілені жасау нәтижесінде қаржы ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның мақсаты үшін қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметкері деп құзыретіне жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.";

      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:

      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;

      2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);

      3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";

      6) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

      Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.";

      7) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айырғаны және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізгені туралы Қорды хабардар етуге;";

      8) 20-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тарату комиссиясы Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемінің жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттардың көшірмелерін және үзінді көшірмелерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын тарату немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;".

      31. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      32. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      33. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      34. "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      35. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) бағалы қағаздарды шығару шарттары – эмитент, сатылымға болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылу, орналастырылу, айналыста болу, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтерді және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпаратты қамтитын құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялардың шығарылымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар нарығында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      20), 47-2) және 47-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен шығарып тастау;";

      "47-2) клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттар – клирингтік ұйымның осы Заңның 77-1-бабы 4-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген активтерін есепке алу үшін клирингтік ұйымның атына ашылған шоттар;

      47-3) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорлары – клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;";

      мынадай мазмұндағы 47-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "47-4) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) резервтік қоры – клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;";

      49) және 52-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен және (немесе) мемлекет кепілдігімен толық немесе ішінара қамтамасыз етiлген облигация;";

      "52-1) қатысудың клирингтік сертификаты – орталық контрагенттің функцияларын орындайтын клирингтік ұйым шығаратын және оның иесінің клирингтік ұйымның кепілдік қорындағы активтердің үлесіне құқығын куәландыратын эмиссиялық емес бағалы қағаз;";

      мынадай мазмұндағы 52-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "52-2) ковенанттар (шектеулер) – басталуы мемлекеттік емес облигациялар эмитентінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелердің туындауына алып келетін жағдайлар;";

      59), 60) және 60-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) листинг – қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізу және онда болу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген осы тізімге бағалы қағаздарды енгiзу;

      60) лицензиат – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;

      60-1) маржалық жарна – клирингтік ұйым (орталық контрагент) алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде клирингтік қатысушы енгізетін ақша және (немесе) өзге қаржы құралдары;";

      мынадай мазмұндағы 60-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-2) маржиналдық мәміле – бағалы қағаздарды номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие брокер және (немесе) дилер өз клиентінің тапсырмасы негізінде жасайтын, брокер және (немесе) дилер клиентке қайтарымдылық, мерзімділік пен төлемділік талаптарында ұсынған ақшаны немесе бағалы қағаздарды пайдалана отырып есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілесі;";

      77) және 83) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) өтiнiш берушi – бағалы қағаздар нарығында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатында қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға құжаттарды ұсынған заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;";

      "83) төлем агентi – банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;";

      100) тармақша алып тасталсын;

      2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп таниды, оларды тіркеу тәртібін, шығару, айналысқа жіберу, өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;";

      3) 3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде, оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.";

      4) 3-5-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын қоспағанда) өз есебінен және өз клиенттерінің есебінен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы;";

      5) 3-6-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана шағым жасауға құқылы.";

      6) 6-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың эмитенттері туралы уәкілетті орган енгізген мәліметтер және басқа да орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорлары негізінде қалыптастырылады.

      Пайдаланушылар үшін Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне қол жеткізу уәкілетті органның веб-порталы арқылы беріледі.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      7) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларға қолданылмайды.";

      8) 12-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.";

      9) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару

      1. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару деп осы Заңның мақсатына орай инвесторлардың шектеулі саны арасында орналастырылатын облигацияларды шығару танылады.

      2. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару шарттары жеке меморандумда айқындалады, оның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Осы облигацияларды орналастыруға қатысатын инвесторлар саны елуден аспауға тиіс.

      4. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлардың арасында орналастыруға тыйым салынады.

      5. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      6. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге жол беріледі.";

      10) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.";

      11) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      12) 18-3-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының резиденті емес эмитенттер немесе халықаралық қаржы ұйымдары" деген сөздер "Эмитенттер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 31-баптың 8-тармағындағы "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) облигациялар шығарылымының проспектiсiнде (жеке меморандумда) белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде уәкiлеттi органды мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары жөнінде хабардар етеді.";

      15) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркелуге жатады.";

      2, 4, 5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      16) 41-баптағы "акционерлері" деген сөз "ірі акционерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 43-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: оның эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде ұстаушы үшін ашылған жеке шот бойынша оның сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;";

      18) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      19) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      20) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      21) 51-баптың 1-тармағы 13) тармақшасындағы "жоймаған жағдайларда, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы." деген сөздер "жоймаған;" деп ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген қызмет түрлерін жүргізуге арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрған (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына берілген лицензияға қатысты) жағдайларда, лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.";

      22) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктердiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.";

      23) 53-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар ұсынатын көрсетілетін қызметтерге жарнама беруші ретінде мына тұлғаларға:

      уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына;

      лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.";

      24) 54-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам және оның орынбасары), бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы-бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы – заңды тұлғасының басшысы болған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Осы баптың талаптары лауазымдық міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты мәселелерге жетекшілік ету кірмейтін, ұлттық компаниялардың басқару органының басшысына және мүшелеріне, атқарушы органының басшысына, сондай-ақ атқарушы органының мүшелеріне қолданылмайды.";

      25) 57-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде клиентке уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен, номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шоттар (қосалқы шоттар) ашуға міндетті.";

      26) 58-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде, тәртіппен және мерзімдерде электрондық деректерді ұсынуға;";

      27) 59-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) акционерлердің жалпы жиналысында клиенттер атынан сенімхатсыз, сол клиенттерден алынған жазбаша нұсқаулыққа сәйкес, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дауыс беру;";

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы заңдарының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 60-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) клиентке қосалқы шот ашу және ол туралы ақпаратты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашып көрсету шарттары;";

      29) 61-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Номиналды ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi номиналды ұстаушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәліметтер ашып көрсетілген депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi көшірме алуға құқылы.";

      30) 72-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банкке және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      31) 72-2-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";

      32) 77-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым клирингтік қатысу сертификаттарын шығаруға құқылы.

      3-2. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, сондай-ақ клирингтік ұйымның кепілдік немесе резервтік қорындағы активтерді есепке алу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.

      3-3. Клирингтік қатысу сертификаттарын орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында айқындалады.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының және клирингтік қатысушылардың өзге де қамтамасыз етуінің құрамына кіретін маржалық жарналар мен ақшаны клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвестициялайды.

      Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің клирингтік ұйымның басқа активтерінен оқшауланған есебін, сондай-ақ клирингтік ұйымның клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің инвестициялары нәтижесінде сатып алынған активтерін есепке алуды қамтамасыз етеді.

      Клирингтік ұйымның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген оқшауланған активтерін клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепке алады.

      Клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен өзгеше активтерді сақтауға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-2. Клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның орталық депозитарийдегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының банктеріндегі және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары, клирингтік ұйымның номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған, клирингтік қатысушылар клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету ретінде аударған қаражат есебінен жүзеге асырылған клирингтік ұйымның инвестицияларын есепке алуға арналған шот болып табылатын жеке шоты осы баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген шоттар болып табылады.

      4-3. Клирингтік ұйым клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепте тұрған қаржы құралдарын меншікті активтерден бөлек есепке алады және бұлар оның банкрот болу жағдайында мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына осы баптың 4-4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, енгізілмейді.

      4-4. Клирингтік ұйымның резервтік қорының қаражаты ол банкрот болған жағдайда мүліктік массаның құрамына және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына клирингтік ұйым өзінің клирингтік қатысушылары алдындағы барлық міндеттемелерін атқарғаннан кейін қалған бөлігінде енгізіледі.";

      33) 77-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) клирингтік ұйым орталық контрагенттің функцияларын орындаған жағдайда, клирингтік қатысу сертификаттарын шығару;";

      34) 77-3-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) клирингтік ұйымның кепілдік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, клирингтік ұйымның кепілдік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін, сондай-ақ клирингтік ұйымның жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібін;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) резервтік қорлардың түрлерін, клирингтік ұйымның резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клирингтік ұйымның резервтік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін;";

      35) 78-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Орталық депозитарий шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымдарына және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдарға қызмет көрсетуге құқылы.

      Орталық депозитарий мен шетелдік қаржы ұйымы немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйым арасында жасалған шартта көрсетілетін қызметтер тізбесі қамтылуға тиіс, оларды көрсету шарттары мен тәртібі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына сәйкес немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес айқындалады.";

      3-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) номиналды ұстау туралы шарт талаптарына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес осы тұлғалардың жекелеген деректемелерін ашып көрсетпей, депонент ұсынған мәліметтердің негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған тұлғаларды қоспағанда, депоненттердің клиенттері;

      8) іскерлік қатынастар орнату рәсімінен өткен өзге де жеке және заңды тұлғалар.";

      36) 80-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің, сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына және (немесе) шетелдік депозитарийлер, кастодиандар және (немесе) қаржы құралдарының номиналды ұстаушылары болып табылатын депоненттерге олардың клиенттері-Қазақстан Республикасының резиденттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;";

      "3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған номиналды ұстаушының клиентіне номиналды ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады;";

      2-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы "орындауды жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "орындауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;

      6) сейфтік операцияларды: құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.";

      5-тармақтағы "тiзiлiмдер" деген сөз "тiзiлiмдері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және одан әрі жетілдіруге құқылы.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 9-1 және 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпаратты алуға құқылы;";

      "11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпарат беруді жүзеге асырады.";

      37) 81-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) Қазақстан Республикасының резидент-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;";

      "7-1) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсыну, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыруы;";

      38) 90-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "активтері есебінен қалыптастырылған кепілдік берілген қорды" деген сөздер "жарналары есебінен қалыптастырылған кепілдік қорларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 113-2-бап алып тасталсын.

