ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 42) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар және мамандандырулар номенклатурасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
1. Акушерия және гинекология (ересектер, балалар).
2. Аллергология және иммунология (ересектер, балалар).
3. Ангиохирургия (ересектер, балалар).
4. Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар).
5. Балалар жасындағы стоматология.
6. Балалар онкологиясы және гематологиясы.
7. Балалар хирургиясы.
8. Гастроэнтерология (ересектер, балалар).
9. Гематология (ересектер).
10. Дерматовенерология (ересектер, балалар).
11. Ересектер онкологиясы.
12. Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар).
13. Жалпы дәрігерлік практика.
14. Жалпы хирургия.
15. Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар).
16. Кардиология (ересектер, балалар).
17. Кардиохирургия (ересектер, балалар).
18. Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар).
19. Кинезиотерапия.
20. Клиникалық зертханалық диагностика.
21. Клиникалық фармакология.
22. Медициналық генетика.
23. Мейіргер ісі.
24. Неврология (ересектер, балалар).
25. Нейрохирургия (ересектер, балалар).
26. Неонатология.
27. Нефрология (ересектер, балалар).
28. Ортодонтия.
29. Ортопедиялық стоматология.
30. Отбасы медицинасы.
31. Оториноларингология (ересектер, балалар).
32. Офтальмология (ересектер, балалар).
33. Патологиялық анатомия.
34. Педиатрия.
35. Пластикалық хирургия (ересектер, балалар).
36. Психиатрия (ересектер, балалар).
37. Пульмонология (ересектер, балалар).
38. Радиациялық онкология.
39. Радиология.
40. Ревматология (ересектер, балалар).
41. Сот-медициналық сараптама.
42. Стоматология.
43. Терапия.
44. Терапиялық стоматология.
45. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы.
46. Травматология-ортопедия (ересектер, балалар).
47. Урология және андрология (ересектер, балалар).
48. Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар).
49. Фтизиатрия (ересектер, балалар).
50. Химиотерапиялық онкология.
51. Хирургиялық стоматология.
52. Эндокринология (ересектер, балалар).
53. Эрготерапия.
54. Ядролық медицина.
2-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандануы:
55. Авиациялық және ғарыштық медицина.
56. Аллергология және иммунология (балалар).
57. Аллергология және иммунология (балалар).
58. Анестезиология және реаниматология (балалар)
59. Аритмология.
60. Балалар комбустиологиясы.
61. Балалар хирургиясы.
62. Бариатикалық және метаболикалық хирургия.
63. Витреоретиналды хирургия.
64. Гастроэнтерология (балалар).
65. Гематология (балалар).
66. Гомеопатия.
67. Гепатология.
68. Гериатрия.
69. Гирудотерапия.
70. Дербестендірілген медицина.
71. Дерматовенерология (балалар).
72. Дерматокосметология
73. Дәстүрлі медицина.
74. Жүрек-тамыр жүйесінің функционалды диагностикасы.
75. Интервенциялық аритмология.
76. Интервенциялық кардиология.
77. Интервенциялық радиология.
78. Инфекциялық аурулар (балалар).
79. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясы.
80. Кардиология (балалар).
81. Кардиохирургия (балалар).
82. Кәсіби патология.
83. Клиникалық диетология.
84. Клиникалық нейрофизиология.
85. Клиникалық токсикология.
86. Колопроктология.
87. Компьютерлік диагностика.
88. Қарқынды терапия (балалар).
89. Қарқынды терапия және неонаталдық реанимация.
90. Магниттік-ядролық диагностика.
91. Маммология.
92. Мануалды терапия.
93. Медициналық генетика.
94. Медициналық реабилитология (балалар).
95. Медициналық-криминалистикалық сараптама.
96. Наркология.
97. Неврология (балалар).
98. Негізгі мамандық бейіні бойынша трансплантология.
99. Нейропсихиатрия (балалар).
100. Нейрохирургия (балалар).
101. Неонатальдық хирургия.
102. Нефрология (балалар).
103. Нефрологиядағы функционалды диагностикасы.
104. Онкологиялық гинекология.
105. Онкологиялық фармакология.
106. Онкологиялық хирургия.
107. Онкоморфология.
108. Оториноларингология (балалар).
109. Офтальмология (балалар).
110. Патоморфология.
111. Перфузиология.
112. Пластикалық хирургия (балалар).
113. Психиатрия (балалар).
114. Психофармакология.
115. Пульмонология (балалар).
116. Радиациялық медицина және гигиена.
117. Радиациялық фармация.
118. Радионуклидтік диагностика.
119. Радионуклидтік терапия.
120. Ревматология (балалар).
121. Рентгенологиялық диагностика.
122. Рефлексотерапия.
123. Сексопатология.
124. Сот биологиясы және гистология.
125. Сот-медициналық сараптама.
126. Сот-наркологиялық сараптама (ересектер, балалар).
127. Сот-психиатриялық сараптама (ересектер, балалар).
128. Спорт медицинасы.
129. Су-джок терапия.
130. Токсикология (балалар).
131. Торакалды хирургия.
132. Травматология - ортопедия (балалар).
133. Трансплантациялық үйлестіру.
134. Трансфузиология.
135. Тыныс алу ағзаларының функционалды диагностикасы.
136. Ультрадыбыстық диагностика.
137. Урология және андрология (балалар).
138. Фитотерапия.
139. Флебология.
140. Фтизиатрия (балалар).
141. Фтизиатрия.
142. Эндокринология (балалар).
143. Ядролық медицина.
3-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
144. Мейіргер ісі (қолданбалы бакалавриат).
4-тарау. Техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
145. Акушериялық іс.
146. Емдеу ісі.
147. Зертханалық диагностика.
148. Медициналық оптика.
149. Мейіргер ісі.
150. Стоматология.
151. Стоматологиялық ортопедия.
5-тарау. Техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар қызметкерлердің мамандануы
152. Бактериологиялық зертханадағы зертханалық іс.
153. Классикалық және емдік массаж.
154. Мейіргер ісі (жалпы практика мейіргері).
155. Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі.
156. Патологиялық-анатомиялық бюродағы зертханалық іс.
157. Рентгенологиядағы мейіргер ісі.
158. Цитологиядағы, гистологиядағы зертханалық іс.
6-тарау. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
159. Биомедицина.
160. Гигиена-эпидемиология.
161. Денсаулық сақтау менеджменті.
162. Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс.
163. Қоғамдық денсаулық.
164. Қоғамдық денсаулық сақтау.
165. Медициналық-профилактикалық іс.
7-тарау. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау, медико-профилактикалық ісі, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқудан кейінгі білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары
166. Бактериология.
167. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
168. Вирусология.
169. Дезинфекция ісі.
170. Денсаулық сақтау менеджменті
171. Еңбек гигиенасы.
172. Зертханалық іс.
173. Коммуналдық гигиена.
174. Микробиология.
175. Нутрициология.
176. Өнеркәсіптік гигиена.
177. Паразитология.
178. Патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс кезіндегі биоқауіпсіздік.
179. Патогендігі II топтағы аса қауіпті микроорганизмдермен (обамен) жұмыс кезіндегі биоқауіпсіздік.
180. Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс кезіндегі өрістік биоқауіпсіздік.
181. Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен (оба, тырысқақпен) жұмыс кезіндегі биоқауіпсіздік.
182. Радиациялық гигиена.
183. Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс.
184. Тамақтану гигиенасы.
185. Токсикология.
186. Эпидемиология
8-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық емес білімі бар қызметкерлердің мамандануы
187. Биоинженерия.
188. Биоинформатика.
189. Биоэтика.
190. Денсаулық сақтау саласындағы IT (АйТи-технологиялар).
191. Медициналық техника.
192. Медициналық құқық.
193. Психология.
194. Медициналық техника бойынша инженерия.
9-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық бейінді техникалық және кәсіптік білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
195. Гигиена және эпидемиология.
10-тарау. Техникалық және санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі кәсіптік білімі бар қызметкерлердің мамандандырулары
196. Бактериология.
197. Вирусология.
198. Дезинфекциялық іс.
199. Еңбек гигиенасы.
200. Жалпы гигиена.
201. Коммуналдық гигиена.
202. Микробиология.
203. Паразитология.
204. Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс кезіндегі биоқауіпсіздік.
205. Радиациялық гигиена.
206. Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс.
207. Тамақтану гигиенасы.
208. Токсикология.
209. Эпидемиология.
210. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы
11- тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
211. Фармация.
12-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандануы
212. Клиникалық фармация.
213. Радиациялық фармация.
214. Фармациядағы менеджмент.
215. Фармациядағы сапаны басқару.
13-тарау. Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің мамандықтары
216. Фармация.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Басшылардың лауазымдары
1. Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор).
2. Денсаулық сақтау ұйымы (медициналық бөлім бойынша, медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша, стратегиялық даму бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша, эпидемияға қарсы жұмыс бойынша) немесе денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы немесе дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйым және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс бойынша) қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директорының немесе директорының) орынбасары.
3. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директорының немесе директорының) экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары.
4. Денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің (бөлімшенің) меңгерушісі, бөлім басшысы, аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер), мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының зертхана меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының виварий меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының микробиологиялық зертхана меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы).
5. Директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.
6. Бас мейіргер.
2-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы білімі бар мамандардың лауазымдары
7. Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері.
8. Дәрігер (бейінді маман).
9. Сарапшы дәрігер.
10. Сот-медициналық сарапшы дәрігер (жалпы сараптамалық зерттеу, сот-биологиялық зерттеу, сот-гистологиялық зерттеу, химиялық токсикологиялық зерттеу, медициналық-криминалистикалық зерттеу, молекулалық-генетикалық зерттеу).
11. Сот-медициналық сарапшы маман (сот-биологиялық, химиялық-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, молекулярлық-генетикалық зерттеулер).
12. Трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер.
13. Дәрігер – резидент.
14. Тағылымдамашы дәрігер.
15. Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтердің сапасы бойынша, медициналық қызметтердің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру және әдіснамасы бойынша, персонал бойынша (HR-менеджер (ЭйЧар-менеджер)).
16. Дәрігер немесе қоғамдық денсаулық сақтау маманы (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер).
17. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің Дәрігері немесе маманы.
18. Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер).
19. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет аудиторы.
20. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында биоқауіпсіздік жөніндегі маман.
21. Сынамаларды қабылдау және алу жөніндегі маман.
22. VAD (ВАД) үйлестірушісі (қанайналымды механикалық қолдау жөніндегі маман).
3-тарау. Жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар лауазымдары
23. Фармацевт (провизор).
24. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инженер-технолог.
25. Фармациядағы сапаны басқару жөніндегі менеджер.
26. Клиникалық фармацевт.
27. Радиофармацевт.
28. Инспектор.
29. Аға радиофармацевт.
4-тарау. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары
30. Зертхана маманы.
31. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог немесе эпизоотолог, энтомолог).
32. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымындағы биоқауіпсіздік жөніндегі маман.
33. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
34. Медициналық психолог.
35. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі циклотронының инженері.
36. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру жөніндегі радиохимик-технолог.
37. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі радиохимик-талдаушы.
38. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын қамтамасыз ету маманы.
39. Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілерді желдетуге қызмет көрсету жөніндегі инженер.
40. Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі инженер.
41. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер.
42. Медициналық физик.
43. Ядролық медицинадағы технологиялық және медициналық газдарға қызмет көрсету жөніндегі инженер.
44. Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженер.
45. Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі инженер.
46. Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика инженері.
47. Ядролық медицинадағы инженер-технолог.
48. Инженер-медициналық физик.
49. Сәулелік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер.
50. Клиникалық эмбриолог.
51. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі маман.
52. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі менеджер.
53. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы инженер-дозиметрист.
54. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженер.
5-тарау. Орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар мамандардың лауазымы
55. Кеңейтілген практика аға мейіргері.
6-тарау. Техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі білім бар мамандар лауазымдары
56. Фельдшер.
57. Акушер.
58. Учаскелік мейіргер және (немесе) жалпы практика мейіргері.
59. Мейіргер (мамандандырылған).
60. Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт мейіргері.
61. Диета мейіргері.
62. Стоматологиялық гигиенист.
63. Дантист.
64. Стоматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті).
65. Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы).
66. Медициналық зертханашы.
67. Рентген зертханашысы.
68. Оптик және оптикометрист.
69. Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы.
70. Медициналық тіркеуші.
71. Эпидемиологтың көмекшісі.
72. Нұсқаушы дезинфектор.
73. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер.
74. Кіші мейіргер.
75. Медициналық массажист.
76. Аға медициналық зертханашы.
77. Радиоизотопты (радионуклидті) диагностика зертханашысы.
78. Сәулелік жабдық мейіргері (радиотерапия технологы).
79. Санитариялық-эпидемиологиялық бейін зертханашысы
7-тарау. Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар мамандардың лауазымдары
80. Фармацевт.
8-тарау. Кіші персонал лауазымдары
81. Санитар.
9-тарау. Техникалық және кәсіптік медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары
82. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау зертханашысы.
83. Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі .
84. Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі техник.
85. Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру технигі.
86. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы техник-дозиметрист.
87. Энтомологтың (зоологтың) көмекшісі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына 3-қосымша |
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Кіріспе
1. Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Біліктілік сипаттамалары) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеудің, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың құқықтары мен жауапкершілігін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын, кадрларды таңдаудың және орналастырудың, оларды пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге асырудың, денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің атқаратын лауазымдарына cәйкестікке аттестаттау өткізу үшін негіз болып табылады.
2. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадр жөніндегі маман, аудармашы, психолог және өзге де мамандардың лауазымдарының біліктілік сипаттамалары барлық қызмет саласына ортақ мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың мамандарының жеке лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында айқындалған.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандықтар лауазымына біліктілік талаптарына сәйкес тиісті бағытта жоғары білім бар мамандар үміткер бола алады.
2-тарау. Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшылары, мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор)
4. Лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер) үшін (қосымша):
Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес фармацевтикалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін ұйымдастырады және бақылайды.
Радиоизотоптық зерттеулер, радионуклидтік терапия жүргізу, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндіру көлемін жоспарлайды.
Өндірістегі қауіптерге жүргізілген талдауды бақылайды және өндірілетін радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасына шолу жасауға талдау жүргізеді.
5. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
6. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор немесе директор) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік;
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе executive МВA (бұдан әрi – ЕМВА (экзекютив ЭмБиЭй)) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор немесе директор) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік;
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор немесе директор) үшін:
"Денсаулық сақтау" және (немесе) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" даярлау бағыты бойынша жоғары (және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және (немесе) ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі, бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (қайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Республикалық маңызы бар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы үшін (бас директор немесе директор):
"Медициналық-профилактикалық іс" және (немесе) "Санитария, Гигиена, Эпидемиология" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Гигиена, Эпидемиология" тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік және (немесе) "Денсаулық сақтау" даярлығы бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор) үшін: "Медициналық-профилактикалық іс" және (немесе) "Санитария, Гигиена, Эпидемиология" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық" және (немесе) Қоғамдық денсаулық сақтау" және (немесе) Қоғамдық денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Гигиена, Эпидемиология" тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік және (немесе) "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Аудандық және қалалық маңызы бар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшысы (директор) үшін: "Медициналық-профилактикалық іс" және (немесе) "Санитария, Гигиена, Эпидемиология" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Гигиена, Эпидемиология" тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік, басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор немесе бас дәрігер) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім;
"Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
"Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Сәулелік диагностика", "Радиология", "Ядролық медицина", "Сәулелік терапия" немесе "Радиациялық онкология") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
2-параграф. Денсаулық сақтау ұйымдары (медициналық бөлім бойынша, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша, стратегиялық даму бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша, эпидемияға қарсы жұмыс бойынша) және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті (санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс бойынша) жүзеге асыратын денсаулық сақтауды ұйымдары басшысының орынбасары (бас директор немесе директор)
7. Лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау бойынша ұйымдастыру жұмысын, ұйымның емдеу қызметін талдауды, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуді және бағалауды жүзеге асырады.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер нормаларының сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді.
Медицина кадрларының еңбегін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамытуды қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.
Тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, қызметтің даму процесін бағалау және мониторингілеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді; жұмыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді.
Стратегияны таңдайды және ұйымның даму басымдықтарын айқындайды, мақсаттарға жету әдістерін анықтайды, мақсаттарды таңдауды негіздейді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің даму жоспарының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын орындауын мониторингілеу жөніндегі, жылдық операциялық жоспардың, даму жоспарының және ұйымның даму стратегиясының (стратегиялық жоспарының) орындалуы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі қызметті одан әрі даму перспективаларының ұсыныстарымен басшылыққа ұйымның стратегиялық даму мәселелері бойынша басқарушылық шешімдердің жобаларын ұсынады.
Кадр саясатын қалыптастыруға және жүргізуге, персоналды басқару және дамытуға және еңбек қатынастарын реттеуге қатысады.
Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастырады.
Құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді.
Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін, медициналық этиканы дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындауға, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға ықпал етеді.
Денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары:
Эпидемияға қарсы жұмысты, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және үйлестіруді, сондай-ақ қызметтің перспективалық жоспарларын жасау бойынша ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметіне басшылық етуді және үйлестіруді, сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге және әртүрлі ведомстволарға АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді, сырқаттануы мен инфекциялардың таралуына эпидемиологиялық мониторинг ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
Ұйымда қолданылатын есептеме және есепке алу құжаттамаларының уақтылы ұсынылуын, инфекцияның тіркелген жаңа жағдайларын эпидемиологиялық зерттеп-қарауды, жұмыс бөлімдері бойынша қызметке талдау жүргізуді бақылауды қамтамасыз етеді.
Халық және негізгі топтар арасында профилактикалық жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шараларды үйлестіреді.
Ұйым қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарын әзірлейді.
Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы өткізілетін іс-шараларды үйлестіреді.
8. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Заңы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы", "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер;
отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру.
9. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау ұйымы (медициналық бөлім жөніндегі) басшысының орынбасары (бас директоры және (немесе) директоры) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім,
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік;
тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;
республикалық, облыстық маңызы бар ұйымдар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, аудандық және қалалық маңызы бар ұйымдар үшін кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Денсаулық сақтау ұйымы (медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі, стратегиялық даму жөніндегі) басшысының орынбасары (бас директоры және (немесе) директоры) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
не "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік;
республикалық, облыстық маңызы бар ұйымдар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, аудандық және қалалық маңызы бар ұйымдар үшін жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйым басшысының орынбасары:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік және "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік;
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары:
"Денсаулық сақтау" және (немесе) "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" даярлау бағыты бойынша жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және (немесе) ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі, бейіні бойынша басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілік деңгейін беру туралы куәлік және "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
не "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік;
Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшысының орынбасары (санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс бойынша):
"Медициналық-профилактикалық іс" және (немесе) "Санитария, гигиена, эпидемиология" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық" және (немесе) "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары білім;
"Гигиена, эпидемиология" тиісті мамандығы бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат) және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша және (немесе) ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
республикалық, облыстық маңызы бар ұйымдар (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл, аудандық және қалалық маңызы бар ұйымдар үшін жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
3-параграф. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор немесе директор) экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары
10. Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді, перспективалық қызмет жоспарларын жасау бойынша ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
Қаржылық тәртіптің сақталуын, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау мен ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауды жүргізуді ұйымдастырады.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын экономикалық жоспарлау бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуді, ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады.
Медициналық этика, ұйымның материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеу режимі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді, еңбек тиімділігін, ұйымның шаруашылық дербестігін арттыруға, еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға бағытталған ұсыныстар енгізеді.
Ұйымда қолданылатын жоспарлы, есепке алу мен есеп құжаттамасы жүргізілуін және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, қаржы-шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындайды.
Құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның мүддесін білдіреді.
Ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану, жұмыс орындарын аттестаттау мен оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
11. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру.
12. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Бизнес, басқару және құқық" (экономикалық, қаржылық, заңгерлік) даярлау бағыты бойынша жоғары (және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе инженерлік-техникалық білімі және бейіні бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" бейіні бойынша немесе денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
4-параграф. Денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер), мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының виварий меңгерушісі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымның микробиологиялық зертхана меңгерушісі), санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы*
13. Лауазымдық міндеттері:
Ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылықты жүзеге асырады, халыққа уақтылы және сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Медициналық этика талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Жаңа диагностикалық және профилактикалық көмекті енгізуді және қолданыстағыларды жетілдіруді, көрсетілген қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз едеті.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Сантитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемиға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитарлық қағидалар мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертхана-аспаптық бақылауды ұйымдастырады.
Дәрігер кадрларының біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімін дамыту жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне талдау жасайды және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Есеп беруді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Радиоизотоптық (радионуклидтік) диагностика бөлімшесінің, радиоизотоптық (радионуклидтік) терапия бөлімшесінің, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі мен сапасын бақылау бөлімшесінің (кешенінің), радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі бөлімшесінің (бөлімінің), радиофармацевтикалық дәрілік препараттар сапасын бақылау бөлімшесінің (бөлімінің), "GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика бойынша сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің (бөлімінің) меңгерушісі үшін, радиациялық қауіпсіздік және медициналық физика, Ядролық медицина орталығының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі (қосымша):
барлық жабдықтардың, инженерлік жүйелер мен процестердің тиісті валидациялық іс-шараларын жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды;
тиісті фармацевтикалық практика, радиациялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес фармацевтикалық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін ұйымдастырады және бақылайды.
Зертхана меңгерушісі немесе басшысы үшін (қосымша):
медициналық ғылым мен практиканың заманауи жетістіктері деңгейінде клиникалық зертханалық зерттеулерді уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді;
зертханадағы жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ патогендік микроорганизмдердің бөлінуі бойынша сынамаларға зертханалық зерттеулер жүргізеді;
зертхана қызметкерлерінің назарына зертхана жұмысын регламенттейтін барлық нормативтік және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды жеткізеді;
зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, түсіндіреді, қорытынды жасайды;
зертханаішілік сапаны бақылаудың жүргізілуін бақылайды және зертхананың сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы үшін (қосымша):
сынамаларды қабылдау және алу бөліміне басшылық етуді жүзеге асырады;
сынамаларды қабылдау, алу және жеткізу процестерін жедел басқаруды ұйымдастырады (құрамында патогенді микроорганизмдер болуы мүмкін сынамалармен жұмыс істеу рәсімдері), сынамаларды зертханаларға бөлуді жүргізеді;
сынақ хаттамаларын беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
бөлім құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;
бөлім қызметі бойынша талдау жүргізеді және есептер жасайды;
ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
зерттеулерді орындау, оның мерзімдері және хаттамаларды беру мәселелері бойынша зертхананың басқа бөлімшелерімен өз жұмысын үйлестіреді;
Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы үшін (қосымша):
бөлімнің жұмыс жоспарларын, іс-шараларын және есептік құжаттаманы дайындауды және оның орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
мемлекеттік зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
ұйым жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;
зертханалық іс бойынша ұйымның бөлімшелерінің қызметін талдау, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйымның жұмыс нысанын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдау;
кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша деректерді жинақтауды жүзеге асырады;
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы үшін (қосымша):
бөлім құзыретіне жататын метрология, стандарттау және өзге мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшенің қызметін қамтамасыз етеді;
ішкі құжаттарды жүргізу тәртібінің, стандарттардың және өзге де нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және бақылау;
өңірдің қажеттіліктеріне сәйкес сертификаттау, метрология органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
метрология және стандарттау мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
14. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
медицинадағы үздік халықаралық тәжірибе;
медициналық ұйымның бизнес-процестері.
тиісті фармацевтикалық практика стандарттары;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы санитариялық тәртіп пен нормативтер.
15. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі;
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік (бар болған жағдайда);
тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (сертификаттауға жататын мамандықтар үшін);
денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің (бөлімшенің) меңгерушісі, бөлім бастығы:
Клиникалық мамандықтар бойынша (бар болса) бірінші (жоғары) біліктілік санаты дәрігерінің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәкестігі немесе тиісті клиникалық мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 6 жыл; клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуы.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымның микробиологиялық зертхана меңгерушісі:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік;
не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы қызметінде тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;
бейіні бойынша тиісті зертханада кемінде 3 жыл.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы үшін:
"Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі немесе жоғары инженерлік-техникалық білім, метрология және стандарттау саласында жұмыс тәжірибесі.
Аға мейіргер және (немесе) мейіргер ісі жөніндегі менеджер:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) медициналық білімі және мамандығы бойынша медициналық ұйымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі, бірінші (жоғары) біліктілік санатының (бар болса) немесе тиісті клиникалық мамандық бойынша кемінде 6 жыл жұмыс өтілінің болуы, мейіргер ісінде басқару қызметі бойынша сертификаттау курсынан өту біліктілігін арттыру туралы куәлік.
