Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 18043 болып тіркелді

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17 және 41-тармақтарына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ - 43 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдедегі № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген, 2010 жылғы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      Медициналық ұйымдар деген 1-бөлімде:

      Басшылардың лауазымдары деген 1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Денсаулық сақтау ұйымдары";

      "Басшылардың лауазымдары" деген 1-параграфта:

      Денсаулық сақтау ұйымының басшысы деген 1-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-кіші бөлім. "Республикалық, облыстық, өңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор, директор)";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойлатын талаптар:

      республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор) үшін: "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша), "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі/ғылыми дәрежесі/PhD докторы дәрежесінің болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің немесе экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің және/немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті"/"Менеджмент" мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі/ ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің болуы, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (профилі бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты;

      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы республикалық маңызы бар ұйымдардың басшысы (бас директор) үшін: "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) фармацевтикалық немесе медициналық білімі, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі/ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәреженің болуы және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің не экономика және бизнес (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" / "Денсаулық сақтау менеджменті" / "Менеджмент" мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми дәрежесі / магистратура / PhD докторантура дәрежесінің және басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты;

      денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар ұйымдарының басшысы (бас директор) үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білімі немесе ақпараттық жүйелер мен технологиялар, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің болуы немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің, "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент"/"Ақпараттық жүйелер" / "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" / "Инженерлік ақпараттық жүйелер және коммуникациялар" мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі/ ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің және басшылық лауазымдардағы кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болу: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты;

      облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша), "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі / ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл еңбек өтілінің немесе денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы немесе экономика және бизнес саласындағы (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент", "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесінің/ғылыми дәрежесінің / PhD докторы дәрежесінің және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің немесе денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты;

      аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша), "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесінің және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында немесе денсаулық сақтау ұйымдарындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы немесе экономика және бизнес (экономика, менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық саласындағы (заң немесе халықаралық құқық) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі / ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің және денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты.";

      Денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі) деген 2 - кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-кіші бөлім. Республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың) орынбасары (медицина бөлімі жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі).

      Лауазымдық міндеттері. Денсаулық сақтау ұйымдарының өзіне бағынышты құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқаруды қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылдарын ұйымдастырады. Ұжымның халыққа уақытылы және білікті медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмысын, білім беру және ғылыми қызметін ұйымдастырады. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысын жүзеге асырады. Көрсетілген медициналық қызметтің сапасын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Персоналдық медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне сәйкес көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, сондай-ақ олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестегін қамтамасыз етеді. Ұйымның емдеу қызметін талдауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Медициналық техниканың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етеді. Емдеу және профилактикалық көмекті, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етеді. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды жоспарлайды және жүргізілуін қамтамасыз етеді. Медициналық кадрларды ұтымды орналастыру мен еңбегін ұйымдастыруды, олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін дамытуды қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады. Тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, ол бәсекеге қабілеттігін арттыру мен дамыту жөніндегі нақты шараларды қамтиды; қызметті дамыту үдерісін бағалау мен мониторингілеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді; әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді; медициналық ұйымның стратегиясын таңдайды және даму басымдықтарын айқындайды, мақсатқа жету әдістерін анықтайды, мақсаттың таңдалуын негіздейді; мақсатқа жеткізу құралдарын айқындайды, ұйымдағы стратегиялық жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады; медициналық ұйымның инновациялық және инвестициялық қызметін, ұйымның одан әрі дамуымен байланысты жарнамалық стратегиясын әзірлеуге қатысады; ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің дамыту жоспарының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларының орындалуын мониторингілеу жөніндегі қызметті ұйымдастырады; ұйымның Жылдық операциялық жоспарының, Даму жоспарының және Даму стратегиясының (cтратегиялық жоспар) орындалуы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі қызметті одан әрі басшыға ұсыну үшін дамытудың одан әрі перспективалары бойынша ұсыныстар енгізе отырып, ұймдастырады; басшылыққа ұйымды стратегиялық дамыту мәселелері бойынша басқарушылық шешімдердің жобасын ұсынады; кадрлық саясаты қалыптастыруға және жүргізуге, персоналды басқаруға, дамытуға және еңбек қатынастарын реттеуге қатысады. Өмір мен денсаулыққа қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасайды, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастырады. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін, медициналық этиканы дамытуды, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды техникалық пайдалану талаптарының орындалуына, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік және еңбек қорғауды, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Білуі тиіс: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі, ұйымды басқарудың экономикалық тәсілдері, жоспарлы жұмысты ұйымдастыру, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздері, денсаулық сақтаудағы басқару жүйесі, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, еңбек ақы төлеу жүйесі және материалдық ынталандыру нысандары, еңбек заңнамасы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: клиникалық мамандық (санитариялық-эпидемиялогикалық қызмет ұйымы үшін - "Гигиена және эпидемиология") және "Қоғамдық денсаулық сақтау" / "Денсаулық сақтау менеджменті" / "Медицина" мамандығы бойынша (облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар, қалалар, астана үшін), клиникалық мамандық (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - "Гигиена және эпидемиология") және "Қоғамдық денсаулық сақтау" / "Денсаулық сақтау менеджменті" / "Медицина" мамандығы бойынша (қалалық және аудандық маңызы бар ұйымдар үшін) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білімі (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша) және "Қоғамдық денсаулық сақтау" / "Денсаулық сақтау менеджменті"/ "Менеджмент"/"Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін) мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі / ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің болуы және республикалық маңызы бар ұйымдар үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің, облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ұйымдары үшін кемінде 3 жыл еңбек өтілінің, аудандық және қалалық маңызы бар ұйымдар үшін кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практика) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) не екінші (бірінші) біліктілік санаты бар дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты.";