      36. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 14, 75-құжат):

      1) 1-баптың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын, сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:";

      2) 6-5-бапта:

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді, онда кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алу шарттары да, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны белгіленген шекті мөлшерден артық алуы туралы мәліметтер мен ақпараттың нысандарын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, оларды ұсыну тәртібі айқындалады;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың екінші бөлігі 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты осы баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасын қолдану мақсатында бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік деп түсініледі.";

      3) 9-бапта:

      1-тармақтың 1), 5) және 6-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;";

      "5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;";

      "6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;";

      2-1 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.";

      "6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрлерін жүргізу мен қызметке арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банк активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.";

      4) 10-бапта:

      8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      "10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген барлық немесе жекелеген операцияларды жүргiзуге арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;";

      5) 11-бапта:

      4) тармақшадағы ", Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының" деген сөздер алып тасталсын;

      9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тiзiлiмiн жүргiзедi;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын тағайындайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;";

      6) 12-2-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітеді;";

      7) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың," деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының, " деген сөздермен толықтырылсын;

      "қаржы ұйымдарының, банк" деген сөздер "қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 15-2-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;";

      5) тармақшадағы "жатқызған жағдайда, жүзеге асырады." деген сөздер "жатқызған жағдайда;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызған жағдайда жүзеге асырады.";

      9) 15-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің елеулі болуына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша акті негізінде – отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына не төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      10) 15-6-баптың 1-тармағында:

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), тарату комиссиялары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссиялары ұсынатын есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

      9) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

      10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын тарату туралы есепті бекіту;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;";

      11) 15-14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерiнің және өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.".

      37. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 12, 62-құжат):

      1) 1-бапта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуды жүргізу мен бақылауға арналған қағаз немесе электрондық-цифрлық нысандағы құжат;";

      мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) жүктер – Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалдауға қабылданған мүлік;

      17-2) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісін және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының кешені;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 23-19) және 23-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;";

      3) 22-бапта:

      2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы тұрған жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде беретін спутниктік навигация аппаратурасымен автокөлік құралдарын жабдықтауға;";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 2-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4) және 5-1) тармақшаларында көрсетілген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;";

      4) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартын жасасу қағаз немесе электрондық нысанда тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.".

      38. "Туристі мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      39. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.".

      40. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) маркет-мейкер – қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгіленімдерді жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтерді ұсынатын ұйым;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде инвестициялық қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компанияларға осы Заңның және уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.";

      3) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың акцияларын қор биржасының сауда жүйесінде орналастыру мен айналысқа жіберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.";

      4) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) өзі басқаратын қор пайларын ұстаушы болған жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы басқарушы компанияның ұстауындағы пайлар саны ол басқаратын қордың барлық орналастырылған пайлары (сатып алынған пайларды қоспағанда) санының он пайызынан кем болуға тиіс.";

      5) 20-бапта:

      1-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қағаз түрінде не" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      6) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ашық инвестициялық пай қорларының және тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорларының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналысқа жiберуге, егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.";

      7) 23-баптың 6-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайларды орналастыру кезінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде пайларды сатып алушының жеке шотына (қосалқы шотына) немесе номиналды ұстаушының жеке шотына есепке жатқызу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.";

      8) 24-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтарының талаптары ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын басқарушы компания өзі маркет-мейкер функциясын орындау шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) осы сатып алуды жүзеге асырған жағдайда қор бижасында оларды сатып алу арқылы сатып алуға қатысты қолданылмайды.";

      9) 27-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы "шарттары," деген сөзден кейін "мерзімдері мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 37-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      1-2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес осындай деп танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік;";

      5-тармақ "жылжымайтын мүлiк қорының" деген сөздерден кейін "қаржы жылының қорытындысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      9-1. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бiр тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялық қордың активтерi есебiнен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      11) 41-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің 11) тармақшасы алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "5) және 11) тармақшаларының" деген сөздер "5) тармақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қор қағидаларына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер, басқарушы компанияның және осы қордың бағалы қағаздары айналыста болатын қор биржасының интернет-ресурстарын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама арқылы таратылмайды.".

      41. "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      42. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, cт.86):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны – гидротехникалық құрылысжайлардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын, акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған, жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру – көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;";

      73-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-1) тоғанда балық өсіру шаруашылығы – балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;";

      мынадай мазмұндағы 73-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-2) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;";

      2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;";

      мынадай мазмұндағы 77-12), 77-13) және 77-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "77-12) әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      77-13) бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның балық өсіру материалын және бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын өсімді молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдер алынғаннан кейін тірі күйінде өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-14) балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасайды;";

      3) 10-баптың 2-тармағының 5-3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 19-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Балықтарды қолдан өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды жасалған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарлар түрлерін, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоғанда балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кәсіпкерлік қызмет мақсатында жүзеге асырылады.";

      5) 27-бапта:

      1-тармақ 8) тармақшасындағы "ауыстыруға құқығы бар." деген сөздер "ауыстыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздеме болған кезде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі 24) тармақшасындағы "жүргізуге міндетті." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысымен бірге биологиялық негіздемеде айқындалған су айдынының жобалық қуатына сәйкес балықтарды тауарлы өсіруді қамтамасыз етуге міндетті.";

      6) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.";

      7) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтіп беріле отырып, балық шаруашылығын жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмi, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негiзiнде берiледi.";

      8) мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:

      "39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары

      1. Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтініш жасайды.

      2. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын жасау үшін жер учаскелерін беру осы Заңға және Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалану кезінде су ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшесімен осы Заңның 40-бабының талаптарын ескерусіз, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасады.

      5. Балық өсіру учаскесін пайдалану шарты қырық тоғыз жылға жасалады.".

      43. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 44, 48-құжаттар; № 11, 57-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді;";

      2) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске немесе концессионерге шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілген және қорғаныс мұқтажын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды.";

      3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару

      1. Қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы құралдарды қоспағанда, әскери мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін уақытша иеленуге және пайдалануға берілуі мүмкін.

      2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша шығындарды өтеу мақсатында жекеше әріптеске немесе концессионерге иеліктен шығарылуы мүмкін.

      3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің инвестициялық шығындары мен құны өтемақысының жиынтық көлемі жекеше әріптестің немесе концессионердің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауға тиіс.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бағалауға жатады.";

      4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-26), 26-27) және 26-28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-26) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;".

      44. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      45. "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 14, 73-құжат):

      1) 1-баптың 24-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1) сарапшылық кеңес – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуының және қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;";

      2) 10-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі – сақтандырушылар):".

      46. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      47. "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) банк-агент – екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі;";

      "9-1) кепілді басқарушы – тең кепіл ұстаушылардың арасында жасалған кепілді басқару шартына байланысты солардың атынан және мүдделерінде әрекет ететін, тең кепіл ұстаушылардың атынан кепіл шартын жасайтын заңды тұлға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кредитор – облигациялар ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 15-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары;

      10-2) қарыз алушы – синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға;";

      "15-1) синдикатталған қаржыландыру – бір синдикатталған қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі;";

      3) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру

      14-1-бап. Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері

      1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша бірнеше кредитор (бұдан әрі – кредиторлар синдикаты) бір-бірімен келісе отырып, қарыз алушының меншігіне әрбір кредитор үшін шартта көзделген мөлшерде және мерзімдерде ақша беруге немесе беріп тұруға міндеттенеді, ал қарыз алушы кредиторларға олардан алған ақшаны қайтаруға, сыйақыны, сондай-ақ, егер шартта өзге де төлемдерді төлеу міндеті көзделсе, оларды төлеуге міндеттенеді.

      2. Қарыз алушы мен кредиторлар синдикатына қатысушылар (кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылар) арасында жасалған синдикатталған қарыз шартында оған кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың қосылу мүмкіндігі көзделуі мүмкін, оларға қатысты синдикатталған қарыз шарты кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылардың шартта көзделген тәртіппен оған қосылған кезінен бастап қолданылады. Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына жаңа қатысушылар шартқа қосылған кезде кредиторлар синдикатына бастапқы қатысушылардың және қарыз алушының міндеттемелері өзгермейді.

      3. Синдикатталған қарыз шартында жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешімдер негізінде және осындай шешімде көзделген тәртіппен:

      1) кредиторлар синдикатына барлық қатысушылардың құқықтарды жүзеге асыруы немесе белгілі бір құқықтардан бас тартуы;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта көзделген жағдайларда қарыз алушыға синдикатталған қарыз шартынан бас тарту туралы хабарламаны немесе оны өзгерту не бұзу туралы талапты жіберу;

      3) кредиторлар синдикатына қатысушылар немесе үшінші тұлғалар қатарынан банк-агентті және (немесе) кепілді басқарушыны таңдау, оларға белгілі бір өкілеттіктер беру және оларға осындай өкілеттіктерді жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқаулар жіберу;

      4) синдикатталған қарыз шарты бойынша барлық кредиторлардың талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына басқа қатысушыға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беру;

      5) синдикатталған қарыз шартында айқындалған жағдайларда, қарыз нысанасының барлық немесе қалған бөлігін сыйақымен бірге мерзімінен бұрын қайтару;

      6) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;

      7) синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгіну;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну жүргізілетіні көзделуге тиіс.

      4. Синдикатталған қарыз шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Синдикатталған қарыз шартының жазбаша нысанын сақтамау оның маңызсыз болуына алып келеді.

      14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары

      1. Синдикатталған қаржыландыру кемінде екі кредитор қатысқан кезде жүзеге асырылады.

      2. Әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақшаның мөлшері синдикатталған қарыз шартында тұрақты ақша сомасында немесе қарыз алушыға беруге жататын ақшаның белгілі бір үлесі түрінде белгіленуі мүмкін.

      Әрбір кредитордың қарыз алушыға берілген ақшаның мөлшеріне пропорционалды қарыз алушыға қатысты дербес құқықтары (талаптары) болады.

      Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредитор өзге кредиторлардың қарыз алушыға ақша беру жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      Қарыз алушы банк-агенттің кредиторлар синдикатына қатысушылардың құрамы туралы және олардың қарыз алушыға қоятын талаптарының мөлшері туралы ақпарат беруін талап етуге құқылы.

      Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

      Егер синдикатталған қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімді, кепілді басқару шартын жасасу, өзгерту немесе тоқтату кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы мен қарыз алушы арасында синдикатталған қарыз шарты бойынша туындайтын міндеттемелерді өзгертуге немесе тоқтатуға алып келмейді.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылар синдикатталған қарыз шартының талаптарын, оның ішінде синдикатталған қарыз шартын жасасу күніне белгіленген әрбір кредитор қарыз алушыға беретін ақша мөлшерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.

