Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын ресімдеу және орындау мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 95 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 11 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3883. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы   N 11   (қолданысқа енгізілу тәртібін  6-тармақтан  қараңыз)   қаулысымен .
___________________________

      Екiншi деңгейдегi банктердiң жылдық қаржылық есебiн ашуға қажеттi қосымша ақпарат ұсынуды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң жылдық қаржылық есебiнiң тiзбесi, нысандары, мерзiмдерi және ұсыну мен жариялау тәртiбi туралы" 2005 жылғы 14 ақпандағы N 25  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3499 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2005 жылғы 1-15 мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Банктер шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке және аудиторлық қорытындыға толықтыру ретiнде есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 шiлдесiне дейiнгi мерзiмде банктегi тәуекелдердi басқару жүйелерiнiң болуын бағалау жөнiнде аудиторлық ұйымға есеп ұсынуы қажет.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      3. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiне және банктерге жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.Ш. Тәжiяқовқа жүктелсiн.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

      "КЕЛIСIЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттiгiнiң
      Төрағасы

      2005 жылғы 2 қыркүйек