Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13275 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз!

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің  Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      6) 2016 жылғы 1 наурызға дейін:
      1) Нұсқаулықтың 20-тармағының алтыншы бөлігінің мынадай редакцияда:
      «Мемлекеттік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге, зейнетақы төлемдеріне, әлеуметтік төлемдерге, арнайы мемлекеттік және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларға байланысты, бенефициары ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық»), «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы көрсетілген төлем құжаттарын, сондай-ақ бенефициары ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарын хабарлауды ұсыну талап етілмейді.»;
      2) Нұсқаулықтың 37-тармағының сегізінші бөлігінің мынадай редакцияда:
      «Мемлекеттік кірістер органдарының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеуге арналған инкассалық өкімдерінде «бенефициар» және «бенефициар банкі» бағандарында «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» деп көрсетіледі.» жазылатыны белгіленсін.
      7. Осы қаулы, Нұсқаулықтың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 939699100 және 101-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Нұсқаулықтың 95-тармағының үшінші бөлігі 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Д. Ақышев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 30 қаулысымен бекітілген

Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Ақша төлемдері мен аударымдары туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде төлем тапсырмаларын, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалық өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау тәртібін нақтылайды.
      2. Нұсқаулық ақшаны жөнелтуге банк шотын ашпай ақша төлемдерін және аударымдарын жасауға, қолма-қол ақша беру арқылы жүзеге асырылатын төлемдерге, сондай-ақ төлем карточкасын пайдалана отырып ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      Нұсқаулықтың төлем тапсырмасы немесе ақша аударуға өтініш негізінде төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалары Қазақстан Республикасынан тысқары бастама жасалған, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - КЖТҚҚ туралы заң) белгіленген талаптар ескеріле отырып шарттармен және банктік практикада қолданылатын іскерлік айналым дәстүрлерімен реттелетін халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарына байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      Нұсқаулықта төлем құжатын орындауды кері қайтарып алу немесе тоқтата тұру туралы өкімдерді ресімдеуді қоспағанда, клиент және оған қызмет көрсететін банк пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банктер) арасындағы шартқа сәйкес жүргізілетін:
      1) осы банктегі бір клиентке тиесілі банк шоттары бойынша;
      2) бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өзгерістерді, онда есепке алынған ақша сомаларын көрсету, сондай-ақ тиесілі сыйақыны көрсету үшін клиенттердің банк шоттар бойынша банк жүргізетін;
      3) клиенттің банк шотына қызмет көрсеткені үшін банктің комиссиялар алуы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру реттелмейді.
      3. Нұсқаулықта Төлемдер туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) валюталау күні - бастамашы төлем құжатында көрсеткен, бенефициардың банк шотына ақша есепке алынатын күн;
      2) дебеттік аударымдар - ақша жөнелтушінің төлеуі үшін бенефициардың немесе өндіріп алушының банкке төлемдік талап-тапсырманы, инкассалық өкімді ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер;
      3) кредиттік аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын немесе ақша аударуға өтініш ұсынуы арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлемдер;
      4) Құжаттандырылған есеп айырысулар - ақша жөнелтуші және бенефициар арасында жасалған шартта көзделген және банктік практикада қолданылатын құжаттарды (коносамент, көлік жүкқұжаттары, тасымалдаудың аралас түрлері болған кезде көлік құжаттары, курьерлік және пошта түбіртектері, сақтандыру полистері, коммерциялық шоттар, сапа сертификаттары, варранттар, тауардың шыққан жері туралы куәліктер, жүктің салмағы туралы анықтамалар және өзге құжаттар) ұсынған кезде банк жүзеге асыратын төлемдер.
      Құжаттандырылған есеп айырысулардың нысандары құжаттандырылған аккредитив (бұдан әрі - аккредитив) және құжаттандырылған инкассо;
      5) аккредитив - құжаттандырылған есеп айырысулардың банк клиенттің өтініші бойынша және нұсқауларына сәйкес немесе өз қалауы бойынша көрсетілген бенефициарға немесе оның нұсқауы бойынша төлем жасауға немесе бенефициар ұсынған аударым вексельдерін (тратталарды) акцептеуге және төлеуге немесе егер аккредитивтің барлық талаптары сақталса, аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгіленген мерзімге негоциация жасауға қабылдаған қайтарымсыз міндеттемесін көздейтін нысаны.
      Ескертпе: Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе ол негізге алынға мүмкін өзге шарттан бөлек мәмілені білдіреді.
      6) уәкілетті тұлға - клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаны басқаруға) байланысты операцияларды жүргізу кезінде тиісті заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің құрылтай құжаттары, басшыларының сенімхаттары не бұйрықтары не негізінде осындай өкілеттіктер берілген өзге құжаттар негізінде төлем құжаттарына қол қою және мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес заңды тұлғалардың, филиалдардың немесе өкілдіктердің атынан қол қоюға өкілеттік берілген тұлға.
      4. Алушы банк жөнелтушінің ақшасын оны банк шотына дебетке ала отырып акцептелген нұсқаулар бойынша, Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен есептен шығарады.
      5. Кредиттік ақша аударымдары ақша аударуға төлем тапсырмасын немесе өтінішті пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
      Дебеттік ақша аударымдары кезінде төлемдер мен ақша аударымдары төлемдік талап-тапсырмалар және инкассалық өкімдер негізінде жүзеге асырылады.
      6. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған шоттардан төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 тіркелген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 540 бұйрығымен (бұдан әрі - № 540 бұйрық) айқындалады.

2. Төлем құжаттары

1-параграф. Төлем құжаттарының түрлері және ресімдеу тәртібі

      7. Төлем құжаттарының түрлері:
      1) төлем тапсырмасы;
      2) чек;
      3) вексель;
      4) төлемдік талап-тапсырма;
      5) инкассалық өкім;
      6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген «Банк шотын ашпай қолма-қол жасалмайтын ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысымен және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1352 тіркелген «Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы № 433 қаулысымен белгіленген өзге де төлем құжаттары.
      8. Шетел валютасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болатын аударуға арналған өтінішті қоспағанда, төлем тапсырмасында, төлемдік талап-тапсырмада, инкассалық өкімде және аударуға арналған өтініште (бұдан әрі - төлем құжаты) мынадай деректемелер болады:
      1) төлем құжатының атауы;
      2) төлем құжатының нөмірі, оның цифрмен көрсетілген жазылған күні, айы, жылы;
      Ескертпе: Қағаз тасымалдағышта берілген төлем құжаттарында айды жазумен белгілеуге жол беріледі;
      3) заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық немесе қысқартылған атауы не ақша жөнелтуші жеке тұлғаның және бенефициардың тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), олардың жеке сәйкестендіру кодтары;
      4) ақша жөнелтуші банкінің және бенефициар банкінің ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, толық немесе қысқартылған атауы, олардың банктік сәйкестендіру кодтары;
      5) төлем мақсаты, сондай-ақ оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысымен (бұдан әрі - № 388 қағидалар) белгіленген код белгіленімі;
      6) цифрлармен және жазумен белгіленген төлем сомасы. Жазумен берілген сомадағы тиын цифрлармен көрсетіледі.
      Ескертпе: Егер цифрлармен көрсетілген төлем сомасы тиын көрсетілмей теңгемен берілсе, онда тиын жазумен берілген сомада көрсетілмейді;
      7) жөнелтушінің уәкілетті адамдарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде).
      Қағаз тасымалдағышта жасалған құжаттар үшін, - сондай-ақ жөнелтушінің уәкілетті адамдарының қолдары және мөр (ол болған кезде) бедері. Тегін толық, аты мен әкесінің атын (болған кезде) инициалдармен көрсетуге жол беріледі;
      8) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН), бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) көрсету Нұсқаулықта көзделген, сондай-ақ ЖСН (БСН) қалыптастыру Салық кодексінің 562-бабына сәйкес жүзеге асырылмайтын талап етілмейтін төлем құжаттарын есептемегенде, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ азаматтардың төлемдерді бюджетке аударуы кезіндегі жағдайларда көрсету талап етілмейтін төлем құжаттарын қоспағанда, ақша жөнелтушінің және бенефициардың ЖСН немесе БСН. ЖСН немесе БСН қою талап етілмейтін төлем құжаттарында ақша жөнелтушінің мекенжайы (жеке және заңды тұлғалар үшін) не ақша жөнелтушінің жеке басын куәландыратын құжатының (жеке тұлға үшін) нөмірі көрсетіледі;
      9) № 388 қағидаларда белгіленген ақша жөнелтушінің коды (Код) және бенефициардың коды (БеК).
      9. Бірнеше бенефициарды көрсетуге жол берілетін бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем құжатын есептемегенде, ақша жөнелтуші мен бенефициардың атауы, сондай-ақ олардың жеке сәйкестендіру кодтары төлем құжатында бір рет көрсетіледі.
      10. Жөнелтушінің, бенефициардың және оларға қызмет көрсететін банктердің ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғанда, атауын банктер мен клиенттердің жұмысын қиындатпайтындай етіп қысқартуға жол беріледі.
      11. Төлемдерді және/немесе ақша төлемдерін жүзеге асыру кезінде егер бүл талаптар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» (бұдан әрі - Валюталық реттеу туралы заң), КЖТҚҚ туралы заңдарда және Нұсқаулықта тікелей көзделсе, төлем құжаттарында қосымша деректемелерді қоюға жол беріледі.
      12. Төлем құжатын кері қайтару туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы төлем құжаттары мен өкімдерді санкцияланбаған төлемдерден қорғау іс-қимылдарының тәртібі сақталған жағдайда электрондық түрде беруге жол беріледі.
      13. Төлем құжатын кері қайтару туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы төлем құжатын не өкімді факспен беру үшін банк санкцияланбаған төлемдерден және/немесе ақша аударымдарынан қорғау іс-қимылдарының өзі әзірлеген тәртібін, сондай-ақ Төлемдер туралы заңда және Нұсқаулықта белгіленген қорғаныш іс-қимылдарының өзге элементтерін сақтайды.
      14. Төлем құжаты мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Оларды жасау кезінде өзге тілдерді пайдалану мүмкіндігі банк пен оның клиенті арасындағы шартта белгіленеді.
      15. Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін инкассалық өкімдерді және төлемдік талап-тапсырмаларды қоспағанда, төлем құжаттарында оларды ішінара орындау туралы талаптарды көрсетуге жол берілмейді.
      16. Қағаз тасымалдағышта орындалған төлем құжаттарында төлем құжаты бастамашысының уәкілетті адамдарының қолдары және оның мөрінің (ол болған кезде) бедері болады, олар қол қою үлгілері және мөр бедері бар құжатта (қол қою үлгілері бар құжатта) көрсетілген қойылған қолдарға (қойылған қолға) және мөр (ол болған кезде) бедеріне сәйкес келеді.
      Егер бірінші қол қою құқығы - басшының қолын қою, екінші қол қою - бас бухгалтердің қолын қою құқығы ақша жөнелтушінің басқа уәкілетті адамдарына берілсе, төлем құжаттарындағы бірінші басшының, бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және олардың қолдары қойылатын бағандарда уәкілетті адамдардың деректемелері қойылады.