      3. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісім синдикатталған қарыз шарты жасалғанға дейін де, ол жасалғаннан кейін де, оның ішінде қарыз нысанасы берілгеннен кейін кредиторлар синдикатына қатысушылар арасында жасалуы мүмкін.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылардың арасындағы келісімде, соның ішінде кредиторлар синдикатына қатысушылардың біреуі немесе бірнеше қатысушысы синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі және кредиторлар синдикатына қатысушы құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы жөнінде шешім қабылдау тәртібі айқындалады.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агент жүзеге асырған кезде кредиторлар синдикатына өзге де қатысушылар шартта көзделген құқықтарды синдикатталған қарыз шарты тоқтатылған кезге дейін немесе синдикатталған қарыз шартында көзделген кредиторлар синдикатына қатысушылардың құқықтарын банк-агенттің жүзеге асыруы туралы талаптың күші жойылғанға дейін жүзеге асыруға құқылы емес.

      Банк-агент кредиторлар тізілімін жүргізеді, кредиторлардың әрқайсысы қарыз алушыға берген барлық қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, қарыз алушыдан немесе үшінші тұлғалардан синдикатталған қарыз шарты бойынша орындауды, оның ішінде сыйақы мен өзге де төлемдерді алады, келіп түскен ақшаны есепке алуды жүргізеді және оларды кредиторлар арасында бөледі, кредиттік дерекнама мен құжаттама жинауды, қалыптастыруды және жүргізуді, қарыз алушының қарызды нысаналы пайдалануына және қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауына бақылауды, қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асырады, қарыз алушыны синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімін өткізіп алғаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Кредиторлар синдикатына қатысушы әрбір кредитор банк-агент функцияларының тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеу жөніндегі өз талаптарын мәлімдеуге құқылы.

      4. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша кепілді басқарушымен кепілді басқару шартын жасасуға құқылы.

      Кепілді басқару шарты бойынша кепілді басқарушы барлық кредиторлардың (бірлесіп кепіл ұстаушылардың) атынан және мүдделерінде әрекет етеді, кепіл берушімен кепіл шартын жасасады және кепіл шарты бойынша кепіл ұстаушылардың барлық құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілді басқару шартына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      5. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілді басқару шарты тоқтатылған кезге дейін өздерінің кепіл ұстаушы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға құқылы емес.

      Кредиторлар синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын кредиторлар синдикатына қатысушы басқа кредиторға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылар болуға құқылы тұлғаларға беруді жүргізуге құқылы.

      Синдикатталған қарыз шартында кредиторлар синдикатына қатысушының қарыз беру жөніндегі өз міндетін аударуына қарыз алушының алдын ала келісімі болуы мүмкін.

      Банк-агенттің барлық құқықтары мен міндеттері осы Заңға сәйкес банк-агент болуға құқылы басқа тұлғаға берілген жағдайда, жаңа банк-агент қарыз алушыға мұндай берудің жасалғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Егер қарыз алушы мұндай хабарламаны алмаса, қарыз алушы бастапқы банк-агентке ақша беру арқылы жүргізген синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелер тиісінше орындалды деп есептеледі.

      Синдикатталған қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде басқаға беруді жасаған кредитор жаңа кредиторға талап ету құқықтарының ауысқаны туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, банк-агентті және кепілді басқарушыны талап ету құқықтарының ауысқаны туралы хабардар етуге міндетті.

      Қарыз алушыны кредиторлар синдикатына қатысушының талап ету құқықтарының басқа тұлғаға өтуі туралы хабардар етуді банк-агент және кепілді басқарушы кредитордың талап ету құқықтарының жаңа кредиторға өтуі туралы хабарламасын алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      14-3-бап. Берешекті сотқа дейін реттеудің шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

      1. Синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың өткізіп алынған мерзімі болған кезде, бірақ ол басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей банк-агент синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен және мерзімдерде қарыз алушыны:

      1) синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау бойынша мерзімді өткізіп алудың туындағаны және хабарламада көрсетілген күнге мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, синдикатталған қарыз шарты бойынша төлемдер енгізу қажеттігі;

      2) қарыз алушының синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтінішпен банк-агентке өтініш жасау құқығы;

      3) синдикатталған қарыз шартының төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты шараларды көздейтін тармақтарын көрсете отырып, қарыз алушының синдикатталған қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамауының салдары туралы хабардар етуге міндетті.

      2. Қарыз алушы міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алу басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде банк-агентке өзінің синдикатталған қаржыландыру шартының талаптарына өзгерістер, оның ішінде:

      1) синдикатталған қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

      2) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;

      3) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;

      4) синдикатталған қарыз шартының қолданылу мерзімін өзгертуге байланысты өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін, синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алудың туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы.

      3. Банк-агент қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны кредиторлар синдикатына қатысушыларға жібереді, олар қарыз алушының жазбаша өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістерді қарайды және жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын қаржыландыру үлесі бар кредиторлар қабылдаған шешім негізінде жазбаша нысанда не синдикатталған қарыз шартында көзделген тәсілмен банк-агентке:

      1) синдикатталған қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

      2) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;

      3) синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгертуден бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, мұндай бас тарту туралы хабарлайды.

      Банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде оны қарыз алушыға жібереді.

      4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талап қанағаттандырылмаған, сондай-ақ қарыз алушы осы баптың 2-тармағында көзделген құқықтарды іске асырмаған не қарыз алушы мен кредиторлар арасында синдикатталған қарыз шартының талаптарын өзгерту бойынша келісім болмаған жағдайларда, кредиторлар:

      1) кепілге салынған мүлікке соттан тыс тәртіппен не сот тәртібімен өндіріп алуды қолдану;

      2) синдикатталған қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) басқаға беру;

      3) төрелікке, сотқа синдикатталған қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгіну;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыға қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы не қарыз алушыны банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Осы баптың 4-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді банк-агент жүзеге асырады.

      5. Кредиторлар осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімдерді қабылдағанға дейін кредиторлар осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген сотқа дейінгі реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.".

      48. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) концедент – Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органы не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) концессия жөніндегі конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (бұдан әрі – конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы) – концессионер таңдау жөніндегі конкурстарды (аукциондарды) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы – концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде теңдей үлестермен өтеуге бюджет қаражаты есебінен бағытталған ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады;";

      9) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру – Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдап отыру бойынша заңды тұлғалар көрсететін, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа (аукционға) қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын қызметтер;";

      "25) тікелей келісім – осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.";

      2) 3-бап 5) тармақшасындағы "жол бермеуге негізделеді." деген сөздер "жол бермеуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) концессиялық жобаны іске асыру үшін концессионердің инвестицияларды жүзеге асыруына;

      7) халық үшін концессиялық жобаның құндылығына негізделеді.";

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Концессияны қолдану салалары

      Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық саласындағы (аясындағы) туристік қызмет, әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берілуі мүмкін.";

      4) 7-баптың 4-тармағы "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 9-бапта:

      1) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары "конкурстық", "конкурсты", "конкурсқа" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукциондық)", "(аукционды)", "(аукционға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақшадағы "орта мерзімді кезеңге" деген сөздер алып тасталсын;

      3) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақша "конкурстық", "конкурсқа", "конкурсты" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукциондық)", "(аукционға)", "(аукционды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-5) тармақша "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7-7) тармақша алып тасталсын;

      6) 10-баптың 2) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 10-1-баптың 1) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 12-баптың 1), 2) және 7) тармақшалары "конкурстық", "конкурстың", "конкурсты" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукциондық)", "(аукционның)", "(аукционды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 13-бапта:

      2) тармақша "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан:

      конкурстық (аукциондық) құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;

      концессионер таңдау жөніндегі конкурс (аукцион) өткізілген кезде конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;

      концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартады;";

      3-3) тармақшада:

      "4 000 000 айлық есептік көрсеткішке" деген сөздер "республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      5) және 9) тармақшалардағы "конкурстың ұйымдастырушысы", "конкурсты" деген сөздер тиісінше "конкурстың (аукционның) ұйымдастырушылары", "конкурсты (аукционды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі

      1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) тізбені қалыптастыру;

      2) концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу;

      3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.

      2. Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру концессионерге мемлекет кепілгерлігін берудің міндетті шарты болып табылады.";

      11) 15-2-баптың тақырыбы мен мәтіні "конкурстық", "конкурсты", "конкурс" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукциондық)" "(аукционды)" "(аукцион)" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 16-баптың 1-тармағы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      13) 17-бапта:

      тақырып "Конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац "Конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1) тармақша "талаптарды" деген сөзден кейін "және оларды бағалау тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;

      4), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) концессия шартының жобасын;";

      "7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;

      8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқауды;

      9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен соңғы мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;

      10) әлеуетті концессионердің концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде ұсыну құқығына тиісті нұсқауды;

      11) әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндіру сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;

      12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;

      13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткен кезден бастап екі сағаттан кеш емес);

      14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынуға міндетті.";

      2-тармақ "Конкурсты", "конкурстық" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционды)", "(аукциондық)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен, бiрақ конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей өтініш жасауға құқылы. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сұрау салу тiркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде оған жауап қайтаруға және сұрау салудың кiмнен түскенін көрсетпей, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiруді хабарлауға мiндеттi.

      Қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.

      4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс (аукцион) өткізілген кезде – күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сұрау сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық (аукциондық) құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн – әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтiнiмдерде ескеруі үшiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында дереккөздерін көрсетпестен, конкурстық (аукциондық) құжаттаманы түсіндіру туралы ұсынылған сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге дереу жіберіледі.

      6. Конкурстық (аукциондық) құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.";

      14) 18-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;

      2) төлемге қабілетті болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс;

      3) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған болуға;

      4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.

      Меншікті қаражат деп әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі, олар концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген болуға тиіс;

      6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс;

      7) азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) және құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) болуға тиіс.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетінін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға құжаттар ұсынады, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделеді.";

      3, 3-1, 3-2, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, мұндай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мұндай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.

      3-2. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.

      4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетінін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.

      Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды.";

      15) 18-1-бапта:

      тақырып "Конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзацта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;";

      3) тармақ "конкурстың", "конкурстық" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционның)", "(аукциондық)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.";

      3-тармақша "конкурстың", "конкурстық" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционның)", "(аукциондық)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      бірінші абзац "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік орган болып табылатын конкурстарды (аукциондарды) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын;";

      екінші бөлік "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші бөлік "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;

      2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайда қайтармайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.