      "Денсаулық сақтау ұйымы басшысының экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары" деген 3-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-кіші бөлім. Денсаулық сақтау ұйымы басшысының экономикалық жұмыс және әкімшілік – шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары";

      Лауазымдық міндеттері.

      Ұйымның экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді, ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметтің перспективалық жоспарларын құру, оның негізіне алынған қажетті негіздемелері мен есептеулері бар жоспарларды әзірлеу жөніндегі қызметтеріне, сондай-ақ қаржы қызметін жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларына әдістемелік басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асырады. Қаржылық тәртіпті сақтауды, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді және ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауды ұйымдастырады. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын экономикалық жоспарлау бойынша әдістемелік материалдарды әзірлеуді, ұйымның әкімшілік-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бағалауға кешенді талдау жүргізуді ұйымдастырады. Ұйымның материалдық, еңбек ресурстарын үнемдеу режімін қатаң сақтауды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Ұйымда қолданылатын жоспарлық, есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізуді және уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді, ұйымның еңбек тиімділігін, қаржылық-шаруашылық дербестігін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындайды. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану, аттестация жүргізу мен жұмыс орындарын оңтайландыру бойынша іс-шаралар әзірлейді. Қаржы құрылымындағы мамандардың біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарын әзірлейді. Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша есеп жүргізуді және уақтылы ұсынуды, еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің, өртке қарсы қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі мен қорғау нормаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауды талаптарын қамтамасыз етеді.

      Білу тиіс: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасның Еңбек кодексі, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі, ұйымды басқарудың экономикалық тәсілдері, жоспарлы жұмысты ұйымдастыру, әлеуметтік гигиенаның теориялық негіздері, денсаулық сақтауды басқару жүйесі, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, еңбек ақы төлеу жүйесі және материалдық ынталандыру нысандары, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және қорғау нормалары мен ережелері, нарығының санитария және өртке қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша мамандандырылған жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық немесе медициналық білімі және/немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" немесе "Менеджмент" мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистратура дәрежесінің болуы, денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.".

      Денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары деген 4-кіші бөлім алып тасталсын;

      Денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық) деген 5-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-кіші бөлім. Денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, аға медициналық мейіргер/ мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі)";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары медициналық білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейіні бойынша), және/немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" / "Денсаулық сақтау менеджменті" / "Медицина" мамандығы бойынша, МВА кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі / ғылыми дәрежесі / PhD докторы дәрежесінің (ғылыми ұйымдар үшін), мамандығы бойынша кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы.

      Аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы медициналық (дәрігерлік практика) қызметін жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: клиникалық мамандықтар бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санаты бар дәрігердің біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі (бейіні бойынша), клиникалық практикаға рұқсат беру үшін маман сертификаты.

      Аға медициналық мейіргер/ мейіргер ісі жөніндегі менеджер – жұмыс өтіліне талаптар қоймай "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық немесе техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік), орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) медициналық білімінің және бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы.

      Қызметтің бейінді емес түрлері бөлімдерінің бастықтары үшін - бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.";

      Бас мейіргер (директордың мейіргер ісі жөніндегі орынбасары) деген 6-кіші бөлімінің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар. "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің немесе орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), білімі және бірінші (жоғары) біліктілік санаты және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы (2025 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы";

      "Біліктілік деңгейі жоғары мамандардың лауазымдары" деген 2 – параграфта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2- параграф. Жоғары және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандардың лауазымдары."

      Мынадай мазмұндағы кеңейтілген практика мейіргері деген 21-1-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "21-1-кіші бөлім. Кеңейтілген практика мейіргері."

      Лауазымдық міндеттері.

      Мейіргерлік қарап-тексеруді жүзеге асырады, мейіргерлік диагноз қояды, пациент үшін мейіргерлік араласу жоспарын құрады, техникалық және кәсіптік білім деңгейіндегі мейіргерлердің мейіргерлік шараларын жүзеге асыруын бақылайды, жалпы практикадағы, терапиядағы, хирургиядағы, акушериядағы және гинекологиядағы, психиатриядағы, гериатриядағы, оңалтудағы, паллиативті күтімдегі және алғашқы медициналық-санитариялық және стационарлық деңгейлердегі денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мамандандырылған салаларында тағайындалатын мейіргерлік араласу жоспарын бағалайды. Өз құзыреті шегінде анағұрлым кең тараған инфекциялық емес аурулары және тиісті респираторлық вирустық инфекциясы бар пациенттерді жеке қабылдауды жүзеге асырады. Пациентті/отбасын жалпы күтім процедураларына және ауруды басқаруға үйретеді және оны ұйымдастырады, жүзеге асырады, мониторинг жүргізеді және тиімділігін бақылайды. Жүкті әйелдерді бала туғаннан кейінгі әйелдерді, бір жасқа дейінгі балаларды, диспансерлік науқастар мен қарияларды үйде бақылауды жүзеге асырады. Денсаулықты нығайту және аурулардың профилактикасы бойынша қызметті ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігін және нәтижелілігін бағалайды. Дәрілік заттардың, қанға арналған дәрі-дәрмектердің және қан алмастырғыштардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етеді. Мейіргерлердің дәргерлік тағайындауларды тиісті түрде орындауларын ұйымдастырады. Емдеу-алдын алу мекемелеріндегі мейіргерлік есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізуді қамтамасыз етеді. Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Қауіпсіз ауруханалық ортаны және инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Дәлелді мейіргерлік нұсқаулықтарды және хаттамаларды әзірлеуге қатысады. Мейіргерлердің, дәрігерлердің және денсаулық сақтау саласының басқа да қызметкерлерінің кәсіпаралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Мейіргер ісіндегі сапаны жақсарту бойынша ұйымдастыру саясатын және қызметті әзірлеуге қатысады. Электронды денсаулық сақтау жағдайында мейіргерлік құжаттамалардың ұйымдастырылуын бақылайды.

      Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: еңбек өтіліне қойылатын талаптарды есепке алмай "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімінің, "Мейіргер ісі" (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білімінің болуы";

      "Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары" деген 3–параграфта:

      "Учаскелік мейіргер / жалпы практика мейіргері" деген 26- кіші бөлім және Мейіргер (мамандандырылған) деген 27-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-кіші бөлім. Учаскелік мейіргер / жалпы практика мейіргері

      Лауазымдық міндеттері. Кеңейтілген практика мейіргерінің не болмаса дәрігердің сырттай бақылауымен амбулаториялық қабылдауды жүргізеді және мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, науқастың мейіргерлік көмекке (мейіргерлік диагноз) мұқтаждығын бағалайды, тексеру, емдеу, науқасты күту жоспарын құрады, емдеу жағдайының және тиімділігінің динамикасын бағалайды, динамика деректерін ауру тарихына тіркейді, пациенттерді күнделікті қарауды жүргізеді, науқастардың жағдайын бақылайды және деректерді кеңейтілген практика мейіргеріне және/немесе дәрігерге тапсырады. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне науқастарды диспансерлеуді және үйде бақылауды ұйымдастыруға байланысты мәселелерде көмектеседі, өз құзыреті шегінде науқасты күтуді емдеу-профилактикалық ұйымдарда және үйде (патронаж) жүзеге асырады. Азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде төтенше жағдайларда, дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді. Зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, бөлімшедегі дәрілік заттардың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады, дәрілік заттарды есепке алуды, сақтауды, пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәрігердің тағайындауларын орындауды қамтамасыз етеді. Дәрігерге диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Науқастарға күтім жасауды, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге дайындайды, электрокардиографияға түсіреді. Қарапайым физиотерапиялық процедураларды орындайды. Жалпы практика дәрігеріне және кеңейтілген практика мейіргеріне аурулардың профилактикасы және салауатты өмір салтына қатысты мәселелерде көмектеседі, науқастар мен оның туыстарының арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, техникасын және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды.";

      Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", "Мейіргер ісі" немесе "Емдеу ісі" мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маман сертификаты.

      "27 - кіші бөлімі. Мейіргер (мамандандырылған)

      Лауазымдық міндеттері. Кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің сырттай бақылауымен мейіргерлік күтімді жүзеге асырады, пациенттің мейіргерлік көмекке мұқтаждығын бағалайды, емдеу жағдайының, тиімділігінің динамикасын бағалайды, пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізеді және деректерді кеңейтілген практика мейіргеріне және/немесе дәрігерге тапсырады. Алғашқы медициналық көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі мамандандырылған, паллиативтік медициналық көмек көрсетеді, зертханалық зерттеулер үшін материалдар жинауды, медициналық аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Дәрігер тағайындауларын дұрыс орындауды қамтамасыз етеді. Дәрігерге диагностикалық және емдік манипуляцияларды жүзеге асыруға көмектеседі. Әртүрлі жастағы және әртүрлі патологиясы бар науқастарға күтім жасаудың бүкіл кешенді шараларын, организмге дәрілік заттарды енгізуді жүзеге асырады, науқастарды диагностикалық зерттеулерге, операциялық араласуға дайындайды, электрокардиограмма жасайды. Физиотерапиялық процедураларды орындайды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға арналған талаптарды ресімдейді, олардың пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарға арнайы күтім жасауды жүзеге асырады. Жараларды таңу және күту жұмыстарын орындайды. Дәрігерге және кеңейтілген практика мейіргеріне аурулардың профилактикасына және салауатты өмір салтына қатысты мәселелерде көмектеседі, халыққа салауатты өмір салтын насихаттайды және санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу жұмысын жүргізеді. Медициналық этиканы, бекітілген жұмыс кестесін, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды.

      Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерия ісі", тиісінше мамандығы бойынша маман сертификаты, сондай-ақ "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитарлық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандығы бойынша аталған қызметке 2003 жылғы 11 ақпанға дейін кіріскендер үшін "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қайта даярлау) мамандығы бойынша техникалық және кәсіби (арнайы орта, арнайы кәсіптік) медициналық білім, "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат) білімі немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және біліктілік деңгейі орта маман сертификаты.";

      "Басқа қызметкерлер" деген 4-параграфта:

      Медициналық тіркеуші деген 38-кіші бөлімінің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Біліктілікке қойылатын талаптар. Техникалық және кәсіби (арнаулы орта, кәсіби орта) медициналық білімі немесе жалпы орта білімі және жұмыс өтіліне талаптарды қоюсыз кемінде 3 ай жеке оқыту немесе білім беру ұйымы базасында қысқа мерзімді оқыту.";

      "Кіші мейіргер (мейіргердің көмекшісі)" деген 39-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-кіші бөлім. Кіші мейіргер

      Лауазымдық міндеттері. Өз міндеттерін мейіргердің басшылығымен атқарады. Науқастарға емдеу-профилактикалық ұйымында және үйінде базалық күтімді жүзеге асырады, оның ішінде жеке гигиенасын, ішкі киімді, төсек-орын тысын ауыстыруды, өзіне күтім көрсету мүмкіндігі шектеулі науқастарды тамақтандыруды қамтамасыз етеді, науқастың жағдайын бақылайды және бағалайды. Жалпы практика мейіргеріне науқасқа мейіргерлік күтім көрсету бойынша шараларды жүзеге асыруға көмектеседі. Пациенттерді тасымалдауды, алып жүруді және орнын ауыстыруды қамтамасыз етеді. Аспаптарды, таңу құралдарын және науқастарды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады, дезинфекциялау шараларын жүзеге асырады. Антромпометриялық өлшеулерді жүзеге асырады және пациенттердің деректерін тіркейді. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқастардың, үй-жайдың тазалығын қамтамасыз етеді. Науқастарды күту заттарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуын бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын және санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

      Мыналарды: 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2009 жылғы 18 қыркүйіектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі керек

      Біліктілікке қойылатын талаптар. "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімнің немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай жалпы орта білімнің және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша кемінде 10 ай қысқа мерзімді оқыту немесе білім беру ұйымы базасында негізгі орта білімнің және кемінде 1 жыл және 10 ай қысқа мерзімді оқытудың болуы.".

      Санитар деген 41-кіші бөліммен толықтырылсын:

      Лауазымдық міндеттері. Санитариялық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинауды жүргізеді. Науқастардың күтімін: төсек орындары мен киімдерін алмастыруды, дәрет алу ыдысын беруді және тазалауды жүзеге асырады. Әрбір тамақтанудан соң төсекке таңылған науқастардың кереуеті жанындағы тумбаларды жинастырады. Аға мейірбикеге дәрі-дәрмектерді, аспаптарды, жабдықтарды алу кезінде және бөлімшеге жеткізуге көмектеседі. Шаруашылық мейірбикесінен төсек орындарды, шаруашылық мүліктерін және жуу заттарын алады, дәріханалық ұйымдарда дәріханалық ыдыстарды жууды жүзеге асырады. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы ережелерін, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.

      Мыналарды: Санитария мен гигиена ережелерін, жуу заттарының қолданылуын және олармен жұмыс істеу ережелерін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын білуі керек.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Бастауыш немесе жалпы орта білімнің, еңбек өтіліне талап қоймай кемінде 3 ай жеке оқытудың болуы.

      3. "Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12742 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      Негізгі персонал деген В БЛОГ-ында:

      "Денсаулық сақтау" деген бөлімде:

      "

В3


1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейіргер, провизор (фармацевт)

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В3


1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: кеңейтілген практика мейіргері, провизор (фармацевт).

      ";

      "

В3


2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: мейіргер, провизор (фармацевт).

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В3


2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: кеңейтілген практика мейіргері, провизор (фармацевт).

      ";

      "

В3


3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейіргер, провизор (фармацевт).

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В3


3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: кеңейтілген практика мейіргері, провизор (фармацевт).