Бейінді емес қызмет түрлері бөлімдерінің басшылары үшін:
Бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының виварий меңгерушісіне:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "Ветеринария" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биология) мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру және олардың сапасын бақылау бөлімшесінің (кешенінің) меңгерушісі үшін: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары физикалық-техникалық, химиялық, химиялық-технологиялық немесе фармацевтикалық білімі, ядролық медицина және (немесе) радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды және (немесе) дәрілік заттарды және (немесе) техникалық орталарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және (немесе) үдеткіш техниканы өндіру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру бөлімшесінің (бөлімінің) меңгерушісі үшін: кадрларды даярлау бағыты бойынша химиялық, фармацевтикалық немесе физикалық-техникалық жоғары білім, ядролық медицина және (немесе) радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды және (немесе) дәрілік заттарды және (немесе) техникалық орталарды және (немесе) үдеткіш техниканы өндіру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау бөлімшесінің (бөлімінің) меңгерушісі үшін: кадрларды даярлау бағыты бойынша химиялық, фармацевтикалық немесе биологиялық жоғары білім, ядролық медицина және (немесе) радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды және (немесе) дәрілік заттарды және (немесе) техникалық орталарды өндіру саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практикасы бойынша сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің (бөлімінің) меңгерушісі үшін: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары фармацевтикалық, химиялық, биологиялық, химиялық-технологиялық биологиялық; ядролық медицина және (немесе) радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі және (немесе) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, тамақ өнімдері өндірісі саласындағы жұмыс өтілі және (немесе) зертханаларда және (немесе) фармацевтикалық қоймалар мен дәріханаларда кемінде 3 жыл.
Радиациялық қауіпсіздік және медициналық физика бөлімшесінің меңгерушісі үшін: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары физикалық-техникалық білім ("Ядролық физика", "Физика", "Техникалық физика", "Радиациялық физика", "Медициналық физика"); ядролық медицина және ядролық физика саласындағы радиациялық қауіпсіздік және (немесе) медициналық физика бойынша (немесе) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу саласында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Ядролық медицина орталығының инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің меңгерушісі үшін: жоғары техникалық білімі, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісінде және (немесе) дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінде және (немесе) ядролық медицина, сәулелік терапия саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Зертхана меңгерушісі немесе басшысы үшін: "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина", "Медициналық-биологиялық іс", "Медициналық-профилактикалық іс" мамандықтары бойынша даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты, тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
*Ескертпе:
Патогенділігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
5-параграф. Мейіргер ісі жөніндегі директордың орынбасары
16. Лауазымдық міндеттері:
Орта және кіші медицина персоналының еңбегін ұтымды ұйымдастыруды үйлестіреді. Орта және кіші персоналдың функционалдық және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді жүзеге асырады. Топтық жұмыс дағдыларын және мейіргерлердің кәсіби қарым-қатынас тәжірибесін дамытады. Өзінің және орта медициналық және кіші персоналдың жұмысына талдау жүргізеді.
Мейіргерлік қызмет сапасының индикаторларын әзірлейді, орта медициналық және кіші персонал үшін стандарттар мен алгоритмдерді әзірлеуді ұйымдастырады.
Ұйымның стратегиялық жоспарлау шеңберінде мейіргерлік күтімнің жүйелі пайымын жоспарлайды.
Күтілетін және күтпеген тәуекелдерді анықтау үшін клиникалық іс-шараларға мониторинг жүргізеді.
Есеп беруді, медициналық этиканың, ішкі және еңбек тәртібі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Емдеу-қорғау режимі ережелерінің, қауіпсіз аурухана ортасының сақталуын ұйымдастырады. Мейіргерлік персоналдың медициналық құжаттаманы жүргізу сапасын үйлестіруге жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Кәсіпқойаралық командаға қажетті ресурстарды ұсыну үшін мейіргерлік білім беру ұйымдарымен ынтымақтасады. Кәсіби бірлестіктерге қатыса отырып, мейіргерлік практикаға әсер етеді.
Мейіргерлердің жұмыс сапасына пациенттердің шағымдары мен өтініштерін талдауға қатысады, медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады.
17. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
статистика критерийлері мен көрсеткіштері;
мейіргер ісі саласындағы шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру.
18. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (академиялық бакалавриат) мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білімі, бірінші (жоғары) біліктілік санаты (бар болса) немесе тиісті мамандық бойынша кемінде 6 жыл жұмыс өтілі және (немесе) "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы, мейіргер ісінде басқарушылық қызмет бойынша біліктілікті арттыру туралы куәліктің болуы;
жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистр дәрежесі болған кезде жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
6-параграф. Бас мейіргер
19. Лауазымдық міндеттері:
Орта және кіші медицина персоналының еңбегін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Ұйымның орта және кіші медицина персоналының дәрігерлік тағайындауларды орындауын, ұйымның орта және кіші медицина персоналының функционалдық және лауазымдық міндеттерін әзірлеуді, таңу материалдарын, дәрі-дәрмектерді, оның ішінде улы, психотроптық және есірткі заттарды уақтылы жазып алуды, бөлуді және сақтауды ұйымдастырады және бақылайды, олардың жұмсалуына есеп жүргізеді.
Жұмыс графиктерін жасауды және орындауды, емдеу-қорғау режимінің, инфекциялық бақылау қағидаларын, тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.
Аурухана бөлімшелерінің санитариялық-гигиеналық күтіп-ұстау, үй-жайлардың (әсіресе инфекциялық) уақтылы және сапалы дезинфекциялануын бақылайды.
Мейіргерлік персоналдың медициналық құжаттаманы жүргізу сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Орта және кіші персоналдың біліктілігін арттырудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлейді, аға мейіргерлердің, акушерлердің кәсіби қызметін бағалайды.
Халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жетілдіру, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Есеп беруді, медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
20. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
негізгі клиникалық бағыттар бойынша диагностикалау мен емдеу хаттамалары, клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру; халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистикалық өлшемшарттар мен көрсеткіштер;
шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, адамның тіршілік ету ортасының факторлары;
еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының және медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздері.
21. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (академиялық бакалавриат) мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білімі, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуы, мейіргер ісінде басқару қызметі бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің болуы, мамандығы бойынша медициналық ұйымда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистр дәрежесі болса жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
3-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы, санитариялық-эпидемиологиялық бейінді білімі бар мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері
22. Лауазымдық міндеттері:
Пациенттердің профилактикасын, диагностикасын, емін, оңалтуын жүзеге асырады. Білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты басқару тактикасын анықтайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Науқасты зерттеп-қарау жоспарын әзірлейді. Клиникалық бақылаулар мен зерттеп-қараулер, анамнез жинау, клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері негізінде диагнозды белгілейді (растайды)
Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді, егер мұндай таңдау зерттеу нәтижелерімен қамтамасыз етілсе, тағайындау. Өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
Денсаулық орталықтарымен бірлесіп салауатты өмір салтын, тиімді тамақтануды насихаттауға қатысады.
Балаларды тамақтандыру, шынықтыру, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика мәселелері бойынша консультациялық қызметті жүзеге асырады.
Аурулардың ерте және жасырын түрлерін және қауіп факторларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Диагностикалық, емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларының кешенін ұйымдастырады.
Жүктілік диагностикасын, жүктілік ағымын бақылауды, жүкті әйелдердегі экстрагенитальды патологияны анықтауды және емдеуді, босануға психопрофилактикалық даярлықты жүргізеді. Жүктілікке және босануға қарсы көрсетілімдерді анықтайды, жүктілікті үзуге жібереді. Босанғаннан кейінгі кезеңде және жүктілікті үзгеннен кейін әйелдерді оңалтуды жүргізеді.
Пациенттердің еңбекке жарамсыздық жағдайын анықтайды, оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Жеңілдетілген еңбек жағдайларына ауыстыруға, санаторий-курорттық емдеуге айғақтарды айқындайды.
Бекітілген контингенттің денсаулық жағдайына талдау жүргізеді, медициналық есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
23. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистикалық өлшемшарттар мен көрсеткіштер;
шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, санитариялық ағартуды ұйымдастыру, халықты гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау;
еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының және медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздері;
аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздері;
медициналық сақтандыру негіздері.
24. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маман сертификаты.
2-параграф. Дәрігер (бейінді маман) *
25. Лауазымдық міндеттері:
Жедел, алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Пациентті қадағалап қарау тактикасын, оны зерттеп-қарау жоспарын айқындайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, ұтымды тағайындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Клиникалық бақылаулар мен зерттеп-қараулар, анамнез жинау, Клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері негізінде диагнозды белгілейді (растайды). Тиісті емді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық ем-шара мен шараларды ұйымдастырады немесе дербес жүргізеді.
Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Пациентті қарап-тексеруді жүргізеді. Пациенттің жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгерістер енгізеді және қосымша зерттеп-қарау әдістерінің қажеттілігін анықтайды. Диагностикалық және емдік шаралардың дұрыс жүргізілуін, құрал-саймандарды, аппаратураларды пайдалануды бақылайды.
Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
Ауруларды емдеу мен оның профилактикасының қазіргі заманғы әдістерін практикаға енгізеді.
Өзіне бағынысты орта және кіші медицина персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Халықты санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.
26. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар;
халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын статистикалық критерийлер мен көрсеткіштер;
халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру, аурулардың халықаралық және отандық жіктелуінің негіздері; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының және медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздері;
медициналық сақтандыру негіздері.
27. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты.
* Ескертпе:
Эпидемиологиялық жағдайды және инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін ескере отырып (оқшаулауға дейін бір науқас жұқтыратын адамдардың саны) – 1,0, сондай-ақ стационарлардың төсек қорының қамтылуы 50% және одан жоғары, карантиндік объектілерде (инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарлар) медициналық көмек көрсетуге олардың келісімімен резидент-дәрігерлер, сондай-ақ осы бұйрықтың 1-қосымшасында көрсетілген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар медицина қызметкерлері жіберіледі.
3-параграф. Сарапшы дәрігер
28. Лауазымдық міндеттері:
Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер көлемінің орындалуын бақылайды.
Емдеу-диагностикалық іс-шараларға ретроспективті талдау жүргізеді, Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді.
Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияларымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды енгізеді. Талдау нәтижелері бойынша халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының дәрежесін зерделейді, пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) сол жерде шешеді.
Медициналық құжаттаманың уақтылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
29. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
ішкі аудит негіздері, медициналық қызметтің сараптамасы;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру; Статистика халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштер;
аурулардың халықаралық және отандық жіктемесінің негіздері; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;
медициналық сақтандыру негіздері.
30. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты; жоғары біліктілік санаты тиісті мамандығы бойынша (бар болса) немесе тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.
4-параграф. Сот-медициналық сарапшы дәрігер (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің)
31. Лауазымдық міндеттері:
Сараптама бөлімшесінің жұмыс бейіні бойынша барлық ұсынылған сараптамалық зерттеу объектілеріне білікті сот-медициналық сараптаманы жүзеге асырады.
Жалпы сараптамалық зерттеудің сот-медициналық сарапшысы сараптама бөлімшесінің жұмыс бейіні бойынша (мәйіт, мәйіт материалы, тірі адам денсаулығына келтірілген зиянды анықтау үшін және жыныстық қылмыстар кезінде, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер материалдары бойынша, медицидің кәсіби қызметі туралы істер бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу пайызын айқындау басқа да түрлері) сараптама жүргізеді.
Зертханалық сараптама қызметін орындайтын адам, сондай-ақ зертханалық сынақтарды, сараптама жүргізу кезіндегі өлшеулерді, зерттеудің химиялық, физикалық, фотографиялық әдістерін орындайды, зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды (нұсқаулық пен техникалық құжаттамаға сәйкес оны тексеруді және баптауды жүзеге асырады).
Ішкі істер, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне консультативтік көмек көрсетеді. Сот-құқықтық практикада туындайтын медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді арнайы құзырет шегінде зерттеулердің заңдылығы, тәуелсіздігі, объективтілігі және толықтығы қағидаттарында сот-медициналық сараптамалар жүргізу арқылы шешеді. Жүргізілген зерттеулерге байланысты оның алдына қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген, дәлелді және объективті жазбаша қорытынды береді.
Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына дербес жауапты болады. Құрал-саймандардың, аппаратуралар мен жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын, Реактивтердің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Орта және кіші медицина қызметкерлерінің жұмысына басшылық жасайды. Тәжірибеде зерттеудің жаңа әдістерін қолданады. Сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпейді.
Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
32. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексі, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
зертханалық сараптама қызметі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздері.
33. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім, "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өту туралы куәлік; тиісті мамандану бойынша сертификатталған курстарды өту куәлігі; жалпы сараптамалық зерттеудің дәрігер сарапшысы үшін "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
5-параграф. Сот-медициналық сарапшы маман (сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, молекулярлы-генетикалық зерттеулер)
34. Лауазымдық міндеттері:
Өзіне тапсырылған заттай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасын, оның ішінде мәйіт материалын зерттеуді, сараптама бөлімшесінің жұмыс бейіні бойынша зертханалық сараптама қызметін жүргізеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына дербес жауапты болады.
Зертханалық сынақтарды, сараптама жүргізу кезіндегі өлшеулерді, зерттеудің фотографиялық және физикалық әдістерін орындайды.
Зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін қадағалайды (оны зерттеп-қарауды және нұсқаулық пен техникалық құжаттамаға сәйкес баптауды жүзеге асырады), зерттеулер жүргізу үшін реактивтер мен химиялық ыдыстарды дайындайды, ішкі істер, прокуратура және сот органдарының қызметкерлеріне консультациялық көмек көрсетеді.
Сот-құқықтық практикада туындайтын медициналық-биологиялық сипаттағы мәселелерді арнайы құзырет шегінде зерттеулердің заңдылығы, тәуелсіздігі, объективтілігі және толықтығы қағидаттарына сәйкес сараптама жүргізу арқылы шешеді.
Жүргізілген зерттеулерге байланысты оның алдына қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген, дәлелді және объективті жазбаша қорытынды береді.
Сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпейді.
Медициналық құжаттаманың уақтылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді.
Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
35. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексі, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
36. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Сот-медициналық сараптама" мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі,
не "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биология ғылымдары, физикалық және химиялық ғылымдар, қоршаған орта, тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттырудан өту куәлігі.
6-параграф. Трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер
37. Лауазымдық міндеттері.
Республикалық трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер: Өңірлік және стационарлық трансплантация үйлестірушілерінің қызметін бақылауды және тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуді, донорлардың, тіннің (тіннің бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалардың бөлігінің) реципиенттерінің тіркеліміндегі деректердің тиісінше жүргізілуін және өзектілендірілуін жүзеге асырады) қадағаланатын өңірлер бойынша донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесін енгізу және стационарларда әлеуетті донорлардың болуы туралы күнделікті есептік ақпаратты ұсынуды жүзеге асырады.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және трансплантаттауды үйлестіру қызметін дамыту, донорлардың, реципиенттердің және трансплантаттауды күтіп отырған адамдардың дерекқорын (күту парағын) ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталған жағдайда донордан реципиентке донорлық процесті ұйымдастырады және сүйемелдейді. Донорлық ағзаларда трансплантаттау және аллокациялау бойынша үйлестіру бөлімінің басшысына тоқсан сайын есеп береді.
Медицина қызметкерлері мен халықтың арасында ағзалық донорлықты насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Диагностика мен емдеу хаттамаларын, әдістемелік құралдарды, стандарттар мен трансплантология саласындағы басқа да құжаттарды әзірлеуге, жетекшілік ететін өңірлердің баспа және электрондық басылымдарында трансплантология проблемалары бойынша ғылыми еңбектер мен ақпараттық материалдарды жариялауға, таратуға қатысады.
Қызметтік құжаттаманың сақталуын және өз функцияларын орындау кезінде белгілі болған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды.
Өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші:
Өңірдің стационарлық трансплантаттауды үйлестірушілері қызметінің тиімді өзара іс-қимылын үйлестіруді және қамтамасыз етуді, донорлар мен реципиенттерді есепке алудың медициналық ақпараттық жүйесінің донорлар, тін (тіннің бөлігі) реципиенттері және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) тіркелімінде деректерді жүргізуді және өзектендіруді жүзеге асырады және өңірдің стационарларында әлеуетті донорлардың болуы туралы күнделікті есепті және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, республикалық трансплантаттауды үйлестірушіге электрондық пошта арқылы тоқсан сайын ұсынады.
Медицина қызметкерлері мен өңір халқының арасында ағза донорлығын насихаттау мәселелері бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Орталықтың негізгі қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, диагностика және емдеу хаттамаларын, әдістемелік құралдарды, стандарттар мен трансплантология саласындағы құжаттарды әзірлеуге қатысады.
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Әлеуетті донор анықталған кезде оны өзектендіру және қайтыс болғаннан кейін ағзаларды алуды ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысады.
Қызметтік құжаттаманың сақталуын және өз функцияларын орындау кезінде белгілі болған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді.
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды.
Өңірді трансплантаттау қызметіне статистикалық талдау жүргізеді, трансплантологиядағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктеріне шолу жасайды және трансплантаттауды үйлестіреді.
Өңірдегі ағза донорлығының проблемалық мәселелері және трансплантологияны дамыту бойынша кеңестер, конференциялар өткізуге қатысады.
Стационарлық трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер:
Медициналық ұйымның реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделіп жатқан пациенттер туралы деректерді жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады.
Өңірлік трансплантаттауды үйлестірушіге стационарда әлеуетті донорлардың болуы туралы күн сайынғы есептік ақпаратты ұсынады, медицина қызметкерлері мен өңір халқы арасында ағза донорлығын насихаттау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізеді, өңірдің баспа және электрондық басылымдарында трансплантология проблемалары бойынша мақалаларды, ақпараттық материалдарды жариялауды жүзеге асырады.
Орталықтың негізгі қызметі бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, диагностика және емдеу хаттамаларын, әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады.
Өңірдегі ағза донорлығының проблемалық мәселелері және трансплантологияны дамыту бойынша кеңестер, конференциялар өткізуге қатысады.
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуетті донорларды зерттеп-қарау бойынша стационардың құрылымдық бөлімшелерімен және ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Әлеуетті донор өзектілендірілген жағдайда донорлық процесті ұйымдастырады, ол трансплантаттау үшін ағзаларды мультиағзалық қоршаумен аяқталады.
Қызметтік құжаттаманың сақталуын және өз функцияларын орындау кезінде белгілі болған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды.
38. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген).
39. Біліктілікке қойылатын талаптар:
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін-кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатының (бар болса) дәрігер біліктілігіне (бейін бойынша) қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі немесе кемінде 6 жыл тиісті мамандығы бойынша жұмыс өтілінің, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатының болуы.
Республикалық, өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; маман сертификаты ("Денсаулық сақтау менеджменті", "Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)", "Нейрохирургия (ересектер, балалар)", "Жалпы хирургия", "Неврология (ересектер, балалар)", "Нефрология (ересектер, балалар)", "Терапия" мамандықтары бойынша); республикалық, облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарындағы жұмыс өтілі, (республикалық маңызы бар қалада, астанада) – кемінде 5 жыл.
Стационарлық трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; маман сертификаты ("Денсаулық сақтау менеджменті", "Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)", "Нейрохирургия (ересектер, балалар)", "Жалпы хирургия", "Неврология (ересектер, балалар)", "Нефрология (ересектер, балалар)", "Терапия" мамандықтары бойынша), денсаулық сақтау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
7-параграф. Резидент дәрігер
40. Лауазымдық міндеттері:
Резидент дәрігер пациенттермен жұмыс жасауда клиникалық тәлімгердің (тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар маманның) басшылығымен жедел, алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту көрсетеді.
Клиникалық тәлімгердің басшылығымен науқасты жүргізу тактикасын, оны зерттеп-қарау жоспарын айқындайды.
Клиникалық бақылау мен зерттеп-қарау, анамнез жинау, клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулер деректері негізінде диагнозды тәлімгердің басшылығымен белгілейді (растайды).
Клиникалық тәлімгердің қадағалауымен емдеуді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық рәсімдері мен іс-шараларын жүргізеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына, сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты адамдардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға жауапты болады.
Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Диагностикалық және емдік шаралардың дұрыс жүргізілуін, құрал-саймандарды, аппаратураларды пайдалануды бақылайды.
Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша басқа мамандармен және қызметтермен ынтымақтасады.
Өзіне бағынысты орта және кіші медицина персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Халықты санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және саламатты өмір салтын насихаттайды.
41. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп және нормалар, еңбек заңнамасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі;
аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздері;
еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;
медициналық сақтандыру негіздері; халық денсаулығының статистикасы, денсаулық сақтаудың өлшемшарттары мен көрсеткіштері.
42. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, мамандығы бойынша маман сертификаты, интернатураны бітіргені туралы куәлік.
8-параграф. Тағылымдамашы дәрігер
43. Лауазымдық міндеттері:
Тағылымдамашы дәрігер пациенттермен жұмыс жасауда тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар маманның басшылығымен жедел, алғашқы медициналық-санитариялық, мамандандырылған медициналық көмек, медициналық оңалту көрсетеді.
Пациентті қадағалап қарау тактикасын, оны зерттеп-қарау жоспарын анықтайды. Клиникалық бақылаулар мен зерттеп-қараулер, анамнез жинау, клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері негізінде диагнозды белгілейді (растайды).
Тағылымдамашы дәрігер маманның қадағалауымен емдеуді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық рәсімдері мен іс-шараларын жүргізеді.
Пациентті емдеу әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ пайдаланылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңдау мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
Пациенттерге қарап-тексеру жүргізеді. Бейінді маманның қадағалауымен пациенттің жағдайына байланысты емдеу жоспарына өзгерістер енгізеді және қосымша зерттеп-қарау әдістерінің қажеттілігін анықтайды.
Диагностикалық және емдік шаралардың дұрыс жүргізілуін, құрал-саймандарды, аппаратураларды пайдалануды бақылайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, дәрілік ресурстарға, олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, дәрілік заттардың ұтымды пайдаланылуына жауапты болады.
Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды.
Емдеу, оңалту мәселелері бойынша басқа мамандармен және қызметтермен ынтымақтасады. Өзіне бағынысты орта және кіші медицина персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Халықты санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.
44. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру;
клиникалық, аспаптық және зертханалық диагностиканың жалпы қағидаттары мен негізгі әдістері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп және нормалар, еңбек заңнамасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі;
аурулардың халықаралық және отандық жіктемесінің негіздері; еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері;
медициналық сақтандыру негіздері;
халық денсаулығының статистикасы, денсаулық сақтаудың өлшемдері мен көрсеткіштері.
45. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (сертификаттық курстан өткен кезде) немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім (тиісті мамандық бойынша жұмысқа жіберу үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі үш жылдан астам үзіліс болған жағдайда тағылымдамадан өткен кезде).
9-параграф. Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша, персонал бойынша (HR-менеджер)(ЭйЧар-менеджер))
46. Лауазымдық міндеттері:
Нақты бағыт (учаске) шеңберінде ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Медициналық қызмет сапасы бойынша:
Ұйымда сапа менеджментін дамытудың жалпы тұжырымдамасын қалыптастыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша сертификаттау, стандарттау, лицензиялау жөніндегі органдармен және консалтингтік фирмалармен өзара іс-қимыл жасауға қатысады.
Сапасыз емделуден пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Медициналық қызметтерді ұтымды пайдалануға және дәрілік терапияны тағайындауға мониторинг және бақылау жүргізеді, медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы жүзеге асырады және денсаулық сақтау ұйымында сараптамалық қызметті ұйымдастырады.
Медицина персоналын ынталандыру жүйесін әзірлеуге қатысады, медициналық қызмет көрсету сапасының индикаторларын анықтайды, медицина персоналының сапаны арттыруға қосқан үлесінің деңгейін бағалайды.
Қанағаттануы бойынша пациенттерге сауалнама жүргізеді, пациенттердің шағымдарын басқарады.
Оқыс оқиғаларды тіркеу жүйесін енгізу және басқару.
Клиникалық және басқару салаларындағы индикаторлар түріндегі қызмет туралы ақпаратты жинау және жүйелеу, ақпаратты агрегаттау және талдау (оқыс оқиғалар туралы индикаторлар мен есептер), басшылыққа сапа менеджменті жүйесінің процестері мен нәтижелілігі туралы есептер мен басқарушылық шешімдер жобаларын ұсыну.
Сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша персоналмен консультациялық және әдіснамалық жұмыс.
Бөлімшелерді ішкі зерттеп-қарау жоспары мен бағдарламасын жасау, медициналық ұйым бөлімшелерінің ішкі аудиттеріне қатысу, аудит нәтижелерін мүдделі тараптарға жеткізу.
Ұйымның ұлттық және/немесе халықаралық аккредиттеуге дайындығын жүргізу.
Медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша:
Медициналық ұйым қызметінің сыртқы және ішкі ортасын талдауды жүзеге асырады.
Ұйымды тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, қаржылық орнықтылықты арттыруды және ресурстарды ұтымды бөлуді сипаттайтын көрсеткіштердің мониторингін, ұйым қызметінің даму процесін бағалау және мониторингтеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді.
Медициналық ұйымның ресурстарын талдауды жүзеге асырады. Медициналық ұйым жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды және жүйелейді, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді.
Медициналық ұйымның стратегиясын таңдайды және даму басымдықтарын айқындайды, мақсаттарға қол жеткізу әдістерін айқындайды, мақсаттарды таңдауды негіздейді.
Өндірілетін медициналық қызметтерге сұранысты талдауды, болжауды және уәждеуді жүзеге асырады.
Басшылыққа ұйымның стратегиялық дамуы және медициналық қызметтердің маркетингі мәселелері бойынша басқарушылық шешімдердің жобаларын ұсынады.
Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша:
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық (клиникалық, параклиникалық) бөлімшесі ұжымының уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді, ұйымның басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды ұтымды басқару жөнінде ұсыныстар береді.
Ресурстарды үнемдеу және тиімділік арқылы денсаулық сақтау ұйымын тиімді басқаруды, ұйымдағы пациенттер ағынын реттеуді бақылауды, есептеме-есепке алу құжатын жүргізуді және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің медициналық қызметін үйлестіру.