2-параграф. Төлем тапсырмасы

      17. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетілген сомада бенефициардың пайдасына ақша аудару туралы ақша жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы банкке тапсырмасын білдіреді.
      Ақша жөнелтуші төлемді және ақша аударымын бенефициардың пайдасына Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада жүзеге асыру үшін қызмет көрсететін алушы банкке Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тапсырмасын ұсынады.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде ақша жөнелтуші Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге төлем тапсырмасын ұсынады. Ақша жөнелтушінің Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджетке төлемдер төлеуге төлем тапсырмасын ұсынуына жол беріледі.
      «Төлем мақсаты» бағанында ақша жөнелтуші ақша аударуды жүзеге асыруға негіз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, нөмірін және күнін және № 540 бұйрықта және Нұсқаулықта көзделген өзге деректемелерді көрсетеді, сондай-ақ «төлем мақсатының коды» бағанында төлемнің код белгіленімі көрсетіледі.
      Заңды тұлға бюджетке төлемдерді, сондай-ақ өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік есептеулерді төлеген кезде «төлем мақсаты» бағанында бастапқыда заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің төлем жүзеге асырылатын БСН-і, содан кейін оның атауы көрсетіледі.
      Көлік құралының салығын төлеу кезінде (оның ішінде электрондық қондырғы арқылы) «төлем мақсаты» бағанында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл деректеме төлем құжатының «төлем мақсаты» бағанында мынадай жүйелілікпен көрсетіледі: «VIN» сөзі, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» символдары.
      Бюджетке төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодының цифрлық белгіленімі көрсетіледі. Бюджеттік жіктеу кодын төлем тапсырмасында дұрыс көрсетуді жөнелтуші қамтамасыз етеді.
      Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және (немесе) жарналарды немесе әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін ақша аударуды жүзеге асыру кезінде жөнелтуші толем тапсырмасымен бірге алушы банкке көрсетілген жарналар мен есептеулер төленетін адамдардың тізімін ұсынады.
      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдар төленетін адамдардың тізімдері (бұдан әрі - тізім) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулыларына сәйкес ресімделеді.
      Елуден астам позициядан (тектен) тұратын тізім алушы банкке электрондық түрде ұсынылады. Алушы банкпен жасалған шартқа сәйкес елуден аз позициядан (тектен) тұратын тізімді электрондық түрде ұсынуға жол беріледі.
      18. Валюталық реттеу туралы заңның талаптарын сақтай отырып, ұлттық, сол сияқты шетел валютасындағы төлемдерді және/немесе ақша аударымдарын Қазақстан Республикасынан тысқары жүзеге асырған кезде, сондай-ақ шетел валютасындағы төлемдерді және/немесе ақша аударымдарын Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырған кезде Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша аударуға арналған өтініш пайдаланылады, ол қызмет көрсететін алушы банк үшін ақша жөнелтушінің ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылады.
      Төлемдер және ақша аударымдары Қазақстан Республикасынан тысқары бейрезидент пайдасына жүзеге асырылған кезде ақшаны аударуға арналған өтініште бенефициардың ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейді.
      19. Алушы банк төлем тапсырмасын немесе ақша аударуға берілетін өтінішті оларда көрсетілген жазылу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылдайды. Қызмет көрсететін алушы банкпен келісім бойынша ақша жөнелтуші төлем тапсырмасында немесе ақша аударуға берілетін өтініште валюталау күнін көрсетеді.
      Алушы банктің талабы бойынша ақша жөнелтуші Валюталық реттеу туралы заңға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулыларына сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      20-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарының (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық органдары) төлем тапсырмасын бенефициардың банкі мемлекеттік мекеменің бес миллион теңгеден асатын сомадағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді (міндеттемелерді) тіркеу туралы бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде ғана, «төлем мақсаты» бағанында оның нөмірін, күнін көрсете отырып, орындауға тиіс, хабарлама банкте бенефициардың жеке ісінде тігіліп сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық органдары және мемлекеттік мекеме басшыларының қолдары, мөрінің (ол болған кезде) таңбасы болады.
      Хабарламада көрсетілген бенефициардың деректемелері (атауы, ЖСН (БСН), ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келеді.
      Төлем тапсырмасының «төлем мақсаты» деген бағанында хабарламаның нөмірінен және күнінен басқа төлемнің «ағымдағы» немесе «түпкілікті» деген мәртебесі көрсетіледі. Бенефициардың банкінде сақталатын хабарламаның нөмірі мен күні «төлем мақсаты» бағанында көрсетілген хабарламаның нөмірі мен күніне сәйкес келеді.
      Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бенефициардың банкі Төлемдер туралы заңда және Акцептке (келісуге) арналған нұсқаулықта көзделген мерзім ішінде төлем тапсырмасын оның жөнелтушісіне орындамай қайтарады.
      Банк «ағымдағы» деген мәртебесі бар төлемді орындаған кезде хабарламаның артқы бетінде төлемді жүзеге асыруға негіз болған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлем сомасы және хабарлама бойынша төленуге тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк «түпкілікті» деген мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның артқы бетінде бұл туралы тиісті белгіні қояды.
      Бенефициар ретінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы көрсетілген, мемлекеттік борышты өтеумен және қызмет көрсетумен, зейнетақы төлемдерімен, арнайы мемлекеттік және мемлекеттік әлеуметтік және өзге де әлеуметтік жәрдемақылармен байланысты төлем құжаттары, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттары хабарламаны ұсынуды талап етпейді.

3-параграф. Төлемдік талап-тапсырма

      21. Төлемдік талап-тапсырма аталған талапты растайтын құжаттардың негізінде ұсынылатын бенефициардың ақша жөнелтушіге жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу туралы талабы болып табылады.
      22. Бенефициар төлемдік талап-тапсырманы бенефициардың банкіне не тікелей ақша жөнелтушінің банкіне Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкте ұсынады.
      23. Бенефициар бенефициардың банкіне бірнеше төлемдік талап-тапсырма ұсынған жағдайда, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдік талап-тапсырмалардың тізілімі қоса беріледі.
      Мынадай:
      1) төлемдік талап-тапсырманы бенефициардың банкінен айналып өтіп ақша жөнелтуші банкке ұсынған;
      2) бенефициар мен ақша жөнелтушіге бір банкте қызмет көрсетілген;
      3) бір мезгілде бенефициар және бенефициардың банкі болып табылатын тұлға ақша жөнелтушінің банкіне бірнеше төлемдік талап-тапсырманы ұсынған жағдайларда тізілімді қоса беру талап етілмейді.
      24. Төлемдік талап-тапсырма тізіліммен бірге бенефициардың банкіне ұсынылады, ол бенефициардың барлық деректемелерінің толық толтырылғанын тексеріп, төлемдік талап-тапсырманы осы параграфта белгіленген тәртіппен ақша жөнелтушінің банкіне жібереді.
      25. Банктің бастамашыдан төлемдік талап-тапсырманы қабылдауы алушы банктің бір операциялық күні ішінде жүргізіледі.
      Алушы банк төлемдік талап-тапсырмаларды қабылдағаннан кейін алушы банк олардың келіп түскен күні мен уақытын белгілейді. Төлемдік талап-тапсырманың не тізілімінің барлық даналарында олардың келіп түскен күні мен уақыты қойылады.
      26. Төлемдік талап-тапсырма және қоса берілген тізілім бенефициардың банкіне не ақша жөнелтушінің банкіне оларда көрсетілген жазылу күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Төлемдік талап-тапсырма толтырылған күн тізілімді толтыру күнімен сәйкес келеді.
      27. Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы, ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы қоспағанда, ақша жөнелтушінің акцепті болған кезде орындауға тиіс.
      Төлемдік талап-тапсырма бланкісінің бет жағында ақша жөнелтушінің акцепті туралы белгіге орын болмаған жағдайда, осы жазба бланктің сырт жағында жасалады.
      28. Егер банк ақша жөнелтушінің банкіне жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз алу операциясы не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушыдан, қарыз бойынша кепілгерден берешекті өндіріп алу үшін төлемдік талап-тапсырманы ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар құжаттарды қоса бере отырып ұсынса, осындай төлемдік талап-тапсырма ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейді.
      29. Акцептті талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы ұсынуды банк жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желіні ашу туралы келісімге немесе қарыз алу операциясын не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз бойынша қарыз алушының мерзімі өткен берешегі болған жағдайда жүзеге асырады және ақша жөнелтушінің банкіне оған қоса ақша жөнелтушінің өзінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға келісімі бар құжаттарды, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларымен не банктің уәкілетті адамы қол қойып және банктің мөрін басып (ол болған кезде) растаған көшірмелерімен бірге ұсынады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді және банк оларды «Көшірмесі дұрыс» деген белгіні қою арқылы растайды. «Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшаларсыз көрсетіледі, банктің уәкілетті қызметкерінің қолымен, оның лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), растау күнін көрсете отырып расталады және банк мөрінің бедерімен (бар болса) бекітіледі.
      30. Акцептті талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманың «төлем мақсаты» бағанында төлемдік талап-тапсырманы ұсынуға негіз болған құжаттардың деректемелері (қарыз алу не кепілдік беру операциясы фактісін растайтын және ақша жіберушінің оның банктік шотынан акцептеусіз ақша алуға келісімі бар құжаттың атауы, күні мен нөмірі) көрсетіледі.
      31. Ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырма төлемдік талап-тапсырмаға қол қойған заңды тұлғаның уәкілетті адамының төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып ұсынылады. Бас бухгалтердің, сондай-ақ бас бухгалтер ретінде төлемдік талап-тапсырмаға қол қойған өзге уәкілетті тұлғаның өкілеттіктерін тексеру жүзеге асырылмайды. Заңды тұлғаның уәкілетті адамдары қатарына заңды тұлғаның филиалы мен өкілдігінің басшылары да жатады.
      Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банк шотынан ақшаны алу бойынша өндіріп алушының құқығы қамтылған бір құжаттың негізінде төлемдік талап-тапсырмаларды бірінші ұсынған кезден бастап бір жыл ішінде олардың бірнешеуі ұсынылған жағдайда, банкке төлемдік талап-тапсырманың әрбір келесі ұсынылуын уәкілетті адамның төлем құжаттарына қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бермей жүргізуге рұқсат етіледі.

