Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 22 маусымдағы № ҚР ДСМ-70/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 маусымда № 20887 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 5-тармағына және 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
Л. Актаева

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушысының
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-70/2020 бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі:

      1. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5896 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдедегі № 12 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасында:

      2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "2. Жоғары медициналық білімі бар мамандардың лауазымдары:

      1) участкелік дәрігер/ жалпы практика дәрігері;

      2) дәрігер (бейінді маман);

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері (немесе маманы);

      4) қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері (немесе маманы) (валеолог, эпидемиолог, статистик, әдіскер);

      5) денсаулық сақтау менеджері (медициналық қызметтер сапасы жөніндегі, медициналық қызмет стратегиясы мен маркетингі жөніндегі, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен әдістемесі жөніндегі, персоналмен жұмыс істеу жөніндегі (hr-менеджер);

      6) дәрігер-сарапшы;

      7) дәрігер – сот-медициналық сарапшы (жалпы сараптамалық, сот-биологиялық, сот-гистологиялық, химия-токсикологиялық, медицина-криминалистік, молекулалық-генетикалық зерттеулер);

      8) кеңейтілген практика мейіргері;

      9) резидент-дәрігер.".

      2. "Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5945 болып тіркелген, 2010 жылғы №7 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік орагандарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жоғары және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандардың лауазымдары деген 2-параграфта:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларында:

      Жоғары және орта білімнен кейінгі білімі бар мамандардың лауазымдары деген 2-параграфта:

      Учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері деген 10-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      10-кіші бөлімі. Учаскелік дәрігер/Жалпы практика дәрігері*";

      Ординатор-дәрігер (бейінді маман) деген 11-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-кіші бөлімі. "Ординатор-дәрігер (бейінді маман)*";

      мынадай мазмұндағы Резидент-дәрігер деген 21-2-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "21-2-кіші бөлімі. Резидент-дәрігер*

      1. Лауазымдық міндеттері.

      Резидент-дәрігер тиісті сертификаты бар маманның басшылығымен пациенттермен жұмыста білікті, жедел және басқа да медициналық көмек түрлерін көрсетеді. Науқасты қадағалап-қарау тактикасын, зерттеп-қарау жоспарын анықтайды. Клиникалық бақылау мен зерттеп-қарау, анамнез жинау және клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеулер деректері негізінде диагноз қояды (растайды). Клиникалық тәлімгердің қадағалауымен емдеуді тағайындайды және бақылайды, қажетті диагностикалық, емдеу, оңалту және профилактикалық процедуралар мен іс-шараларды жүргізеді. Пациентке емдеу әдістері мен тәсілдерін таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ пайдаланылатын құралдар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы ақпарат береді. Стационарда науқасқа күн сайын қарау жүргізеді. Клиникалық тәлімгердің қадағалауымен пациенттің жағдайына қарай емдеу жоспарына өзгеріс енгізеді және қосымша зерттеп-қарау әдістерінің қажеттілігін айқындайды. Диагностикалық және емдеу процедураларын жүргізудің, аспаптарды пайдаланудың дұрыстығын бақылайды. Өз жұмысын жоспарлайды және өз қызметінің көрсеткіштерін талдайды. Емдеу, оңалту мәселелері бойынша өзге мамандармен және қызметтермен жұмыс істейді. Өзіне бағынысты орта және кіші медицина персоналының жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, өртке қарсы қауіпсіздік және қауіпсіздік техника және санитарлық-эпидемиологиялық режим қағидаларын сақтайды. Халықты санитариялық ағартуды ұйымдастырады және жүргізеді және салауатты өмір салтын насихаттайды.

      Мыналарды: Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, уақытша жұмысқа қабілетсіздік сараптамасы мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың негіздерін, бейіні бойынша қызметті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін, аурулардың халықаралық және отандық жіктелу негіздерін, медициналық сақтандыру негізін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау саласындағы критерийлер мен көрсеткіштерді, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен нормаларын білуі қажет.

      Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары медициналық білімі (базалық медициналық білім және интернатура), резидентурада білім алу.";

      Біліктілік деңгейі орта мамандардың лауазымдары деген 3-параграфта:

      Аға мейірбике/мейірбике (аға фельдшер, аға акушер) деген 22-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-кіші бөлімі. Аға мейіргер (аға фельдшер, аға акушер)*";

      "Фельдшер" деген 23-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-кіші бөлімі. Фельдшер*";

      Учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері деген 26-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-кіші бөлімі. Учаскелік мейіргер/жалпы практика мейіргері*";

      Мейіргер (мамандандырылған) деген 27-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-кіші бөлімі. Мейіргер (мамандандырылған)*";

      Акушер деген 29-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-кіші бөлімі. Акушер*";

      Келесі мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "*Ескертпе:

      "Эпидемиологиялық жағдайды және инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін ескере отырып (бір науқасты оқшаулағанға дейін инфициялайтын адамдар саны) ескере отырып – 1,0, сондай-ақ стационарлардың төсек қорының бос болмау пайызы - 50% және одан да көп, карантиндік объектілерде (инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарлар) медициналық көмек көрсетуге резидент-дәрігерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) бекітілген Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасында көрсетілген өзге мамандық бойынша маманның қолданыстағы сертификаты болған кезде олардың келісімімен медицина қызметкерлері жіберіледі."

      2. "Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12742 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      Негізгі персонал деген В БЛОГ-ында:

      "Денсаулық сақтау" деген бөлімде:

      "

В2

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер

      " деген жол

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

В2


Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, резидент-дәрігер.

      ".