Еңбекті ұйымдастыру бойынша, емдеу-диагностикалық процестер мен рәсімдерді жақсарту бойынша, медициналық және басқару технологияларының жаңаларын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша әртүрлі жоспарларды, бағдарламаларды немесе қағидаларды әзірлеуді және олардың орындалуына мониторингті, бастапқы есепке алуды жүргізудің белгіленген тәртібінің орындалуына мониторингті, алынатын есептік деректердің дұрыстығын жүзеге асырады.
Ұйым бөлімшелерінде медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың және санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп және нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлімшенің қызметіне тұрақты талдау жүргізеді және оның негізінде бөлімшенің қызметін жақсарту жөнінде жоғары тұрған басшылыққа ұсыныс енгізеді.
Есепке алу әдіснамасы ұйымының сақталуын, бөлімшенің қызметі туралы жедел және статистикалық есептілікті әзірлеу мен ұсынудың белгіленген мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады.
Нұсқаулық кеңестерді ұйымдастырады, ұйым қызметкерлерін техникалық және әдіснамалық оқытуды өткізеді, сабақтарды өткізуге қатысады.
Персонал бойынша (HR-менеджер)(ЭйЧар-менеджер)):
Медициналық ұйымның HR-саясатын әзірлеуді және оны тиімді іске асыруды жүзеге асырады.
Медициналық ұйымды құзыретті медицина кадрларымен жасақтауды жүргізеді.
Медицина қызметкерлерін кәсіби даярлау мен үздіксіз кәсіби дамытудың тиімді жүйесін құруға қатысады, денсаулық сақтау саласындағы мамандарды, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
Еңбек ресурстарын жоспарлауды, жоғары және орта медициналық білімі бар кадрларға қажеттілікті ұзақ мерзімді және орта мерзімді болжауды жүзеге асырады.
Заманауи HR-технологияларды (HR-әкімшілендіру, персонал қызметін бағалау, кадр резервін құру және басқару, корпоративтік мәдениетті басқару) енгізе отырып, медициналық ұйымның кадр ресурстарын тиімді басқаруды жүзеге асырады.
Жоғары тұрған басшылыққа персоналды басқару қызметінің, сондай-ақ өз құзыреті шегінде стратегиялық және операциялық менеджменттің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды ұсына отырып, бөлімшенің қызметіне тұрақты талдау жүргізеді.
47. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медициналық ұйымның жоспарлы жұмысын ұйымдастыру, ішкі аудит негіздері, сапа менеджменті жүйесінің негіздері;
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп және нормалар, еңбек заңнамасы;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемшарттар мен көрсеткіштер;
медициналық қызметтер көрсету процестерін басқару;
денсаулық сақтаудағы ақпараттандыру және статистика;
медициналық сақтандыру негіздері, бағалау өлшемшарттар мен денсаулық сақтау қызметінің көрсеткіштері.
48. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім; тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
10-параграф. Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері және (немесе) маманы (валеолог, эпидемиолог, статист, әдіскер)*
49. Лауазымдық міндеттері:
Халық денсаулығының демографиялық көрсеткіштерін есептейді және бағалайды.
Халық арасында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуы мен таралуының себептері мен қауіп факторларын бағалайды.
Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды, сырқаттанушылықтың ағымдағы және ретроспективті эпидемиологиялық талдауын әзірлейді және жүргізеді.
Халықтың (қоғамның) денсаулығын сақтау және нығайту бойынша әлеуметтік-профилактикалық бағыттылықты айқындайды.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуын бағалайды. Халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, аурулардың профилактикалық бойынша басым бағыттарды айқындайды, халық арасында профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.
Сауықтыру іс-шараларын әзірлейді және өткізеді, салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды насихаттайды.
Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің түпкілікті нәтижелерін бағалайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Есептеме-есепке алу медициналық құжаттамасын жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
50. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
халықты емдеу-профилактикалық, жедел медициналық көмекті, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемшарттар мен көрсеткіштер;
әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздері;
денсаулық сақтаудағы басқару жүйелері, халық денсаулығының жай-күйін бағалау өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
статистикалық талдау әдістері және социологиялық зерттеу әдістері.
51. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік,
эпидемиолог үшін тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
11-параграф. Санитариялық- эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маман)*
52. Лауазымдық міндеттері:
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
Қоршаған орта факторларын бақылаудың және инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін пайдалана отырып, объектілерге зерттеп-қарау жүргізеді.
Адам мекендейтін орта объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық және эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар, зертханалық-аспаптық зерттеулер ұйымдастырады және жүргізеді.
Клиникалық материалдан және сыртқы орта компоненттерінен патогенді микроорганизмдерді бөлу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді (микробиологиялық зертханалар үшін).
Инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың деректерін тіркеуді, есепке алуды және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді, профилактикалық егулердің жүргізілуін жоспарлауға және бақылауға қатысады.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдаудың заманауи әдістерін қолданады, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін негізгі факторларды анықтайды, аурулардың профилактикалық бойынша басым бағыттарды айқындайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
53. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп және нормалар, еңбек заңнамасы;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
халықтың денсаулық жағдайын сипаттайтын өлшемшарттар мен көрсеткіштер статистикасы;
халық денсаулығының жай-күйін бағалау өлшемшарттары мен көрсеткіштері, зерттеудің социологиялық әдістері; микробиологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеу және физикалық факторларды өлшеу әдістері;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері;
халықты санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру.
54. Біліктілікке қойылатын талаптар:
санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімнің немесе жоғарғы медицина білімнің болуы санитариялық-эпидемиологиялық бейін бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуы.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
12-параграф. Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер)
55. Лауазымдық міндеттері:
Бөлімшені дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуді, орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын ұйымдастырады және олардың өз міндеттерін орындауын бақылайды.
Бөлімшенің мүлкі мен медициналық мүкәммалының сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлімшеде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақтылы жөндеуді, пациенттер үшін тамақтануды ұйымдастырады.
Күшті әсер ететін улы, есірткі, психотроптық дәрі-дәрмектер мен прекурсорларды бақылауды, есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.
Бөлім қызметкерлерінің асептика және антисептика қағидаларын сақтауы. Орта медицина персоналының дәрігердің тағайындауларын уақтылы және дәл орындауын, келіп түскен пациенттердің санитариялық өңделуін бақылайды.
Эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын ұйымдастырады және мониторинг жүргізеді.
Осы мамандықта жұмыс істеген кезде жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық зерттеп-қарау және патронаж жүргізу үшін штат кестесін ұйымдастырады. Жүкті және босанған әйелдерге диспансеризация және патронаж жүргізуді ұйымдастырады.
Мейіргер қызметкерлерінің кәсіби дамуын қолдайды.
Бөлімшеде дәрілік заттардың жұмсалуын бақылайды, дәрілік препараттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді.
Емдік-профилактикалық, санитариялық-профилактикалық, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге ассистент болады, физиологиялық босануларды қабылдайды, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Халықтың арасында гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды қоса алғанда, зертханалық зерттеулер, санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Ағымдағы санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
56. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамаларының негіздері;
мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
57. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары медициналық ("Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат) жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе орта білімнен кейінгі ("Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат) немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік бейіні бойынша медициналық білім және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, басқару қызметі бойынша біліктілікті арттыру курстары, мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
13-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет аудиторы.
58. Лауазымдық міндеттері:
Аудит жүргізілетін ұйым қызметінің сыртқы және ішкі ортасын талдау және бағалау жүзеге асырады;
санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтайды және эпидемиялық мәні бар объектілерді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі ұсынымдар береді;
Аудиттің кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді. Аудит жүргізілетін объектілерде есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
59. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық реттеу саласындағы, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы; биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнама;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемшарттар мен көрсеткіштер;
санитариялық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын, адамның тіршілік ету ортасының факторларын насихаттауды ұйымдастыру;
әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздері.
60. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары медициналық білімі, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі;
қосымша арнайы даярлығы;
тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;
тиісті мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі.
14-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымындағы биоқауіпсіздік жөніндегі маман*
61. Лауазымдық міндеттері:
Қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Күнделікті, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезеңінде биологиялық қауіпсіздік және биоқорғану саласында мамандандырылған көмекті қамтамасыз етеді.
Персоналға биоқауіпсіздік және биоқорғану мәселелері бойынша нұсқама және оқыту жүргізеді, оларды басқа ұйымдарда оқытуды жүргізу қажеттілігін айқындайды.
Тәуекелдер тізілімін сәйкестендіреді, әзірлейді, медициналық зертханаларға енгізеді, биоқауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты нормативтік талаптарға сәйкес жақсартады және насихаттайды.
Авариялар/оқыс оқиғалар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тергеп-тексеруге қатысады, биотәуекелдер бойынша алдын алу және түзету іс-шараларын әзірлейді, ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа мониторингті жүзеге асырады, еңбек қызметіне байланысты сырқаттанушылық тіркелген жағдайда ішкі қызметтік тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.
Медициналық зертханаларда патогендермен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды бақылайды.
Жабдықты енгізу және пайдалану кезінде биоқауіпсіздікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, биоқауіпсіздік мәнмәтінінде жабдықтың техникалық ерекшелігін дайындау кезінде консультация беруді жүзеге асырады, микробиологиялық жұмыстың тиісті әдістері мен рәсімдерінің орындалуын бақылайды.
62. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заны, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары және Қазақстан Республикасының өз қызметіне және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына қатысты өзге де нормативтік құқықтық актілер, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
тәуекел менеджменті негіздері, биоматериалдарды кездейсоқ шығару, олардың абайсызда әсер етуі, қауіп төндіруі, ұрлануы, дұрыс пайдаланылмауы, ағып кетуі, рұқсатсыз қол жеткізу немесе әдейі рұқсатсыз шығару нәтижесінде туындайтын қауіпті оқиғалар кезіндегі іс-әрекеттер;
зертханалық зерттеулердің жалпы қағидаттары, сондай-ақ зертхана мамандарының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қағидаттар;
биоматериалдармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану процестерінің жалпы қағидаттары;
63. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі;
тиісті мамандығы бойынша сертификаттық курстан өтуі.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
15-параграф. Сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің маманы*
64. Лауазымдық міндеттері:
Сынамаларды қабылдау, тіркеу, алу және зертханаларға сынамаларды жеткізу және тарату (құрамында патогенді микроорганизмдер болуы мүмкін сыналармен жұмыс істеу рәсімі), сондай-ақ зерттеу нәтижелерін беру процестерін жүзеге асырады.
Халықтан биоматериалдарды алуды және қабылдауды жүргізеді.
Сынамалар сәйкестендіру және олардың сапасын, салмағының сәйкестігін және сынақ жүргізу үшін сынақ санын тексеру жүргізіледі.
Құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
65. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша нормативтік құжаттар;
зертханалық зерттеу жүргізудің жалпы қағидаттары, зертханалық диагностиканың қазіргі заманғы әдістері.
66. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, патогендік биологиялық агенттерімен техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуымен "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
*Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
16-параграф. VAD (ВАД) үйлестірушісі (қанайналымын механикалық қолдау жөніндегі маман)
67. Лауазымдық міндеттері:
Пациентті және оның отбасын имплантаттаудан бұрын және кейін бағалау және оқыту.
Құрылғыны интраоперациялық басқаруды және операциядан кейін шығаруға дайындыққа қатысуды қоса алғанда, стационарлық емдеуді үйлестіреді.
VAD (ВАД) имплантататтаудан кейін амбулаториялық пациенттерге ұзақ мерзімді емдеуді және кейінгі күтімді үйлестіреді.
Операциялық емдеуге жүрек функциясы жеткіліксіздігінің ауыр түрлері бар пациенттерді іріктеуге қатысады.
Барлық бағдарламалық саясатты, хаттамаларды, рәсімдерді, нұсқаулықтарды және зерттеу жобаларын әзірлеуге, шолуға және өзгертуге қатысады.
Бағдарлама бюджеті шеңберінде VAD (ВАД) ресурстарының пайдаланылуын бақылайды.
68. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
медицина және VAD (ВАД) саласындағы құқықтық және нормативтік актілер мен құжаттар, әдіснамалар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
69. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік, VAD (ВАД) бойынша сертификаты.
4-тарау. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Фармацевт (провизор)
70. Лауазымдық міндеттері:
Медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар бойынша, халыққа дәрігерлердің рецептілері бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме-бөлшек сатуды, дайын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды рецептісіз босатуды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Халықты дәрілік заттарды қолдану тәртібі мен тәсілдері, қарсы көрсетілімдері, үй жағдайында сақтау ережелері туралы, ықтимал жанама әсерлері туралы, бір халықаралық атау шеңберінде препараттың аналогтары туралы, дәрілік заттардың тамақпен және дәрілік препараттардың басқа топтарымен өзара іс-қимылы туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының халқын фармацевтикалық өніммен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттардың қажетті қорлары мен ассортиментін ұстап тұру үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті айқындайды.
Фармацевтикалық ұйымдардың сауда залдарының витриналарын ресімдейді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды оларды көтерме және бөлшек саудада өткізу кезінде қабылдауды жүзеге асырады.
Дәріхана жағдайында дайындалған дәрілік заттарды жасаудың технологиялық процесіне, қабылдау, сақтау және өткізу сатыларындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бақылау жүргізеді.
Дәрілік препараттардың заттық-сандық есебін жүргізеді. Жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған, контрафактілік және сапасыз өнімдерді айналыстан алып қоюды жүргізеді.
Фармацевтикалық нарық субъектілерінің құрылымдық бөлімшелерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау шарттарын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптайды және олардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, сақтау орындарын айқындайды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ерекше топтарын сақтау жағдайлары мен режимін жасайды.
Шолып қарау кезінде күмән тудыратын немесе жалған және контрафактілік өнімдерді сақтауға байланысты жарамсыз болған жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алып қоюды жүзеге асырады.
71. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 болып тіркелген), "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
фармакологиялық топтар бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың түр-түрі, олардың сипаттамалары, медициналық көрсетілімдері мен қолдану тәсілдері, қарсы көрсетілімдері, жанама әсерлері, дәрілік заттардың синонимдері мен баламалары, көтерме-бөлшек фармацевтикалық ұйымдарда іс жүргізу тәртібі, фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мерчандайзингі;
жабдықтың ішкі еңбек тәртібі және техникалық пайдалану тәртібі;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына, таңбалауға, буып-түюге қойылатын талаптар;
жалған және контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды анықтау тәсілдері;
дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпарат жинау тәртібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау тәртібі мен шарттары, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау тәртібі мен жою тәртібі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерін есепке алуды жүргізу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәртібі;
шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар (АйТи-технологиялар) негізінде ақпаратты пайдалану.
72. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Фармация" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі.
2-параграф. Радиофармацевт
73. Лауазымдық міндеттері:
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өлшеп-орау және мөлшерлеу жөніндегі жұмыстарды орындайды, пайдаланылмаған радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды кәдеге жаратуды жүзеге асырады.
Диагностикалық радиофармпрепараттарды дайындайды және өлшеп-орайды.
Пайдалану тәртібін сақтайды, өлшеу аспаптарымен және аппаратурамен жұмыс істейді, өлшеу аппаратурасының жарамды жай-күйін бақылайды, сынақтар жүргізу үшін реактивтер дайындайды, радиофармпрепараттарды дайындау бойынша қажетті даярлық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады.
Талдау және өлшеу нәтижелерін әдістемелік құжаттарға сәйкес жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді.
Радиоактивті препараттарды қауіпсіз және тиімді пайдалануға, материалдардың тиімділігін төмендетпей радиоактивті материалдармен қауіпсіз жұмыс істеуге жәрдемдеседі.
Радиоактивті компоненттері бар дәрілер кіретін барлық рецептілерді толтырады, жұмыс орындарында препараттардың сәулелену дозаларын төмендетуді қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.
Санитариялық-гигиеналық тәртіп және нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді және есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
Радиофармпрепараттардың сапасына, өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға жауапты болады.
Субстанцияларды дайындаумен айналысады және радиофармпрепараттарды қолданумен байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша дәрігерлерге консультация береді.
74. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңы, "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 болып тіркелген), "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
дәрігерге медициналық көмек көрсету тәртібі;
химиялық және физика-химиялық талдауларды жүргізу әдістері;
дәрілік заттарды әзірлеу жөніндегі ғылыми жетістіктер мен халықаралық тәжірибе;
радиациялық қауіпсіздік тәртіп және нормалары;
орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша есептік құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібін айқындайтын әдістемелер мен нұсқаулықтар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
75. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Фармация" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Радиациялық фармация" мамандануы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік.
3-параграф. Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инженер-технолог*
76. Лауазымдық міндеттері:
Дәрілік препараттарды өндірудің технологиялық регламентін және техникалық шарттарын әзірлеуді жүзеге асырады.
Өнімнің спецификациялары бойынша шығарылуын, өндірістің технологиялық процесінде пайдаланылатын қызмет көрсетілетін жабдықты бақылайды.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және өндіріске қою процесінде, сериялық өндірісте технологиялық процестерді жүргізуде технологияны игеруді қамтамасыз етеді.
Өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату, өнеркәсіптік сарқынды суларды, атмосфераға шығарындыларды залалсыздандыру және тазарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі өндірістік нұсқаулықтарды жасайды.
Шикізат пен материалдарды жұмсаудың техникалық-экономикалық нормативтері мен нормаларын анықтайды.
Санитариялық-гигиеналық тәртіп және нормалардың, шикізатты, жартылай фабрикаттарды, қосалқы материалдар мен дайындалған өнімді сақтау шарттарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етеді.
Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
77. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 болып тіркелген), "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
дәрілік заттарды дайындау технологиясы;
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың номенклатурасы;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәртібі
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
78. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрлар даярлау бағыттары бойынша жоғары білімі (фармацевтикалық, инженерлік, технологиялық); фармацевтикалық мамандық бойынша сертификаты.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
4-параграф. Клиникалық фармацевт
79. Лауазымдық міндеттері:
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды қолдану және пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық–консультациялық көмек көрсету бойынша медицина қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастырады.
Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндірушілер мен олардың өкілдерінің клиникалық-фармацевтикалық қызметінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
Фармакоэкономикалық талдауды, медициналық ұйымдарда фармакотерапияның жүргізілуін бақылауды жүргізеді.
Клиникалық-фармацевтикалық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық ұйымның дәрілік формулярының сақталуына бақылау жасайды.
Пациенттерге арналған дәрілік терапияны таңдауды жүзеге асырады, аналогтық ауыстыруды ұсынады.
Дәрілік заттарды пайдалану кезіндегі полипрогмазия мәселелерін бақылайды.
Формулярлық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға, медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеуге және фармакологиялық қадағалау жүйесіне қатысады, дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін ұйымдастырады.
Фармацевтикалық және фармакологиялық ақпаратты сатып алуды, жүйелеуді және таратуды жүзеге асырады.
Медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың тиімді фармакотерапиясы мен клиникалық сынақтарын жүргізу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.
Өзін-өзі жауапты емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу және қолдану мәселелері бойынша халықтың фармацевтикалық қамқорлығын жүргізеді.
80. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 70 бірлескен бұйрығы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұтымды қолдану және пайдалану мәселелері;
медициналық ұйымдарда фармакотерапияның жүргізілуін бақылау әдістері мен тәртібі;
клиникалық-фармацевтикалық құжаттаманы жүргізу;
дәрігерге дейінгі медициналық алғашқы көмек көрсету тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар;
шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар (АйТи-технологиялар) негізінде ақпаратты пайдалану.
81. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Фармация" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
5-параграф. Фармациядағы сапаны басқару жөніндегі менеджер
82. Лауазымдық міндеттері:
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге тексеру жүргізеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Дәрілік заттар айналысы саласының субъектілеріне анықталған бұзушылықтардың алдын алуға және жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарларын жасау бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, қабылдау және өткізу саласындағы фармацевтикалық қызметтің бұзылуын анықтайды.
Дәрілік заттардың айналысы жөніндегі құжаттаманы өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде: стандартты операциялық рәсімдерді, нұсқаулықтарды, шарттарды, жазбаларды, есептерді, сынақ хаттамаларын және қағаз және (немесе) электрондық тасымалдағыштарда тіркелетін өзге деректерді талдайды.
Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектіні тексеруді жүзеге асырады.
*Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерден ақпаратты сұратады және талдайды.
Профилактика және жою бойынша ұсыныстар жасау үшін анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты жинақтайды.
Белгілі бір уақыт кезеңіне аудит бағдарламаларын жасайды.
Аудит жүргізу жоспарын жасайды, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектінің аудитін жүргізуге өкімдік құжаттарды жасайды.
83. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 70 бірлескен бұйрығы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
фармацевтикалық қызметті және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру;
сапаны бақылау жөніндегі рәсімдер;
барлық жарамдылық мерзімі ішінде өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапа деңгейін ұстап тұру жөніндегі шаралар кешені;
кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар (АйТи-технологиялар) негізінде ақпаратты пайдалану.
84. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Фармация", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі.
6-параграф. Инспектор
85. Лауазымдық міндеттері:
Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін бақылайды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау, өткізу және кейіннен бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде айналысқа жіберу кезінде олардың сапа деңгейін ұстап тұру жөніндегі инспекцияны, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерді зерттеп-қарауді жүргізеді.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласы субъектілерінің өндірістік, логистикалық және шаруашылық-қаржылық қызметіне талдау, аудит және бағалау жүргізеді.
Фармацевтикалық және қаржы-шаруашылық қызметіне мақсатты тексеру жүргізеді, фармацевтикалық ұйымдарда тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізеді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сақтау, тасымалдау, қабылдау және өткізу саласындағы фармацевтикалық қызметтің бұзылуын анықтайды.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердегі басқару, жоспарлау, қаржылық есепке алу және есептілік процестерін бақылайды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерде есепке алу, есеп беру операциялары мен бухгалтерлік есептің жүргізілуін бақылайды. Профилактикалық және жою бойынша ұсыныстар жасау үшін анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты жинақтайды.
Дәрілік заттардың жанама әсерлеріне мониторинг жүргізеді.
86. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 70 бірлескен бұйрығы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестігіне фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу тәртібі;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы субъектілерінің өндірістік, логистикалық және шаруашылық-қаржылық қызметін жоспарлау, болжау, талдау, аудит және бағалау әдістері;
фармакологиялық қадағалау саласындағы фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру;
дәрілік заттардың тиімділігі мен қауіпсіздігін бағалау әдістері;
кәсіби қызмет саласында IT-технологиялар (АйТи-технологиялар) негізінде ақпаратты пайдалану.
87. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі.
7-параграф. Аға радиофармацевт
88. Лауазымдық міндеттері:
"GMP" (ДжиЭмПи) талаптары бойынша радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру үшін өндірістік алаң қоймасына шикізат пен шығыс материалдарын қабылдауды бақылайды.
Медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ зертханалық ақпараттық жүйеде шығыс материалдарының есебін жүргізеді.
Материалдық қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ тиісті өндірістік практика талаптары бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
"GMP" (ДжиЭмПи) талаптары бойынша шикізат пен шығыс материалдарының кіріс бақылауына қатысады.
Өндірістік алаңды радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру және шығару үшін шығыс материалдарымен, шикізатпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді.
Синтез зертханаларын (таза үй-жайлар кешенін) және сапаны бақылау зертханаларын "GMP" (ДжиЭмПи) және радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді.
"GMP" (ДжиЭмПи) және радиациялық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өндірістік алаңның санитариялық жағдайын қолдауға бақылау жүргізеді.
Кіші медицина персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ "GMP" (ДжиЭмПи) талаптары бойынша ішкі еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
"GMP" (ДжиЭмПи) талаптары бойынша фармацевтикалық сапа жүйесінің құжаттамасын жоспарлауға, әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Өндірістік процестерді қамтамасыз ету үшін шикізатқа, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, шығыс материалына, жұмсақ және қатты мүкәммалға жыл сайынғы өтінімдерді жасауға қатысады.
Әкімшілік-шаруашылық мәселелерде, тиісті өндірістік практика және радиациялық қауіпсіздік талаптары бойынша бөлімше меңгерушісіне көмек көрсетеді.
Тиісті өндірістік практика талаптары бойынша радиофармацевтикалық дәрілік препараттар сапасының фармацевтикалық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесін бақылайды.
Өндірістік алаңдағы түгендеу процесін қамтамасыз етеді және бақылайды.
Өндірістік алаңда иондаушы сәулеленумен жұмыс жағдайында кіші медицина персоналын қажетті бастапқы және кейінгі үздіксіз оқытуды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тиісті өндірістік практика сертификатын алу үшін өндірістік алаңды дайындау процесіне қатысады және бақылау жүргізеді.
89. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практиканың талаптары;
қойма үй-жайлары мен қосалқы жабдық біліктілігінің қағидаттары;
радиациялық қауіпсіздік нормалары мен талаптары;
ұйымның өндірістік қуаттары;
ұйым өнімін өндіру технологиясы;
ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау және келісу тәртібі;
шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібі;
стандарттау негіздері;
экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
90. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары фармацевтикалық білімі және дәрілік препараттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінде, ядролық медицина саласында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
5-тарау. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Зертхана маманы*
91. Лауазымдық міндеттері:
Зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді орындайды.
Клиникалық материалдан және қоршаған орта компоненттері материалынан патогенді микроорганизмдерді бөлу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді (микробиологиялық зертханалар үшін).
Зертханалық жабдықтың жарамды жай-күйін бақылайды, зерттеу жүргізу үшін реактивтерді, қоректік ортаны және химиялық ыдысты дайындайды.
Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады, қажетті даярлық және қосалқы операцияларды жүзеге асырады, бақылаулар жүргізеді, аспаптардың көрсеткіштерін алады, талдаулар, өлшеулер нәтижелерін өңдейді, жүйелейді және ресімдейді, олардың есебін жүргізеді.
Алғашқы көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
92. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
санитариялық-микробиологиялық зерттеулер мен ішкі аурулардың негіздері;
жалпы клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеулердің әдістері мен техникасы;
негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
93. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биология, биотехнология, экология, химия, физика) немесе "Инженерлік және инженерлік іс" (органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы) даярлау бағыты бойынша жоғары білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман (санитариялық-эпидемиологиялық бейіннің зертханасы үшін) сертификаты.
*Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
2-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы маман (биолог, зоолог немесе эпизоотолог, энтомолог)*
94. Лауазымдық міндеттері:
Аумақты эпизоотологиялық және зоологиялық-паразитологиялық зерттеп-қарауды ұйымдастырады, профилактикалық іс-шараларын (дератизация, дезинсекция) ұйымдастырады және жүргізеді.
Тексерілетін аумақта паразиттік және трансмиссиялық ауруларды тасымалдаушылармен күрес жөніндегі іс-шаралар бөлігінде нысаналы бағдарламалар әзірлейді.
Эпидемиологиялық ұсынымдарды әзірлеу үшін эпизоотологиялық процестің даму динамикасын талдау деректерін ұсынады.
Табиғи-ошақтық аурулардың негізгі тасымалдаушылары мен тасымалдаушыларының түрлеріне сараптамалық анықтама жүргізеді.
Трансмиссивті және паразиттік инфекциялар ошақтарын анықтауға, зерттеп-қарауға және жоюға қатысады.
Қоршаған орта факторларын бақылаудың заманауи зертханалық және аспаптық әдістерін пайдалана отырып, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қараулар жүргізеді.
Клиникалық материалдан және қоршаған орта компоненттері материалынан патогенді микроорганизмдерді бөлу бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді (микробиологиялық зертханалар үшін).
Инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылықтың деректерін тіркеуді, есепке алуды және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді.
Кезек күттірмейтін жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы, халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
95. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
санитариялық-эпидемиологиялық бағалаудың негіздері, қағидаттары мен әдістері, жабайы және синантропты жануарлардың жүйеленуі мен экологиясы;
зертханалық қызметті ұйымдастыру;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп және нормалар.
96. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биология) даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
3-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман
97. Лауазымдық міндеттері:
Әлеуметтік жағдайдың және тұлғаның әлеуметтік қызметтерге қажеттілігінің жалпы диагностикасын жүргізеді; әлеуметтік қызметтер пакетін анықтайды.
Халықты арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері туралы хабардар етеді.
Өз мәселелерін өз бетінше шеше білу қабілетін дамытуға көмек көрсетеді, пациенттерді әлеуметтік сауықтыру процесіне тартады.
Әлеуметтік қызмет бойынша есепке алу және есептеме құжаттамасын жүргізеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, жалғыз басты, қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, созылмалы науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру, оның ішінде күтім жасау, интернат-үйлеріне орналастыру, протездеу, жүріп-тұру құралдарын, техникалық оңалту құралдарын алу, науқастармен, сондай-ақ отбасы мүшелерімен психотерапиялық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруға қатысады.
Қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл, үйлестіру және ынтымақтастық жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, волонтерлік қозғалысты дамытады.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
98. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
денсаулық сақтау саласындағы құқықтық және нормативтік актілер мен құжаттар, әлеуметтік жұмыс жөніндегі әдіснама;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп және нормалар.
99. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" немесе "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттық курстан өткені туралы куәлік.
не "Денсаулық сақтау" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биотехнологиялық, биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық, физика-математикалық) даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, әлеуметтік сала/ жұмыс бағыты бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
4-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі маман
100. Лауазымдық міндеттері:
Аккредиттеу бойыгнша материалдар дайындау.
Сапа менеджменті жүйесі құжаттары мен рәсімдерін ресімдейді, өзектілендіреді.
Құжаттаманы және есепті жүргізеді.
Ішкі аудитті жүргізуге қатысады.
101. Білуі тиіс:
Ұйымның жұмысына қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басқа да басқарушылық және нормативтік құжаттар, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері және олардың жұмыс режимі;
ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғау тәртіп және нормалары;
сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыруда енгізілген халықаралық стандарттардың талаптары.
102. Біліктілікке қойылатын талаптар:
стандарттау, метрология саласындағы жоғары білімі не медициналық білімі, ұқсас лауазымда кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
5-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі менеджер
103. Лауазымдық міндеттері:
Сапа менеджменті жүйесін енгізеді және ұйымда енгізілген стандарттар талаптарының орындалуын қолдайды;
Ұйымда сапа менеджменті жүйесінің жүйелі дамуын, жетілдірілуін бақылайды;
Аккредиттеуден өту үшін материалдарды енгізілген стандарттар талаптарына сәйкестігіне дайындауды ұйымдастырады, сондай-ақ аккредиттеу рәсімінен сәтті өткен жағдайда кейінгі мерзімдік инспекциялық бақылаудан өтуді жоспарлайды.
Ішкі тексерулер жоспары мен бағдарламасын жасайды, сондай-ақ аудит жоспары мен бағдарламасын ұйымның мүдделі адамдарына жеткізеді;
Ұйымның сапа жөніндегі маманының жұмысын үйлестіреді;
Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және жұмыстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізеді;
Сынақ зертханаларында зертханааралық салыстырып тексерулерді, дербес зертханааралық салыстырып тексерулерді, оның ішінде халықаралық провайдерлермен жүргізуді жоспарлауға және қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ сапаны сырттай бағалауды орындауды бақылайды;
Игерілген жаңа зерттеу әдістері бойынша көрсеткіштерді аккредиттеу саласына енгізуді бақылауды жүзеге асырады;
Сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша персоналмен консультациялық және әдістемелік жұмысты жүргізеді;
Ұйым қызметкерлерін сапа менеджменті жүйесі саласында оқытуды жоспарлайды;
Сапаны басқару бойынша нысаналы бағдарламалар мен міндеттердің орындалуын әзірлеуді, бақылауды және талдауды жүргізеді;
Сапаны басқару жүйесін енгізу, стандарттар мен техникалық регламентті енгізу бойынша озық отандық, халықаралық тәжірибені және талаптарын зерделейді;
Сынақ/зерттеу жүргізуді бақылауға қатысады;
Биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырады;
Оқытуға, біліктілігін арттыруға, зертханалық кеңеске, сынақ орталығы қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалауға қатысады;
Ішкі аудит жүргізуге қатысады.
104. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, өз қызметіне және ұйымның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
ұйымның қызметіне қатысты мәселелер бойынша әдістемелік және өзге де басшылық материалдар;
"ISO" (ИСО) сериясының стандарттары;
стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу және сапа менеджменті жүйелері саласындағы талаптар;
отандық және шетелдік оң тәжірибелер;
сапа менеджменті жүйесін құру, аудит жүргізу, талап-арыз жұмысын жүргізуді білу;
105. Біліктілікке қойылатын талаптар:
стандарттау, метрология, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары білім не медициналық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
6-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының биоқауіпсіздік жөніндегі маман*
106. Лауазымдық міндеттері:
Қызметкерлердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтауын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қызметкерлердің, халықтың және өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Күнделікті, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезеңінде биологиялық қауіпсіздік және биоқорғаныш саласында мамандандырылған көмек көрсетеді.
Персоналға биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша нұсқама және оқыту жүргізеді, оларды басқа ұйымдарда оқыту қажеттілігін айқындайды.
Медициналық зертханаларға тәуекелдер тізілімін сәйкестендіреді, әзірлейді, енгізеді, биоқауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты нормативтік талаптарға сәйкес жақсартады және насихаттайды.
Патогенді биологиялық агенттері бар биологиялық материалдарды, сондай-ақ зертханаларда пайдаланылатын және/немесе сақталатын токсиндерді, химиялық реагенттерді түгендеуге қатысады.
Биологиялық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді, бағдарламаның орындалуына консультация береді және бақылайды,
Жабдықты енгізу және пайдалану кезінде биоқауіпсіздікті ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, биоқауіпсіздік мәнмәтінінде жабдықтың техникалық ерекшелігін дайындау кезінде консультация беруді жүзеге асырады, микробиологиялық жұмыстың тиісті әдістері мен рәсімдерінің орындалуын бақылайды.
107. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, Қазақстан Республикасының заңдары "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары, өз қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
тәуекел менеджменті негіздері, биоматериалдарды кездейсоқ шығару, олардың абайсызда әсер етуі, қауіп төндіруі, ұрлануы, дұрыс пайдаланылмауы, ағып кетуі, рұқсатсыз қол жеткізу немесе әдейі рұқсатсыз шығару нәтижесінде туындайтын қауіпті оқиғалар кезіндегі іс-әрекеттер;
зертханалық зерттеулердің жалпы қағидаттары, сондай-ақ зертханалық мамандар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қағидаттар;
биоматериалдармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларды жобалау, салу, жөндеу және пайдалану процестерінің жалпы қағидаттары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
108. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі;
Тиісті мамандығы бойынша сертификаттық курстан өтуі.
*Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
7-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы инженер-дозиметрист
109. Лауазымдық міндеттері:
Иондаушы сәулелену көздерін пайдаланатын кәсіпорындарды, мекемелерді, зертханаларды салу немесе реконструкциялау үшін алаңдарды таңдау және бөлу кезінде дозиметриялық талдау жүргізеді;
Стационарлық және тасымалданатын дозиметриялық және радиометриялық аппаратурамен градуирлеу жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
Табиғи радиоактивтілікке және жаһандық ядролық түсулерге байланысты сыртқы орта объектілерінің радиоактивтілігін зерделейді, зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, иондаушы сәулеленудің әртүрлі көздерінен халыққа сәулелік әсер ету деңгейін бағалайды;
Халықты медициналық рентгендік сәулелендіру кезінде шектеу және қорғау іс-шараларының жүзеге асырылуын бақылау, облыстың рентген радиологиялық бөлімшесінің қызметін бақылау, медициналық рентгендік сәулелену кезінде халық алатын генетикалық маңызды дозаны бағалайды, шектеу және қорғау іс-шараларын одан әрі енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
Радиациялық жағдай туралы мәліметтерді қорытындылайды.
110. Білуі тиіс:
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
адам организмінің сәулелену дозасын есептеудің, ионданушы сәулеленуден қорғауды бағалаудың негізгі әдістері;
спектрометриялық, радиометриялық, дозиметриялық талдау әдістері;
дозиметриялық аппаратураның жай-күйін бақылау, калибрлеу және стандарттау әдістері;
еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
111. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе жоғары инженерлік – техникалық білімі.
8-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженер
112. Лауазымдық міндеттері:
Зертханалық зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады: өлшеу құралдарының және қосалқы жабдықтардың техникалық есепке алуы, олардың техникалық жай-күйі, пайдалануға берілуі.
Жаңа жабдықты және өлшеу құралдарын орнату, демонтаждау, іске қосу, енгізу, жабдықты техникалық қамтамасыз ету, оны жөндеу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды жүргізеді;
Жабдықтың және өлшеу құралдарының жай-күйін және пайдалану дұрыстығын бақылауды, оның сақталуын қамтамасыз етеді.
Өлшемдердің жай-күйіне бағалауды және зертханалық бөлімшелерде сапалы метрологиялық өлшемдерді өткізу тұрақтылығына бақылауды жүргізеді.
Өлшеу құралдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру: өлшеу құралдарында және зертханалық жабдықтарда талдау жүргізу қамтамасыз ету, анықтау;
Өлшеу құралдарын қолдану талаптарын регламенттейтін нормативтік құжаттарды (паспорт, нұсқаулық, куәлік) бақылауды және сақтауды қамтамасыз етеді;
Есептік құжаттаманы жүргізеді.
113. Білуі тиіс:
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
сервистік қызмет көрсету бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
еңбек тәртібі және күн тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары жөніндегі тәртіп.
114. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары инженерлік-техникалық білімі және инженерлік-техникалық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
9-параграф. Медициналық психолог
115. Лауазымдық міндеттері:
Мінез-құлық және психоактивті бұзылуларға күдік болған кезде психодиагностикалық зерттеп-қарау жүргізеді.
Медициналық ұйымның клиенттеріне жанжалды жағдайларды шешуде және алдын алуда (отбасында, жұмыста, қоғамдық орындарда) көмек көрсетеді.
Ерекше жағдайда мінез-құлық стратегиясын әзірлеуге көмектеседі.
Психосоматикалық ауытқуларды, эмоционалдық саланы (депрессиялық күйлер, көңіл-күйдің тұрақсыздығы, невротикалық реакциялар) түзетуді жүзеге асырады, әртүрлі генездегі қорқыныш пен фобияны жояды.
Пациенттің жағдайындағы психогендік фактордың себептері мен рөлдерін анықтайды.
Науқастың денсаулық жағдайы бойынша жүргізілетін психологиялық және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалайды.
Халыққа психологиялық білім беру қызметін жүзеге асырады.
Әлеуметтік мәселелер бойынша, оның ішінде жасқа байланысты бейімделу мәселелері бойынша консультация жүргізеді.
Балалар суицидінің профилактикасы.
Созылмалы аурулары бар пациентті өзін-өзі басқаруға үйретеді.
Психологиялық қызмет бойынша есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
116. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
тұлғаның даму тұжырымдамалары, психопатологияның ерекшеліктері, психодиагностикалық зерттеу әдістері мен әдістері, психологиялық түзету және психологиялық ағарту.
адам құқықтары мен бостандықтары декларациясы;
медициналық психология (нейропсихология, патопсихология), жалпы және сараланған психология, тұлға психологиясы, жас психологиясы, психогигиена, психодиагностика, психопрофилактика;
психологиялық консультация беру және психотерапия негіздері;
диагностика әдістері және тұлғаның қалыптан тыс дамуын түзету әдістері;
белсенді оқытудың заманауи әдістері,
қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингінің негіздері;
еңбек психологиясы;
медициналық этика және деонтология;
кәсіби қарым-қатынас психологиясы.
117. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" немесе "Педагогикалық ғылымдар" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Психология", "Клиникалық психология" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлігінің болуы.
10-параграф. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі циклотронының инженері
118. Лауазымдық міндеттері:
Радиоизотопты әзірлеу бойынша жұмысты жоспарлайды және орындайды.
Күн сайын циклотрондық жүйенің параметрлерін бақылайды.
Циклотрондық жүйені пайдалануды жүргізеді.
Циклотрондық жүйені жұмысқа дайындайды.
Радиоизотоптық диагностика үшін қажетті белсенділік бойынша есептеулер жүргізеді.
Радионуклидтердің жұмыс істеуін және жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді құжаттауды жүзеге асырады.
Мақсатты радиоактивті изотоптарды өндіреді және шығарады.
Қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының есебін жүргізуге және сатып алуға өтінімдерді қалыптастыруға қатысады.
Жоспарлы-профилактикалық жөндеу кестелерін жасауға қатысады.
Радиоизотопты өңдеуге арналған жаңа жабдыққа қажеттілікті айқындауға және жабдықтың ерекшеліктерін дайындауға қатысады.
Жаңа жабдықты қабылдау сынақтарына қатысады.
Изотопты өңдеуге арналған шикізат пен материалдарды тұтыну нормаларын анықтайды.
Радиоизотоптың жұмыс істеу сапасын бақылау бағдарламасын әзірлеуге қатысады.
Циклотронға техникалық қызмет көрсетуге, оған сервистік және техникалық қызмет көрсетуге бақылау жүргізеді.
Материалдарды жинауға және өңдеуге, қажетті дайындық және қосалқы операцияларды жүзеге асыруға қатысады.
Талдау, өлшеу нәтижелерін бақылау, өңдеу, жүйелеу және ресімдеу, олардың есебін жүргізу.
Циклотрондағы авариялық жағдайларға байланысты профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізуге қатысады.
Өндірістік құжаттаманы жүргізеді.
Шығыс материалдары мен қосалқы бөлшектерге қажеттілікті жоспарлайды.
119. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
үдеткіш техника мен ядролық медицина негіздері, ауыр зарядталған бөлшектердің (протондардың, иондардың) циклдік үдеткішін қауіпсіз пайдалану тәртібі, иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу дағдылары;
сәулелену параметрлерін таңдау үшін қолданбалы және техникалық есептеулерді жүргізу тәсілдері;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика стандарты;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп, ішкі еңбек тәртібі.
120. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары физика-техникалық білім ("Ядролық физика", "Физика", "Техникалық физика", "Медициналық физика"), ядролық медицина, үдеткіш техника, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі саласындағы жұмыс тәжірибесі.
11-параграф. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру жөніндегі pадиохимик-технолог
121. Лауазымдық міндеттері:
Бөлім меңгерушісінің өкімдерін уақтылы және білікті орындайды.
Позитронды радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды синтездеуге жабдықты дайындауды жүзеге асырады және синтезді осы үшін қажетті реактивтермен қамтамасыз етеді.
Жабдықты күнделікті дезактивациялауды және пайдаланылған радиоактивті ерітінділерді тиісті қоймаға тасымалдауды жүргізеді.
Циклотрон нысанасында жинақталған радионуклидтерді қабылдауды жүзеге асырады.
Жұмыс кестесіне сәйкес позитронды радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың күнделікті синтезін жүзеге асырады.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардан алынған диагностикалық дозаларға өлшеп орауды жүзеге асырады және радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау үшін сынамалар алуды жүргізеді.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды дайындаудағы қателердің барлық жағдайлары туралы бөлімше әкімшілігін хабардар етеді, сондай-ақ қателіктер туғызған себептерді анықтайды және оларды жою шараларын қабылдайды.
Синтез аймағынан медициналық персоналға радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды жеткізуді жүзеге асырады.
Радиохимиялық синтез қондырғыларының және радиохимиялық жабдықтың құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары, жабдықты пайдалану процесінде туындайтын практикалық міндеттерді шешу үшін өзінің білімі мен тәжірибесін қолдана алады.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды синтездеу және клиника практикасына енгізу бойынша жұмысқа Рұқсаттар мен сертификаттарды ресімдеу үшін деректер алу мақсатында тиісті зерттеулер жүргізеді.
Клиникалық зерттеулердің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Өндірушілердің техникалық құжаттамасына сәйкес радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды синтездеу және өлшеп-ораудың жұмыс циклына арналған жабдықты калибрлеуді уақтылы жүргізеді.
Жаңа сатып алынатын жабдықты қабылдау тестіне қатысады, одан әрі техникалық қызмет көрсетуде, сондай-ақ оған техникалық және гигиеналық күтім жүргізеді.
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік тәжірибесінің, радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды дайындаудың өндірістік процесі жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейді және оларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізеді.
Олар енгізілгеннен кейін жүргізілген кез келген өзгерістерге бағалау жүргізеді.
122. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
химиялық технология, аналитикалық және физикалық химия негіздері, радиофармацевтика;
радиоизотопты диагностика бөлімшесінде қолданылатын диагностикалық позитронды радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың радиохимиялық синтезінің технологиясы және жұмыс орнында белсенділігі 10-нан 500 мкюриге дейінгі радиоактивтік заттармен ашық түрдегі жұмыстарды орындау;
дәрілік заттарды өндіру негіздері;
синтез модулі және буып-түюші сияқты радиохимиялық жүйелердің жұмыс істеуі;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика стандарты;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы санитариялық тәртіп және нормалар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі;
өндірістік процестердің хаттамаларын, бланкілерін, есептерін жасау тәртібі;
шығыс материалдарын алуға өтінімді қалыптастыру тәртібі.
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика қағидаттары.
123. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары химиялық немесе фармацевтикалық білімі, радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды, дәрілік заттарды, техникалық ортаны өндіру саласындағы жұмыс тәжірибесі.
12-параграф. Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі радиохимик талдаушы
124. Лауазымдық міндеттері:
Әрбір синтезден кейін дайын радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Химиялық реактивтер мен дайын радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды талдау мен бақылаудың барлық тиісті түрлерін жүргізеді.
Фармакопеялық баптардың талаптарына сәйкес дайындалатын препараттардың сапасын бақылау жөніндегі қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес дайындамаларға, жартылай фабрикаттарға және дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттарға толық химиялық талдау жүргізеді.
Дайындалған радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды бактериологиялық талдауға уақтылы жібереді.
Химиялық реактивтердің жарамдылық мерзімдерін және сақтау шарттарын бақылауды жүзеге асырады.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды сақтау, сапасын бақылау мәселелері бойынша қызметкерлерге кеңес береді.
Радиохимиялық зертханада дайындалған химиялық реактивтер мен радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау журналын жүргізеді.
Жүргізілген сынақтардың нәтижелерін тіркеуді, өңдеуді және түсіндіруді жүзеге асырады.
Зертханалық жабдықтарды, материалдар мен объектілерді дайындауды жүргізеді.
Белгіленген рәсімдерге сәйкес дәрілік заттарды, бастапқы шикізатты және буып-түю материалдарын және өндірістік орта объектілерін сынауға арналған ерітінділерді дайындайды.
Белгіленген рәсімдерге сәйкес үлгілерді іріктеу және оларды таңбалау бойынша талап етілетін операцияларды орындайды.
Өндірушілердің техникалық құжаттамасына сәйкес радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылауға арналған жабдықты калибрлеуді уақтылы жүргізеді.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды дайындау процесінде жұмыс сапасын ағымдағы бақылау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейді және оларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізеді және олардың сапасын куәландыратын құжаттарды ресімдейді.
Емшаралардың жұмыс циклінің хаттамаларын уақтылы және сапалы рәсімдейді.
Жабдықтарды пайдалану және олардың ақаулары туралы құжаттаманы жүргізеді.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттар сапасының нашарлауын тудыратын себептерді, ақау шығаруды зерделейді, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Ғылыми зерттеулер жүргізуге, ғылыми-техникалық жобалар мен шарттарды орындауға, жаңа технологияларды, радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды дайындау әдістерін және радиоизотоптық зерттеулерді әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Валидациялық іс-шараларды өткізуге қатысады.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды синтездеу және клиника практикасына енгізу бойынша жұмысқа рұқсаттар мен сертификаттарды ресімдеу үшін деректер алу мақсатында қажетті зерттеулер жүргізеді.
Клиникалық зерттеулердің жоспарлары мен әдістемелік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Өндірушілердің техникалық құжаттамасына сәйкес сапаны бақылау зертханасының жұмыс циклі үшін жабдықты калибрлеуді уақтылы жүргізеді.
Жаңа сатып алынатын жабдықты қабылдау сынағына, оларды одан әрі техникалық қызмет көрсетуге қатысады, сондай-ақ оған техникалық және гигиеналық күтім жүргізеді.
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік тәжірибесінің, радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау процесі бойынша нормативтік құжаттарға өзгерістер немесе толықтырулар әзірлейді және енгізеді.
Олар енгізілгеннен кейін жүргізілген кез келген өзгерістерге бағалау жүргізеді.
125. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
химиялық технология, аналитикалық және физикалық химия негіздері, радиофармацевтика;
дәрілік заттарды өндіру негіздері;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика стандарты;
радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасына сынақ жүргізу үшін қажетті бақылау-өлшеу жабдығын пайдалану ерекшеліктері;
өндірістік процестердің хаттамаларын, бланкілерін, есептерін жасау тәртібі;
шығыс материалдарын алуға өтінімді қалыптастыру тәртібі;
сынамаларды іріктеу рәсімін орындау;
талдамалық әдістемелерге валидация жүргізу;
прекурсорлармен және улармен жұмыс жүргізу тәртібі;
физикалық-химиялық, талдамалық сынақтарды жүргізу тәртібі;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы санитариялық тәртіп пен нормалар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі.
126. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары химиялық немесе фармацевтикалық білім, дәрілік заттардың, техникалық ортаның сапасын бақылау саласындағы жұмыс тәжірибесі.
13-параграф. Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету маманы
127. Лауазымдық міндеттері:
Белсенді фармацевтикалық субстанцияларды болжамды қолдану үшін талап етілетін сапалы қамтамасыз етуге және барлық сапа жүйелерін жұмыс жағдайында ұстауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады.
Операциялық рәсімдер стандарттарын әзірлеуді, оларды жүйелі тексеруді сақтай отырып енгізуді қамтамасыз етеді.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру кезінде фармацевтикалық сапа жүйесінің процестерін қолдайды және жұмыс істейді.
Әдістердің, рәсімдердің және нәтижелердің нақтылығы мен толықтығын растау үшін сапаны бақылауды жүргізу кезінде және өндіру кезінде қорытынды есептерді тексереді.
Тексеру түрлерін, оларды жүргізу күнін көрсете отырып, қорытынды есепке қоса берілетін қорытындыларды дайындайды және қол қояды.
Фармацевтикалық сапа жүйесі бойынша регламенттеуші және тіркеуші құжаттаманы әзірлеуге қатысады.
"GMP" (ДжиЭмПи), "ISO 9001" (ИСО 9001), "JCI" (ДжиСиАй) стандарттарының талаптарына сәйкестікке сертификаттауға дайындауға және кейіннен мерзімдік инспекциялық бақылауға қатысады.
Ішкі тексерулерді ұйымдастырады, жоспарлайды және қатысады.
Валидация және біліктілік бойынша жұмыстарды және өндірістегі тәуекелдерді талдауды жүргізеді.
