Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 және "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" 20

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15670 болып тіркелді.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілері туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер жинағында 2008 жылғы наурызда № 3 жарияланған 311-бап) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Гематология (ересектердің)";

      15, 17, 19, 20, 22, 23-тармақтар алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы*";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Онкология (ересектердің)";

      33-тармақ алып тасталсын;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Педиатрия*";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Акушерия және гинекология, соның ішінде балалардың гинекологиясы";

      46-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:

      "48. Жалпы хирургия*";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "*Ескертпе: Облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер адамдарға арналған.".

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 28 тамыздағы
№ 660 бұйрығына
қосымша

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.