4-параграф. Инкассалық өкім

      32. Ақша жөнелтушінің банк шотынан ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақша алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған инкассалық өкім болып табылады.
      Мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша өткізу арқылы электрондық түрде ұсынылады. Электрондық түрде жіберілетін инкассалық өкім Ұлттық Банкпен келісім бойынша салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету салындағы басқылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.
      33. Қағаз тасымалдағышта жасалған инкассалық өкімдер ақша жөнелтушінің банкіне кемінде үш данада, ал бенефициар банкіне - кемінде төрт данада ұсынылады.
      34. Ақша жөнелтушінің банкі инкассалық өкімнің нөмірін, келіп түскен күнін және уақытын тіркейді.
      35. Ақшаны өндіріп алушы ақша жөнелтушінің банкіне инкассалық өкімді атқару құжаттарының түпнұсқаларын не олардың жеке сот орындаушысының не атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмелерін қоса бере отырып ұсынады.
      Ақша жөнелтушінің банк шотынан оның келісімінсіз ақша алудың негізділігін растайтын атқарушылық құжат, егер атқарушылық құжаттың мәтінінде өзгесі белгіленбесе, банкке бір инкассалық өкімді ғана ұсынуға негіз болып табылады.
      Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімдері осы өндіріп алудың негізділігін растайтын құжаттарсыз ұсынылады.
      36. Инкассалық өкімде ақша жөнелтушінің банк есепшотынан оның келісімінсіз ақша (оның күні және нөмірі) алу (өндіріп алу) құқығы көзделетін заңнамалық актіге сілтеме жасала отырып төлемнің мақсаты көрсетіледі.
      Орындалатын құжатта көрсетілген ақша төлемінің/аударымының сомасы, ішінара ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, инкассалық өкімде көрсетілген сомаға сәйкес келуге тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      37-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      37. Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімінде бюджеттік жіктеу коды, операция түрі қосымша көрсетіледі.
      «Операциялар түрі» жолында тиісінше мынадай кодтар көрсетіледі:
      03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банк шотына ұсынылған инкассалық өкімі;
      04 - салық органының дебитордың банк шотына ұсынылған инкассалық өкімі;
      05 - кеден органының бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банк шотына ұсынылған инкассалық өкімі;
      07 - салық органының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банк шотына берген инкассалық өкімі;
      09 - салық органының әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар) бойынша берешегі бар төлеушінің банк шотына ұсынылған инкассалық өкімі.
      Мемлекеттік кіріс органдарының міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар) және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкімдерінде «бенефициар» және «бенефициардың банкі» бағандарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» көрсетіледі.
      Мемлекеттік кіріс органдары зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік жарналар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар) немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өндіріп алуға арналған инкассалық өкіммен бір мезгілде алушы банкке берешегі пайда болған тұлғалардың тізімдерін ұсынады. Тізім алушы банкке электрондық түрде ұсынылады.
      38. Банктер ақша жөнелтушінің банк шотынан оның келісімінсіз ақшаны есептен шығаруға қарсы ақша жөнелтушінің қарсылықтарын қарамайды.
      39. Сот орындаушыларының инкассалық өкімі ұсынылған банк шотында ақша болмаған не жетіспеген кезде борышкердің басқа банк шотынан (банк шотына) ақшаны өндіріп алу теңгемен не шетел валютасымен жүргізіледі. Банк, сот орындаушыларының инкассалық өкімдерін орындау кезінде, инкассалық өкім ұсынылған банк шотынан бөлек клиенттің басқа банк шоттарынан (шоттарына) банк жүйесінде инкассалық өкімді қалыптастырады, онда ақша алу жүзеге асырылатын банк шотының нөмірі көрсетіледі.
      Мемлекеттік кіріс органдарының инкассалық өкімдерін ақша жөнелтушінің банкі Салық кодексінде«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (бұдан әрі - Кеден кодексі) және Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен орындайды.
      Банк шотының валютасынан бөлек валютамен инкассалық өкімді орындау төлем жасалатын күнгі нарықтық бағамды қолдана отырып жүргізіледі.

3. Төлем құжаттарын ұсыну мен орындау тәртібіне жалпы талаптар

1-параграф. Төлем құжаттарын ұсыну

      40. Жөнелтуші төлем құжаттарын жөнелтуші мен алушы банк арасында жасалған шартқа сәйкес электрондық түрде және қағаз тасымалдауышта ұсынады.
      41. Төлем құжатын ұсыну, егер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген «Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесі» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 146 қаулысында және/немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысымен өзгеше көзделмесе, мұндай ұсынуды көздейтін бенефициар мен оның банкі арасында не ақша жөнелтуші мен оның банкі арасында төлем құжаттарын алмасудың электрондық жүйелерін пайдалану және бағдарламалық-криптографиялық қорғау мен электрондық цифрлық қолтаңба туралы шарт (келісім) (бұдан әрі - Электрондық жүйелерді пайдалану туралы келісім) пайдалану негізінде электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
      Электрондық жүйелерді пайдалану туралы келісімге төлем құжатын төлеу, акцептеу, акцептеуден бас тарту, қайтарып алу және банктің төлем құжатын өңдеуге байланысты өзге де мәселелері туралы талаптарды қосуға рұқсат беріледі.
      42. Жөнелтуші төлем құжаттарын алушы банк белгілеген операциялық күн ішінде ұсынады. Егер жөнелтушінің төлем құжаттары операция күні аяқталғаннан кейін алынса, мұндай төлем құжаттарын алушы банк келесі операциялық күннің басында алған деп саналады.
      Егер төлем құжатында көрсетілген валюталау күні демалыс күнге келетін болса, осындай күн келесі жұмыс күні деп саналады.
      43. Қағаз тасымалдауышта жасалынған инкассалық өкімдерді қоспағанда, ұсынылған төлем құжаттарының даналар санын банк дербес айқындайды.

2-параграф. Төлем құжатының акцепті

      44. Алушы банктің төлем құжатын акцептеуі алушы банктің бенефициардың пайдасына акцептелген төлем құжаты мөлшерінде төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға келісімін білдіреді.
      Ақша жөнелтушінің төлем құжатын акцептеуі ақша жөнелтушінің осы төлем құжатының талаптарына сәйкес бенефициар ұсынған төлем құжатын алушы банктің орындауына келісімін білдіреді.
      45. Төлем құжатының акцепті Төлемдер туралы заңның 38-бабында және Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.
      46. Төлем құжатының акцепті, егер мұндай талап жөнелтуші және алушы банк арасындағы шартта көзделсе, оны қабылдаған сәтте рұқсат беріледі.

3-параграф. Төлем құжатын акцептеуден бас тарту

      47. Банктің төлем құжатын акцептеуден бас тартуы оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Салық кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Банктер туралы заң), Төлемдер туралы заңда, КЖТҚК туралы заңда, және Нұсқаулықта көзделген негіздемелер бойынша жүзеге асырылады.
      48. Алушы банк мынадай жағдайларда төлем құжатын акцептеуден бас тартады:
      1) егер төлем құжатында жалған жасау белгілері болса, оның ішінде, егер төлем құжаты жөнелтуші мен алушы банк арасындағы шартта белгіленген санкцияланбаған төлемдерден қорғайтын іс-әрекеттер тәртібін бұза отырып берілсе;
      2) Банктер туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, егер төлем құжатында түзетулер, толықтырулар және түзетілген жерлері болса;
      3) ақша жөнелтуші банктің төлем құжаттарындағы клиенттің ЖСК түзетуін қоспағанда, Банктер туралы заңда көзделген жағдайларда, ақша жөнелтушінің жеке сәйкестендіру кодының (бұдан әрі - ЖСК), ЖСН (БСН) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес болмауы, сондай-ақ Нұсқаулықтың 397195 және 101-тармақтарына сәйкес басқа банк шоттарынан төлем құжатын орындау кезінде ЖСК сәйкес болмауы;
      4) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің ЖСН (БСН) салық пен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету салындағы басқылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ұсынатын деректермен сәйкес болмауы;
      5) жөнелтушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысында (бұдан әрі - № 388 қағидалар), Нұсқаулықта, сондай-ақ жөнелтуші мен алушы банк арасындағы шарттың талаптарында көзделген жағдайларда Төлемдер туралы заңда белгіленген төлем құжатын жасау мен ұсыну тәртібін сақтамауы;
      6) Нұсқаулықта белгіленген нысанға сәйкес болмауы;
      7) мемлекеттік кірістер органдары электрондық тәсілмен ұсынған, басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентін сәйкестендіретін инкассалық өкімді қоспағанда, жөнелтуші мен бенефициар атауының ақша жөнелтуші мен бенефициарының төлем құжатында көрсетілген атауына сәйкес болмауы;
      8) төлем мақсатының кодтық белгісінің оның мәтіндік бөлігіне сәйкес болмауы;
      9) бюджетке төлеу кезінде бюджеттік жіктеу кодын цифрмен белгілеудің болмауы;
      10) төлем құжатында цифрмен және жазумен көрсетілген сомалардың сәйкес болмауы;
      11) көлік құралына салық төлеу кезінде төлем құжатында көрсетілген көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органы ұсынған деректерге сәйкес болмауы;
      12) жөнелтуші және алушы банк арасындағы шарттың талаптарында белгіленген талаптардың сақталмауы.
      Бенефициар банк:
      1) жөнелтуші Төлемдер туралы заңда белгіленген, № 388 Қағидаларда, Нұсқаулықта, жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шарт талаптарында көзделген жағдайларда төлем құжаттарын жасау мен ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды сақтамаған;
      2) санкцияланбаған төлемдерді анықтаған, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаны заңсыз алудың негізді фактілері анықталған және расталған;
      3) ЖСК, ЖСН (БСН) бенефициардың деректемелеріне сәйкес келмеген;
      4) егер есептелетін ақша сомасы мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылармен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдермен байланысты болмаған жағдайда, осы көрсетілген жәрдемақыларды есептеу үшін жеке тұлға клиенттің талап етуі бойынша ашылған ағымдағы шотқа ақша есептелген;
      5) Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген тәртіппен хабарламаны бермеген жағдайда төлем құжатын акцептеуден бас тартады.

