Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 тіркелген, орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, № 12, 2010 жыл) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының номенклатурасында:
1–бөлімде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымы:
1) учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері;
2) ординатор-дәрігер (профильдік маман);
3) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маманы);
4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);
5) денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы бойынша, медициналық қызметтің стратегиясы мен маркетингі бойынша, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі бойынша);
6) денсаулық сақтау саласындағы персоналмен жұмыс істеу менеджері;
7) сарапшы-дәрігер;
8) дәрігер – сот-медициналық сарапшы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, химия-токсикологиялық, сот-гистологиялық, медицина-криминалистік, молекулярлық-генетикалық зерттеулердің).";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:
1) аға мейірбике/мейірие (аға фельдшер, аға акушер);
2) фельдшер;
3) зертханашы;
4) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);
5) учаскелік мейірбике(мейірие)/жалпы практика мейірбикесі (мейірие);
6) мейірбике/мейірие (мамандандырылған);
7) акушер;
8) емдәм мейірбикесі;
9) ңұсқаушы-дезинфектор;
10) оптик және оптикометрист;
11) тіс дәрігері (дантист);
12) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);
13) стоматологиялық гигиенист;
14) рентген зертханашысы;
15) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);
16) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
17) медициналық тіркеуші;
18) кіші мейірбике/мейірие (мейірбикенің/мейіриенің көмекшісі);
19) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Денсаулық сақтау министрі | С. Қайырбекова |