      ";

      "

В3


4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар:
мейіргер, провизор (фармацевт), денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медицина физигі, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер-радиохимик, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В3


4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ: кеңейтілген практика мейіргері, провизор (фармацевт), денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медицина физигі, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер-радиохимик, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман

      ";

D БЛОГЫ - Қосалқы персонал

D1


Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, комендант, көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор, күзетші, мейіргердің көмекшісі, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, тіркеуші, кезекші әкімші, диспетчер

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

D БЛОГЫ - Қосалқы персонал

D1


Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, комендант, көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор, күзетші, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, тіркеуші, кіші мейіргер, кезекші әкімші, массажист, диспетчер

      ".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша

Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы

1-тарау. Денсаулық сақтау ұйымдары

      1. Басшылардың лауазымдары:

      1) республикалық, облыстық, оңірлік және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (бас директор);

      2) республикалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (бас директордың) орынбасары (медициналық бөлім, медициналық қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық даму, экономикалық жұмыс және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі;

      3) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер);

      4) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (директоры / бас дәрігер) орынбасары (медициналық бөлім, медициналық қызметтердің сапасын бақылау, экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі);

      5) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер);

      6) аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымы басшысының (директор/бас дәрігер) орынбасары (медициналық бөлім, экономикалық және әкімшілік – шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі);

      7) денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (аға дәрігер, клиникалық (параклиникалық) бөлімшенің меңгерушісі, бөлім бастығы, бас мейіргер (аға фельдшер, аға акушер) / мейіргер ісі жөніндегі менеджер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы зертханасының меңгерушісі, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы виварийінің меңгерушісі);

      8) бас мейіргер (басшының мейірбике ісі жөніндегі орынбасары);

      2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) участкелік дәрігер/ жалпы практика дәрігері;

      2) дәрігер (бейінді маман);

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маманы);

      4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);

      5) денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызмет сапасы жөніндегі, медициналық қызмет стратегиясы мен маркетингі жөніндегі, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі жөніндегі, персоналмен жұмыс істеу жөніндегі (hr-менеджер));

      6) дәрігер-сарапшы;

      7) дәрігер – сот-медициналық сарапшы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, сот-гистологиялық, химия-токсикологиялық, медицина-криминалистік, молекулалық-генетикалық зерттеулер);

      8) кеңейтілген практика мейіргері.

      3. Жоғары медициналық емес білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) психолог;

      2) денсаулық сақтаудағы сарапшы;

      3) зертхана маманы;

      4) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет маманы (биолог, зоолог/эпизоотолог, энтомолог);

      5) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер, валеолог);

      6) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      7) инженер-медициналық физик;

      8) сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер;

      9) инженер - радиомеханик.

      4. Ортадан кейінгі медициналық білімі бар мамандардың лауазымы:

      1) кеңейтілген практика мейіргері.

      5. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымы:

      1) фельдшер;

      2) зертханашы;

      3) санитариялық фельдшер (гигиенист және эпидемиолог, паразитолог дәрігерлерінің көмекшісі, фельдшер-зертханашы, зертханашы);

      4) учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері;

      5) мейіргер (мамандандырылған);

      6) акушер;

      7) диеталық мейіргері;

      8) нұсқаушы-дезинфектор;

      9) оптик және оптикометрист;

      10) тіс дәрігері (дантист);

      11) стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті);

      12) стоматологиялық гигиенист;

      13) рентген зертханашысы;

      14) тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);

      15) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      16) медициналық тіркеуші;

      17) кіші мейіргер;

      18) денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкер;

      19) техник-дозиметрист;

      20) массажист.

      6. Кіші персонал лауазымдары:

      1) санитар.

2-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналымы саласындағы объектілер

      7. Басшылардың лауазымдары:

      1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы объектінің басшысы (менеджер);

      2) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы объекті басшысының орынбасары;

      3) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы объектінің бөлім басшысы.

      8. Фармацевтикалық жоғары білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) провизор (фармацевт);

      2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі инженер-технолог.

      9. Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың лауазымдары

      1) фармацевт (фармацевттің ассистенті).