Өндірістегі түзету және ескерту әрекеттерімен жұмыс істейді.
Өндірістегі фармакологиялық қадағалау жүйесін ұйымдастырады және басқарады.
128. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілер;
медициналық қызмет саласындағы құқықтық актілер;
іс қағаздарын жүргізу, құжаттаманың түрлері мен нысандары;
құжаттаманы әзірлеу және регламенттеуші және тіркеуші құжаттаманы басқару қағидаттары;
дәрілік заттардың сапасы үшін қауіптерді басқару әдістері мен құралдары;
фармацевтикалық өндіріс сапасына аудит жүргізу әдістері мен құралдары, жеткізушілер;
еңбек қызметін регламенттейтін әдістемелік және өзге де материалдар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, нұсқаулықтар, нормативтік-өкімдік құжаттар;
сапа менеджменті жүйесін жүргізу;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
129. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары фармацевтикалық, химиялық, биологиялық, физика-техникалық, медициналық (Қоғамдық денсаулық сақтау) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
14-параграф. Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілерді желдетуге қызмет көрсету жөніндегі инженер
130. Лауазымдық міндеттері:
Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын жақсарту, бақылау мен басқарудың жаңа жүйелерін енгізу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындайды.
Жедел құжаттаманы жүргізеді.
Қызмет көрсетілетін жабдықты, аспаптарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сақтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды орындайды, оларға өтінімдер жасауға, сондай-ақ қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесін әзірлеуге, қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу, іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысады.
Қатты радиоактивті қалдықтардың радиоактивті материалдарымен жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаның ластануына жол бермеу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындайды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, радиациялық, экологиялық қауіпсіздік қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары талаптарының орындалуын, қорғау құралдары мен авариялық-құтқару мүлкін пайдалануды, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің қызмет көрсететін жабдықта жұмыстарды орындау технологиясын бақылайды.
Аварияға қарсы жаттығуларға, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларға, аварияларды жоюға қатысады.
Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілердің желдеткішін техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастырады.
Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілердің желдеткішін сынау және жөндеу кестесін жасайды.
Ауаның шаңдану және газдану сынамаларын іріктеу және талдау бойынша жұмыстарды жоспарлауға қатысады, ауа қозғалысының саны мен жылдамдығын бақылау өлшеулерін ұйымдастырады.
Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілерді желдету жұмысының сенімділігін арттыру, авариялардың алдын алу, оларды пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Қорғаныш құралдарын уақтылы тексеруді, иондаушы сәулелердің ашық көздері бар объектілердің желдеткішіне профилактикалық сынақтар мен өлшеулер жүргізуді бақылайды.
Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және енгізеді.
Желдету, ауа баптау және автоматика жүйелерінің жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулықтар жасайды.
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау, өнеркәсіптік шығарындыларды тазарту және зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
131. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының қаулылары;
Жабдықтың техникалық сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері;
жабдықтарды техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;
жабдықты жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи түрлері;
Жабдықты қабылдау тәртібі;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика талаптары;
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 260 бұйрығы;
кәсіпорынның еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
132. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі, радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісінде немесе дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінде немесе ядролық медицина немесе сәулелік терапия саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
15-параграф. Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі инженер
133. Лауазымдық міндеттері:
Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын жақсарту, бақылау мен басқарудың жаңа жүйелерін енгізу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындайды.
Жедел құжаттаманы жүргізеді.
Қызмет көрсетілетін жабдықты, аспаптарды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды сақтау және есепке алу жөніндегі жұмыстарды орындайды, оларға өтінімдер жасауға, сондай-ақ Қызмет көрсетілетін жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесін әзірлеуге, қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу, іске қосу-жөндеу жұмыстарына қатысады.
Радиоактивті материалдармен, сұйық радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде қоршаған ортаның ластануына жол бермеу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындайды.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт, радиациялық, экологиялық қауіпсіздік қағидалары, ішкі еңбек тәртібі қағидалары талаптарының орындалуын, қорғау құралдары мен авариялық-құтқару мүлкін пайдалануды, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің қызмет көрсететін жабдықта жұмыстарды орындау технологиясын бақылайды.
Аварияға қарсы жаттығуларға, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларға, аварияларды жоюға қатысады.
Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйесін техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастырады.
Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйесін сынау және жөндеу кестесін жасайды.
Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйесі жұмысының сенімділігін арттыру, авариялардың алдын алу, оны пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Қорғаныс құралдарының уақтылы тексерілуін, сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйесінің профилактикалық сынақтарын және өлшеулерін жүргізуді бақылайды.
Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу тиімділігін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және енгізеді.
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау, өнеркәсіптік шығарындылар мен сарқынды суларды тазарту және зарарсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
134. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының қаулылары;
жабдықтың техникалық сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері;
жабдықтарды техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;
жабдықты жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи түрлері;
жабдықты қабылдау тәртібі;
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 155 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 260 бұйрығы;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
135. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісінде немесе дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінде немесе ядролық медицина немесе сәулелік терапия саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
16-параграф. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер
136. Лауазымдық міндеттері:
Радиациялық қауіпсіздік талаптарының орындалуын, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды, қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғауды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымның бөлімшелерінде технологиялық процестерді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Ауа ортасын өлшеу кестелерінің, дірілді, шуды, жарықты жоспарлы өлшеулердің, дозиметриялық бақылаудың сақталуын бақылайды.
Радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық құжаттаманы әзірлейді.
Радиациялық қауіпсіздік бойынша салалық нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысады.
Ұйымның технологиялық қызметтерімен радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік жұмыс жүргізеді.
Радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жобалық, конструкторлық және өзге де техникалық құжаттаманы қарауға қатысады.
Радиациялық қауіпті материалдарды өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға арналған жаңа және қайта жаңартылған құрылыстар мен жабдықтарды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.
Радиоактивті заттарды, материалдарды, радиоактивті қалдықтарды алу, беру, беру, шығару, тасымалдау кезінде радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін бақылайды.
Радиациялық-қорғау техникасының тиімділігін, ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды, технологиялық жабдықтарды биологиялық қорғауды, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне тартылған сигнал беру, бұғаттау жүйелерінің жарамдылығын бақылайды.
Радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру, радиациялық қауіпсіздікті бұзушылықтарды, радиациялық инциденттерді, радиациялық қауіпсіздіктің қайта сәулелену және өзге де нормаларынан асып кету жағдайларын тексеру, өндірістік жарақаттану жағдайларын тергеп-тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады.
Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жай-күйін бақылайды.
Жеке қорғаныс құралдары мен сақтандыру айлабұйымдарының қолданылуын бақылайды.
Иондаушы сәулелену көздерімен және радиоактивті заттармен жұмыс істеуге рұқсат берудің дұрыстығын бақылайды.
Радиациялық аварияны болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады, ұйым бөлімшелерінің осы іс-шараларды орындауға дайындығын бақылайды.
Радиациялық әсерді төмендету бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеуге, ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады, олардың орындалуын бақылайды.
Жетілдірілген құралдар мен өлшеу әдістерін, жаңа жеке қорғаныс құралдарын енгізу бойынша жұмыстарға қатысады.
Ұйым бөлімшелеріндегі радиациялық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша бұйрықтардың, нұсқаулардың, өкімдердің, шешімдердің, іс-шаралардың жобаларын дайындайды.
Ұйымның бөлімшелеріне берілген лицензиялардың қолданылу шарттарының орындалуына бақылау жүргізеді.
Ұйым бөлімшелерін радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалармен, нормалармен, нұсқаулықтармен, плакаттармен және өзге де көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді.
Кіріспе, кезекті және кезектен тыс нұсқамалардың жүргізілуін және персоналдың радиациялық қауіпсіздік саласындағы білімін тексеруді бақылайды.
Радиациялық қауіпті учаскелерде жұмыс істейтін персоналды мерзімді медициналық тексеруді ұйымдастыруға қатысады.
Радиациялық-қауіпті жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда және аралас үй-жайларда радиациялық қауіпсіздік нұсқаулығына сәйкес радиациялық аяны бақылайды.
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес "А" тобы персоналының жеке сәулелену дозаларын күн сайын және тоқсан сайын бақылайды.
Радиоактивті қалдықтарды есепке алуды, сақтауды және кәдеге жаратуды бақылайды.
Үй-жайлардың, жұмыс беттерінің, жабдықтардың, контейнерлердің, арнайы киімдердің және жеке қорғану құралдарының, тері жабындарының радиоактивті заттармен ластану деңгейін, олардың дезактивация сапасын бақылайды.
Жабдықтарды тексеру және пайдалану және олардың ақаулары туралы есептік құжаттаманы жүргізеді.
Радиациялық және қорғаныс техникасының, жабдықтардың, сигнал беру және блоктау жүйелерінің радиациялық-гигиеналық жағдайын бақылайды.
Жабдықтың сақталуын және оған техникалық күтімді қамтамасыз етеді.
Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құжаттама мен нұсқаулықтарды дайындауға қатысады.
137. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 155 бұйрығы;
"Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 260 бұйрығы;
ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің технологиялық регламенті;
өз функцияларын тиімді орындау үшін қажетті көлемде өлшеулерді радиациялық бақылау әдістері;
иондаушы сәулелердің қасиеттері және оларды тіркеу әдістері;
аумақтық және республикалық қадағалау органдарына есеп беру үшін толтырылатын нысандар мен паспорттардың түрлері;
дозиметриялық және радиометриялық аспаптармен жұмыс;
радиациялық қауіпті жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда радиациялық фонға бақылау жүргізу;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік тәжірибесінің қағидаттары;
өлшеулерді радиациялық бақылау әдістері;
өтінімдерді қалыптастыру;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі есептік құжаттаманы жүргізу тәртібі.
138. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары физика-техникалық білімі ("Ядролық физика", "Физика", "Техникалық физика", "Радиациялық физика"), радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат, ядролық медицина саласындағы немесе иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу саласындағы радиациялық қауіпсіздік немесе медициналық физика бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
17-параграф. Медициналық физик
139. Лауазымдық міндеттері:
Ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарының жұмыс істеу қағидаттары мен пайдалану шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарының сапасына күнделікті және мерзімді бақылау жүргізеді.
Күн сайын ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарына техникалық бақылау жүргізеді.
Ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарын калибрлеуді жүргізеді.
Ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарына профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізеді.
Ядролық медицинаның диагностикалық және терапиялық жабдықтарының жөнделуін бақылайды.
Ядролық медицинаның диагностикалық, терапиялық және технологиялық рәсімдерінің дозаларын анықтайды.
Қажетті медициналық-физикалық және техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
Жаңа жабдықтар мен аппараттарға қажеттілікті анықтауға қатысады.
Жаңа жабдықтар мен аппараттарды қабылдау сынақтарына қатысады.
Клиникалық пайдалануға жаңа жабдықтар мен аппараттарды дайындайды.
Жабдықтар мен аппараттарға техникалық қызмет көрсетуді қадағалайды.
140. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша есептік құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібін айқындайтын әдістемелер мен нұсқаулықтар;
ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы;
радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік тәртібі мен нормалары.
141. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары физика-техникалық білімі ("Ядролық физика", "Физика", "Техникалық физика" мамандығы"), жұмыс өтіліне талап қоймастан радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
18-параграф. Ядролық медицинадағы технологиялық және медициналық газдарға қызмет көрсету жөніндегі инженер
142. Лауазымдық міндеттері:
Газбен жабдықтау жүйесі жабдықтарының техникалық дұрыс пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін ұйымдастырады.
Технологиялық және медициналық газдар мен генераторлық-компрессорлық жабдықтар учаскесінде жабдықтарды жөндеудің әр түрлі түрлерінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеуді жүзеге асырады.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жабдықты сынауға қатысатын мердігерлік ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
Жабдықтың жоғары тозу, авария және тоқтап қалу себептерін талдайды, олардың себептерін тексеруге қатысады.
Жабдықты есепке алуды және паспорттауды жүргізеді, қажетті техникалық құжаттаманы жасайды және белгіленген есептілікті жүргізеді.
Қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралдарға өтінімдер мен ерекшеліктер жасайды, олардың дұрыс жұмсалуын бақылайды.
Технологиялық газдарды газбен жабдықтау жүйесінің желісіне (циклотрон, ыстық камералар және сапаны бақылау зертханасының жабдығы үшін) қысыммен ыдыстарды монтаждауды және реттеуді ұйымдастыруға және бақылауға қатысады, технологиялық және медициналық газдар мен генераторлық-компрессорлық жабдықтардың есебін жүргізеді, оның техникалық жай-күйін, жөндеу сапасын тексереді.
Газбен жабдықтау жүйесінің жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулықтар жасайды.
Жабдық жұмысының сенімділігін арттыру, авариялардың алдын алу, газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
Қызмет жұмыскерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік қағидаларын, газбен жабдықтау жүйелерінің жабдықтарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен схемаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның газбен жабдықтау жүйесінің жабдықтарын пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулық жасайды.
"Ыстық" камералар үшін сығылған ауаны орнатуды бақылайды.
Газ желісінде ағып кетуді тексереді.
Газ беру жүйелерін тексереді.
Синтез модульдеріне газдар мен сығылған ауаны беру ақауларын жоюды тексереді.
Кәсіпорында газбен жабдықтау жүйелерін жабдықтау бойынша аралау жұмыстарына қатысады.
143. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
газбен жабдықтау жүйесі жабдықтарының техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктері;
газбен жабдықтау жүйесінің жабдықтарын техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;
газбен жабдықтау жүйесінің жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру;
қолданыстағы нормативтік құжаттамаға сәйкес ғимараттар мен инженерлік жүйелерді тиісті техникалық пайдалану қағидаттары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық және өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар) жөніндегі тәртіп пен нормалар.
144. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары физика-техникалық білімі, радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға қызмет көрсетуге рұқсатнама, өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
19-параграф. Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі инженер
145. Лауазымдық міндеттері:
Жылумен жабдықтау және желдету жүйесінің жабдықтарын техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді ұйымдастырады.
Жылумен жабдықтау және желдету жүйелерінің құжаттамасын жасауды және жүргізуді қамтамасыз етеді, жабдықты жөндеу кестелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Жылумен жабдықтау және желдету жабдықтарын монтаждау мен баптауды ұйымдастыруға және бақылауға қатысады, есепке алуды жүргізеді, оның техникалық жай-күйін, жөндеу сапасын тексереді.
Жөндеу жұмыстарын дайындауды қамтамасыз етеді, жабдықты жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге бөлінген қорларды іске асыру бойынша шаралар қабылдайды.
Отандық және шетелдік озық тәжірибе негізінде жылумен жабдықтау және желдету жүйелерін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды дайындауға және енгізуге қатысады.
Ауаның шаңдану және газдану сынамаларын іріктеу және талдау бойынша жұмыстарды жоспарлауға қатысады, ауа қозғалысының саны мен жылдамдығын бақылау өлшеулерін ұйымдастырады.
Жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, коррозиядан қорғау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлейді.
Жабдық апаттарының, өндірістік жарақаттанудың себептерін тексеруге, олардың профилактикалық жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралдарға өтінімдер мен ерекшеліктер жасайды, олардың дұрыс жұмсалуын бақылайды.
Жылумен жабдықтау және желдету жабдығын жетілдіруге, жөндеу жұмыстарын, техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша қорытындылар береді, қабылданған ұсыныстарды енгізуді ұйымдастырады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын бақылайды.
Қарамағындағы қызметкерлерді даярлау қажеттілігін анықтайды, оны оқытудың тиімділігін бағалайды.
146. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
өндірістік-шаруашылық қызметті регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындайтын мемлекеттік және жергілікті билік пен басқару органдарының қаулылары;
жылумен жабдықтау және желдету жүйесі жабдықтарының техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктері;
жылумен жабдықтау және желдету жүйесінің жабдықтарын техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік тәжірибесінің қағидаттары;
ішкі еңбек тәртібі,
радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік тәртібі мен нормалары.
147. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
20-параграф. Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженер
148. Лауазымдық міндеттері:
Су құбыры желілері мен құрылыстарының үздіксіз жұмысын техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді.
Желілерде, құрылыстарда және жабдықтарда зақымдарды оқшаулау және жою бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін желілерді қосу және ауытқу схемасын жасайды.
Желілерді, құрылыстарды, олардағы жабдықтарды жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық жоспарларын әзірлейді.
Профилактикалық жұмыстарының кестесімен бекітілген жоспарлы-алдын ала жөндеудің уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Негізгі құралдарды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша қажетті құжаттамаларды жасайды және материалдарды есептен шығару бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Материалдарға, құралдарға, жабдыққа арналған қосалқы бөлшектерге өтінімдер мен ерекшеліктер жасайды, олардың дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Су құбыры желілерінің, құрылыстардың техникалық жай-күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге қатысады.
Су құбыры-кәріз шаруашылығы объектілеріндегі авариялар мен зақымданулардың себептерін талдайды, олардың профилактикалық бойынша шаралар әзірлейді.
Су құбыры-кәріз шаруашылығы объектілерін есепке алуды және паспорттауды жүзеге асырады, оларды жөндеуден кейін құжаттамаға өзгерістер енгізеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі тәртіп пен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Жарақаттану себептерін тексеруге және оның профилактикалық жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысады.
Қауіптілігі жоғары объектілерге қызмет көрсететін қызметкерлерді уақтылы аттестаттауға бақылауды жүзеге асырады.
Негізгі құралдарды түгендеу бойынша тиісті құжаттаманы жүргізеді.
Топтық есептеу аспаптарының дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
149. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
орындалатын жұмыс мәселелері бойынша директивтік және өкімдік құжаттар, әдістемелік және нормативтік материалдар;
техникалық даму перспективалары және кәсіпорын (кәсіпорын бөлімшелері) қызметінің ерекшеліктері;
су құбыры-кәріз шаруашылығының құрылымы;
сумен жабдықтау және кәріз схемалары, құдықтардың орналасу орындары, сорғы станцияларының жұмыс аймақтары;
елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібі;
елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі;
коммуналдық су құбыры мен кәрізді пайдалану тәртібі;
сыртқы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің санитариялық нормалары мен қағидалары мен стандарттары, ауыз судың сапасына және тұрмыстық тікқұбырларды тазалауға қойылатын талаптар;
әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардың жұмыс қағидаттары, техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері және олардың қасиеттері.
150. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
21-параграф. Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика инженері
151. Лауазымдық міндеттері:
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарына жөндеу жүргізуді және қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Кәсіпорын мен зертхананың жұмыс істеп тұрған объектілерінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың жаңа типтері мен құралдарын зерделейді.
Кәсіпорын объектілерінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жабдықтарының учаске қызмет көрсететін үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Учаске қызметкерлерінің материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және өзге де ресурстарды ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді.
Жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың, шаруашылық және өрт мүкәммалының, жеке қорғану құралдарының сақталуын және жарамды жай-күйін бақылайды.
Орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Жөндеу жұмыстары технологиясының сақталуын бақылайды.
Белгіленген тәртіпке сәйкес учаскенің жабдығы мен коммуникацияларының дұрыс пайдаланылуын бақылайды.
Кәсіпорын бөлімшелерінің персоналы үшін бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді.
Жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды, жоспарлы-профилактикалық жөндеулерінің кестесін және техникалық құжаттаманы жасайды.
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының жұмысындағы ақаулықтар мен бұзушылықтардың себептерін талдайды.
Өлшеу сапасын жақсартуды және жабдықтың сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Ағымдағы жұмыс жоспарын жасайды (учаске, цех, бөлім атауы).
152. Білуге тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
өндірістік-шаруашылық қызметке (учаске, цех, бөлім) қатысты әдістемелік, нормативтік, басшылық материалдар;
жабдықтар мен коммуникациялар( учаске, цех, бөлім), оны пайдалану және жөндеу тәртібі, конструктивтік ерекшеліктері;
жабдықты жөндеуге қабылдау және оны жөндеуден кейін тапсыру тәртібі;
орындалатын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;
жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу тәртібі;
жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға ақаулы ведомостар мен өтінімдерді жасау тәртібі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік санитария жөніндегі ережелер, тәртіп және нұсқаулықтар;
электр қондырғыларын орнату және пайдалану тәртібі;
экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
153. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
22-параграф. Ядролық медицинадағы инженер-технолог
154. Лауазымдық міндеттері:
Инженерлік жүйелердің техникалық даму бағыттары мен техникалық саясатын, ядролық медицина ғимаратының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалануды, болашақта қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын қолдайды.
Иондаушы сәулелену көздерімен радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өндіріс жабдықтарын техникалық дұрыс пайдалануды және уақтылы жөндеуді, радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылауды және өлшеп-орауды ұйымдастырады.
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік тәжірибесінің талаптарына сәйкес циклотрон жабдығын, синтез зертханасының жабдығын, ыстық шкафтарды сынау және жөндеу кестесін жасайды.
Өндіріс жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыру, радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау және өлшеп-орау, авариялардың алдын алу, радиациялық сәулелену аймағында оларды пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
"GMP" (ДжиЭмПи) талаптарына сәйкес қорғаныс құралдарын уақтылы тексеруді, циклотрон жабдықтарын, синтез зертханасының жабдықтарын профилактикалық сынақтан және өлшеуден өткізуді бақылайды.
Құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ядролық медицина орталығы ғимаратының энергия ресурстарын пайдалану және үнемдеу тиімділігін арттыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және енгізеді.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясат пен техникалық құжаттамаға сәйкес ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды орындайды.
"ISO" (ИСО) сапа менеджменті жүйесінің тиісті құжаттамасын, инженерлік-техникалық қызметтердің жұмысы үшін қажетті "JCI" (ДжиСиАй) құжаттамасы мен талаптарын пайдаланады және оның талаптарын сақтайды.
"GEP" (ДжЭП) тиісті инженерлік практика қағидаттарын қолданады, "GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика талаптарын сақтайды.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру, сапасын бақылау және өлшеп-орау жабдығының жұмыс істеу жағдайы туралы ақпаратты сұратады және қабылдайды, талдайды және қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алуға өтінімдерді жоспарлайды, радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оларды алуды (сатып алуды), есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады.
Жоғары иондаушы сәулелену кезінде пневматика, өндіріс жабдықтарының қозғалмалы бөліктері мен тетіктерін бұғаттау, радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау және өлшеп-орау істен шыққан кезде әрекет етеді және шаралар қабылдайды.
Радиациялық аймақтағы жетектер жұмысының дұрыстығын, механизмдер мен жабдықтардың жұмыс қабілеттілігін тексереді.
Форвакуумдық сорғылардың, циклотрондағы суды сорудың авариялық сорғыларының және жоғары иондаушы сәулелену кезіндегі синтез зертханасының жай-күйін бақылайды.
155. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері және өз функцияларын жүзеге асыру шегінде оларды іске асыруға қатысу;
жабдықтың техникалық сипаттамалары және құрылымдық ерекшеліктері;
жабдықтарды техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;
жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің заманауи түрлері;
жабдықты қабылдау тәртібі;
кәсіпорынның еңбек тәртібінің ережелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормалар.
156. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
23-параграф. Инженер-медициналық физик
157. Лауазымдық міндеттері:
Сәуле терапиясының бағдарламасын сәуле терапевтінің дәрігерімен бірге дозаның таралуын және сәулелену уақытын есептей отырып, жоспарларды бағалауды және оңтайландыруды жоспарлайды және жүзеге асыруға қатысады.
Сәулелік терапия жабдықтарының сапасын бақылау бағдарламасын әзірлейді және жүзеге асыруға қатысады.
Радиациялық шоқ сипаттамаларын, оның ішінде шоқ калибрлеуді және жаңа аппаратты клиникалық пайдалануға дайындауды радиациялық терапия сапасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес кезеңділікпен өлшейді.
Дозиметриялық деректерді өңдейді және оларды компьютерлік жоспарлау жүйелеріне енгізеді.
Сәулелік терапияның күрделі әдістерін жүргізу кезінде фантомдық өлшеулердің көмегімен сәулелену жоспарларын тексереді.
Сәуле алды дайындыққа (КТ-симуляция) қатысады және радиолог дәрігермен бірлесіп емдеу жоспарын келіседі.
Радиациялық онкологпен және сәулелік жабдықтың мейіргерсімен бірге пациентті бірінші рет төсеуге қатысады және сәулелік емдеу жоспарының дұрыс жүзеге асырылуына мерзімді бақылау жүргізеді.
Пациенттің радиациялық қауіпсіздігін, оның ішінде ұжымдық және жеке радиациялық қорғау құралдарының көмегімен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды, зерттеулерді дозиметриялық бақылауды ұйымдастырады және орындайды.
Сәулелік терапияға арналған жаңа жабдыққа қажеттілікті анықтауға және спецификацияларды дайындауға қатысады.
Жаңа жабдықты қабылдау сынақтарына қатысады.
Клиникалық пайдалануға жаңа аппараттарды дайындайды.
Пациенттің радиологиялық картасына сәулелену жоспарларын енгізеді, онда паспорттық деректер, әзірлеушінің және жоспарды тексерген және бекіткен адамның қолы көрсетіледі.
Екінші инженер-медициналық физик немесе бөлім меңгерушісі сәулелену жоспарларын тексереді.
Сәулелік терапия физикасының озық әзірлемелерін зерделейді және практикаға енгізеді, сапаны бақылау бағдарламаларын әзірлейді.
Сәулелік терапия жабдығына техникалық қызмет көрсетуді қадағалауды жүргізеді.
158. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша есептік құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібін айқындайтын әдістемелер мен нұсқаулықтар;
ұйымның ұйымдық құрылымы;
радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік тәртібі мен нормалары.
159. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары физика-техникалық білімі ("Медициналық физика", "Физика", "Техникалық физика" мамандығы), жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
24-параграф. Сәулелік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер
160. Лауазымдық міндеттері:
Сәулелік жабдықтар мен қосалқы жабдықтарға күнделікті сыртқы қарап-тексеру жүргізеді.
Техникалық талаптарға және сапаны бақылау бағдарламасына сәйкес тест жүргізе отырып, жұмыстың басында сәулелік жабдықты қосады, жұмыс аяқталғаннан кейін сәулелік жабдықты сөндіреді.
Бекітілген регламентке сәйкес сәулелі жабдықта сапаны бақылау рәсімдерін, күйге келтіруді, профилактикалық жұмыстарды, жабдыққа қойылатын техникалық талаптарға сәйкес сәулелі жабдықты ағымдағы жөндеуді орындайды.
Жаңа жабдықты қабылдауға қатысады.
Есептік құжаттаманы жүргізеді (аппараттарға техникалық қызмет көрсету журналдары, сапаны бақылау хаттамалары).
Сәулелік терапия жабдығына техникалық қызмет көрсетуді қадағалауды жүргізеді.
161. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша есептік құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібін айқындайтын әдістемелер мен нұсқаулықтар;
ұйымның ұйымдық құрылымы;
радиациялық қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік тәртібі мен нормалары.
162. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары техникалық білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын радиациялық қауіпсіздік бойынша сертификат.
25-параграф. Клиникалық эмбриолог
163. Лауазымдық міндеттері:
Қосалқы репродуктивтік технологиялар бағдарламаларының эмбриологиялық бөлігін жүргізеді.
Дәрігермен бірлесіп гаметалардың донорларымен жұмыс жүргізеді.
Жасушаларды іріктеу мен ұрықтандырудың, эмбриондарды культивациялаудың жаңа тиімді әдістерін игеруге және енгізуге қатысады, тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген әдістерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Қосалқы репродуктивтік технологиялар нәтижелерін талдауға қатысады, ішкі зертханалық және сыртқы сапаны бақылауды жүргізуге қатысады.
Шәуетті, ооциттерді, эмбриондарды және репродуктивтік тіндерді мұздатуды және ерітуді жүргізеді, биоматериалдарды сақтаудың қажетті режимін қамтамасыз етеді, материалды есепке алуды жүргізеді.
Қосалқы репродуктивтік технологиялар бағдарламаларының эмбриологиялық кезеңінде пайдаланылатын жабдықтың жай-күйіне және культуралық орта мен шығыс материалдарының қорын толықтыруға мониторингті жүзеге асырады.
Имплантация алдындағы генетикалық тестілеу әдістерінің эмбриологиялық бөлігін жүргізеді.
164. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, зертханалық қызметті ұйымдастыру, қосалқы репродуктивтік технологияның құқықтық және этикалық мәселелері саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері;
қосалқы репродуктивтік технологияның негізгі әдістері, репродуктивтік медицина дамуының қазіргі заманғы бағыттары, биологиялық материал алудың тәртібі мен тәсілдері, эмбриологиялық және клиникалық зерттеулер жүргізу әдістері;
қосалқы репродуктивтік технологиялар орталықтарының эмбриологиялық зертханаларында криобиологияның заманауи әдістері, биоматериалдарды мұздату, еріту және сақтау негіздері;
қосалқы репродуктивтік технологиялар зертханаларында (бөлімшелерінде) жұмыс істеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі тәртібі және эмбриологиялық зертханада (бөлімшеде) биоматериалдарды, культуралдық ортаны және шығыс материалдарын пайдалану және кәдеге жарату тәртібі;
эмбриологиялық зерттеулер жүргізу әдістері және эмбриологиялық жұмыстардың сапасын бақылауды ұйымдастыру тәртібі;
шәует, ооциттер мен эмбриондар донорлығын жүргізу тәртібі, донорлық материалмен жұмыс істеуге қойылатын талаптар;
медициналық жабдықтар мен ұйымдастыру техникасын пайдалану тәртібі;
165. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" (биологиялық, химиялық, химиялық-биологиялық, физика-математикалық), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, биоинженерия)даярлау бағыты бойынша жоғары білімі;
тиісті мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік.
6-тарау. Орта медициналық білімнен кейінгі мамандар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Кеңейтілген практика мейіргері
166. Лауазымдық міндеттер:
Мейіргерлік зерттеп-қарауды жүзеге асырады.
Мейіргерлік диагноз қояды.
Пациент үшін мейіргерлік араласулар жоспарын жасайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің мейіргерлік іс-шараларды іске асыруын бақылайды.
Жалпы практикада, терапияда, хирургияда, акушерия мен гинекологияда, психиатрияда, гериатрияда, оңалтуда, паллиативтік күтімде және денсаулық сақтау саласының мамандандырылған салаларында медициналық-санитариялық алғашқы және стационарлық деңгейлерде белгіленген мейіргерлік араласулар жоспарының тиімділігін бағалайды.
Өз құзыреті шегінде аса кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттерді жеке қабылдауды жүзеге асырады.
Пациент пен отбасы мүшелерінің жалпы күтім және ауруды басқару рәсімдеріне оқытуын ұйымдастырады, тиімділігін мониторингтейді және бақылайды.
Жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға, диспансерлік науқастар мен қарттарға патронаж жасайды.
Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикалық жөніндегі қызметті ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шараларын іске асыруын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды.
Емдік-профилактикалық мекемеде дәрілік заттарды, қан препараттарын және қан алмастырғыштарды есепке алуды және сақтауды, Есепке алу-есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді
Мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады.
Азаматтарға медициналық алғашқы көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.
Қауіпсіз аурухана ортасының ұйымдастырылуын және инфекциялық бақылауды қамтамасыз етеді.
Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Мейіргерлердің, дәрігерлердің және басқа да денсаулық сақтау жүмыскерлерінің кәсіби аралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады.
Дәлелді мейіргерлік нұсқаулықтар мен хаттамаларды әзірлеуге қатысады.
Мейіргер ісінің сапасын жақсарту бойынша ұйымдастыру саясаты мен қызметін әзірлеуге қатысады.
Электрондық денсаулық жағдайында мейіргерлік құжаттаманың ұйымдастырылуын бақылайды.
167. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
168. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, кеңейтілген практика "Мейіргері (аға)" сертификатының болуы.
7-тарау. Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі білім бар қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Фельдшер
169. Лауазымдық міндеттері:
Жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық, жедел медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.
Учаске халқының дербес есебін жүргізеді, учаскедегі өз қызметін жоспарлайды.
Пациенттерді зерттеп-қарауге және дәрігерлерден кеңес алуға дайындайды.
Амбулаториялық қабылдау жүргізеді және науқастарға үйде қызмет көрсетеді. Аурулардың диагностикасын, емін, профилактикасын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, хирургиялық манипуляциялар кезінде дәрігерге ассистент болады, физиологиялық босануды қабылдайды.
Ағымдағы санитариялық қадағалауды жүзеге асырады, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Қанның биологиялық материалын, асқазан ішіндегісін, жұлын сұйықтығын, эффузиялық сұйықтықтарды жинауды және химиялық макро-және микроскопиялық зерттеулерді, бөлінетін заттарды зерттеуді, гельминттік-овоскопиялық зерттеуді жүргізеді.
Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды
170. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
өңделген материалды дезинфекциялау тәртібі;
еңбекке жарамсыздықты сараптау негіздері;
санитариялық-эпидемияға қарсы режим негіздері;
мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
171. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі немесе "Емдеу ісі" және (немесе) "Зертханалық диагностика" немесе "Фельдшер зертханашы" немесе "Гигиена, санитариялық және эпидемиология" немесе "Санитариялық фельдшер" немесе "Стоматология" немесе "Тіс дәрігері" немесе "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша біліктікті арттыру.
Осы лауазымға 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен адамдар үшін "Емдеу ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша біліктілікті арттыру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білімімен маман сертификаты, біліктілік деңгейі орташа маман сертификаты.
2-параграф. Акушер
172. Лауазымдық міндеттері:
Амбулаториялық қабылдау жүргізеді, медициналық құжаттаманы толтырады және ресімдейді.
Зерттеп-қарау жүргізеді, жүктілік мерзімін белгілейді, жүкті әйелдерді анықтайды, оларды тәуекел тобына қарай саралайды. Жүкті және босанған әйелдерді диспансерлеу және патронаждау, әйелдерді профилактикалық зерттеп-қарау және әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
Жүкті әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді; шұғыл Акушерлік және гинекологиялық көмек, жаңа туған нәрестелерге шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Босануды қабылдайды, жаңа туған нәрестені емдеуді жүргізеді. Өмірдің бірінші күндерінде балалардың денсаулығы мен дамуын бақылайды.
Кіші акушерлік және гинекологиялық операциялар кезінде ассистент болады. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, емшек сүтімен қоректендірудің профилактикасы бойынша жұмыс жүргізеді. Босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің патологиялық ағымындағы жағдайдың ауырлығын бағалайды.
Емдеуді тағайындайды және жүргізеді, медициналық манипуляцияларды орындайды. Жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді.
Ақуызға зәр талдауын, қан тобын, резус-факторды, гемоглобинді, эритроциттердің шөгу жылдамдығын, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, отбасын жоспарлау бойынша кеңестер береді.
Жатырішілік контрацептивтері бар әйелдерді диспансерлік бақылауды қамтамасыз етеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
173. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
босану барысы және олардың нұсқалары, асқыну кезіндегі жүктілікті жүргізу;
асептика және антисептика тәртібі;
босандыру мекемелерінің санитариялық-эпидемияға қарсы режимі;
ана мен бала денсаулығын қорғаудың негізгі қағидаттары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар,
174. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік жоғары медициналық білімі және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша біліктілік арттыру туралы куәлік, "Акушериялық іс" мамандығы бойынша денсаулық саласындағы маман сертификаты;
не "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі немесе "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру және "Акушериялық ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты.
3-параграф. Учаскелік мейіргер және (немесе) жалпы практика мейіргері
175. Лауазымдық міндеттері:
Кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің қадағалауымен амбулаториялық қабылдау жүргізеді және мейіргер күтімін жүзеге асырады.
Пациенттің мейіргер көмегіне қажеттілігін бағалайды (мейіргер диагнозы).
Пациенттерді зерттеп-қарау, емдеу, оған күтім жасау жоспарын жасайды, жай-күй динамикасын, емдеу тиімділігін бағалайды.
Динамика деректерін ауру тарихында тіркейді.
Пациенттерді күнделікті аралап шығады, пациенттердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді және кеңейтілген практиканың мейіргеріне және (немесе) дәрігерге деректерді ұсынады.
Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне науқастарды диспансерлеу және патронаж ұйымдастыру мәселелерінде ассистент болады, өз құзыреті шегінде емдеу-профилактикалық ұйымында және үйде (патронаж) науқастарға күтімді жүзеге асырады.
Азаматтарға медициналық алғашқы көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.
Зертханалық зерттеулер үшін материалдар алуды, бөлімшеде дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді.
Дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруда дәрігерге көмек көрсетеді.
Науқастарға күтім жасауды, дәрілік заттарды ағзаға енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияны жеңілдетеді.
Қарапайым физиотерапиялық ем-шараны орындайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
176. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
өңделген материалды дезинфекциялау тәртібі;
еңбекке жарамсыздықты сараптау негіздері;
орта медицина персоналының қызметін ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп жән нормалар.
177. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "Мейіргер ісі" маманығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмысқа кіріскен адамдар үшін "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Зертханалық диагностика", "Фельдшер зертханашы", "Гигиена, санитариялық және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты.
4-параграф. Мейіргер (мамандандырылған)
178. Лауазымдық міндеттері:
Кеңейтілген практикада мейіргерінің немесе дәрігердің қадағалауымен мейіргер күтімін жүзеге асырады, пациенттің мейіргер көмегіне қажеттілігін бағалайды, жай-күйінің серпінін, емдеу тиімділігін бағалайды, пациенттердің жай-күйіне мониторинг жүргізеді және кеңейтілген практикадағы мейіргерге және (немесе) дәрігерге деректерді ұсынады.
Медициналық алғашқы көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар алуды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады.
Медициналық тағайындаулардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді.
Диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруда дәрігерге көмек көрсетеді.
Әртүрлі жастағы және патологиядағы науқастарға күтім жасау, дәрі-дәрмектерді ағзаға енгізу бойынша барлық шараларды жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, хирургиялық араласуларға дайындайды, электрокардиограммаға түсіреді. Физиотерапиялық емшараны орындайды.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға қойылатын талаптарды ресімдейді, олардың пайдаланылуын, сақталуын бақылайды. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Операциядан кейінгі кезеңде арнайы күтімді жүзеге асырады. Жараларды таңу және күту. Аурулардың профилактикалық және саламатты өмір салты мәселелерінде кеңейтілген практиканың дәрігері мен мейіргер не ассистент болады, саламатты өмір салтын насихаттауды және халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеуді жүргізеді.
Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіп, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
179. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
емдеу-профилактикалық ұйымының ұйымдық құрылымы;
пайдаланылған материалды дезинфекциялау тәртібі;
мейіргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
180. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушериялық іс") мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік және "Зертханалық диагностика" немесе "Фельдшер-зертханашы" немесе "Гигиена, санитария және эпидемиология" немесе "Санитариялық фельдшер" немесе "Стоматология" немесе "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін осы лауазымға кіріскен адамдар үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша сертификаттық курс туралы куәлік немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім немесе "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, "Жалпы медицина" немесе "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі медициналық білімі бар маман сертификаты.
5-параграф . Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері
181. Лауазымдық міндеттері:
Мейіргердің қызметі денсаулықты сақтауға және оқушылардың денсаулығын динамикалық байқауға бағытталған.
Оқу кезеңінде және каникул кезінде сауықтыру іс-шараларын, оқу орындарында, оның ішінде көшпелі мамандар бригадаларын тарта отырып, профилактикалық медициналық зерттеп-қараулер жүргізуді ұйымдастырады.
Орта білім беру ұйымдарында аурулардың алдын алуға, ұтымды тамақтану қағидаттарын енгізуге және сақтауға, репродуктивті болу денсаулығын сақтауға бағытталған денсаулық сақтау технологияларын енгізеді.
Темекі өнімдерін тұтынудан, психикаға белсенді заттарды медициналық емес пайдаланудан, сондай-ақ құмар ойындарға патологиялық тартудан туындаған психикалық денсаулықты сақтау, суицидтік мінез-құлық пен тәуелділіктің профилактикалық бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Оқушыларды профилактикалық зерттеп-қараулардың нәтижелері бойынша тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жібереді.
Жоспарлы, маусымдық немесе эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша білім алушылардың тиісті контингентіне вакцинация жүргізуді және оларды кейіннен бақылауды қамтамасыз етеді.
Аурулар профилактикасы, оқушылар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістер ұйымдастырады және өткізеді.
Білім беру және түсіндіру іс-шараларын өткізе отырып, ата-аналар мен педагогтарды мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға тартады.
Жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар (шұғыл көмек, аумақтық емханаға жіберу, "жедел жәрдем" бригадасын шақыру) кезінде білім алушыларға, педагогикалық және техникалық персоналға алғашқы көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық тәртібін сақтайды.
182. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
пайдаланылған материалды дезинфекциялау тәртібі;
орта медицина персоналының қызметін ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
183. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмысқа кіріскен адамдар үшін тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша "Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі" сертификаттық цикл туралы сертификат немесе куәлік немесе "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білімі немесе "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі, "Жалпы медицина" немесе "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат, "Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі" сертификаттық цикл туралы куәлік және орта біліктілік деңгейдегі маман сертификаты.
6-параграф. Диеталық мейіргер
184. Лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымдарында тиімді емдік тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Күнделікті ас мәзірін, тағамдар картотекасын, ас-тарату мәзірін жасайды.
Емдік тамақ дайындау жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын, науқастарға тамақ беру тәртібін, азық-түлік хабарларын қабылдауды бақылауды жүзеге асырады.
Рационның химиялық құрамы мен калориясын жүйелі түрде бақылайды, тағамдарды зертханалық зерттеуге жібереді, дайындалған тағамның сапасына жауап береді.
Ас блогында санитариялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлердің медициналық зерттеп-қараулардан өтуінің тұрақтылығын бақылайды, ас блогының техникалық және қызмет көрсету персоналы арасында техникалық минимумды өткізуді ұйымдастырады.
Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
185. Білуі тиіс.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
емдік тамақтануды ұйымдастырудың жалпы мәселелері мен негізгі қағидаттары, диетология негіздері, тағам дайындау технологиясы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
186. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушерлік іс" немесе "Гигиена және эпидемиология" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, диетология бойынша біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік;
жоғары (мейіргер) медициналық білімі және орта білімнен кейінгі (бакалавриат) білімнің болуы, диетология бойынша біліктілігін арттырудан өту туралы куәлік, орта біліктілік деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
7-параграф. Стоматологиялық гигиенист
187. Лауазымдық міндеттері:
Тіс кариесін, пародонт ауруларын, кариозды емес зақымдануларды, шырышты қабық ауруларын диагностикалауды және пациенттің стоматологиялық мәртебесін тіркеуді жүзеге асырады.
Ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және науқасты тістерін тазарту әдістеріне үйретеді, балалар мен ересектерге арналған гигиена құралдарын таңдау, ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдарға күтім жасау бойынша жеке ұсыныстар береді.
Халықтың стоматологиялық денсаулығын сақтауға және ауыз қуысына тиімді күтім жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық рәсімдер мен гигиеналық іс-шараларды жүзеге асырады.
Стоматологиялық аурулардың жеке профилактикалық бағдарламасын жасайды және жүзеге асырады.
Ұйымдастырылған балалар ұжымдарының балаларының негізгі стоматологиялық ауруларының профилактикасын, әр түрлі жастағы топтардың халықтыңы, медицина қызметкерлері, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тәрбиешілері, мұғалімдер, ата-аналар арасында стоматологиялық ағарту жұмыстарын жүргізеді, стоматологиялық аурулардың профилактикалық мәселелері бойынша халыққа сауалнама жүргізеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
188. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
халықты диспансеризациялау қағидаттары;
кариес және пародонт ауруларының қарқындылығын тіркеу индекстері,
ауыз қуысының гигиеналық жағдайы; ауыз қуысының жеке және кәсіби гигиенасының әдістері мен құралдары;
құрал-саймандарды стерильдеу әдістері; стоматологиялық көмекті ұйымдастыру негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
189. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Стоматология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі ("стоматолог дәрігердің көмекшісі" немесе "стоматологиялық гигиенист" немесе "дантист" біліктіліктері), мамандық бейіні бойынша маман сертификаты.
8-параграф. Дантист
190. Лауазымдық міндеттері:
Балалар мен ересектердегі тістердің аурулары мен зақымдануларының профилактикасы, асқынбаған кариесті емдеу, уақытша тістерді емдеу және тістерді қарапайым жұлу бойынша жұмыстарды жүргізеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
191. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
шұғыл жағдайларда медициналық алғашқы көмек көрсету әдістері;
дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп пен нормалар.
192. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Стоматология мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі ("Дантист" және "Тіс дәрігері" біліктіліг"), мамандық бейіні бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе "Стоматология" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі.
9-параграф. Стоматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті)
193. Лауазымдық міндеттері:
Пациенттің стоматологиялық статусын тіркеуді, жақ-бет аумағындағы жіті аурулар кезінде шұғыл дәрігерге дейінгі көмекті, стоматологиялық мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауды жүзеге асырады.
Пациенттердің ауыз қуысының гигиеналық жағдайын анықтайды және оларға тіс тазалау әдістерін үйретеді, балалар мен ересектерге арналған гигиеналық құралдарды таңдау, ортодонтиялық және ортопедиялық құрылымдарға күтім жасау бойынша жеке ұсыныстар береді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Тіс, ауыз қуысы мүшелері мен жақ-бет аймағының аурулары мен зақымдануларын емдеуде тіс дәрігеріне көмек көрсетеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
194. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
Кезек күттірмейтін жағдайларда медициналық алғашқы көмек көрсету әдістері;
халықты диспансеризациялау қағидаттары;
тісжегі мен пародонт ауруларының қарқындылығын, ауыз қуысының гигиеналық жай-күйін тіркеу индекстері;
ауыз қуысының жеке және кәсіби гигиенасының әдістері мен құралдары;
құралдарды стерильдеу әдістері;
тіс протездеу түрлері мен әдістері және протездік материалмен жұмыс істеу кезіндегі ерекшеліктер;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
195. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Стоматология" мамандығы ("дәрігер-стоматологтың көмекшісі" немесе "стоматологиялық гигиенист" немесе "дантист" біліктіліктері) бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, мамандығы бойынша денсаулық сқатау саласындағы маман сертификаты.
10-параграф. Tic технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы)
196. Лауазымдық міндеттері:
Тіс протездерін, жасанды сауыттарды, соның ішінде металл-керамиканы, штифті тістердің қарапайым құрылымдарын, көпіртәріздес, бюгельді және алмалы-салмалы пластиналы протездерді, ортодонтиялық және жақ-бет құрылымдарын дайындайды.
Әртүрлі материалдардан жұмыс үлгілерін дайындайды және таңба жасайды.
Бөлшектерді, протездер мен аппараттарды дәнекерлеу, балқыту, күйдіру, ағарту, өңдеу, жылтырату жұмыстарын жүргізеді.
Бөлімшені (кабинетті) медициналық құрал-саймандармен, дәрі-дәрмектермен және материалдармен жүйелі түрде толықтырады, бөлімшедегі мүлік пен медициналық мүкәммалдың сақталуын және жабдықтарды уақтылы жөндеуді, күшті әсер ететін, улы, есірткі және психотроптық дәрілік заттарды есепке алу мен сақтаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Асептика және антисептика тәртібінің орындалуын, тіс дәрігері тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын, тіс протездеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
197. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
медициналық стоматологиялық көмек негіздері;
тіс-техникалық зертхана өндірісін ұйымдастыру;
тіс протездеу техникасында қолданылатын негізгі материалдар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
198. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Ортопедиялық стоматология" және "Стоматология" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "дантист" біліктілігі, "Ортопедиялық стоматология" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік.
11-параграф. Медицинлық зертханашы
199. Лауазымдық міндеттері:
Дәрігердің басшылығымен зертханалық зерттеулер жүргізеді және оларды жүргізу үшін зертханалық аппаратураны, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік ортаны, бояғыш және дезинфекциялық ерітінділерді дербес дайындайды.
Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалды қабылдайды және тіркейді.
Оның орамасының және жеткізу уақытының қажетті талаптарға тиістігін тексереді.
Зерттеу үшін келіп түскен материалдың жарамдылығын, ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін зерттеп-қарауды жүзеге асырады. Аспаптарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояулар мен дезинфекциялық ерітінділерді градуирлеуге арналған стандартты және жұмыс ерітінділерін дайындайды.
Зертханалық құралдарды, ыдыстарды стерильдеуді жүргізеді.
Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
200. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасы; санитариялық-микробиологиялық зерттеулердің негіздері, жалпы клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеулердің әдістері;
зертханалық аппаратураны пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу техникасы;
зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
201. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Медициналық зертханашы", "Денсаулық сақтау" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
12-параграф. Рентген зертханашысы
202. Лауазымдық міндеттері:
Дәрігердің басшылығымен рентгенологиялық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ дентальді рентген-аппараттарда рентгенологиялық зерттеулер жүргізеді.
Оларды жүргізу үшін өз бетінше рентгенологиялық аппаратураны, реактивтерді, рентген пленкаларды дайындайды.
Пациенттерді контрасты зерттеп-қарау әдістеріне дайындайды.
Ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін жүзеге асырады.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүзеге асырады.
Рентген зерттеулерін өткізу кезінде науқастың (қарапайым, күрделі) орналасуын жүргізеді.
Рентгенограмманы өндіреді, шығарады, жуады, бекітеді, таңбалайды, құрғатады.
Кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, радиациялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіпті, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
203. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
рентген сәулесінің биологиялық әсері және дозиметрия әдістері; медицина қызметкерлері мен пациенттерді қорғау қағидаттары;
фотозертханалық процесс, рентген техникасы; рентген аппараттарының жұмыс қағидаттары;
барлық органдар мен жүйелерді рентген-зерттеудің, педиатриядағы, стоматологиядағы рентген-зерттеудің қағидаттары, ерекшеліктері, қағидалары мен әдістері;
флюорография және рентгенография, компьютерлік томография және магниттік-ядролық резонанс, ангиография қағидаттары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
204. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушериялық іс" немесе "Стоматология" немесе "Зертханалық диагностика") мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі және "Рентгенологиядағы мейіргер ісі" мамандығы бойынша сертификаттық курстан өткені туралы сертификат.
13-параграф. Оптик және оптикометрист
205. Лауазымдық міндеттері:
Заманауи офтальмологиялық-диагностикалық аппаратураны пайдалана отырып, пациенттердің көру функцияларын зерттеуді жүзеге асырады.
Көру өткірлігін, периметрияны, рефрактометрияны, офтальмометрияны, биомикроскопияны, тонометрияны тексереді. Бинокулярлық көруді зерттейді, аметропияның түрі мен дәрежесін, астигматизмнің болуын анықтайды. Көру ағзасы ауруларының негізгі белгілерін диагностикалайды.
