"Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 сәуірде № 9359 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 тіркелген, 2010 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының Орталық атқару органдарының және басқа орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасында:

      Медициналық ұйымдар деген 1-бөлімде:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) психолог маман;

      2) денсаулық сақтаудағы сарапшы маман;

      3) зертхана маманы;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог);

      5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);

      6) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) инженер-медициналық физик;

      8) сәулелік жабдыққа қызмет көрсету бойынша инженер;

      9) радиомеханик инженер.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:

      1) аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер);

      2) фельдшер;

      3) зертханашы;

      4) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);

      5) учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері;

      6) мейіргер (мамандандырылған);

      7) акушер;

      8) емдәм мейіргері;

      9) ңұсқаушы-дезинфектор;

      10) оптик және оптикометрист;

      11) тіс дәрігері (дантист);

      12) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);

      13) стоматологиялық гигиенист;

      14) рентген зертханашысы;

      15) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);

      16) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      17) медициналық тіркеуші;

      18) кіші мейіргер (мейіргердің көмекшісі);

      19) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер;

      20) техник-дозиметрист".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрінің


міндетін атқарушы

Б. Төкежанов