4-параграф. Төлем тапсырмасын кері қайтарып алу және орындалуын тоқтата тұру

      49. Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушы банкке төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімді жіберу жолымен акцепті жасау мерзімі аяқталғанға дейін акцептелмеген нұсқауды кері қайтарып алуға жол беріледі.
      Төлем құжатын орындауды тоқтата тұру немесе акцептелген төлем құжатын кері қайтарып алу Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкім не төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім негізінде оны алушы банк орындағанға дейін ғана рұқсат етіледі.
      Осындай өкімдерді орындау мерзімдері жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шартта белгіленеді. Нұсқауды кері қайтарып алу туралы өкімді электрондық тәсілмен беруге рұқсат етіледі.
      50. Акцептелмеген төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім және оны орындауды тоқтата тұру туралы өкім электрондық түрде жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шарт негізінде электрондық төлем хабарларын беруге арналған форматтарға сәйкес қалыптастырылады және алушы банкке электрондық байланыс арналары және телекоммуникациялар бойынша ұсынылады.
      51. Төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімде төлем құжатының күні, оның нөмірі, сомасы және алушы банк белгілеген төлем құжатының өзге де деректемелері көрсетіледі. Электрондық тәсілмен берілген төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шартта белгіленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау іс-қимыл тәртібі сақталған кезде жіберілген деп саналады.
      Төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімді және оны тоқтата тұру туралы өкімді қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде төлем құжаттарына қол қою құқығы бар төлем құжатын жөнелтушінің уәкілетті тұлғасының мөрі (ол болған кезде) және қолы қойылады.
      52. Акцептелмеген төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім және төлем құжатының орындалуын тоқтата тұру туралы өкім жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шартта көзделген мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде немесе өзге тілдерде жасалады.
      Қағаз тасымалдағышта ұсынылған төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімде және төлем құжатының орындалуын тоқтата тұру туралы өкімде кез келген түзетулер мен толықтыруларға жол берілмейді. Банк түзетулерді, толықтыруларды және түзеулерді анықтаған жағдайда, мұндай өкімдер қайтару себептері көрсетіле отырып оны алған күннен бастап бір операциялық күннен кешіктірілмей оны жөнелтушіге қайтарылады.
      53. Төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім және төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкім, даналар санын жеке өздері айқындайтын мемлекеттік кіріс органдары және сот орындаушылары ұсынатын төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімдерді және төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкімдерді қоспағанда, банк белгілеген даналар саны бойынша алушы банк белгіленген операциялық күн ішінде ұсынылады. Егер төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкім және төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкім алушы банктің операциялық күні аяқталған соң алынса, мұндай өкімді алушы банк келесі операциялық күннің басында алды деп саналады.
      54. Алушы банк Нұсқаулықтың 495051 және 52-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзумен ресімделген, жөнелтуші және алушы банк арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес келмейтін төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімді және төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкімді орындауға қабылдамайды.
      55. Жөнелтушінің орындалмаған төлем құжатын кері қайтарып алу туралы өкімін алған соң алушы банк төлем құжатын орындамайды және оны жөнелтушіге алынған өкімді орындау туралы хабарламаны бірмезгілде жібере отырып, осындай өкімді алған күннен кейінгі келесі бір операциялық күннен кешіктірмей қайтарады.
      56. Төлем құжатын орындауды тоқтата тұру Төлемдер туралы заңға, КЖТҚҚ туралы заңға, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысына, Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      57. Алушы банк:
      1) жөнелтушінің төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы өкімі;
      2) қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органның күмәнді операцияларды жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімі;
      3) уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банк шотындағы ақшаға тыйым салу туралы өкімі немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақша жөнелтушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі;
      4) үшінші тұлғалардың 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), Салық кодексінеКеден кодексіне, Банктер туралы заңға, Төлемдер туралы заңға, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес акцепсіз тәртіппен ақша жөнелтушінің банк шотынан ақша алу туралы талаптары негізінде акцептелген төлем құжатын орындауды тоқтатады.
      58. Нұсқаулықтың 57-тармағында көзделген шешімдер (талаптар, өкімдер) алынған кезде, алушы банк төлем құжатын орындауды тоқтата тұрады. Төлем құжатын орындау төлем құжатын орындауды тоқтата тұруға не Нұсқаулықтың 57-тармағында көзделген шешімдердің (талаптардың, өкімдердің) орындалуына негіз болған төлем құжатын орындауды қайта бастау немесе құжаттарды кері қайтарып алу туралы нұсқауды алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      Қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде тоқтатыла тұрған төлем құжатын орындау КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабына белгіленген мерзімге тоқтатылады.
      59. Төлем құжаттарын орындау тоқтата тұрылған жағдайда, алушы банк оларды сақтайды және Нұсқаулықтың 58-тармағында белгіленген жағдайлар басталғанға дейін банктің баланстан тыс шотында есепке алуды қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банк шотындағы ақшаға тыйым салу туралы өкімі, уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі немесе үшінші тұлғалардың ақша жөнелтушінің банк шотына қойылатын талаптары келіп түскен кезде осы төлем құжатына қатысты тоқтатылған төлем құжатын орындау кезектілігі сақталмайды.

5-параграф. Төлем құжатын орындау

      60. Алушы банк төлем құжатын алған кезде оның Төлемдер туралы заңның 13, 14, 15, және 17-баптарында және Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады.
      61. Жөнелтушінің төлем құжатын акцептеген алушы банк оны Төлемдер туралы заңның, Нұсқаулықтың талаптарына және жөнелтуші мен алушы банк арасында жасалған шартта көзделген, сондай-ақ төлем құжатындағы талаптарға сәйкес орындайды.
      62. Алушы банк, егер Азаматтық кодекстеСалық кодексінде және олардың арасында жасалған шартта өзгеше көзделмесе, жөнелтушінің төлем құжаттарын олардың келіп түсуі кезектілігіне сәйкес орындайды.
      63. Жөнелтушінің төлем құжатын орындау кезінде алушы банк төлем құжатында көрсетілген банктік сәйкестендіру коды бойынша ақша жөнелтушінің банкін, делдалдың банкін немесе бенефициардың банкін сәйкестендіреді.
      Алушы банк төлем құжатында көрсетілген банктің сәйкестендіру кодының оның атауына нақты сәйкестігін айқындамайды.
      64. Төлем құжатын орындауды алушы банк оның талаптарын сақтай отырып, төлем құжаты акцептелген күннен кейінгі алушы банктің операциялық күнінен кешіктірмей жүргізеді. Төлем құжатында оны орындаудың өзге мерзімі болған кезде төлем құжаты төлем құжатында көрсетілген мерзімде орындалуға тиіс.
      65. Алушы банк жөнелтушінің төлем құжатын орындауды ақша жөнелтушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүзеге асырады.
      66. Алушы банктің ақша жөнелтушінің банк шотынан ақшаны есептен шығаруы Салық кодексінің 615-бабында, Кеден кодексінің 165-бабында, Төлемдер туралы заңның 13 және 14-баптарында, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) 17-бабында, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 58-бабында және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңның (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 28-бабында және/немесе банк шоты шартында көзделген жағдайларда, алушы банк акцептеген төлем құжаты не ақша жөнелтушінің акцептеуін талап етпейтін төлем құжаты негізінде жүргізіледі.
      67. Бенефициар банкі төлем құжатында көрсетілген сомада ақшаны бенефициардың пайдасына қабылдайды. Бенефициар банкі ақшаны бенефициардың пайдасына қабылдаған кезде бенефициарға олар арасында жасалған шартта белгіленген тәртіпте төлем күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей ақша қабылданғаны туралы хабарлайды.
      Бенефициар банкі өзі акцептеген төлем құжатында көрсетілген валюталау күніне төлем жүргізеді. Егер төлем құжатында валюталау күні көрсетілмесе, бенефициар банкі осы төлем құжатын оның акцепт күнінде орындайды.
      68. Банк (алушы банк, бенефициар банкі, делдал банк) КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес ақша жөнелтушіні және/немесе бенефициарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді, сондай-ақ КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды жүргізу талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ақша жөнелтуші жүргізген ақша төлемі және/немесе аударымы туралы мәліметтерді клиенттің банк шоты жабылғаннан кейін бес жыл ішінде сақтайды.

4. Банктердің төлем құжаттарын және үшінші тұлғалардың талаптарын орындау бойынша іс-әрекеттері