      7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:

      1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды;

      3) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

      4) концессия шарты күшіне енген;

      5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      16) 18-2, 19 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер

      1. Әлеуетті концессионер, егер:

      1) осы әлеуетті концессионер басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионер таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның жұмыскері конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды (аукциондарды) дайындау жөнінде сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, оның ішінде конкурстың (аукционның) нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;

      3) әлеуетті концессионердің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті концессионері мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, өткізілетін конкурсқа (аукционға) қатысуға құқылы емес.

      2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

      3. Осы бап талаптарының бұзылуын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессиялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.

      19-бап. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу

      1. Концессионер таңдау концессиялық жобалар бойынша конкурс (аукцион) өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      2. Республикалық меншікке жатқызылған және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.

      Коммуналдық меншікке жатқызылған және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы болып табылады.

      3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін – кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал конкурс (аукцион) қайта өткізген кезде кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын міндетті түрде жариялайды. Конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратта концессия объектілері, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтер, конкурс (аукцион) жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар; конкурс (аукцион) өткізілетін орын, уақыт және күн туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      4. Концессиялық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Тиісті конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.

      20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу

      1. Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, бұл мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Комиссия конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.

      Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеді деп есептеледі.

      Бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

      4. Комиссия келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.

      Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.

      Келіссөздер барысында, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      5. Конкурс (аукцион) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Конкурс (аукцион) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы және комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.

      6. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан пайдалануға келмейтін болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды.

      7. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.

      8. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

      Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде, құрылатынын конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген, конкурстың (аукционның) жеңімпазы құрған заңды тұлғамен концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктері ұсынылған жағдайда) концессия шартын жасасады.

      9. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.

      10. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионер таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.";

      17) 21-баптың 6-тармағының алтыншы бөлігі "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      18) 23-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "конкурссыз" деген сөзден кейін "(аукционсыз)" деген сөзбен толықтырылсын;

      19) 25-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      20) 26-3-баптың 1-тармағы "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын.

      49. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі – депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;

      6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;";

      7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қатысушы банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);";

      "9) қосылу шарты – банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;";

      3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;";

      4) 5-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен банк-агенттерге қойылатын талаптарды белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекітеді;";

      6), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;";

      "8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;

      9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында өзі төлеген (төлейтін) кепілді өтемнің сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.";

      5) 6-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл өткен соң және (немесе) кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін тоқтатылуға жатады.";

      төртінші бөліктегі "21" және "5" деген цифрлар тиісінше "18" және "3" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      6) 7-бапта:

      1-тармақтың 2) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;";

      "8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен уақтылы ұсынуды талап етуге;";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) депозиторларға осы Заңның 21-бабының 1-тармағында және 21-1-бабының 1-тармағында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға хабарлау тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы жұмыскерлерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.";

      7) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі";

      8) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру";

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтінішті ұсыну арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осы факт туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш ұсынбаған банкке (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.

      4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалынан) қосылу шартына қосылуы туралы өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысушы банк куәлігін береді.

      Қатысушы банк куәлігі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күні беріледі.

      5. Банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болады.";

      9) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.";

      2-тармақ 9) тармақшасындағы "шарттары қамтылуға тиіс." деген сөздер "шарттары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) қатысушы банк куәлігін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.";

      10) 13-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды;";

      2-тармақта:

      2) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиенттерге қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;";

      "5-1) қатысушы банк депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;";

      7) тармақшадағы "қайтаруға міндетті." деген сөздер "қайтаруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.

      Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілді өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.

      Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";

      11) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қатысушы банк мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды өз атауының өзгергені туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.";

      12) 15-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметі ерікті түрде тоқтатылған кезде – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсаты алынған күннен бастап;";

      4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айыру, ерікті түрде қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) өзін шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тікелей төлеу арқылы не оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.

      Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша шығарылған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.";

      13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.";

      14) 19-баптың 1-тармағындағы "белгіленген мөлшерде және тәртіппен" деген сөздер "белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Кепілді өтемді банк-агенттер арқылы төлеу

      Кепілді өтем төлеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтем төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған банк-агенттер арқылы жүргізеді.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қоятын талаптарға сай келетін банк-агенттер қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күніне депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілді өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.

      Кепілді өтем сомасын және депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке аудару шарттары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.";

      16) 21-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде депозиторларға кепілді өтем төлеуді жүзеге асыратын банк-агенттердің тізбесін көрсете отырып, кепілді өтем төлеудің басталу күні, төлеу кезеңі мен орындары не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілді өтемді төлеудің басталуын кейінге қалдыру туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.";

      үшінші бөлікте:

      "орны (орындары)" деген сөздер "орындары" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы" деген сөздер "таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепілді өтемді алу үшін депозитор кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде:

      депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда;

      осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген банк-агенттер тізбесінен таңдап алынған банк-агентке қағаз жеткізгіште кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге құқылы.

      3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілді өтемді төлеу кепілді өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Депозиторларға кепілді өтемді төлеу, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және олардың қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      17) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы

      1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:

      кепілді өтемді төлеу мерзімінің аяқталатын күні;

      осы баптың 2-тармағында көзделген шарттар болған кезде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатыны туралы қазақ және орыс тілдеріндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлайды.

      Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен, кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған депозиторларға ақпарат берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдері мен нысандарын пайдаланады.

      Депозитор осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін кепілді өтемді төлеуге өтініш жасамаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:

      депозиторлар тізіліміндегі депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесіндегі жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған күні) сәйкес келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;

      депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда, аударуды жүзеге асырады.

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы келісім негізінде жүзеге асырылады, онда:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдері;

      2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аудару, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қайтару тәртібі, мерзімдері және шарттары қамтылуға тиіс.

      4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін берілген кепілді өтемді төлеуге өтініш депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған кезде қарауына жатады:

      депозитордың әскери қызметке кіруі;

      депозитордың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуы;

      депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;

      депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

      сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

      Кепілді өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілді өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мән-жайлардың бірінің болғанын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз жеткізгіште беріледі.

      Кепілді өтемді төлеуге өтініш қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін не кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық басталғанға дейін берілуі мүмкін.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілді өтемді төлеуге өтініш келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.

      5. Депозитор осы баптың 4-тармағына сәйкес кепілді өтемді төлеу туралы өтініш берген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағында көзделген келісімге сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлама жібереді.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алғаннан кейін кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитор атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы шегінде қайтаруды жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы қалдық кепілді өтемнің талап етілмеген сомасынан аз болған жағдайда, жетіспейтін бөліктің орнын толтыруды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен жүзеге асырады.";

      18) 22-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төленген (төленетін) кепілді өтемнің сомалары жөніндегі талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;";

      7) тармақшадағы "ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады." деген сөздер "ақша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотынан қайтарылған жағдайда, осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған ақша шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:

      кепілді өтемді төлеу;

      банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманың орнын толтыру;

      депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған кепілді өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған шарттарда және тәртіппен депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды банк-агентке өтеу;

      осы Заңның 21-1-бабының 5-тармағына сәйкес кепілді өтемнің талап етілмеген сомасының жетіспейтін бөлігінің орнын толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін.".

      50. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 17-18, 78-құжат):

      1) 23-баптың 2-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен:

      1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін;

      2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

      3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;

      4) туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбыржолдар) салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде:

      1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы;

      2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу;

      3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады.

      Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді.";

      үшінші бөліктің бірінші абзацындағы "Бұл ретте ерекше" деген сөздер "Ерекше" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 48-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Заңның 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;";

      3) мынадай мазмұндағы 84-2-баппен толықтырылсын:

      "84-2-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелері осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған не берілген пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған келісімшарт немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде табылған кен орнында ғана пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру мақсаттары үшін қолданылады.

      2. Осы Заңның 48-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тыйым салу пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін осы бап қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған және берілген келісімшарттар мен лицензияларға қолданылмайды.".

      51. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат):

      1) 3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және бейрезидент-заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттарды ашу және жүргізу;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, мекемелерінің және өзге де заңды тұлғаларының ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.";

      3) 9-бапта:

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендіру нөмірін ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.";

      8-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кірістер органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) резидент-банктің, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жері бойынша:

      резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын және осы тармақтың 2) – 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін бейрезиденттер үшін жүзеге асырылады.";

      4) 10-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;";

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банк филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;";

      5) 11-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      3-4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсатында орталық депозитарийге;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі.".

      52. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 68-құжат; № 24, 124-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, шаруашылық серіктестік нысанында құрылған, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар;";

      2) 19-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.";

      3) 20-бапта:

      3-тармақтағы "(Директорат)" деген сөз алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.";

      6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы ұйымдары үшін:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      53. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 75-құжаттар):

      38-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Байқоңыр" кешенінің мемлекеттік заңды тұлғаға бекітіліп берілген ғимараттарына (құрылыстарына, құрылысжайларына) құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ меншік құқығымен басқа тұлғаға тиесілі жер учаскелерінде жер учаскесі меншік иесінің келісімімен, инвесторлар есебінен салынған өндірістік ғимараттарға (құрылыстарға, құрылысжайларға) құқықтарды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген жағдайларда, жер учаскесіне байланыстырылмай жүзеге асырылады.".

      54. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 44-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-2) мемлекеттік білім беру кредиті – білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;";

      2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-2) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 26-баптың 8-тармағы 6) тармақшасындағы "азаматтарын қабылдау үшін квота көзделеді." деген сөздер "азаматтары үшін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін;

      8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;

      9) бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.".

      55. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 9-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 24, 126-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):

      1) 4-баптың 4-1), 5, 10) және 10-1) тармақшалары алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 4-3-баппен толықтырылсын:

      "4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті

      Монополияға қарсы орган:

      1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;

      2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;

      4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;

      5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;

      6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      3) 6-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі "уәкілетті орган" деген сөздер "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлармен тауар биржаларынан тыс жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.";

      5) 24-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен, сондай-ақ осы Заңда көзделген құзыреті шеңберінде сұрау салуы бойынша ұсынылуға тиіс.";

      6) 27-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды монополияға қарсы орган олардың қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүзеге асырады.";

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) электрондық тәсілмен – монополияға қарсы орган сұрау салған кезде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген монополияға қарсы органға қарсылық жіберуге құқылы.";

      7) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары

      Монополияға қарсы органның нұсқамаларын тауар биржалары нұсқамаларда көзделген мерзімде, бірақ оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей орындайды.".