Көруді түзету құралдарын таңдайды. Оларға күтім жасау бойынша жеке ұсыныстар береді. Көзілдірік оптикасы бұйымдарына өтінімдерді анықтауға қатысады.
Жіті аурулар және көру мүшесінің зақымдануы кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетеді (оның ішінде көздің конъюнктивасы бетінен бөгде денелерді алып тастау). Офтальмолог дәрігердің көру қабілетін күрделі түзетуді және емдеуді қажет ететін жүгінуші адамдардың арасынан анықтайды, оларды оған жібереді.
Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және гигиеналық тәрбиелеуге қатысады.
Есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
206. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
геометриялық оптиканың негізгі ұғымдары мен заңдары;
кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі әдістері, көруді заманауи түзететін материалдар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
207. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Медициналық оптика" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "Медициналық оптика" мамандығы бойынша маман сертификаты.
14-параграф. Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы
208. Лауазымдық міндеттері:
Емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін бөлме, гимнастикалық заттар мен снарядтар дайындайды.
Сабақтарға дейін және одан кейін науқастардың әл-ауқатын бақылайды. Науқастармен бассейнде және механотерапиялық аппараттарда сабақ жүргізеді.
Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік массаждың жекелеген түрлерін жүргізеді. Емдік дене шынықтыру жөніндегі дәрігермен бірлесіп емдік гимнастика схемаларын және дене жаттығулары кешендерін әзірлейді.
Емдік және гигиеналық гимнастикамен жеке және топтық сабақтар өткізуді жүзеге асырады, дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізеді, адамның физикалық дамуын, физикалық жұмысқа қабілеттілігін, сыртқы тыныс алу, жүрек функцияларын бағалайды.
Емдік дене шынықтырумен айналысу кезіндегі тамыр жүйесі, нерв-бұлшықет аппараты.
Емдік дене шынықтырумен топтық және жеке айналысу үшін залдардың жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Шұғыл жағдайларда медициналық алғашқы көмек көрсетеді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
209. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
анатомия, физиология және патофизиология негіздері, жас ерекшелік физиологиясы;
әртүрлі аурулары бар науқастарға арналған емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу әдістемесі;
емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер; емдік массаж жүргізу негіздері, массаж түрлері мен түрлері;
емдік дене шынықтыруды жүргізу кезіндегі ықтимал асқынулар, олардың профилактикалық және жою жөніндегі шаралар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
210. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" немесе "Акушериялық іс", дене шынықтыру білімі) мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі (орта, орта-кәсіптік), тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
15-параграф. Медициналық тіркеуші
211. Лауазымдық міндеттері:
Емдеу ұйымына медициналық көмекке жүгінген науқастарды тіркеуді жүргізеді.
Медициналық карталарды сақтауды және емханадағы дәрігер кабинетіне немесе стационар бөлімшесіне жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ай сайын ұйымның медициналық статистикасына есеп береді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
212. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
пациенттермен және персоналмен қарым-қатынас жасау кезіндегі коммуникативтік дағдылар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
213. Біліктілікке қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіптік медициналық білімі, жұмыс өтіліне талап қоймастан тиісті бейін бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік.
16-параграф. Гигиенист эпидемиолог*
214. Лауазымдық міндеттері:
Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізеді. Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын, соның ішінде гигиеналық оқыту мен тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізеді.
Патогендерді тудыратын инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарында, оның ішінде аса қауіпті инфекциялармен жұмыс жасайды.
Патогенді микроорганизмдерді клиникалық материалдан және сыртқы орта компоненттерінен (микробиологиялық зертханалар үшін) оқшаулау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді.
Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады. Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Зертханалық зерттеулер үшін сынамалар: тамақ өнімдерін, тауарларды, бұйымдарды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивті және биологиялық заттарды, ауыз суды, сарқынды суларды, топырақты іріктеп, объектілерді және эпидемиологиялық ошақтарды санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарауді және олардың зертханалық және аспаптық зерттеулерін жүргізеді.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды сүйемелдейтін зертханалық зерттеулерді, сынақтарды, өлшеулерді орындайды.
Инфекциялық және инфекциялық емес сырқаттанушылықтың деректерін тіркеуді, есепке алуды және статистикалық өңдеуді қамтамасыз етеді.
Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылайды. Зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізуге жабдықтар дайындайды.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
215. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
гигиена және эпидемиология саласындағы құқықтық және нормативтік актілер мен құжаттар.
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
216. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
17-параграф. Санитариялық-гигиеналық бейін зертханашысы*
217. Лауазымдық міндеттері:
Зертханалық зерттеулер үшін эпидемиологиялық ошақтарға сынамалар алу: Тамақ өнімдері, тауарлар, бұйымдар, құрылыс материалдары, кең тұтынылатын тауарлар, уытты, радиоактивті және биологиялық заттар, ауыз су, сарқынды сулар, топырақ және олардың зертханалық және аспаптық зерттеулері.
Материалдарды жинауға және өңдеуге қатысады.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Зертханалық жабдықтың жарамды күйін бақылайды.
Зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізуге жабдықтар дайындайды.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
Патогенді микроорганизмдерді клиникалық материалдан және сыртқы орта компоненттерінен (микробиологиялық зертханалар үшін) оқшаулау бойынша зертханалық зерттеулер жүргізеді.
218. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
санитария және гигиена саласындағы құқықтық және нормативтік актілер мен құжаттар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
219. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Гигиена және эпидемиология" немесе "Зертханалық диагностика" немесе "Жаратылыстану ғылымдар, математика және статистика" кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
*Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
18-параграф. Нұсқаушы дезинфектор
220. Лауазымдық міндеттері:
Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және орындайды, олардың көлемін, жекелеген объектілерге дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу әдістемесі мен құралдарын айқындайды.
Патогендерді тудыратын инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарында, оның ішінде аса қауіпті инфекциялармен жұмыс жасайды.
Дезинфекциялау бригадасына басшылықты жүзеге асырады және қорытынды және профилактикалық дезинфекция жүргізуге қатысады. Дезинфекциялық ерітінділердің дайындалуын, пайдаланылуын, аппаратураның, мүкәммалдың қолданылуын, орындалған дезинфекцияның сапасын, дезинфекторлардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылайды.
Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарды орындау кезінде әдістемелердің сақталуын бақылайды. Дезинфекциялық жұмыстарды орындауға арналған құжаттаманы ресімдейді
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
221. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
жеке қорғану құралдарын қолданудың және улану кезінде алғашқы көмек көрсетудің тәртібі мен шарттары;
дезинфекциялау препараттарының номенклатурасы мен шығыс нормалары;
дезинфекциялық құралдарды сақтау және тасымалдау шарттары;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
222. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе техникалық және кәсіптік медициналық білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
19-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер
223. Лауазымдық міндеттері:
Өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның басшылығымен жүзеге асырады.
Емдеу-профилактикалық ұйымында және үйде науқастарға күтім жасайды.
Пациенттің жай-күйін бақылайды.
Науқастарды медициналық және психологиялық емдеуге жәрдемдеседі, пациенттің жаңа болу жағдайларына бейімделуіне көмектеседі.
Науқасты әлеуметтік қолдау мәселелерін шешеді (сауалдарды, заңды құжаттарды ресімдеу, медициналық-әлеуметтік сараптамаға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдар үйіне жолдаманы ресімдеуге қатысу немесе көмек көрсету);
Науқастардың және туған-туысқандарының өтініші бойынша аза тұту салттық рәсімдерінің діни қажеттіліктерін жөнелтуді ұйымдастырады.
Әлеуметтік қызмет бойынша есепке алу-есептік құжаттаманы жүргізеді.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
224. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
жалғызбасты, еңбекке жарамсыз азаматтар мен кемтар балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі негізгі қағидаттар;
қарт адамдардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
кезек күттірмейтін дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
225. Біліктілікке қойылатын талаптар:
техникалық және кәсіптік (әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық білімі) білімі, бейіні бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік.
20-параграф. Кіші мейіргер
226. Лауазымдық міндеттері:
Өз міндеттерін мейіргерінің басшылығымен орындайды.
Емдеу-профилактикалық ұйымда және үйде науқастарға базалық күтімді, оның ішінде жеке гигиенаны, іш-киімдерін және төсе орнын ауыстыруды жүзеге асырады, мүмкіндігі шектеулі пациентті тамақтандыру, науқастың жағдайын бақылайды және бағалайды.
Жалпы практика мейіргеріне науқасқа мейіргер күтімі бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға ассисент болады.
Пациенттерді тасымалдауды, алып жүруді және орын ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Антропометриялық өлшеулерді жүзеге асырады және пациенттердің деректерін тіркейді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Науқастарды, үй-жайларды таза ұстауды қамтамасыз етеді. Құрал-саймандардың, науқастарды күту заттарының, таңу құралдары мен науқастарды күту заттарының дұрыс пайдаланылуын, сақталуын және стерилизациялануын қадағалайды, дезинфекциялау іс-шараларын жүзеге асырады.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
227. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының негіздері;
мейргерлік қызметті ұйымдастыру мәселелері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
228. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (медициналық) білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
21-параграф. Медициналық массажист
229. Лауазымдық міндеттері:
Массаж бөлмесінің және массажшының жұмыс орнының жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Пациенттерді массажға дайындайды, емшаралар жүргізу кезінде пациенттердің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады.
Емдік (классикалық), сегменттік, нүктелік, спорттық, гигиеналық, косметикалық, аппараттық массаж, су асты душ-массажын жүргізеді.
Хирургияда қалпына келтіру емінің операциядан кейінгі кезеңінде тірек-қимыл аппаратының, орталық және перифериялық нерв жүйесінің, ішкі ағзалардың, зат алмасу ауруларының, несеп-жыныс жүйесінің, терінің аурулары мен жарақаттары кезінде массаждың жеке әдістерін қолданады.
Ерте балалық шақта балаларда массаж, массаж және жаттығу әдістерін қолданады.
Массаждың емдік дене шынықтырумен, физиотерапиялық ем-шарамен, тартумен, мануалдық терапиямен үйлесу қағидаларын сақтайды.
Медициналық массажбен айналысу үшін пайдаланылатын үй-жайларды, жабдықтарды және жарақтарды пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек гигиенасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтайды.
Пациенттер мен медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, массаж кабинетінде инфекциялық бақылау талаптарын орындайды.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Кәсіби қарым-қатынастың моральдық-құқықтық нормаларын сақтайды, еңбек тәртібінің талаптарын орындайды.
Санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
230. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
231. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушериялық іс") мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі, "Классикалық және емдік массаж" мамандығы бойынша сертификаттау курсы.
22-параграф. Аға медициналық зертханашы
232. Лауазымдық міндеттері:
Кіші медицина персоналының жұмысының сапалы орындалуын бақылайды.
Кіші медицина қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы мен санитариялық-эпидемиялық режим ережелерін орындауын бақылайды.
Бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, шығыс материалдарымен, реактивтермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді.
Дәрігердің басшылығымен зертханалық зерттеулер жүргізеді және оларды жүргізу үшін зертханалық аппаратураны, реактивтерді, химиялық ыдыстарды, қоректік ортаны, бояғыш және дезинфекциялық ерітінділерді дербес дайындайды.
Зерттеуге келіп түскен биологиялық материалды қабылдайды және тіркейді, оның орамасының және жеткізу уақытының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді.
Зерттеу үшін келіп түскен материалдың жарамдылығын, ілеспе құжаттаманың дұрыс ресімделуін тексеруді жүзеге асырады.
Аспаптарды, қоректік орталарды, реактивтерді, бояулар мен дезинфекциялық ерітінділерді градуирлеуге арналған стандартты және жұмыс ерітінділерін дайындайды.
Зертханалық құралдарды, ыдыстарды стерильдеуді жүргізеді.
Зерттеу нәтижелерін дәрігерге береді.
Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
Жүргізілетін зерттеулерге байланысты әртүрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындайды.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
233. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
негізгі инфекциялық аурулардың микробиологиялық диагностикасы;
санитариялық-микробиологиялық зерттеулер негіздері, жалпы клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және цитологиялық зертханалық зерттеулер әдістері;
зертханалық аппаратураны пайдалана отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу техникасы;
зертханалық жабдықты, бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
234. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі және тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білімі, "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бакалавриат және тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
23-параграф. Радиоизотопты (радионуклидті) диагностика зертханашысы
235. Лауазымдық міндеттері:
Технологиялық регламентке және операциялық рәсімдер стандарттарына сәйкес аппараттарда радиоизотоптық зерттеулер жүргізеді.
Дәрігердің басшылығымен емдеу-диагностикалық процесті жоспарлайды, ұйымдастырады және жүргізеді.
Диагностикалық зерттеулер жүргізу кезінде пайда болатын артефактілерді жою арқылы алынған суреттердің сапасын жақсартады.
Алынған синограммаларды тексереді, қалпына келтірілген деректердің сапалы және сандық өңделуін жүргізеді.
Радиоизотопты (радионуклидті) зерттеудің енгізілетін инновациялық әдістерінің стандартты операциялық рәсімдерін әзірлейді.
Анағұрлым білікті маманның басшылығымен жаңа сатып алынатын жабдықтар мен аппаратураларды қабылдау тестіне қатысады, оларды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін меңгереді.
Дене салмағы бойынша қалыпқа келтірілген радиофармпрепараттың жинақталуының стандартталған деңгейін тексереді.
Жабдықты тексеру және пайдалану және байқалған ақаулар туралы есептік құжаттаманы жүргізеді.
Радиоизотоптық (радионуклидтік) зерттеулердің деректерін жинау хаттамаларын ресімдеу және жақсарту бойынша жұмыс істейді.
Зерттеу кезінде пациент қабылдаған радиофармацевтикалық дәрі-дәрмектер мен рентген сәулелерінің дозаларын азайту бойынша жұмыс істейді.
Диагностикалық зерттеулер сапасының нашарлауын тудыратын себептерді зерделеуге қатысады, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
236. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
еңбек қызметін регламенттейтін әдістемелік және өзге де материалдар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, нұсқаулықтар, нормативтік-өкімдік құжаттар;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар мен нормалар;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
237. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (медициналық) білімі және "Рентгенологиядағы мейіргер ісі" сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік, мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
не "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Медициналық-профилактикалық іс", "Стоматология", "Жалпы медицина", "Медициналық-биологиялық іс" мамандығы бойынша жоғары білімі және жұмыс өтілін талап етпейтін радиоизотоптық (радионуклидтік) диагностика бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
24-параграф. Сәулелік жабдықтың мейіргері (немесе аға мейіргері) (радиотерапия технологы)
238. Лауазымдық міндеттері:
Сәулелік терапияға жіберілген пациенттерді тіркейді.
Сәулелік жабдықтың басқарушы компьютеріне пациенттің деректерін және сәулелену жоспарының параметрлерін енгізеді.
Дәрігер-сәулелік терапевтпен бірлесіп аппараттың параметрлерін (сәулелену өрісінің өлшемдері, гантри, коллиматор және емдік үстел, РИА) орната отырып, сәулелік терапия сеансын жүргізу үшін пациентті жатқызуды орындайды.
Пациентті емдеу кезінде теледидар құрылғысы, екі жақты телефон байланысы арқылы бақылайды.
Кіші медицина персоналының жұмысын және сәулелік терапия кабинетінің санитариялық жағдайын бақылайды.
Дәрігер немесе инженер-медициналық физиктің басшылығымен порталдық суреттер жасайды және порталдық визуализация жүйесі бар үдеткіштерде емдеу үстелінің жағдайын түзетеді.
Сәулелік және топометриялық карталарды уақытында жасайды.;
Қашықтықтан сәулелік терапия аппараттарын жұмысқа дайындайды, олардың дұрыс жұмыс режимін қадағалайды.
239. Білуге тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы онституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
еңбек қызметін регламенттейтін әдістемелік және өзге де материалдар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, нұсқаулықтар, нормативтік-өкімдік құжаттар;
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы санитариялық қағидалар мен нормалар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жөніндегі ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
240. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі және "Рентгенологиядағы мейіргер ісі" сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік, мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
не "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" немесе "Медициналық-профилактикалық іс" немесе "Стоматология" немесе "Жалпы медицина" немесе "Медициналық-биологиялық іс" мамандықтары бойынша жоғары білімі және жұмыс өтілін талап етпейтін сәуле жабдығы (радиотерапия технологиясы) бойынша біліктілігін арттыру туралы куәл.
8-тарау. Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Фармацевт
241. Лауазымдық міндеттері:
Дәрігерлердің рецептілері бойынша дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізуді және рецептісіз босатуды жүзеге асырады.
Халыққа дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды үй жағдайында қолдану, пайдалану, сақтау қағидаларын түсіндіреді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дәріхана ұйымдарында сақтауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптайды, олардың физикалық-химиялық қасиеттерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ерекше топтарының сақтау шарттары мен режиміне қойылатын талаптарды ескере отырып, сақтау орындарын анықтайды.
Жарамдылық мерзімі өткен және көзбен шолып қарау кезінде күмән тудыратын немесе жалған және контрафактілік өнімдерді сақтауға байланысты жарамсыз болған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алып қоюды жүзеге асырады.
Технологиялық процестің барлық сатыларында сапаны бақылау жүргізуді ескере отырып, дәріхана технологиясында айқындалған дәрілік заттарды, дәрілік нысандарды дайындайды.
Экстемпоралды дәрілік заттарды дайындау кезінде қолданылатын технологиялық процестерді орындайды.
Дәрігердің рецептілері және медициналық ұйымның талаптары бойынша экстемпоралды дәрілік түрлерді дайындау бойынша жұмыс орнын ұйымдастырады.
Заттың физика-химиялық, фармакологиялық қасиеттеріне негізделген рецепт жазбасына баға береді, сондай-ақ өндіріс процесін таңдайды.
Қажетті көлемде субстанциялардың, аспаптардың, құрал-саймандардың, жабдықтардың, қосалқы материалдар мен қаптамалардың болуын қамтамасыз етеді.
Этикалық мінез-құлық және деонтология нормаларын сақтай отырып, халықпен қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.
242. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
дәрілік заттардың фармакологиялық топтары, олардың сипаттамалары, медициналық көрсетілімдері және қолдану тәсілдері, қарсы көрсетілімдері, жанама әсерлері, дәрілік заттардың синонимдері мен баламалары;
дәрілік заттардың жанама әсерлері туралы ақпарат жинау тәртібі;
халықпен жұмыс істеу және деонтология этикасының нормалары;
дәріхана ұйымдарында мерчандайзинг, дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімдерінің есебін жүргізу және оларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау;
дәрілік түрлерді дайындау технологиясы;
дәрілік заттар субстанцияларының физикалық-химиялық қасиеттері, сақтау тәртібі, физикалық-химиялық және фармакологиялық үйлесімділігі;
дәріхана жағдайында дәрілік түрлерді дайындаудың санитариялық нормалары мен қағидалары;
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
243. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Фармация" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі, "Фармация" мамандығы бойынша маман сертификаты.
9-тарау. Кіші медицина персоналы лауазымдарының біліктілік сипаттамалары 1-параграф. Санитар
244. Лауазымдық міндеттері:
Жалпы санитариялық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинауды жүргізеді.
Суднаны беруді, жинауды жүзеге асырады.
Жатқан науқастардың төсек жанындағы тумбочкаларын (үстелдерін) әрбір тамақтан жинайды.
Шаруашылық бикесінен іш киім, шаруашылық мүкәммал және жуу құралдарын алады, зертханалық және дәріхана ыдыстарын жууды жүзеге асырады, қатты тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинайды.
Патогенді микроорганизмдермен жұмыс істегеннен кейін үй-жайларда зертханалардың жұқпалы аумағында және санитариялық өткізгіштерде тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Зертханалық ыдыстар жууды, өңіделген биоматериалдарды кәдеге жаратуды жүзеге асырады.
Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, биологиялық қауіпсіздік, өртке қарсы және авариялық қауіпсіздік талаптарын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық режим тәртібін сақтайды.
245. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасы конституциясының, халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, туралы, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
киім мен аяқ киімді күту тәсілдері, маталардың түрлері, оларды тазалау, жуу және үтіктеу тәсілдері;
санитария және гигиена қағидалары;
жуу құралдарының мақсаты және олармен жұмыс істеу тәртібі;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі тәртіп және нормалар.
246. Біліктілікке қойылатын талаптар:
бастауыш немесе жалпы орта білім білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жеке оқыту.
10-тарау. Техникалық және кәсіптік медициналық емес білімі бар қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханашысы
247. Лауазымдық міндеттері:
Зерттеу жүргізуге жабдықты (аспаптарды, аппаратураны) дайындайды, әзірленген нұсқаулықтар мен техникалық құжаттамаға сәйкес оны тексеруді және қарапайым реттеуді жүзеге асырады.
Бөлімше қызметкерлерін жұмысқа қажетті жабдықтармен, шығыс материалдарымен, реактивтермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді.
Белгіленген рәсімдерге сәйкес үлгілерді іріктеу және оларды таңбалау бойынша талап етілетін операцияларды (манипуляцияларды) орындайды.
Сынақтар жүргізу үшін қажетті химиялық ыдыстарды, қосалқы құралдар мен жабдықтарды іріктеуді және дайындауды жүзеге асырады.
Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды, бастапқы шикізатты және буып-түю материалдарын, аралық өнімді және өндірістік орта объектілерін сынауға арналған зертханалық жабдықтарды, материалдар мен объектілерді дайындауды жүргізеді.
Талдау жүргізу үшін реактив ерітінділерін дайындайды.
248. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
тиісті өндірістік практика тәртібі;
сынамаларды іріктеу рәсімін орындау;
талдамалық әдістемелерге валидация жүргізу;
прекурсорлармен және улармен жұмыс;
физикалық-химиялық, талдамалық сынақтар жүргізу;
зертханалық жабдық, бақылау-өлшеу аппаратурасы және оны пайдалану тәртібі;
"GMP" (ДжиЭмПи) тиісті өндірістік практика қағидаттары;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
249. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын тиісті мамандық (фармацевтикалық, химиялық, биологиялық) бойынша техникалық және кәсіптік білімі.
2-параграф. Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі
250. Лауазымдық міндеттері:
Білікті маманның басшылығымен бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарына жөндеу және қызмет көрсетуді жүргізеді.
Кәсіпорын мен зертхананың жұмыс істеп тұрған объектілерінде бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың жаңа типтері мен құралдарын зерделейді.
Білікті маманның басшылығымен учаске қызмет көрсететін кәсіпорын объектілеріндегі бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Учаске қызметкерлерінің материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және өзге де ресурстарды ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді.
Жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың, шаруашылық және өрт мүкәммалының, жеке қорғану құралдарының жарамды жай-күйін сақтайды.
Білікті маманның басшылығымен орындалатын жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Білікті маманның басшылығымен жөндеу жұмыстарының технологиясын сақтайды.
Білікті маманның басшылығымен белгіленген тәртіпке сәйкес учаскенің жабдығы мен коммуникацияларын пайдаланады.
Кәсіпорын бөлімшелерінің персоналы үшін бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты әзірлеуге қатысады.
Жөндеу жұмыстарының көлемін анықтауға, жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелерін және техникалық құжаттаманы жасауға қатысады.
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының жұмысындағы ақаулықтар мен бұзушылықтардың себептерін талдауға қатысады.
Өлшеу сапасын жақсарту және жабдықтың сенімділігін арттыру бойынша ұсыныстар береді.
Ағымдағы жұмыс жоспарларын құруға қатысады.
251. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
өндірістік-шаруашылық қызметке (учаске, цех, бөлім) қатысты әдістемелік, нормативтік, басшылық материалдар;
жабдықтар мен коммуникациялар (учаске, цех, бөлім), оны пайдалану және жөндеу тәртібі, конструктивтік ерекшеліктері;
жабдықты жөндеуге қабылдау және оны жөндеуден кейін тапсыру тәртібі;
орындалатын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;
жоспарлы-алдын ала жөндеу жүргізу тәртібі;
жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға ақау ведомостары мен өтінімдерді жасау тәртібі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік санитария жөніндегі ережелер, тәртіп және нұсқаулықтар;
электр қондырғыларын орнату және пайдалану тәртібі;
экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
252. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талаптар қойлымайтын тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік білімі.
3-параграф. Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі техник
253. Лауазымдық міндеттері:
Маманның басшылығымен қызмет көрсетілетін орталық жылыту жүйесінің, желдету жүйесінің сумен жабдықтау жүйесінің және конденсаттардың суағарларының ақаусыз жай-күйін, авариясыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеуді қамтамасыз етеді.
Қызмет көрсетілетін жүйелердің мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды.
Жүйелердің жұмысындағы ақауларды жояды, оларды жөндеуді, монтаждауды, реттеуді және сынауды (орталық жылытудың, желдеткішті сумен жабдықтаудың және суағарлардың санитариялық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және жинау, құбырларды, фитингтерді, фасонды бөлшектерді, арматураны және бекіту құралдарын, жылыту панельдерін сұрыптау) жүзеге асырады.
Материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінімдер жасауға қатысады және оларды үнемді және ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді.
Білікті маманның басшылығымен жөнделген жүйелерді пайдалануға беруге дайындайды.
Білікті маманның басшылығымен құралдар мен психрометриялық кестелердің көмегімен мекеме үй-жайларындағы ауаның берілген температурасы мен ылғалдылығын ұстап тұру үшін желдету және ауа баптау жүйесін реттейді;
Желдеткіштерді, форсункаларды, калориферлер мен сорғыларды қарауды, тазалауды жүргізеді және жөндеуге қатысады, автоматты реттеу аспаптарының жай-күйі мен жұмысын бақылайды;
Білікті маманның басшылығымен желдету және ылғалдандыру қондырғыларын іске қосуды және тоқтатуды жүзеге асырады;
Білікті маманның басшылығымен желдету және ауаны баптау жүйелерін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін және газбен жабдықтау жүйесін бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды, монтаждауды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
Білікті маманның басшылығымен ауаның температурасы мен ылғалдылығын техникалық шарттарға сәйкес реттейді.
254. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
санитариялық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен мақсаты;
құбырлардың, фитингтердің және арматураның диаметрін өлшеу тәсілдері мен сұрыптамасы;
қол және механикаландырылған құралдардың мақсаты мен қолдану тәртібі;
орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитариялық-техникалық құбыр жүйелерін жөндеудің жұмыс принципі, мақсаты және ерекшеліктері;
тесіктерді бұрғылау және тесу тәсілдері;
санитариялық және жылыту аспаптарын орнату тәртібі;
әртүрлі санитариялық-техникалық құбыр жүйелерінің құрылысы және жөндеу тәсілдері;
құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу тәсілдері;
санитариялық-техникалық жүйелер мен арматураны сынау тәртібі;
материалдар мен қосалқы бөлшектер шығысының нормалары;
желдету-ылғалдандыру қондырғылары мен автоматты реттеу аспаптарының құрылысы, құрылысы және жұмыс істеу принципі;
өндірістік цехтардағы ылғалдылық пен температура параметрлері;
психрометрлерді орнату және зарядтау тәртібі;
ауа ылғалдылығының көрсеткіштерін анықтау үшін кестелерді пайдалану тәртібі;
желдету-ылғалдандыру қондырғыларын тазалау режимі;
жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға ақаулы ведомостар мен өтінімдерді жасау тәртібі;
еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдармен жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру тәртібі;
желдету жабдықтары мен жылыту жүйелерінің жұмысын бақылау тәсілдері;
жөнделетін жабдықты жөндеу, құрастыру және монтаждау тәртібі;
еңбек қызметіне байланысты техникалық терминдер (фэнкойлдар, сплит-жүйелер, чиллерлер);
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
255. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмайтын ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білімі.
4-параграф. Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру технигі
256. Лауазымдық міндеттері:
Білікті маманның басшылығымен орталық сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың қызмет көрсетілетін жүйелерінің жарамды жай-күйін, авариясыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеуді қамтамасыз етеді.
Қызмет көрсетілетін жүйелердің мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды.
Жүйелердің жұмысындағы ақауларды жояды, оларды жөндеуді, монтаждауды, реттеуді және сынауды (сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитариялық-техникалық жүйелерінің күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және жинау, құбырларды, фитингтерді, фасонды бөлшектерді, арматураны және бекіту құралдарын сұрыптау, муфталармен және контргайкалармен жинақтауды, болттарды) жүзеге асырады – құбырларды, жылыту панельдерін, санитариялық-техникалық кабиналар мен блоктарды қосу, бөлшектер мен аспаптарды бекіту, Бақылау-өлшеу аспаптарын орнату орындарын белгілеу, шойын құбырлардан жасалған құбырлар учаскелерін ауыстыру, Құбырларды сынау кезінде ақаулы жерлерді орнату).
Материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға өтінімдер жасауға қатысады және оларды үнемді және ұтымды жұмсауды қамтамасыз етеді.
Білікті маманның басшылығымен жөнделген жүйелерді пайдалануға беруге дайындайды.
Құбырларды монтаждау орнына тасымалдау кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын бақылайды.
Білікті маманның басшылығымен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін бөлшектеуді, жөндеуді, құрастыруды, монтаждауды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
257. Білуі тиіс:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы конституциясының, азаматтық және еңбек заңнамасының негіздері;
санитариялық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен мақсаты;
құбырлардың, фитингтердің және арматураның диаметрін өлшеу тәсілдері мен сұрыптамасы;
қол және механикаландырылған құралдардың мақсаты мен қолдану тәртібі;
орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлардың санитариялық-техникалық құбыр жүйелерін жөндеудің жұмыс принципі, мақсаты және ерекшеліктері;
санитариялық-техникалық жүйелер бөлшектерінің, құбырларды қосу және құбырларды бекіту түрлері;
тесіктерді бұрғылау және тесу тәсілдері;
болат және полимер құбырлардан жасалған Санитариялық-техникалық құбыр жүйелерінің құрылысы және жөндеу тәсілдері;
аспаптар мен бекітпелерді орнату орындарын белгілеу тәсілдері;
санитариялық және жылыту аспаптарын орнату тәртібі;
әртүрлі санитариялық-техникалық құбыр жүйелерінің құрылысы және жөндеу тәсілдері;
құбырларды сынау кезінде ақаулы орындарды белгілеу тәсілдері;
санитариялық-техникалық жүйелер мен арматураны сынау тәртібі;
қазандарды, бойлерлерді, калориферлер мен сорғыларды дайындау және сынау тәсілдері;
материалдар мен қосалқы бөлшектер шығысының нормалары;
экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері;
жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құрал-саймандарға ақаулы ведомостар мен өтінімдерді жасау тәртібі;
еденнен басқарылатын қарапайым жүк көтергіш құралдармен жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру тәртібі;
жөндеу тәртібі, жөнделетін жабдықты құрастыру және монтаждау;
ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
258. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жұмыс өтіліне талап қойылмайтын орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білімі.
5-параграф. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы техник-дозиметрист
259. Лауазымдық міндеттері:
Радиациялық жағдайды, қоршаған орта объектілерін, халық пен персоналдың сәулеленуін радиациялық бақылау көлемінде радиометриялық және дозиметриялық өлшеулерді қамтамасыз етеді.
260. Білуі тиіс:
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
мыналарды қамтитын дозиметрия мен радиациялық қауіпсіздіктің физикалық негіздері;
радиоактивтілік құбылысы;
иондаушы сәулеленудің затпен өзара әрекеттесуі;
радиациялық-физикалық шамалар;
иондаушы сәулеленудің дозиметриясы;
сыныптауышын, иондаушы сәулелену көздерінің физикалық-техникалық сипаттамалары;
сыртқы сәулеленудің дозиметриясы (ұжымдық және жеке);
инкорпорацияланған радиоактивті заттардың сәулеленуінің дозиметриясы (экспресс әдістері);
иондаушы сәулеленуден радиациялық қорғану негіздері;
бөлімшені аспаптық жарақтандыру және жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыру;
радионуклидттердің белсенділігін өлшеу.
261. Біліктілікке қойылатын талаптар:
инженерлік-техникалық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика кадрларын даярлау бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі.
6-параграф. Энтомологтың (зоологтың) көмекшісі*
262. Лауазымдық міндеттері:
Облыс аумағында бұрыннан белгілі ошақтардың щиеленісін айқындау және жаңаларын анықтау мақсатында зертханалық зерттеу үшін ықтимал жұқтырылған немесе патогенді сыртқы орта объектілерінен материал (кенелер, кеміргіштер, құсалар, ұя салу материалы және т.б.) жинауды жүзеге асырады.
Түрінің құрамын анықтайды, табиғи-ошақтық инфекцияларды тасымалдаушы – ұсақ сүтқоректілердің саны мен биотопиялық таралуын анықтайды.
Зооноздардың табиғи ошақтарын анықтауға қатысады.
Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының таралуы мүмкін жерлерде іс-шараларды уақтылы жүргізу үшін суарумен, суландырумен және адамның басқа да шаруашылық қызметімен байланысты кеміргіштер станцияларындағы ығысуға бақылау жүргізеді.
Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Қансорғыш буынаяқтылар-аса қауіпті инфекциялардың тасымалдаушылары мен сақтаушыларының түрінің құрамын, санын, таралуы мен паразиттеу мерзімдерін есепке алуды анықтайды.
Облыс аумағындағы эпизоотологиялық жағдайды анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу жүргізу үшін иксод кенелерін жаппай жинауды ұйымдастыруға қатысады.
Трансмиссивті ошақтарға эпизоотологиялық тексеру жүргізеді.
Иксод кенелер санының болжамын жасайды.
Табиғи ошақта аса қауіпті инфекциялармен жұмыс жасау тәртібін сақтайды.
Кеміргіштермен және инфекцияларды тасымалдаушылармен күресуге бағытталған халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
263. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген).
санитариялық-эпидемиологиялық бағалау негіздері, принциптері мен әдістері;
жабайы және синантропты жануарлардың жүйеленуі мен экологиясы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі тәртіп және нормалар;
264. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Гигиена және эпидемиология" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі немесе "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" бағыты бойынша жоғары кәсіптік білімі, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
* Ескертпе:
Патогендігі I және (немесе) II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыру шеңберінде лауазымдар үшін патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша сертификаттау курсы туралы куәліктің және биологиялық қауіпсіздік саласындағы біліктілікті арттыру туралы құжаттың болуы.
11-тарау Қызметшілер лауазымдарының әліпбилік нұсқамасы
265. Қызметшілер лауазымдарының әліпбилік нұсқамасы
осы қосымшаға 1-қосымшада көрсетілген.
266. Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының бұрын қолданыста болған біліктілік сипаттамалары бойынша атауларын көрсете отырып, осы анықтамалықта көзделген қызметшілер лауазымдары атауларының тізбесі осы қосымшаға 2-қосымшада көрсетілген.
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына 1-қосымша |
Қызметшілер лауазымдарының әліпбилік нұсқамасы
Р/с | Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының атауы |
Параграф | № бет |
1 | 2 | 3 | 4 |
- | Басшылардың лауазымдары | - | 15 |
1. | Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор) | § 1 | 16 |
2. | Денсаулық сақтау ұйымдары (медициналық бөлім бойынша, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша, стратегиялық даму бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша, эпидемияға қарсы жұмыс бойынша) және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті (санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс бойынша) жүзеге асыратын денсаулық сақтауды ұйымдары басшысының орынбасары (бас директор немесе директор) | § 2 | 21 |
3. | Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор немесе директор) экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты | § 3 | 25 |
4. | Денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер), мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының виварий меңгерушісі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымның микробиологиялық зертхана меңгерушісі), санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы* | § 4 | 27 |
5. | Мейіргер ісі жөніндегі директордың орынбасары | § 5 | 33 |
6. | Бас мейіргер | § 6 | 35 |
- | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы, санитариялық-эпидемиологиялық бейінді білімі бар мамандар лауазымдары | - | 36 |
7. | Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | § 1 | 36 |
8. | Дәрігер (бейінді маман) * | § 2 | 38 |
9. | Сарапшы-дәрігер | § 3 | 40 |
10. | Сот-медициналық сарапшы дәрігер (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің) | § 4 | 41 |
11. | Сот-медициналық сарапшы маман (сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, молекулярлы-генетикалық зерттеулер) | § 5 | 43 |
12. | Трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер | § 6 | 44 |
13. | Резидент-дәрігер | § 7 | 47 |
14. | Тағылымдамашы дәрігер | § 8 | 49 |
15. | Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша, персонал бойынша (HR-менеджер) (ЭйЧар-менеджер)) | § 9 | 51 |
16. | Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері және (немесе) маманы (валеолог, эпидемиолог, статист, әдіскер)* | §10 | 54 |
17. | Санитариялық- эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маман)* | § 11 | 55 |
18. | Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) | § 12 | 57 |
19. | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет аудиторы | § 13 | 59 |
20. | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымындағы биоқауіпсіздік жөніндегі маман* | § 14 | 59 |
21. | Сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің маманы* | § 15 | 61 |
22. | VAD (ВАД) үйлестірушісі (қанайналымын механикалық қолдау жөніндегі маман | § 16 | 62 |
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі бар мамандардың лауазымдары | - | 63 | |
23. | Фармацевт (провизор) | § 1 | 63 |
24. | Радиофармацевт | § 2 | 65 |
25. | Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инженер-технолог* | § 3 | 67 |
26. | Клиникалық фармацевт | § 4 | 68 |
27. | Фармациядағы сапаны басқару жөніндегі менеджер | § 5 | 70 |
28. | Инспектор | § 6 | 71 |
29. | Аға радиофармацевт | § 7 | 73 |
- | Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары | - | 74 |
30. | Зертхана маманы* | § 1 | 74 |
31. | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы маман (биолог, зоолог немесе эпизоотолог, энтомолог)* | § 2 | 76 |
32. | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | § 3 | 77 |
33 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі маман | § 4 | 78 |
34 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі менеджер | § 5 | 79 |
35 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының биоқауіпсіздік жөніндегі маман* | § 6 | 81 |
36 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы инженер-дозиметрист | § 7 | 82 |
37 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженер | § 8 | 83 |
38. | Медициналық психолог | § 9 | 84 |
39. | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі циклотронының инженері | §10 | 85 |
40. | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру жөніндегі pадиохимик-технолог | §11 | 87 |
41. | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі радиохимик талдаушы | §12 | 89 |
42. | Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету маманы | §13 | 91 |
43. | Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілерді желдетуге қызмет көрсету жөніндегі инженер | §14 | 92 |
44. | Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі инженер | §15 | 94 |
45. | Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер | §16 | 96 |
46. | Медициналық физик | § 17 | 99 |
47. | Ядролық медицинадағы технологиялық және медициналық газдарға қызмет көрсету жөніндегі инженер | §18 | 100 |
48. | Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі инженер | § 19 | 102 |
49. | Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженер | §20 | 103 |
50. | Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика инженері | §21 | 105 |
51. | Ядролық медицинадағы инженер-технолог | §22 | 106 |
52. | Инженер-медициналық физик | §23 | 108 |
53. | Сәулелік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер | §24 | 110 |
54. | Клиникалық эмбриолог. | §25 | 111 |
Орта медициналық білімнен кейінгі мамандардың лауазымдары | - | 112 | |
55. | Кеңейтілген практика мейіргері | § 1 | 112 |
- | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі білім бар мамандардың лауазымдары | - | 114 |
56. | Фельдшер | § 1 | 114 |
57 | Акушер | § 2 | 115 |
58 | Учаскелік мейіргер және (немесе) жалпы практика мейіргері | § 3 | 117 |
59 | Мейіргер (мамандандырылған) | § 4 | 118 |
60 | Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері | § 5 | 120 |
61 | Диеталық мейіргер | § 6 | 121 |
62 | Стоматологиялық гигиенист | § 7 | 122 |
63 | Дантист | § 8 | 123 |
64 | Стоматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті) | § 9 | 124 |
65 | Tic технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы) | § 10 | 125 |
66 | Медицинлық зертханашы | § 11 | 126 |
67 | Рентген зертханашысы | § 12 | 128 |
68 | Оптик және оптикометрист | § 13 | 129 |
69 | Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы | § 14 | 130 |
70 | Медициналық тіркеуші | § 15 | 131 |
71 | Гигиенист эпидемиолог* | § 16 | 132 |
72. | Санитариялық-гигиеналық бейін зертханашысы* | § 17 | 133 |
73. | Нұсқаушы дезинфектор | § 18 | 134 |
74. | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер | § 19 | 135 |
75. | Кіші мейіргер | § 20 | 137 |
76. | Медициналық массажист | § 21 | 138 |
77. | Аға медициналық зертханашы | § 22 | 139 |
78. | Радиоизотопты (радионуклидті) диагностика зертханашысы | § 23 | 140 |
79. | Сәулелік жабдықтың мейіргері (немесе аға мейіргері) (радиотерапия технологы) | § 24 | 141 |
- | Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің лауазымдары | - | 143 |
80. | Фармацевт | § 1 | 143 |
- | Кіші медицина персоналының лауазымдары | - | 144 |
81 | Санитар | § 1 | 144 |
Техникалық және кәсіптік медициналық емес білімі бар қызметкерлер лауазымдары | 145 | ||
82 | Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханашысы | § 1 | 145 |
83 | Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі | § 2 | 146 |
84 | Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі техник | § 3 | 148 |
85 | Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру технигі | § 4 | 150 |
86 | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы техник-дозиметрист | § 5 | 151 |
87 | Энтомологтың (зоологтың) көмекшісі* | § 6 | 152 |
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына 2-қосымша |
Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының бұрын қолданыста болған біліктілік сипаттамалары бойынша атаулары көрсетілген, осы анықтамалықта көзделген қызметшілер лауазымдары атауларының тізбесі
Р/с | Бұрын қолданыста болған біліктілік сипаттамаларындағы басшылар мен мамандар лауазымдарының атаулары | Осы анықтамалықта орналастырылған басшылар мен мамандар лауазымдарының атаулары |
1 | 2 | 3 |
- | Басшылар лауазымдары | Басшылар лауазымдары |
1. | Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор немесе директор) республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы Республикалық маңызы бар ұйымның басшысы (бас директор, директор) | Республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымның және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, ядролық медицина саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор) |
2. | Денсаулық сақтау ұйымы (медициналық бөлім бойынша, медициналық қызметтердің сапасын бақылау бойынша, стратегиялық даму бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша, эпидемияға қарсы жұмыс бойынша) және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйым басшысының (бас директорының немесе директорының) орынбасары | Денсаулық сақтау ұйымдары (медициналық бөлім бойынша, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша, стратегиялық даму бойынша, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс бойынша, эпидемияға қарсы жұмыс бойынша) және (немесе) денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ұйымдар және (немесе) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті (санитариялық-эпидемиологиялық жұмыс бойынша) жүзеге асыратын денсаулық сақтауды ұйымдары басшысының орынбасары (бас директор немесе директор) |
3. | Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор немесе директор) экономикалық және әкімшілік – шаруашылықты қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары | Денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директор немесе директор) экономикалық және әкімшілік-шаруашылықты |
4. | Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім басшысы, аға медициналық мейіргер немесе мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі) | Денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер), мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының виварий меңгерушісі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымның микробиологиялық зертхана меңгерушісі), санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымында сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің бастығы, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы метрология және техникалық қызмет көрсету бөлімінің бастығы* |
5. | Директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары | Мейіргер ісі жөніндегі директордың орынбасары |
6. | Бас мейіргер | Бас мейіргер |
- | Денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының лауазымдары | - |
- | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар мамандар лауазымдары | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы, санитариялық-эпидемиологиялық бейінді білімі бар мамандар лауазымдары |
7. | Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері | Учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы практика дәрігері |
8. | Дәрігер (бейінді маман) | Дәрігер (бейінді маман) * |
9. | Сарапшы-дәрігер | Сарапшы-дәрігер |
10. | Дәрігер - сот-медициналық сарапшысы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің) | Сот-медициналық сарапшы дәрігер (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің) |
11. | Маман - сот-медициналық сарапшысы (сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медициналық-криминалистикалық, молекулярлы-генетикалық зерттеулердің) | Сот-медициналық сарапшы маман (сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, молекулярлы-генетикалық зерттеулер) |
12. | Жоқ | Трансплантаттауды үйлестіруші дәрігер |
13. | Резидент-дәрігер | Резидент-дәрігер |
14. | Жоқ | Тағылымдамашы дәрігер |
15. | Жоқ | Денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша, персонал бойынша (HR-менеджер) (ЭйЧар-менеджер)) |
16. | Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер) | Қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері және (немесе) маманы (валеолог, эпидемиолог, статист, әдіскер)* |
17. | Санитариялық- эпидемиологиялық қызмет саласындағы дәрігер (немесе маман) | Санитариялық- эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маман)* |
18. | Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) | Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) |
19. | жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет аудиторы |
20. | жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымындағы биоқауіпсіздік жөніндегі маман* |
21. | жоқ | Сынамаларды қабылдау және алу бөлімінің маманы* |
22. | жоқ |
VAD (ВАД) үйлестірушісі |
Жоғары және жоғары оқудан кейінгі фармацевтикалық білімі бар мамандардың лауазымдары | Жоғары және жоғары білімнен кейінгі фармацевтикалық білімі бар мамандардың лауазымдары | |
23. | Провизор (Фармацевт) | Фармацевт (провизор) |
24. | Жоқ | Радиофармацевт |
25. | Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар өндіру жөніндегі инженер-технолог | Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі инженер-технолог* |
26. | Жоқ | Клиникалық фармацевт |
27. | Жоқ | Фармациядағы сапаны басқару жөніндегі менеджер |
28. | Жоқ | Инспектор |
29. | Жоқ | Аға радиофармацевт |
- | Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары | Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары |
30. | Зертхана маманы | Зертхана маманы* |
31. | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог немесе эпизоотолог, энтомолог) | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы маман (биолог, зоолог немесе эпизоотолог, энтомолог)* |
32. | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман |
33. | Жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі маман |
34. | Жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сапа жөніндегі менеджер |
35. | Жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының биоқауіпсіздік жөніндегі маман* |
36. | Жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы инженер-дозиметрист |
37. | Жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженер |
38. | жоқ | Медициналық психолог |
39. | жоқ | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттар өндірісі циклотронының инженері |
40. | жоқ | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттарды өндіру жөніндегі pадиохимик-технолог |
41. | жоқ | Радиофармацевтикалық дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі радиохимик талдаушы |
42. | жоқ | Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету маманы |
43. | жоқ | Ашық иондаушы сәулелену көздері бар объектілерді желдетуге қызмет көрсету жөніндегі инженер |
44. | жоқ | Сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау, сақтау және шығару жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі инженер |
45. | жоқ | Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер |
46. | жоқ | Медициналық физик |
47. | жоқ | Ядролық медицинадағы технологиялық және медициналық газдарға қызмет көрсету жөніндегі инженер |
48. | жоқ | Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі инженер |
49. | жоқ | Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі инженер |
50. | жоқ | Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика инженері |
51. | жоқ | Ядролық медицинадағы инженер-технолог |
52. | жоқ | Инженер-медициналық физик |
53. | жоқ | Сәулелік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі инженер |
54 | жоқ | Клиникалық эмбриолог. |
- | жоқ | Орта медициналық білімнен кейінгі мамандардың лауазымдары |
55. | Кеңейтілген практиканың мейіргер | Кеңейтілген практика мейіргері |
- | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар мамандардың лауазымдары | Техникалық және кәсіби медициналық білімі бар мамандардың лауазымдары |
56. | Фельдшер | Фельдшер |
57. | Акушер | Акушер |
58. | Учаскелік мейіргер және жалпы практикадағы мейіргер | Учаскелік мейіргер және (немесе) жалпы практика мейіргері |
59. | Мейіргер (мамандандырылған) | Мейіргер (мамандандырылған) |
60. | Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункт мейіргері | Білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің мейіргері |
61. | Диеталық мейіргер | Диеталық мейіргер |
62. | Стоматологиялық гигиенист | Стоматологиялық гигиенист |
63. | Тіс дәрігері (дантист) | Дантист |
64. | Стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті) | Стоматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті) |
65. | Tic технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы) | Tic технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы) |
66. | Зертханашы | Медициналық зертханашы |
67. | Рентген зертханашысы | Рентген зертханашысы |
68. | Оптик және оптикометрист | Оптик және оптикометрист |
69. | Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы | Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
70. | Медициналық тіркеуші | Медициналық тіркеуші |
71. | Санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігердің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы) | Гигиенист эпидемиолог* |
72. | жоқ | Санитариялық-гигиеналық бейін зертханашысы* |
73. | Нұсқаушы-дезинфектор | Нұсқаушы-дезинфектор |
74. | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер | Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер |
75. | Кіші мейіргер | Кіші мейіргер |
76. | Медициналық массажист | Медициналық массажист |
77. | жоқ | Аға медициналық зертханашы |
78. | жоқ | Радиоизотопты (радионуклидті) диагностика зертханашысы |
79. | жоқ | Сәулелік жабдықтың мейіргері (немесе аға мейіргері) (радиотерапия технологы |
- | Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің лауазымдары | Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлердің лауазымдары |
80. | Фармацевт (провизор) ассистенті | Фармацевт |
- | Кіші медициналық персонал лауазымдары | Кіші медицина персоналының лауазымдары |
81. | Санитар | Санитар |
жоқ | Техникалық және кәсіптік медициналық емес білімі бар қызметкерлердің лауазымдары | |
82. | жоқ | Радиофармацевтикалық дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханашысы |
83. | жоқ | Ядролық медицинадағы бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі |
84. | жоқ | Ядролық медицинадағы жылумен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйелері жөніндегі техник |
85. | жоқ | Ядролық медицинадағы сумен жабдықтау және су бұру технигі |
86. | жоқ | Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы техник-дозиметрист |
87. | жоқ | Энтомологтың (зоологтың) көмекшісі* |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 Бұйрыққа 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығы "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5896 болып енгізілді, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында жарияланған);
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығы "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5945 болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 7);
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығы "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 желтоқсанда № 187 (1784) "Юридическая газета" жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын);
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 587 "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7936 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 қазанда "Казахстанская правда" газетінің № 356-357 (27175-27176) санында жарияланған);
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 588 бұйрығы № 791 "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7937 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 қарашада № 385-387 (27204-27206) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 6 мамырдағы № 269 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8501 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 198 (28137) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 791 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2013 жылғы 26 шілдедегі № 436 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8683 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсанда № 344 (27618) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 147 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9359 болып тіркелген);
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" міндетін атқарушының № 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 500 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13839, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 1036 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14656 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 19 мамырдағы бұйрығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 311 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы № 791 "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15283 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 4 шілдеде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
12. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығының 1-тармағы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы № 774 және "интернатура мен резидентурада клиникалық даярлау мамандықтарының тізбелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрықтары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15670 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
13. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсанда Бұйрық № ҚР ДСМ-43 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18043 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 3 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
14. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18522 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 18 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 791 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-150 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19758 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 22 маусымдағы № ҚР ДСМ-70/2020 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 23 маусымда № 20887 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде тіркелді).