1-параграф. Акцепт және төлем тапсырмасын орындау

      69. Алушы банктің төлем тапсырмасын акцептегені жөнелтушінің төлем тапсырмасын орындағанымен және алушы банктің акцептелген төлем тапсырмасы мөлшерінде жөнелтушінің банк шотынан ақша сомасын алып қойғанымен білдіріледі.
      Мына:
      1) алушы банк жөнелтушіге акцептеу туралы хабарлама немесе төлем құжатының ақысы ретінде қолма-қол ақшаны қабылдау туралы хабарлама жіберді;
      2) алушы банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде оның ақшасын алып қойды (банк шотын дебеттеді);
      3) жөнелтуші төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушы банктің акцептеу туралы немесе акцептеуден бас тарту туралы хабарламасын алған жоқ (әдеттегі тәртіп бойынша) деген талаптардың біреуі болған кезде, алушы банк төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады
      70. Мына:
      1) бенефициар банк жөнелтушіге акцепт туралы хабарлама жібереді;
      2) бенефициар банк, егер ол бір уақытта алушы банк болып табылса, жөнелтушінің төлем тапсырмасының негізінде оның ақшасын алып қойды (банк шотын дебеттеді);
      3) бенефициар банк бенефициардың банк шотын кредиттеу жолымен бенефициарға ақшаны аударды;
      4) жөнелтуші бенефициар банк төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банктен акцепт туралы немесе акцептен бас тартқаны туралы хабарлама алмады (әдеттегі тәртіп бойынша) деген талаптардың біреуі болған кезде, бенефициар банкі төлем тапсырмасын акцептеген болып табылады.
      Акцептелген төлем тапсырмасына сәйкес ақшаны бенефициардың пайдасына қабылдаған кезде бенефициар банкі бенефициарға оның банк шотынан үзінді-көшірмені және қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде, не шарттың талаптарына сәйкес өзге де тәсілдермен орындалған төлем тапсырмасын ұсыну арқылы төлем күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей оған ақша қабылданғаны туралы хабарлайды.
      71. Алушы банк немесе бенефициар банк Нұсқаулықтың 47 және 48-тармақтарында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мына:
      1) егер ақша жөнелтушімен және алушы банк арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жөнелтуші төлемді және ақша аударымын жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген;
      2) төлем тапсырмасында көрсетілген төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмеген жағдайларда төлем тапсырмасының акцептінен бас тартады.
      Төлемді жасау күні банк белгілеген валюта айырбастау бағамы бойынша оны конвертациялауды жүзеге асыру арқылы бенефициардың төлем сомасын банк шотының валютасымен есепке алу туралы жазбаша растауы болған кезде төлем валютасы банк шотының валютасына сәйкес келмейтін төлем тапсырмасын орындауға рұқсат етіледі. Бенефициардың аталған растауы онымен және банк арасындағы шартта көзделген конвертацияны жүзеге асыруға бенефициардың келісімі болған жағдайда талап етілмейді, онда конвертацияны жүзеге асырғаны үшін комиссияларды алудың мөлшері мен тәртібі де айқындалады.
      72. Алушы банк төлем тапсырмасының акцептінен бас тартқан кезде төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде жөнелтушіге хабарлайды.
      Алушы банк пен жөнелтуші арасындағы шартта төлем тапсырмасының акцептінен бас тарту туралы хабарламаны жіберу тәртібі көзделеді. Төлем тапсырмасының акцептінен бас тарту күні деп осындай хабарламаның жіберілген күні саналады.
      73. Мына:
      1) бенефициардың хабарламада көрсетілген деректері (атауы, ЖСН (БСН), ЖСК) төлем құжатында көрсетілген деректерге, оның ішінде «төлем мақсаты» бағанында көрсетілген хабарламаның нөміріне сәйкес келмеген;
      2) төлемнің «ағымдағы» немесе «соңғы» мәртебесі болмаған;
      3) банкте сақталатын хабарламаның кері жағында банктің «соңғы» мәртебесі бар төлем жүзеге асырылғаны жөніндегі белгісі болған;
      4) егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем тапсырмаларының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асқан жағдайда, бенефициар банк бенефициардың пайдасына аударылатын, оның ішінде Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің төлем құжаттары бойынша аударылатын ақшаны оның алуы заңсыз болуы туралы негізделген фактілері болған кезде төлем құжатын акцептеуден бас тартады не бенефициардың пайдасына төлем құжатын орындауды тоқтата тұрады.
      Бенефициар банк санкцияланбаған төлемді жүзеге асыру фактісін анықтаған кезде бенефициар банк бенефициардың пайдасына ақшаны есепке алмайды.
      74. Бенефициар банк «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қаражат көздерінен кәсіптік одақтарды қаржыландыруды қоспағанда, бейрезиденттерден, шетел мемлекеттерінен, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайрымдылық ұйымдарынан шартты (шарттарды) («тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу бойынша келісімшартты (келісімшарттарды) орындауымен байланысты емес операциялар бойынша саяси партиялардың және кәсіптік ұйымдардың пайдасына ақша түскен, оның ішінде шетел валютасы түскен кезде төлем тапсырмасының акцептінен бас тартады.
      75. Жөнелтуші алушы банкке акцептелген төлем тапсырмасы сомасына төлемді жүргізеді және алушы банк жөнелтушінің төлем тапсырмасын орындаған кезден бастап олар арасындағы шартқа сәйкес санкцияланған төлем тапсырмасын орындаумен немесе кері қайтарып алумен байланысты шығындарды өтейді.
      76. Алушы банк жөнелтушінің банк шотын дебеттеген кезде жөнелтушінің алушы банкке төлемі жүргізіледі.
      77. Егер банк жөнелтуші болып табылса, төлем:
      1) жөнелтушінің алушы банктің корреспонденттік шотын кредиттеу  және оған үзінді-көшірмені жіберу;
      2) жөнелтушінің алушы банктегі корреспонденттік шотын дебеттеу;
      3) жөнелтушінің және алушы банктің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттары арқылы төлемді жүзеге асыру;
      4) төлем жүйесі арқылы төлемді жүзеге асыру;
      5) Төлем туралы заңда көзделген өзара есептесу арқылы жүргізіледі.
      78. Валюталау күні талаптарының бірі болып белгіленген төлем тапсырмасының акцепті жағдайында, алушы банктің жөнелтушінің банк шотынан ол акцептеген төлем тапсырмасының мөлшерінде ақша сомасын алық қоюына рұқсат етіледі.
      Алушы банк осындай операцияларды жекелеген немесе жекелеген жеке шоттарда (қосалқы позицияларда) есебін жүргізеді.
      Алушы банк валюталау күні бар төлем тапсырмасын жөнелтуші төлем тапсырмасында көрсеткен талаптарға сәйкес, оны делдал банк немесе бенефициар банк орындау үшін жеткілікті мерзімде орындайды.
      79. Жөнелтушінің төлем тапсырмасында өзгеше көзделмесе, алушы банктің жөнелтушінің төлем тапсырмасын дербес орындауы мүмкін болмаған кезде алушы банк оны одан әрі орындау үшін делдал банкке жібереді.
      80. Делдал банктің төлем тапсырмасын орындауы мүмкін болмаған кезде осындай төлем тапсырмасын алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей олар арасындағы шартта белгіленген тәсілдермен ақша жөнелтушінің банкіне хабарлайды және оған төлем тапсырмасы негізінде ақшаны қайтарады.
      81. Егер алушы банк жөнелтушіден төлем сомасынан комиссияларды өтеп алуға өкілдіктерді алмаса:
      1) жөнелтушінің төлем тапсырмасын орындауға байланысты қызметтері және ұшыраған шығыстары үшін оған тиесілі комиссиялық төлемдер сомасын осы төлем тапсырмасының сомасынан оларды үстап қалу арқылы өтеп алуға;
      2) кейінгі алушы банкке төлем тапсырмасы сомасының есебінен комиссиялық төлемді өтеп алу мүмкіндігін ұсынуға рұқсат етілмейді.
      82. Делдал банкті көздейтін төлем тапсырмасын делдал банк орындауы мүмкін болмаған жағдайда, егер алушы банк оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін жөнелтушіден көрсетілген төлем тапсырмасын тиісті орындау үшін одан кейінгі іс-әрекеттер туралы сұратса, алушы банктің осы төлем тапсырмасын орындау бойынша міндеттемелері орындалды деп саналады,
      83. Егер алушы банк тапсырманы орындаған кезге дейін өзі алған төлем құжаттарын Азаматтық кодекстің және Салық кодексінің талаптарына сәйкес бірінші кезекте орындаса және ақша жөнелтушінің банк шотында тапсырманы орындау үшін ақшаның қажетті сомасы болмаса, алушы банк төлем тапсырмасын орындамайды және оның акцептінен бас тартады.

2-параграф. Акцепт және төлемдік талап-тапсырманы орындау

      84. Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы алған кезде осы төлемдік талап-тапсырманың әр данасында алған күні туралы белгі қояды.
      Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырмаларды тіркеу журналында келіп түскен төлемдік талап-тапсырмалардың есебін жүргізеді.
      Төлемдік талап-тапсырмаларды тіркеу журналының нысанын, оны жүргізу тәсілдерін және төлемдік талап-тапсырмаларды тіркеу журналында көрсетілетін төлемдік талап-тапсырманың деректемелерін банк белгілейді.
      Бірнеше төлемдік талап-тапсырмаларды Нұсқаулықтың 23-тармағына  сәйкес төлемдік талап-тапсырмалардың тізілімін қоса бере отырып ұсынған жағдайда, алған күні туралы белгі тізілімге қойылады.
      85. Төлемдік талап-тапсырманы алған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманың данасын ақша жөнелтушіге оны кейіннен акцептеу және төлеу үшін ақша жөнелтуші мен оның банкі арасындағы Электрондық жүйелерді пайдалану туралы келісімге сәйкес қағаз тасымалдағышта не электрондық форматта береді.
      86. Ақша жөнелтуші төлемдік талап-тапсырманы алған соң төлемдік талап-тапсырмаға акцепт туралы белгі қоя отырып жібереді.
      87. Ақша жөнелтуші Төлемдер туралы заңда, Нұсқаулықта және өзі мен бенефициар арасындағы шартта көзделген негіздемелер бойынша төлемдік талап-тапсырманы акцептеуден бас тартады және ақша жөнелтушінің банкіне бас тарту негіздемелерін немесе Төлемдер туралы заңда көзделген негізді көрсете отырып, ақша жөнелтушінің акцептен бас тарту құқығын көздейтін шарттың тиісті тармағына жасалған сілтемені қамтитын бас тарту туралы өтінішті жібереді.
      88. Ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін ақша жөнелтушіден төлемдік талап-тапсырманы акцептеуден бас тартуды не акцептелген төлемдік талап-тапсырманы алмаған жағдайда ақша жөнелтушінің банкі төлемдік талап-тапсырманы қайтару себебі көрсетілген хабарламамен бірге төлемдік талап-тапсырманы жөнелтушіге қайтарады.
      89. Ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы қоспағанда, ақша жөнелтушінің акцепті негізінде ақша жөнелтушінің банк шотынан дебеттеу арқылы төлемдік талап-тапсырманы акцептейді.
      90. Ақша жөнелтушінің банкі ақшаны одан әрі бенефициардың пайдасына аудару үшін бенефициардың шотын немесе бенефициар банкінің корреспонденттік шотын кредиттеу арқылы акцептелген төлемдік талап-тапсырманы орындайды.
      91. Ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы олардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес орындайды. Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы ақша жөнелтуші банкінің орындауы ақша жөнелтушінің банк шотынан дебеттеу арқылы жүзеге асырылады.
      92. Ақша жөнелтушінің банкі акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырма мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін ашылған банк шотына берілген жағдайда, аталған төлемдік талап-тапсырманы акцептеуден бас тартады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      93-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      93. Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткіліксіз болған кезде төлемдік талап-тапсырманы орындау Нұсқаулықтың осы тарауының 3-параграфында көзделген жағдайларды қоспағанда, банк шотына ақшаның келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.
      94. Банк ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін бірнеше төлемдік талап-тапсырманы алған кезде олардың орындалуы олардың банкке келіп түсу тәртібіне қарай күнтізбелік кезектілікте жүргізіледі.
      Ақша жөнелтушінің банк шотында ақша болмаған кезде не жеткіліксіз болған жағдайда ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін, тізіліммен бірге ұсынылған төлемдік талап-тапсырмалар тізілімде көрсетілген олардың реттік нөмірлеріне сәйкес орындалады.
      95. Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырма ұсынылған ақша жөнелтушінің банк шотында ақша болмаған жағдайда, Нұсқаулықтың 29-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда берешекті алу ұсынылған төлемдік талап-тапсырма негізінде басқа банк шотындағы және оны орындау үшін жеткілікті ақша есебінен жүргізіледі. Осындай орындау ұсынылған төлемдік талап-тапсырма валютасымен ашылған банк шотынан бірінші кезектегі тәртіппен жүргізіледі.
      Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы банк шотының валютасынан басқа валютамен орындау төлемді жасау күні банк белгілеген валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      95-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2017 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      Ақша жөнелтушінің банкінде ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы болмаған не жетпеген жағдайда, ақша жөнелтушінің банкі ол акцептеген құжаттар бойынша есепке алуды жүзеге асырады және алған күннен бастап бір жыл бойы сақтайды. Төлемдік талап-тапсырмаларды және тізілімді алушы банктің сақтау мерзімі осы құжаттарды қолдану мерзімін тоқтатады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      96-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      96. Ақша жөнелтушінің банкінде ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы және ақша жөнелтуші акцептеген төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы болмаған не жетпеген жағдайда, ақша жөнелтушінің банкі ол акцептеген құжаттар бойынша есепке алуды жүзеге асырады және оларды оның банк шотына келесі төлем немесе ақша аударымы үшін ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.
      Банк төлемдік талап-тапсырманы орындауды ақшаның келіп түсуіне қарай және Нұсқаулықтың осы тарауының 3-параграфында белгіленген тәртіпке сәйкес банк жүйесінде ақы төлеу сомасына төлемдік талап-тапсырманы қалыптастыру арқылы жүргізеді, оның «төлем мақсаты» бағанында төлемдік талап-тапсырманың деректемелері көрсетіледі.
      97. Банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы алу үшін шоттың (шоттардың) иесі қарыз алушысы, кепілгері, кепілдік берушісі, лизинг алушы немесе кепіл берушісі болып табылатын банк банктің басқармасы төрағасының немесе банктің өзге де уәкілетті тұлғаларының қолы қойылған жазбаша сұратуларды банктерге банктік қарыздың алынғанын растайтын мынадай құжаттарды:
      1) егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылса, банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға берген келісімін қамтитын банк қарызы шартының немесе кредиттік желіні ашу туралы келісімнің көшірмесін қоса бере отырып жібереді. Егер шоттың иесі қарыз алушы болып табылмай, кепілгер, кепілдік беруші, лизинг алушы немесе кепіл беруші болып табылса, банктің «Көшірмесі дұрыс» деген белгісі бар ақша жөнелтушінің банк шотынан ақшаны акцептсіз алуға берген келісімі қамтылған банк қарызы шартының немесе кредиттік желіні ашу туралы келісімнің немесе кепілдіктің, кепілдік берудің, лизинг алудың немесе кепіл берудің фактісін растайтын өзге құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып жібереді;
      2) төлем құжатының немесе клиенттің банк шоты бойынша үзінді-көшірменің немесе банк қарызының берілгенін растайтын өзге құжаттың көшірмесін қоса бере отырып жібереді.
      «Көшірмесі дұрыс» деген жазу тырнақшасыз көрсетіледі, құжаттардың көшірмелерін растау бойынша тиісті өкілеттіктер берілген банктің уәкілетті тұлғасының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), растаған күні көрсетіле отырып, оның қолымен расталады және банк мөрінің бедерімен (ол бар болса) бекітіледі.
      98. Банк Нұсқаулықтың 97-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау салған банкке клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтаманы немесе олардың жоқ екендігі туралы мәліметтерді жібереді. Клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтама еркін нысанда жасалады және онда анықтаманың берілу күні, банктің атауы мен банктік сәйкестендіру коды, клиенттің атауы, оның жеке сәйкестендіру коды, сәйкестендіру нөмірі, банк шотының валютасы, банктің уәкілетті тұлғасының аты-жөні және мөртабан қамтылады. Егер клиентке банк шоты мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін ашылған болса, онда осы факті туралы ақпарат клиенттің банк шоттарының болуы және нөмірлері туралы анықтамада көрсетіледі.