      56. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 12, 63-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      2) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;";

      3) 58-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы "төлемдерін" деген сөзден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:

      2) тармақша "төлемдерін" деген сөзден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;";

      5) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінен;".

      57. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 5-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуға тиіс.";

      "5-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды осы баптың 4-тармағына сәйкес орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етпеу не хабарламада анық емес ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 5-тармақтарының талаптарын бұзу пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      2) 45-баптың 2-тармағының екінші бөлігі 3) тармақшасындағы "жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі." деген сөздер "жарамды деп таныған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспайтын;

      5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінің ұшу циклдерінің саны бойынша және сағат бойынша есептелетін ресурсы белгіленген зауыт ресурсының (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен) үштен екі бөлігінен аспайтын;

      6) жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен тұрған жері туралы деректерді жер үсті және спутниктік арналар арқылы беруді қамтамасыз ететін жабдық болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.";

      3) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мүлікке ауыртпалық салу болған жағдайлардан басқа кезде пайдаланудың күнтізбелік мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшу жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;".

      58. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-І, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 14-бапта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдар (өкілдіктер) құруына жазбаша келісім береді;";

      26) тармақша алып тасталсын;

      26-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша, жүктелген функцияларды орындауға қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;";

      2) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өзіне бекітіп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуын қоспағанда) иеліктен шығаруына немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуіне, филиалдарды (өкілдіктерді) құруына келісім беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;";

      3) 17-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 18-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 45-баптың 3-тармағындағы "қайта қаржыландыруының ресми ставкасы" деген сөздер "базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сауда-саттыққа шығарылған, мемлекетке тиесілі, акционерлік қоғамдар акцияларының жүз пайызы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына қатысу үлестері өткізілген үш сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген жағдайда, осы заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.";

      7) 100-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен тендер жабық болуы мүмкін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады.

      Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады.";

      8) 100-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы тәуелсіз консультанттар немесе бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейді.";

      9) 101-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны сатушы оны өткізуден кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялауға тиіс. Хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.";

      4-1 және 4-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Аукцион екі әдіспен:

      бағаны көтеру;

      бағаны төмендету әдісімен өткізіледі.

      Бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

      Бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең болатын арттыру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Жекешелендіру объектісі бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.

      Екінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі алғашқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төмен баға белгіленіп, бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.

      Үшінші сауда-саттыққа жекешелендіру объектісі ең төмен баға белгіленбей, бағаны төмендету әдісі қолданылатын аукционға шығарылады.

      Әрбір кейінгі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.

      4-2. Жекешелендіру объектісі бірінші тендерге шығарылған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

      Жекешелендіру объектісі екінші және үшінші тендерге шығарылған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасының елу пайызына төмендетіледі.

      Әрбір кейінгі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей өткізіледі.";

      10) 102-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сату туралы хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталардан кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануға және сауда-саттықтың басталу күні, сауда-саттықты өткізу орны, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.

      Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сату кезінде сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.";

      11) 103-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялауын, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін;";

      12) 105-бапта:

      4-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей атаулы сату туралы шешімі объектінің және стратегиялық инвестордың атауын, сондай-ақ стратегиялық инвесторға қойылатын осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы талаптарды және міндеттемелердің орындалу мерзімдерін қамтиды.";

      төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      13) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сенімгерлік басқарушы немесе жалдаушы (жалға алушы) тендердің әлеуетті қатысушыларына қатысты бәсекелестікке қарсы болып табылмайтын талаптар мен шарттар белгілене отырып, осы Заңның 100 және 101-баптарына сәйкес тендер негізінде таңдалады.";

      14) 108-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте кейіннен енгізілетін сомаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып пайыздар есепке жазылады.";

      15) мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:

      "120-1-бап. Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығару

      Қорғаныс объектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығару "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      16) 140-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселенген базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 145-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен:

      1) филиалдар, өкілдіктер құруға;

      2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесілі акцияларына билік етуге;

      3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқылы.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен ғана дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.";

      18) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазыналық кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы.";

      19) 213-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы:

      жарамдылық (сақталу) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары;

      бұрын пайдалануда болған өнеркәсіп тауарлары (көлік құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;

      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

      3) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.

      Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.".

      59. "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 24-ІІ, 124-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-1) технологиялық қажеттіліктер – технологиялық отынды және (немесе) мұнай өнімдерін жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне пайдаланудың өндірістік процесі;

      26-2) технологиялық отын – шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу процесінде бөлінетін және мұнай өнімдерін өндіруші жылу энергиясын алуға және мұнай өнімдерін өндірушінің жабдықтарды пайдалану режиміне және олардың технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестеріне жіберген ауыспалы құрамдағы газ тәрізді, сұйық және (немесе) қатты отын;";

      2) 12-бапта:

      1-тармақ 10) тармақшасындағы "қабылдауға міндетті." деген сөздер "қабылдауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отын көлемдерін есепке алуды жүргізуге;

      12) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде алынатын және технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын технологиялық отынды мұнай берушілерден сатып алуға міндетті.";

      2-тармақтағы "8) және 9)" деген сөздер "8), 9), 11) және 12)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 18-бап мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:

      "13. Мұнай өнімдерін өндіруші алыс-беріс шикізатын қайта өңдеген жағдайда, қайта өңдеу процесінде, оның ішінде жылу энергиясын алу және жабдықтардың пайдаланылу режиміне және технологиялық сипаттамаларына байланысты өзге де технологиялық процестерді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ сақтау, төгу-құю операцияларын жүргізу кезінде және мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларында авариялық жағдайлар болған жағдайларда жоғалған шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және (немесе) қайта өңдеу өнімдерінің көлемдері мұнай берушінің меншігі болып табылады немесе оған өзге де заңды негіздерде тиесілі болады.

      14. Мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге осындай мұнай берушіге тиесілі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған технологиялық отынды өткізеді.

      Бұл ретте мұнай беруші мұнай өнімдерін өндірушіге алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу кезінде технологиялық қажеттіліктер үшін пайдаланылған технологиялық отынды сатып алуға байланысты шығыстарды мұнай беруші мен мұнай өнімдерін өндіруші арасындағы шартта белгіленген тәртіппен және шарттарда өтейді.";

      4) 19-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың ережелері технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізу жағдайларына қолданылмайды.";

      3-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Бұл ретте мұнай берушінің технологиялық қажеттіліктер үшін мұнай өнімдерін өндірушіге технологиялық отынды өткізуі есепке алатын бақылау аспаптарын қолданбай жүзеге асырылады.".

      60. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 49-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      1) 1-баптың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) шикі газ – қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар;";

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Заңның ережелері:

      1) сұйытылған мұнай газын сыйымдылығы бір килограмнан аз баллондарда өткізу кезінде туындайтын;

      2) мұнай өнімдерін өндірушілер технологиялық қажеттіліктерге өндіретін және пайдаланатын газды өндіру және оның айналымы саласындағы қатынастарға қолданылмайды.".

      61. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат):

      1) 1-бапта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

      6-2) мінсіз іскерлік бедел – өтелмеген немесе алынбаған сотталғандының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.";

      3) 3-баптың 1-2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) меншікті мүлкін өткізу;";

      4) 7-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қатысушылардың (акционерлердің) құрамы өзгерген жағдайда, бұл туралы және қатысушылардың (акционерлердің) осы Заңның 14-бабы 6-тармағының талаптарына сай келуі туралы уәкілетті органға мұндай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша хабарлауға;";

      8-1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды;";

      5) 8-баптың 2-тармағындағы "осы Заңның 20-бабының 3 және 4-тармақтарында" деген сөздер "микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесінде, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 14-бапта:

      2 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу (қайта ресімдеу) үшін уәкілетті органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған құжаттардан басқа, микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында айқындалған жағдайларда, микроқаржылық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келетін, микроқаржы ұйымының орналасқан жерін өзгерту жағдайларында жүзеге асырылады.

      Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу кезінде микроқаржы ұйымының біліктілік талаптарына сай келуін тексеру лицензияны қайта ресімдеуге себеп болған негіз микроқаржылық қызмет түрінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанның өзгеруіне не орналасқан жерін өзгертумен байланысты жарғылық капиталдың ұлғаюына алып келген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті микроқаржы ұйымы лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді.";

      "5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

      Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      3) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы (банк холдингі) – заңды тұлғасының басшысы болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;

      5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған;

      6) қатарынан төрт және одан көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлем күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын, бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – эмитент-заңды тұлғаның басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған жеке тұлға микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Көрсетілген талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап бес жыл бойы қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымы атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.

      Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын ірі қатысушы – жеке тұлға не ірі қатысушы – заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болған не болып табылса, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.";

      7) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу

      1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, оның шегінен тыс жерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін – филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.

      2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының белгісі соғылған филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;

      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабардар етуге міндетті.

      3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

      Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

      Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы бірнеше мекенжай бойынша:

      астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;

      астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) іргелес жатқан облыс шегінде орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

      4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан және тапсыруы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды.

      5. Филиал "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейту туралы шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның микроқаржы ұйымына микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түрінде санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы микроқаржы ұйымының филиалдар құруының, жұмыс істеп тұрған филиалдарының қосымша үй-жайларының, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын көбейтудің міндетті шарты болып табылады.

      6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі соғылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны көбейген немесе микроқаржы ұйымы филиалы үй-жайларының саны азайған жағдайда, микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы уәкілетті органға микроқаржы ұйымы органының шешімінен микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайларын қамтитын үзінді көшірмені қоса бере отырып, қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.

      8. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды микроқаржы ұйымы филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.

      9. Уәкілетті орган осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, микроқаржы ұйымының филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе өкілдігін жабуды талап етеді.";

      8) 15-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;";

      6) тармақшадағы "сақталмаған жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "сақталмаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.";

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған кезде, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.";

      9) 16-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған;";

      10) 20-бап алып тасталсын;

      11) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғалардың микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызмет көрсетулерді жарнамалауына тыйым салынады.";

      12) 27-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және оның шекті мәнін айқындайды;

      4-2) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін айқындайды;";

      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде өтініш жасамаған заңды тұлғаларды;";

      13) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.";

      14) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. 2021 жылға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.