3-параграф. Жеке тұлғаның ағымдағы шотынан акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы орындау ерекшеліктері

      РҚАО-ның ескертпесі!
      99-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      99. Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін, ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотына берілген төлемдік талап-тапсырма ақша жөнелтушінің ағымдағы шотындағы ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде орындалады. Ағымдағы шоттағы ақша сомасының елу пайызы мөлшерінен аспайтын сомаға акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы берген кезде аталған төлемдік талап-тапсырма сонда көрсетілген сомаға орындалады.
      Акцептеуді талап етпейтін ішінара орындалған төлемдік талап-тапсырма бойынша ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотынан ақшаны кейіннен есептен шығару оның ағымдағы шотына келіп түсетін әрбір ақша сомасының елу пайызы шегінде жүзеге асырылады. Ағымдағы шотқа келіп түсетін ақша сомасының елу пайызы мөлшеріндегі сома акцептеуді талап етпейтін ішінара орындалған төлемдік талап-тапсырма бойынша ақша сомасының қалдығынан асатын жағдайда, ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығару аталған төлемдік талап-тапсырманы орындауға жеткілікті сома шеңберінде жүргізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      100-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      100. Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырма ұсынылған ақша жөнелтуші жеке тұлғаның ағымдағы шотында ақша болмаған жағдайда, оның орындалуы, егер осындай алу банктік қарыз шартында көрсетілген жағдайда, Нұсқаулықта көзделген тәртіппен ақша жөнелтушінің банкте ашылған басқа ағымдағы шоттарынан жүргізіледі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      101-тармақ 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 қаулысымен.
      101. Акцептеуді талап етпейтін төлемдік талап-тапсырма берілген ақша жөнелтуші жеке тұлғаның банкте бір шоттан асатын ағымдағы шоты болған кезде және банк шоттарында ақша сомасы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы орындау ағымдағы шоттағы ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде ақша жөнелтушінің әрбір ағымдағы шотынан жүзеге асырылады. Банк кейіннен ақшаны есептен шығаруды бірінші кезекте теңгемен ашылған ағымдағы шоттан, сосын шетел валютасындағы ағымдағы шоттан жүргізеді.
      Ақша жөнелтушінің акцепті талап етілмейтін төлемдік талап-тапсырманы ағымдағы шоттың валютасынан өзгеше валютада орындау төлемді жасау күні банк белгілеген валюта айырбастау бағамы бойынша жүргізіледі.

4-параграф. Акцепт және инкассалық өкімді орындау

      102. Ақша жөнелтушінің банкі Төлемдер туралы заңда және Нұсқаулықта белгіленген мерзімдерде ақша жөнелтушінің банк шотын дебеттеу жолымен инкассалық өкімді акцептейді.
      103. Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банк клиентін сәйкестендіріп, клиенттің инкассалық өкімінде көрсетілген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.
      104. Ақша жөнелтушінің келісімінсіз оның банк шотынан ақша алуға арналған атқарушылық құжаттар ақша жөнелтушінің банкіне Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда белгіленген ескіру мерзімі шеңберінде беріледі. Атқарушылық және басқа құжаттарды ұсыну үшін белгіленген ескіру мерзімінің өтіп кетуі банктің инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуына негіз болады.
      105. Банк міндеттемелері бойынша инкассалық өкімді бастамашы  Ұлттық Банкке не Төлемдер туралы заңға, Нұсқаулыққа, Ұлттық Банктің ішкі нұсқаулықтарына корреспондент банкке, ал клиенттердің міндеттемелері бойынша - ақша жөнелтуге қызмет көрсетілетін банкке немесе оның филиалына ұсынады.
      106. Инкассалық өкімнің орындалуын тоқтата тұру немесе тоқтату:
      1) инкассалық өкімді ұсынған уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының шешімі бойынша;
      2) сот актісі негізінде;
      3) банк қайта құрылымдалғанконсервацияланған, сондай-ақ борышкер және (немесе) банк қайта ұйымдастырылған және таратылған жағдайларда жүргізіледі.
      Банктер көрсетілген құжаттарды оларда күндері, нөмірлері, мөрінің бедері (ол бар болса) және лауазымды адамның қолы болған кезде орындауға қабылдайды.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарда инкассалық өкімді орындауды тоқтата тұру немесе тоқтату жүзеге асырылатын төлем құжаттарының деректемелері көрсетіледі. Төлем құжаттарының деректемелері инкассалық өкімді ұсынған уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының шешімінде көрсетілген деректемелермен сәйкес келмеген жағдайда банк мұндай құжаттарды жіберушіге орындамастан қайтарады.
      Банк орындалуы тоқтатыла тұрған нұсқауларды сақтайды және босы тармақта көзделген құжаттарды алған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей баланстан тыс есепке қабылдайды. Нұсқауды баланстан тыс есепке қойған кезде банк келесі операциялық күнінен кешіктірмей нұсқауды жөнелтушіге (бастамашыға) тиісті хабарлама жібереді.
      Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының шешімдерін алған кезде нұсқауды шешімді алған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей тиісті шешімді қоса бере отырып жөнелтушіге қайтарады.
      107. Мемлекеттік кіріс органның салықтық берешекті толық төлемеушінің шотына олардың өз дебиторларына қоятын талаптары бойынша түсуге тиісті ақша есебінен өндіріп алуға арналған, қағаз тасымалдағышпен ұсынылған инкассалық өкімдері толық төлемеушінің дебиторына қызмет көрсетілетін банкке төрт данада жіберіледі.
      Мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімі толық төлемеушілердің дебиторларына ұсынылған шағым-талаптарының бөлек журналында тіркеледі.
      Бұл журналда инкассалық өкімнің түскен күні, қай мемлекеттік кіріс органы инкассалық өкімді бергені, оның нөмірі, күні және сомасы, толық төлемеуші дебиторының атауы көрсетіледі.
      108. Инкассалық өкімге толық ақы төлегеннен кейін толық төлемеушінің дебиторы инкассалық өкімнің екінші данасына күні мен уақытын көрсете отырып орындалғандығы туралы белгі қояды.
      Инкассалық өкімнің көшірмелері ақы төленгеннен кейін төмендегідей түрде:
      1) бірінші данасы күн кұжаттарына орналастырылады;
      2) екінші данасы толық төлемеушінің дебиторына оның банк шотынан үзінді көшірмемен бірге жіберіледі;
      3) үшінші және төртінші даналары мемлекеттік кіріс органдарына жіберіледі.
      109. Ашқа жөнелтушінің банкінде төлемдік талап-тапсырмасын немесе инкассалық өкімді орындау үшін қажетті ақша сомасы жоқ не жеткіліксіз болған кезде, ақша жөнелтушінің банкі олар акцептеген құжаттар бойынша есептейді және оларды келесі төлем немесе ақша аударымы үшін оның корреспонденттік шотына ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.