      2-2. Ешбір тұлға, егер ол көрсетілген ұйымдар өзінің қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайды қоспағанда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарының тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін не орналастырылған акцияларын дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.

      2-3. Микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға өтініш бергенге дейін орналасқан жері осы Заңның 14-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін филиалдардың үй-жайларын жабуға міндетті.";

      15) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар етуі

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекітуге уәкілеттік берілген микроқаржы ұйымы органының қаржы өнімдерін бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Микроқаржы ұйымы бекітілгені туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, уәкілетті органды микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.".

      62. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 21-I, 121-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      1) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы және "электрондық үкіметтің" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы;";

      2) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы және "электрондық үкіметтің" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.".

      63. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 75-құжат):

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесі электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына сақтауға берілген;

      9-3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау шарттарымен кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей өз кәсіпкерлік қызметіне қатысты дербес деректері бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін пайдаланылған;";

      2) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада жүзеге асырады.";

      3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дербес деректер қорғалуға жатады, оған мемлекет кепілдік береді және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4) 22-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес:";

      3) тармақшадағы "азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті." деген сөздер "азайтуды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік техникалық қызметке электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдаланатын, сақтайтын, өңдейтін және тарататын ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік беруді қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.";

      5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

      Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері осы Заңға және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 27-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындауна қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;";

      "7-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;".

      64. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 75-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Заңда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;";

      3) тармақша "қызметті" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзге де функцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы;

      7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайтын, ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;";

      8) тармақша "айқындалатын" деген сөзден кейін ", жеке тұлға өз бетінше айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша ", сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 15-1) және 19-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері;";

      "19-1) инвестициялық портфельді басқарушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесінде және соның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) кастодиан-банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті органның кастодиандық қызметке арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;";

      мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "37-1) уәкілетті оператор – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнаулы шоттарды ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (заңды тұлғалар), сол шоттарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асырады;";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері, осы Заңның 60-бабының 8-тармағын қоспағанда, Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекет осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында аталған, сондай-ақ осы Заңның 35-1-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударуды жүзеге асырған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы жинақтарын алып қойған күннен не зейнетақы жинақтары инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға аударылған күннен бастап осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған, инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің шарттары мен тәртібін белгілеу;

      1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу жөнінде қойылатын талаптарды белгілеу;";

      2) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы;";

      "7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан-банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;";

      4) 6-баптың 1-1) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;";

      "5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекітеді;";

      5) 7-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлейді;";

      6) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) өздеріне осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      1-4) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      "6) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      7) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.";

      7) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеудің мөлшері мен кезеңділігін жеке және заңды тұлға өз бетінше белгілейді.";

      8) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызу

      Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есепке жатқызады.";

      9) 28-баптың 1-тармағындағы "Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми" деген сөздер "Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде, сондай-ақ осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасасқан зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып түссе, осы айырма салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген график бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, осы сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының екінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кіріс есепке алынады.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында, 32-бабы 1-1-тармағының төртінші абзацында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.";

      11) 31-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салымшы 45 жасқа толған кезде осы Заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен емес төлеммен қамтамасыз етуге зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының емделуіне ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:

      егер салымшының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;

      егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;

      егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.";

      12) 32-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:

      "зейнетақы мөлшерінен кем" деген сөздер "күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан төмен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "елу" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Өз пайдасына немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының үшін емделуіне ақы төлеу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдері құқығына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар мынадай шарттардың бірі болған кезде:

      егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын болса;

      егер зейнетақы мөлшері, ал осы Заңның 11-бабының 7-тармағында аталған адамдар үшін зейнетақы мен ай сайынғы қамтылым сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, ие болады. Орташа айлық кірісті алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын кірісі есепке алынады;

      егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған болса, ие болады.";

      13) 33-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшасындағы "құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды." деген сөздер "құжаттарды ұсынған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзі дербес айқындайды.";

      14) 34-бапта:

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттарға, кастодиандық шарттарға, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.";

      9-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған, кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асыруға;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен алушыларға және (немесе) уәкілетті операторға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;

      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын және төлемдерді жеке есепке алуды жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3), 4-4), 5-1), 5-2), 9-1), 10-1) тармақшалармен, 19) тармақшадағы "болуы міндетті." деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған жеке тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ақы алмай ұсынуға міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады;

      4-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу мәселелері бойынша уәкілетті оператормен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;";

      "5-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және көлемде, инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашуға;

      5-2) жыл сайын күнтізбелік жыл басталғанға дейінгі бір айдан кешіктірмей, алдағы жылға есептелген және қолданыста болатын зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шектерін кемінде екі баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;";

      "9-1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен кезде, беруді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда осы Заңның 35-1-бабында айқындалған тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;";

      "10-1) инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушымен және кастодиан-банкпен кастодиандық шарт жасасуға;";

      "20) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшы, жеке тұлға осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға;

      21) салымшы қайтыс болған жағдайда мұрагерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға міндетті.";

      10-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, зейнетақы активтерін кепiлге беруге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасқан кезде маржалық немесе өзге де қамтамасыз етуді, сондай-ақ тендерлерге және (немесе) конкурстарға қатысқан кезде қамтамасыз етуді енгізу жағдайларын қоспағанда, меншікті активтерді кепiлге беруге;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарын сатып алуды, сондай-ақ қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздармен қарыз беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруды қоспағанда, қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен "репо" операцияларына қолданылмайды.";

      15) 35-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы";

      16) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:

      "35-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу тәртібі

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасады және зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқаннан кейін бір жұмыс күні ішінде осы Заңның 34-бабы 9-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес осындай инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт осы баптың 11-тармағында көрсетілген кастодиан-банктегі шоттарға зейнетақы активтері келіп түскен күннен бастап күшіне енеді.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, кейіннен осы соманы өтеу жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары осы инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында болған, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшыларға, жеке тұлғаларға аудару үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде меншікті капитал есебінен осы теріс айырманы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтейді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырады:

      1) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ кастодиандық шарттың болуы;

      3) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары:

      өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайды;

      не сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, олардың жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспайды;

      4) өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келеді.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеуді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтары сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар орындалмаған және (немесе) толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайларда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

      7. Инвестициялық портфельді басқарушы өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқылы емес.

      8. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт мынадай жағдайларда:

      1) инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қадағалап ден қою шараларын қолдану негіздерін жоймаған жағдайда;

      2) инвестициялық портфельді басқарушы осы Заңның 8-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келмеген жағдайда (инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімінен алып тасталған жағдайда);

      3) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында зейнетақы активтері мен олар бойынша міндеттемелердің болмау шартымен, оның бастамасы бойынша;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және кастодиан-банк лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не одан айырылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басқа кастодиан-банкпен жаңа кастодиандық шарт жасаспаған жағдайларда бұзылады.

      9. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.

      10. Инвестициялық портфельді басқарушыға осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының нормалары қолданылады.

      11. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері таңдауды инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асыратын кастодиан-банктегі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шоттарында сақталады және есепке алынады.

      Бір инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан-банк жүзеге асыруға тиіс.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленеді.";

      17) 39-бапта:

      тақырып "кәсіптік зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", ерікті зейнетақы жарналары" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақтың бірінші абзацы "кәсіптік зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", ерікті зейнетақы жарналары" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асатын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға;";

      "4-1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен өзіне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған салымшының, жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті беруге;

      4-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен өзінің зейнетақы жинақтарын бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтінішті жылына бір реттен жиілетпей ұсынуға;

      4-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына алғашқы берілгеннен кейін кемінде екі жыл өткен соң) өтініш ұсынуға;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;";

      18) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Салымшының (алушының) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты

      1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және салымшылардың (алушылардың) құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және өзге де құқықтық қатынастары белгіленеді.

      Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу тәртібі мен оның үлгілік нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

      3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.

      4. Салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарнасының сомасы келіп түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі.

      5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.";

      19) 50-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және өзіне зейнетақы активтері осы Заңның 35-бабының 2-тармағына және 35-1-бабына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген инвестициялық портфельді басқарушылардың борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.";

      4-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен, 6) тармақшадағы "төлеуге пайдаланылады." деген сөздер "төлеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;";

      "7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және өзге де шығыстарды төлеуге;

      8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған хабарламасы негізінде салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын қайтаруға пайдаланылады.";

      20) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақылары

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы зейнетақы активтерінің айына 0,01 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 2,0 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

      3. Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.

      4. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шекті шамасы:

      1) инвестициялық кірістің 15 пайызынан аспайтын шекте ;

      2) зейнетақы активтерiнiң айына 0,05 пайызынан аспайтын шекте белгiленедi.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысын өндіріп алу тәртібі және оның шамасы ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленеді.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысының шамасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы жыл сайын бекітеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысының шамасын осы ұйымның басқарушы органы жыл сайын бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, инвестициялық портфельді басқарушының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысының шамасы жылына бiр реттен жиі өзгертiлмейді.".

      21) 55-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушы – заңды тұлғасының басшысы болған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары санатына жатқызу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім қайтарып алынған адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала алмайды (сайлана алмайды);";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алу үшін негіз болып табылады.";

      22) 59-баптың 2-тармағындағы "зейнетақы мөлшерінен" деген сөздер "күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 60-бапта:

      6-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы және 7-1-тармақтың 2) тармақшасындағы "зейнетақы мөлшерінен" деген сөздер "күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.

      Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ сақтанушы:

      ерлер – 55 жасқа;

      әйелдер:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52 жасқа;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 52,5 жасқа;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53 жасқа;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 53,5 жасқа;

      2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54 жасқа;

      2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 54,5 жасқа;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 55 жасқа;

      осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар 50 жасқа толғаннан кейін жүзеге асырады.".

      65. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат):

      1) 1-бапта:

      1) және 1-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Бизнеске арналған үкімет" веб-порталы – жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;

      1-1) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;";

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, шаруа (фермер) қожалықтары;";

      2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және "Бизнеске арналған үкімет" веб-порталын құрады және оларды қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады.";

      3) 14-бап мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің тізілімін жасайды және жүргізеді;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-әріптестер тізілімінің деректерін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды;

      19) бизнес-әріптестер тізілімінің базасында қызметтер көрсетуді ұсынады.

      Көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де тұлғаларға ұсыну тәртібін Ұлттық палатаның Съезі айқындайды.".

      66. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 11, 54-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 1-баптың 10) тармақшасы екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары;";

      2) 44-баптың 1-тармағы "кредитордың (кредиторлардың)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 45-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің өтінішіне осындай қатысушылардың Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қабылданған борышкерді банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгіну туралы шешімі қоса беріледі.";

      4) 72-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.";

      5) 77-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылар сотқа осындай жүгіну туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент борышкердің синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.";

      6) 88-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы "кепілді кредиторға" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 90-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.";

      8) 97-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кепілге салынған мүлікке қатысты – кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уақытша басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.";

      9) 103-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, кепіл нысанасын өткізуден түскен ақша, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын кредиторлар арасында олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде бөлінеді.";

      10) 104-1-бапта:

      2-тармақ "кепілді кредиторға" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кредиторлар синдикатына қатысушыларды кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы банкроттықты басқарушының келіп түскен ұсынысы туралы хабардар етуге міндетті.";

      3-тармақта:

      "Кепілді кредитор" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агенттің келісіміне синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылардың шешімі қоса беріледі.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдауға келісім білдірген жағдайда, кепілге салынған мүлікті бағалауға және күтіп-ұстауға байланысты әкімшілік шығыстарды, сондай-ақ кредиторлар талаптары тізілімінің бірінші кезегінің құрамына енгізілген кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын кредиторлар синдикатына қатысушылар осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде осындай мүлік заттай қабылданғанға дейін өздерінің синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде өтуге тиіс.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер кепілге салынған мүлік синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету нысанасы болып табылса, мұндай мүлік кредиторлар синдикатына қатысушыларға олардың синдикатталған қарыз шартына сәйкес кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшеріне пропорционалды түрде үлестік меншікке беріледі.";

      6-тармақтың екінші абзацы "– кепілді кредитор" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақта:

      1) тармақша "кепілді кредитор" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) тармақша "кепілді кредитор" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ "Кепілді кредитор" деген сөздерден кейін "және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент" деген сөздермен толықтырылсын.

      67. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісі мен жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, сондай-ақ автоматты режимде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың кешені;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметпен байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеу мен сақтауды және осындай құжаттар туралы қалыпқа түсірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";

      2) 31-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметке мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) криминалдық және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы және автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға жедел түрде береді;";

      3) 54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жол парағын, алып жүретін жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;".

      68. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):

      1) 1-баптың 6), 8) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;";

      "8) лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;";

      "15) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау;";

      2) 3-баптың 2-тармағының 5-1) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 29-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік заңды тұлға, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын өтініш беруші өзінің осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттары болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.";

      4) 32-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;";

      5) 33-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңды тұлға-лицензиаттың, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға-лицензиат филиалының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);";

      6) 35-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;";

      7) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке немесе заңды тұлғаның, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.";

      8) 1-қосымшада:

      53-жолдың 3-бағанында:

      4, 5, 8, 13 және 14-тармақтар "Банктердің", "банктер", "банктің", "Банктерге" деген сөздерден кейін тиісінше ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының", ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары", "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының,", ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:

      "27. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.";

      57-жолда:

      2-баған "банктері" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-бағанда:

      3-тармақ "банкінің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ "банкінің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 2-қосымшада:

      68-жолдың 2 және 3-бағандары "Банк", "банк" деген сөздерден кейін тиісінше ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын" деген сөздермен толықтырылсын;

      69-жолдың 2 және 3-бағандары "құруға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 69-1-жолмен толықтырылсын:

      "

669-1

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын құруға рұқсат беру

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Басқармасының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін ашуға рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы

Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды

  ";

      245-жолда:

      2-баған "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-баған "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      251-жолдың 2 және 3-бағандары "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 3-қосымшаның 54-тармағы алып тасталсын.

      69. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат):

      1) 1-баптың 19-тармағында:

      5) тармақшаның он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      19) тармақшада:

      алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушының банктік шотына аударады.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      23) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.";

      2) 2-баптың 2-2) тармақшасында:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының банктік шотына және (немесе) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнайы шоттарға аударады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуға және зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, олардың айырбасталу, уәкілетті оператордың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банктік көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      3) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.";

      3) 3-баптың 2) тармақшасындағы "19) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын" деген сөздер "19) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      70. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; 2020 ж., № 14, 68, 75-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      1) тармақша "конкурсқа" деген сөзден кейін "(аукционға)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) тармақша "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары:

      1) реттілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;

      2) конкурстық қағидаты – осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;

      3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиімді бөлу;

      4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;

      5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік пен сапасы деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру болып табылады.";

      3) 4-бапта:

      2) тармақшадағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "біріктіру жатады." деген сөздер "біріктіру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жеке әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады.";

      4) 9-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік инфрақұрылым және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объект кешендері жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне шығындарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.";

      5) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.";

      6) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 18-баптың 1-тармағы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 20-бапта:

      4) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) тармақша "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) 21-баптың 3) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) 23-бапта:

      2) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) тармақша "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      9) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде (құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшерінен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;";

      11) 25-бапта:

      2) және 4) тармақшалар "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) тармақша "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      12) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы және 28-баптың 3) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      13) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше әріптесті айқындау мынадай тәсілдермен:

      1) конкурс (ашық конкурс, оңайлатылған тәртіппен және екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын конкурс) тәсілімен жүзеге асырылады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты жабық болуы мүмкін;

      2) тікелей келіссөздер;

      3) аукцион тәсілімен жүзеге асырылады.";

      14) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге:

      1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) болуға;

      2) төлем қабілеттілігі болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;

      7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.

      Меншікті қаражат деп әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға тікелей тартылатын, меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі. Осы талап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі.";

      3 және 4-тармақтар "Конкурсты", "конкурсты" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сай келуіне анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.";

      7-тармақтың бірінші және екінші бөліктері "конкурсты", "Конкурсты" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ "Конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      15) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер

      1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;

      2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған болса;

      3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген болса;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.

      2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

      3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.";

      16) 34-баптың 2 және 3-тармақтары "конкурсты", "конкурсқа" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукционды)", "(аукционға)" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Жекеше әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау

      1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия құрады.

      3. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды.

      36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабарлама

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.";

      18) 37-бапта:

      тақырып "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ "конкурстық", "конкурсты" деген сөздерден кейін тиісінше "(аукциондық)", "(аукционды)" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және осы Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын ұсынады, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сай келуін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің орналасқан жері;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы;

      6) үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаты;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) нұсқау және салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;

      8) конкурстық (аукциондық) өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

      9) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      10) конкурстық (аукциондық) өтінімнің мазмұны, конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      12) конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні және уақыты;

      13) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурстың (аукционның) шарттары.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Конкурстық (аукциондық) құжаттамада осы Заңның 40-бабына сәйкес келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін, конкурстың (аукционның) елеулі шарттары болып табылатын конкурстың (аукционның) шарттары айқындалады.";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурстық (аукциондық) құжаттама әлеуетті жекеше әріптеске қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық (аукциондық) құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайта конкурс (аукцион) өткізген кезде конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш жасауға құқылы.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мұндай сұрау салу тіркелген кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге түсіндірме береді.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей барлық әлеуетті жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестердің осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды конкурстық (аукциондық) өтінімдерде ескеруі үшін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсыну мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

      6. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізуге құқылы.";

      19) 38, 39 және 40-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім

      1. Конкурстық (аукциондық) өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында көрсетілген ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.

      3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) консорциумға қатысушы бұрын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі және (немесе) сол бір лотқа қатысты осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынған;

      2) конкурстық (аукциондық) өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген конкурстық (аукциондық) өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

      5. Конкурстық (аукциондық) өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.

      39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету

      1. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

      2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепілдік ретінде енгізеді.

      2. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялардың құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады.

      3. Әлеуетті жекеше әріптес, егер ол екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысса, конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:

      1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі.

      Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда не өзгерткенде және (немесе) толықтырғанда;

      2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудан жалтарғанда қайтармайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісіне есепке жатқызылады.

      7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптес өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.

      40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау

      1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.

      3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

      4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімді қарайды.

      Бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылса, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.

      5. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

      6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жіберуге тиіс.

      Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.

      Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.

      8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.

      9. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

      Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).

      10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.";

      20) 44-баптың 3-тармағы "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      21) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      "44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері

      1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады.

      2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жекеше әріптес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.

      4. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға (реконструкциялауға) бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      22) 45-бапта:

      1-тармақ "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган" деген сөздер "тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 46-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары маңызды болып табылады және олар мұндай өзгерістердің бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпау, мемлекеттік кірісті ұлғайту) жағдайда ғана, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі сақталған (ұлғайған) жағдайда ғана тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі мүмкін.";

      24) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату негіздері

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына оны өзгертуді немесе бұзуды көздейтін қосымша келісім мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындысы бойынша жасалады.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік міндеттемелер мөлшерінің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бұзылуымен не қолданылу мерзімінің аяқталуымен;

      2) жекеше әріптестің таратылуымен;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      4. Мемлекеттік әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

      1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;

      2) егер жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болғанда;

      3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығын және оның имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

      5. Жекеше әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік әріптес және (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.";

      25) 51-1-баптың 1-тармағы "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      26) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.".

      71. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):

      12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;";

      "24-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізеді;".

      72. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 16, 77-құжат):

      31-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      73. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      1) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Жеке тұлғалар:

      1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында көрсетілген;

      2) активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында меншік құқығындағы мүлікті;

      3) активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарындағы ақшаны сатып алу (пайда болу) заңдылығы мәселелері, сондай-ақ осыған байланысты салықтық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша тексеруге жатпайды деп белгіленсін.".

      Осы баптың ережесі 2021 – 2025 жылдар аралығындағы кезеңде ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларға қолданылады.

      Осы баптың ережесі:

      1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарға және олардың жұбайларына (зайыптарына);

      2) мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар мен олардың жұбайларына (зайыптарына) қолданылмайды.";

      2) 9-бап алып тасталсын.

      74. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):

      1) 1-бапта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі – сарапшылық кеңес) – арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;";

      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-1) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) арнайы сарапшылық кеңесі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-1) техникалық қолдау – лицензиялық бағдарламалық қамтылымның және техникалық құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық және өзге де қызметтерді көрсету;

      53-2) техникалық құжаттама – ақпараттық жүйеге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына және бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы;";

      54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) ұлттық жасанды интеллект платформасы – деректер жиынтығын жинауға, өңдеуге, сақтау мен таратуға және жасанды интеллект саласында көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған технологиялық платформа;

      55) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы – өзіне бекітілген Ұлттық жасанды интеллект платформасының дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "57-1) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау – электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау;";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту осы Заңның 39-1-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнайы сарапшылық кеңес құрады.

      Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

      Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жұмыс органы болып табылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:

      "13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті

      Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті:

      1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

      3) ұлттық жасанды интеллект платформасының негізінде жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      4) ашық көздерден алынатын деректерді, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады.";

      6) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.";

      7) 36-бапта:

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің Интернетте пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызметтер көрсетуі "электрондық үкімет" порталында сәйкестендіре отырып, жазбаша (оның ішінде электрондық) нысанда жасалатын келісім негізінде немесе келісім жасасу үшін бір реттік парольды қамтитын қысқа мәтіндік хабар жібере отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өзінің атынан немесе бүркеншік аты (ойдан шығарылған аты) арқылы жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалатын негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.

      Пайдаланушының Интернетте ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсететін электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты келісімнің қолданысының бүкіл кезеңінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға және жедел-іздестіру және қарсы барлау субъектілерінің жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізуі үшін ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.";

      8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

      "39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі

      Арнаулы мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға арналған ақпараттық жүйе мынадай тәртіппен құрылады немесе дамытылады:

      1) ақпараттық жүйені құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;

      2) ақпараттық жүйені құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырма әзірлеу;

      3) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыруға арналған техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;

      4) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес ақпараттық жүйені әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру.

      Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту жағдайларында осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Заңның 39-бабында көзделген нормалар қолданылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту шығындары арнайы сарапшылық кеңес қорытындысының негізінде жоспарлайды (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі дербес).".

      75. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 14, 68-құжат):

      39-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:

      "57) тауарларды Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғадан сатып алу.".

      76. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.";

      2) 14-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      "3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде хабарлайды.".

      77. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):

      1) 27-бапта:

      10-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы "төлемдерін" деген сөзден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақтың екінші бөлігінде:

      "төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін" деген сөздерден кейін ", тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      "ағымдағы шотындағы ақшаға" деген сөздерден кейін ", уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы "тұрғын үй төлемдерін," деген сөздерден кейін "тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін," деген сөздермен толықтырылсын.

      78. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі – байланыс желісі арқылы берілетін немесе ақпараттандыру объектілерінде өңделетін ақпараттан барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілерін жасырын табу;";

      2) 11-баптың 1-тармағының 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) нәрселерді, заттарды және деректерді жедел табу, зерттеу, тіркеу;";

      "11) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі;".

      79. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):

      1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.".

      80. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      2-баптың 14-тармағында:

      "2021" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      "акционерлік қоғамдарда" деген сөздерден кейін "(олардың құқықтық мирасқорларында)" деген сөздермен толықтырылсын.

      81. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат; 2019 ж., № 24-І, 119-құжат; № 24-ІІ, 123-құжат; 2020 ж, № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат):

      1) 25-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Табиғи монополия субъектілері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестер тізілімін құру, жүргізу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ақпарат береді.";

      2) 26-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) уәкілетті органмен табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын келісуге;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге міндетті.

      Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік бұру каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды каналдар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада каналдар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді;";

      3) 33-баптың 4-тармағындағы "қайта қаржыландыру" деген сөздер "базалық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      82. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7, 38-құжат):

      1) 14-бап мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушының пайдасына уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;";

      2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін арнайы экономикалық аймақ шекараларындағы жер учаскесімен бірге беру арнайы экономикалық аймақтың шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтар шекараларындағы жер учаскесінде орналасқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі арнайы экономикалық аймақтың аумағында қалады.";

      3) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде он бес миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін, инвестициялар туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқық режимінің жұмыс істеу мерзімі, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзіміне сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекетттік меншікке берілген жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік әріптеске беру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарады. Осы бапқа сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын тоқтату үшін негіз болып табылады.";

      4) 18-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша – инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;";

      5) 39-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының пайдасына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару;";

      6) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      83. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасында:

      бесінші абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздерді интеллектуалды көлік жүйесі айқындайды.".

      84. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат):

      1) 17-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап оларды, жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті, беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағайындалу мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды.".

      3) 39-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      85. "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 24-II, 121-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):

      8-бапта:

      4-тармақтың үшінші абзацындағы "мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді." деген сөздер "мөлшерінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "сабақтан тыс спорт сабақтарын жүргізу үшін – базалық лауазымдық айлықақысының жүз пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.";

      5-тармақ "ұйымында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ әдістемелік кабинетте" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болатын осы Заңның 1-бабы 59-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын;

      2) 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 82-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасын;

      3) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының үшінші абзацын, 5) тармақшасын, 8-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 3) тармақшасын, 9-тармағының 5) тармақшасын, 8) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының үшінші, төртінші, алтыншы – тоғызыншы абзацтарын, 3) тармақшасын, 11-тармағының 1) тармақшасын, 12-тармағының 4) тармақшасын, 16-тармағын, 17-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 4) тармақшасын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші – жиырма екінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының екінші – төртінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 13) – 18) тармақшаларын, 20) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 21) – 30) тармақшаларын, 20, 23, 25-тармақтарын, 29-тармағының 5) тармақшасын, 30 – 34-тармақтарын, 35-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы абзацтарын, 3), 4), 5), 18) – 23) тармақшаларын, 24) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 30), 31) тармақшаларын, 36-тармағы 2) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші, алтыншы – оныншы, он үшінші абзацтарын, 4), 5) тармақшаларын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8) – 11) тармақшаларын, 38, 39, 41, 44, 45, 46-тармақтарын, 49-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының бесінші – жетінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 5) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші – төртінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 7) және 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының екінші – үшінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші, бесінші, тоғызыншы, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 11), 12) тармақшаларын, 18) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 51-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасын, 56-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 61-тармағының 2) тармақшасын, 64-тармағының 2), 21) тармақшаларын, 68-тармағының 1) – 7) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы – оныншы абзацтарын, 9) тармақшасын, 74-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 77-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 79-тармағын;

      4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 5) тармақшасын, 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацын, 4) тармақшасын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 7-тармағын, 8-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 9-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацын, 10-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацын, 4) тармақшасын, 11-тармағының 2) тармақшасын, 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларын, 14-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 7), 8), 10) тармақшаларын, 15-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, алтыншы, сегізінші, он бірінші, он екінші абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші абзацын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасын, 17-тармағының 12) тармақшасын, 20) тармақшасының екінші абзацын, 18, 19, 22, 28-тармақтарын, 29-тармағының 1) тармақшасын, 35-тармағының 13) тармақшасын, 36-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші, бесінші, он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 52-тармағын, 56-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасын, 58-тармағының 5), 14), 16) тармақшаларын, 59-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарын, 4) тармақшасын, 61-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасын, 5) тармақшасын, 8) – 15) тармақшаларын, 64-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, оныншы – он алтыншы абзацтарын, 3) – 6) тармақшаларын, 9) – 12) тармақшаларын, 14) тармақшасының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші – он үшінші, он бесінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15), 16) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын, 19) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші – сегізінші, оныншы, он бірінші абзацтарын, 20), 22) және 23) тармақшаларын, 66-тармағының 1) тармақшасын, 68-тармағы 8) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 69-тармағы 1) тармақшасының екінші – оныншы абзацтарын, 2) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасын, 72-тармағын, 77-тармағы 1) тармақшасының екінші және төртінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 80-тармағын, 81-тармағының 3) тармақшасын, 84-тармағының 1), 3) тармақшаларын, 85-тармағын;

      5) 2021 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 61-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларын;

      6) 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 2) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші – бесінші, жетінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 6) тармақшасының бесінші – жетінші абзацтарын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының үшінші, сегізінші, оныншы – он үшінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарын, 13) – 17) тармақшаларын, 18) тармақшасының бесінші – он екінші абзацтарын, 64-тармағы 1) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын, 7), 8), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының бесінші, алтыншы, он төртінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 18) тармақшасын, 19) тармақшасының он екінші абзацын, 69-тармағы 1) тармақшасының он бірінші – он үшінші абзацтарын, 2) тармақшасының жетінші – тоғызыншы абзацтарын;

      7) 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 2) тармақшасын, 35-тармағының 15), 25), 28), 29) тармақшаларын, 36) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 39) тармақшасын, 37-тармағы 1-тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын, 2), 3), 4) тармақшаларын, 51-тармағының 2) тармақшасын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 63-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 65-тармағының 3) тармақшасын, 67-тармағын, 81-тармағының 1) тармақшасын;

      8) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 37-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Мыналар:

      1) осы Заңның 1-бабы 48-тармағы 1) тармақшасы үшінші абзацының күші республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессия шарттары бойынша 2017 жылғы 17 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады;

      2) осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 10) тармақшасы сегізінші абзацының күші 2021 жылғы 1 мамырдан кейін жасалған банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарына қолданылады;

      3) осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 16) тармақшасы он екінші абзацының және 17) тармақшасының күші 2021 жылғы 1 мамырға дейін барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған қатысушы банктердің депозиторларына қолданылады деп белгіленсін;

      Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған қатысушы банктердің депозиторлары 2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы 1 мамырды қоса алғанда кепілді өтем төлеу үшін:

      кепілді өтем төлеу туралы келісім жасалған банк-агентке;

      төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жүгінуге құқылы;

      4) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер 2021 жылғы 1 маусымға дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасуға міндетті;

      5) осы Заңының 1-бабы 49-тармағы 10) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтары 2021 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      3. Осы Заңның 1-бабы 49-тармағы 5) тармақшасы үшінші абзацының, 6) тармақшасы төртінші абзацының, 10) тармақшасы он бесінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепілді өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күннен бастап бір жыл өткен соң, бірақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап бес жылдан кейін тоқтатылуға жатады.";

      "8) қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясынан кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;";

      "3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілген депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.".

      4. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-3-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