5-параграф. Төлем құжатын белгісіз мерзімдерде орындау

      110. Алушы банк инкассалық өкімді және төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жоқ не жеткіліксіз болған кезде оларды Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен картотекаға орналастырады.
      111. Ақша жөнелтушінің банк шотында инкассалық өкімді, төлемдік талап-тапсырманы орындау үшін қажетті ақша сомасы жоқ болған кезде алушы банк оларда көрсетілген деректемелердің толықтығын және дұрыстығын, Нұсқаулықтың төлем құжаттарын ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді және олар сәйкес болған кезде алынған төлем құжаттарын қабылдайды және егер Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда және Нұсқаулықта басқаша көзделмесе ақша жөнелтушінің банк шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтайды.
      Инкассалық өкімде және төлемдік талап-тапсырмада көрсетілген деректемелердің толықтығын және дұрыс толтырылуын, сондай-ақ ақшаны (бар болса) алып қоюдың негізділігін растайтын құжаттарға сәйкестігін тексеруді ақша жөнелтушінің банкі нұсқауды акцептеу үшін Төлемдер туралы заңда белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
      112. Алушы банк басқа да төлем құжаттарын қабылдайды және ақша жіберуші мен алушы банк арасында жасалған банк шоты шартына сәйкес, егер Азаматтық кодексте, Банктер туралы заңда, Төлемдер туралы заңда және Нұсқаулықта басқаша көзделмесе оларды алған күннен бастап бір жылдың ішінде сақтайды.
      113. Алушы банк Нұсқаулықтың 111-тармағында көзделген төлем құжаттарын картотекаға орналастырған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей алушы банк бірмезгілде бенефициар банк болып табылатын жағдайды қоспағанда, бенефициардың банкіне не бенефициарға осы төлем құжаттарын картотекаға орналастыру туралы хабарлама жібереді. Төлем құжаттарын картотекаға орналастырған кезде алушы банк орналастыру уақыты мен күнін белгілейді.
      114. Нұсқаулықтың 111-тармағында көзделген төлем құжаттарын картотекаға орналастырған кезде банк осы параграфта белгіленген тәртіппен клиенттің банк шоты бойынша шығыс операцияларын картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге не оларды кері қайтарып алғанға дейін тоқтата тұрады.
      115. Алушы банктің Нұсқаулықтың 111-тармағында көзделген төлем құжаттарын орындауы Азаматтық кодексте және Салық кодексімен көзделген кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
      116. Ақша жөнелтушіде салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органдарының және атқару құжаттары бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының және әділет органдарының инкассалық өкімдерін орындау үшін қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде алушы банк ақша жөнелтушінің пайдасына алушы банктің ақшаны қабылдауына қарай осы инкассалық өкімнің ішінара орындалуын жүргізеді.
      Банк мемлекеттік кіріс органының салық төлеушінің бір банк шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімін орындаған кезде, мемлекеттік кіріс органының көрсетілген банкте ашылған салық төлеушінің басқа банк шоттарына мемлекеттік кірі органы шығарған инкассалық өкімдерін, егер мұндай инкассалық өкімдер сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін берілген болса банк мемлекеттік кіріс органының инкассалық өкімді орындау фактісін растайтын төлем құжатын қосып бере отырып мемлекеттік кіріс органына орындамай қайтарады.
      Банк мемлекеттік кіріс органының салық берешегін немесе кедендік төлемдерді өндіріп алу туралы инкассалық өкімін төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді төлеушінің бірнеше банк шоттарынан ақшаны мемлекеттік кіріс органы шығарған инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға есептен шығару арқылы толық орындаған кезде, банк төлеушінің салық төлеушісінің (салық агентінің) көрсетілген банкте ашылған басқа банк шоттарына инкассалық өкімдерді, егер мұндай инкассалық өкімдер сол күнмен, сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша берілген болса, оларды қайтару себебін көрсете отырып орындаусыз мемлекеттік кіріс органдарына қайтарады.
      117. Мемлекеттік кірістер органының салық берешегін өндіріп алуға және қағаз тасымалдағыштағы атқару құжаттары бойынша жеке сот орындаушыларының және әділет органдарының ішінара орындалатын инкассалық өкімдерінің акцепті оның алдыңғы бетіне «Ішінара ақы төлеу» мөртабанын қою арқылы жүргізіледі. Инкассалық өкімінің барлық даналарында ішінара төлемнің күні және сомасы және банктің уәкілетті адамдарының қолдарымен расталатын осы инкассалық өкімнің қалдық сомасы туралы жазба жазылады.
      Алушы банк ішінара ақы төлеу сомасына өзінің жүйесінде инкассалық өкімнің ішінара орындалу фактісін растайтын құжат болып табылатын инкассалық өкімді қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімнің «төлемнің мақсаты» бағанында алушы банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық берешегін өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органының ішінара ақы төлеу сомасына инкассалық өкімде «операция түрі» бағанында осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген код көрсетіледі.
      118. Инкассалық өкім бөліп төленгенде алушы-банк ақша жөнелтушінің алушы-банктің операциялық күн бойында банк есепшотына түскен ақша сомасымен төлем жүргізеді. Бөліп орындалған инкассалық өкім толық төленгенше картотекада тұрады.
      119. Алушы банктің осы Нұсқаулықтың 111-тармағында көзделген нұсқауларды сақтауы Салық кодексіне, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңға, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес жүргізілетін азаматтық-құқықтық мәміле бойынша ақы немесе міндетті төлемдерді төлеу талаптарына сәйкес төлем бойынша міндеттемелерді орындау болып табылмайды.
      120. Алушы банкке ішінара орындалған салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді қайтарып алу туралы мемлекеттік кіріс органының өкімі келіп түскен кезде, алушы банк ішінара орындалған инкассалық өкімді қайтарады.

6-параграф. Үшінші тұлғалардың талаптарын (шығыс операцияларына тыйым салу және тоқтата тұру) орындау

      121. Ақша жөнелтушінің банк шотындағы ақшаға мемлекеттік органың немесе сот орындаушысының тиісті шешімінің негізінде тыйым салу, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның тиісті шешімі (қаулысы) негізінде ақша жөнелтушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Азаматтық кодекстеСалық кодексінде, 2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте, Банктер туралы заңда, Атқарушылық іс жүргізу заңында және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
      122. Банк уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының банк шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы шешімін (қаулысын), сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін, клиенттің онда көрсетілген деректемелерінің банк клиентінің деректемелеріне (атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), ЖСН (БСН) және ЖСК (ол бар болса) сәйкестігін тексереді.
      Көрсетілген деректемелер сәйкес келмеген жағдайда банк бастамашыға уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының банк шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы шешімін (қаулысын), уәкілетті мемлекеттік органның банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімін қайтарады.
      123. Ақша жөнелтушінің банк шоты бойынша шығыс операциялары уәкілетті мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімді жойғаннан кейін жаңартылады.
      124. Уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының ақша жөнелтушінің банк шотында тұрған ақшаға тыйым салу туралы шешімі (қаулысы) шығарылған ақша жөнелтушінің банк шотында ақша жеткілікті болған кезде банк көрсетілген шешімді орындайды.
      125. Ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының шешімі (қаулысы) белгіленген банктік шоттағы ақшаның жеткіліксіздігі жағдайында банк аталған шешімді орындауға алады және тыйым салу туралы шешімде көрсетілген қажетті сома жиналғанға дейін шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салуға негіз болған талап-арызды қамтамасыз ету туралы айқындамада клиенттің банктік шоттарының (оның ішінде теңгедегі және шетел валютасындағы) бірнеше нөмірі және бір банктік шотта ақшаның жеткіліксіздігі көрсетілген жағдайда, осы айқындамада банктік шоттарды көрсетудің кезектілік тәртібімен банктік шоттардағы ақшаға тыйым салынады.
      Теңгедегі банктік шоттарда ақша жеткіліксіз болғанда ақшаның қалған сомасына тыйым салу тыйым салынған күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша айқындамада көрсетілген шетел валютасындағы банктік шоттардан бастап жүргізіледі.
      126. Банк ақша жөнелтушінің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті мемлекеттік органның немесе сот орындаушысының шешімін (қаулысын) алғаннан соң үш операциялық күннен кешіктірмей тиісті органдарды хабарламада тыйым салынған ақшаның нақты сомасын көрсете отырып аталған шешімді, сондай-ақ тыйым салу туралы уәкілетті органдардың немесе лауазымды тұлғалардың қолда бар бұрын орындауға берілген шешімдерін не болмаса ақша жөнелтушінің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың шешімдерін орындауға қабылдауы туралы хабардар етеді.
      Берілген норма банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы шешім жеке тұлғаның банктік шотына сот орындаушылары берген жағдайда қолданылмайды.
      127. Уәкілетті органның немесе сот орындаушысының тиісті шешімінің (қаулысының) негізінде банктік шоттағы ақшаға тыйым салынған және кейіннен атқарушылық құжатты қоса беріп инкассалық өкімді берген кезде ақша жөнелтушінің банкі тыйым салынған ақшаны пайдаланумен мұндай инкассалық өкімді:
      1) тыйым салу туралы уәкілетті органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының шешімінде көрсетілген ақша жөнелтушінің деректемелері (атауы және ЖСН (БСН)) соның негізінде инкассалық өкім берілген атқарушылық құжатта көрсетілген деректемелермен сәйкес келген кезде;
      2) атқарушылық құжат және тыйым салу туралы уәкілетті органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының шешімі бір істің аясында берілген кезде орындайды.
      Егер инкассалық өкімнің негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілсе, ол бойынша инкассалық өкім орындалған бір істің аясында бұрын салынған тыйым алынды деп саналады.

7-параграф. Қате төлемді қайтару

      128. Алушы банк жөнелтушінің төлем құжатын орындағаннан кейін оның орындалғаны жөнінде жөнелтушіні олардың арасындағы шартта көзделген тәртіппен хабардар етеді.
      129. Жөнелтуші төлем құжатының дұрыс орындалуын анықтайды және оның қате орындалғаны анықталған жағдайда, алушы банкке қате төлемнің орындалғаны анықталғаннан кейін үш операциялық күн ішінде, бірақ қате  нұсқау орындалған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей хабарлайды.
      Қате төлем туралы хабарда жөнелтуші өзінің төлем құжатының деректемелерін және ол анықтаған қате деректемелерді көрсетеді. Егер төлем құжатындағы қатені жөнелтуші жасаса, алушы банк берілген төлем бойынша жауапкершіліктен босатылады.
      130. Бенефициар банкінің өзінің қате төлемді орындау фактісін анықтаған жағдайда банк бенефициар мұндай факті анықталған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей ақшаны қайтаруды жүзеге асырады.
      131. Алушы банк жөнелтушіден төлем құжатының қате орындалғаны жөнінде хабарлама алғаннан соң үш операциялық күннен кешіктірмей:
      1) жөнелтушінің төлем құжатының деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелері бар қате төлем бойынша төлем құжатын тиісті бенефициардың пайдасына жібереді немесе жөнелтушіге төлемнің барлық сомасын қайтарады;
      2) қайта жіберілген қате төлем бойынша жөнелтушіге қате алынған соманы қайтарады. Ақша сомасын қайтаруды бенефициар банк төлем тапсырмасын жасау жолымен жүргізеді, ондағы «төлемнің мақсатында» бенефициар банкі ақшаны қайтару себептерін көрсетеді.
      Бенефициар банкі қате соманы ақша жөнелтуші банкінің хатының негізінде талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінде ақша жөнелтушіге кері қайтарады.
      132. Қате төлемге жол берген алушы банк оның пайдасына қате төлем жүзеге асырылған бенефициарға не болмаса оның банкіне қате төлем фактісін растайтын құжаттарды қоса беріп, қате төлемді кері қайтару қажеттілігі жөнінде хабарлама жолдайды.
      133. Бенефициар банкі жөнелтушінің төлем құжатын қате орындағаны туралы алушы банктің хабарламасын алған күннен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей кейіннен бенефициарды хабардар ете отырып, бенефициардың банктік шотынан акцептсіз есептен шығару жолымен қате есептелген ақша сомасын қайтаруды жүргізеді.
      134. Қате төлем бойынша ақшаны қайтаруды бенефициар банкі бенефициардың банктік шотындағы бар ақшаның есебінен, соның ішінде егер банктік шот бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы және/немесе уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және/немесе белгісіз мерзімдерде орындалуы тиіс орындалмаған нұсқаулар бар болған жағдайда жүзеге асырады.
      135. Бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз немесе болмаған жағдайда қате төлем бойынша ақшаны қайтаруды қате төлемге жол берген ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз немесе болмауы туралы бенефициар банктен хабарлама алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде өз ақшасының есебінен жүзеге асырады.
      136. Бенефициар банкі ақша сомасын қайтаруды жүзеге асырған кезде ақша жөнелтушінің банкі келесі іс-қимылдарды жүзеге асырады:
      1) ақша сомасын ақша жөнелтушінің банкіне есептейді;
      2) егер ақшаны алғанға дейін банк өз ақшасының есебінен ақша жөнелтушіге кері қайтару жүргізген немесе тиісті бенефициарға аударым жолдаған жағдайда түскен соманы өз пайдасына есептейді.
      Ақша жөнелтушінің банкі кері қайтарылған ақша түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде ақша жөнелтушінің банкін мұндай кері қайтару туралы банк белгілеген тәсілдермен хабардар етеді.
      Егер ақша қайтару ақша жөнелтушінің банкі жөнелтушіден алынған нұсқаудың деректемелеріне сәйкес келмейтін деректемелерді көрсету себебінен жүргізілсе, онда ақша жөнелтушінің банкі ақша жөнелтушіні төлемді қайтару туралы хабардар етпей, ақша қайтарылған күннен бастап үш операциялық күн ішінде бенефициар банктің мекенжайына тиісті деректемелермен төлем құжатын жолдайды.
      137. Алушы банк төлемді қате орындау фактісін өз бетінше анықтаған жағдайда алушы банк бенефициар банкке оны Нұсқаудың 132-тармағында белгіленген тәртіпте қайтару қажеттілігі жөнінде хабарлама жолдайды.

8-параграф. Санкцияланған және санкцияланбаған төлемдер

      138. Санкцияланған төлем құжаты жөнелтушінің:
      1) төлем құжаттарын ресімдеуге Төлемдер туралы заңда, № 388 Қағидада және Нұсқауда белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген немесе жасалған;
      2) алушы банк пен жөнелтуші арасындағы шартта көзделген санкцияланбаған төлемдерден қорғаныс іс-қимылдарының келісілген талаптарына сәйкес алушы банктен алынған;
      3) төлем жасауға уәкілетті тұлға куәландырған төлем құжаты болып саналады.
      Төлем құжаты, егер алушы банк оны осы тармақта көрсетілген талаптарды бұза отырып орындауға қабылдаса, санкцияланбаған болып саналады.
      139. Санкцияланбаған төлемдерден қорғаныс іс-қимылдарының тәртібі алушы банк пен жөнелтуші арасында келісіледі және олардың арасындағы шартта айқындалады.
      140. Жөнелтуші төлем құжатының дұрыс орындалуын айқындайды  және санкцияланбаған төлем құжаты орындалған жағдайда алушы банкке ол анықталғаннан кейін үш операциялық күн ішінде, бірақ мұндай төлем жүргізілген сәттен бастап есептелетін талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінде ол жөнінде мәлімдейді.
      Алушы банк жөнелтушіден санкцияланбаған төлем туралы хабарды алған соң келесі операциялық күннен кешіктірмей бенефициарға немесе бенефициар банкке санкцияланбаған төлем бойынша ақшаны қайтару туралы хабарлама жолдайды. Хабарламаның нысанын алушы банк өз бетінше айқындайды.
      Бенефициар банкі, егер бұл бенефициар мен бенефициар банкі арасында жасалған шартта көзделсе, алушы банктен санкцияланбаған төлем туралы хабарлама түскен күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей есептелген ақша сомасын кейіннен бенефициарды хабардар ете отырып, бенефициардың банктік шотынан акцептсіз есептен шығару жолымен жүргізеді.
      Санкцияланбаған төлем бойынша ақшаны қайтаруды бенефициар банкі бенефициардың банктік шотындағы бар ақшаның есебінен, соның ішінде егер банктік шот бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банктік шоттағы ақшаға тыйым салу туралы және/немесе уәкілетті мемлекеттік органның, лауазымды тұлғаның немесе сот орындаушысының банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және/немесе белгісіз мерзімдерде орындалуы тиіс орындалмаған нұсқаулар бар болған жағдайда жүзеге асырады.
      Бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз немесе болмаған жағдайда санкцияланбаған төлем бойынша ақшаны қайтаруды санкцияланбаған төлем жүргізуге жол берген ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банктік шотында ақша жеткіліксіз немесе болмауы туралы бенефициар банктен хабарлама алғаннан кейін үш операциялық күн ішінде Төлемдер туралы заңның 34-бабының 4-тармағына сәйкес өз ақшасының есебінен жүзеге асырады.
      141. Осы тараудың ережелері сондай-ақ, төлем құжатын кері қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкімдерге де қолданылады.

Төлем тапсырмаларын, төлемдік
талап-тапсырмаларды, инкассалық
өкімдерді ресімдеу, пайдалану
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша            

Нысан

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша            

Нысан

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша            

Нысан

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша            

Нысан

________________________________________

Тауарды алу (қызмет көрсету) күні)
_____ жылғы «____»________

Төлем мақсаты ___________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
  (шарттың атауын, күнін және нөмірін көрсете отырып)

_____ жылғы «____»___________
Ақша жөнелтуші банк өткізді
(жауапты орындаушылардың қолдары)

Бар болса мөр
____________________________________

Бенефициардың уәкілетті тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _________________

Бенефициардың уәкілетті тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы ____________

«Акцепт орны»
____________________________

Ақша жіберушінің уәкілетті тұлғасының
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы _______________

Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы _______________
                                            акша жіберуші

мөр орны

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша            

Нысан

№ _______
Төлемдік талап-тапсырмалардың тізілімі
______________________________________________
(бенефициардың атауы, КОд, ЖСН (БСН)) жылғы

___ жылғы ______
 
(жазылған күні)
Бенефициар банк
________________________________
БСК
________________________________
Бенефициар ЖСК
________________________________

Жалпы сомасы
_________________________________
Төлемдщік талап-тапсырманың саны
_________________________________
қалада
_________________________________

Р/с №

Талап тапсырманың №

Талап тапсырманың күні

Сомасы

1.




2.




3.




4.




5.




      Бенефициар банк қабылдады
      20 _____ жылғы «____»______

      Бар болса мөр
Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)________Қабылдау уақыты _______
қолы ______________
___________________________________
(Жауапты орындаушылардың қолдары)

Уәкілетті тұлғаның
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)______________
қолы _______________

мөр орны

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша            

Нысан

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша            

Нысан

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша            

Нысан

______жылғы «_____»_______
(жазылған күні) төлем құжатын қайтарып алу
туралы № өкім

      Банкке ___________________________________________ ұсынылды
                            (атауы)
      «Ақша төлемі мен аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына сәйкес ___________________________
________________________________________ орындамай қайтаруды сұраймыз
                (төлем құжатының атауы)
      _____ жылғы № ____ «_____»________
______________________________________________
                (жазылу күні)
сомасы _____________________________________________
        (цифрмен және жазумен)
Жіберушінің ЖСК _____________________________________________________
Жіберушінің ЖСН/БСН _________________________________________________
Бенефициардың ЖСК _______________________________________________
КОд _________________________________________________________________
Бек _________________________________________________________________
Төлем мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (төлем құжатында көрсетілген)
Басқа да мәліметтер _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________  ____________
                                                            қолы
Бар болса мөр
(ол бар болса)
Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________  ____________
                                                           қолы

Төлем тапсырмаларын, төлемдік 
талап-тапсырмаларды, инкассалық 
өкімдерді ресімдеу, пайдалану 
және орындау жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша            

Нысан

______жылғы «_____»_______
(жазылған күні)
Төлем құжатын орындауды тоқтата тұру туралы
№ _____ өкім

Банкке ___________________________________________ ұсынылды
                            (атауы)
      «Ақша төлемі мен аударымдары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 35-бабына сәйкес ___________________________
________________________________________ орындамай қайтаруды сұраймыз
             (төлем құжатының атауы)
      _____ жылғы № ____ «_____»________
______________________________________________
                (жазылу күні)
сомасы _____________________________________________
            (цифрмен және жазумен)
Жіберушінің ЖСК _____________________________________________________
Жіберушінің ЖСН/БСН _________________________________________________
Бенефициардың ЖСК _______________________________________________
КОд _________________________________________________________________
Бек _________________________________________________________________
Төлем мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (төлем құжатында көрсетілген)
Басқа да мәліметтер _________________________________________________
_____________________________________________________________________

Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________  ____________
                                                            қолы
Бар болса мөр

Уәкілетті тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________  ____________
                                                           қолы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 30 қаулысына қосымша  

Тізбе

      1. «Төлем тапсырмаларды, төлемдік талап-тапсырмаларды, инкассалык өкімдерді ресімдеу, пайдалану және орындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1155 тіркелген);
      2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 488 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1379 тіркелген);
      3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1779 тіркелген, 2002 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, № 17 588-құжат);
      4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 20 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2193 тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 64-65 (23275) жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы;
      5. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 372 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2593 тіркелген, 2004 жылғы 30 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 22-23 (23661) жарияланған);
      6. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2704 тіркелген, 2004 жылғы 21 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 40 (23678) жарияланған);
      7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы № 150 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3283 тіркелген);
      8. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 95 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3883 тіркелген, 2005 жылғы 11 қарашада «Заң газеті» газетінде № 145-146 (770) жарияланған) 1-тармағы;
      9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде банктік шоттарды жүргізу және инкассалық өкімдерді орындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 тіркелген, 2006 жылғы 19 қазанда «Заң газеті» газетінде № 185 (991) жарияланған) 2-тармағы;
      10. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4700 тіркелген, 2007 жылғы 15 маусымда «Заң газеті» газетінде № 90 (1119) жарияланған);
      11. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 135 (1164) жарияланған) 3-тармағы;
      12. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы № 85 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда «Заң газеті» газетінде № 166 (1589) жарияланған) 4-тармағы;
      13. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 435 (26278) жарияланған) 3-тармағы;
      14. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру және банк шоттарын ашу және жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 24 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6946 тіркелген, 2011 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 224-225 (26623) жарияланған) 1-тармағы;
      15. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 мамырдағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7080 тіркелген, 2011 жылғы 3 тамызда «Заң газеті» газетінде № 110 (1926) жарияланған) қосымшаның 1-тармағы;
      16. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген, 2011 жылғы 15 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (1949) жарияланған) 1-қосымшаның 2-тармағы;
      17. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымшаның 3-тармағы;
      18. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) 1-қосымшаның 1-тармағы;
      19. «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2013 жылғы 19, 23 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 106 (2307); № 107 (2308) жарияланған) қосымшаның 2-тармағы;
      20. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 25 қарашада «Заң газеті» газетінде № 178 (2572) жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы;
      21. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымшаның 2-тармағы;
      22. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11163 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қосымшаның 2-тармағы.