Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 маусымда 8513 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы  8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған, осы қаулының қосымшасына (бұдан әрі – қосымша) сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі бекітілсін.
      2. 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін қосымшаның 2-тармағының отызыншы – отыз жетінші, қырық төртінші – елу бірінші абзацтарын, қосымшаның 4-тармағының отыз екінші – қырқыншы абзацтарын, қосымшаның 5-тармағының жиырма екінші – жиырма сегізінші, отыз бесінші – қырық бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 сәуірдегі
№ 117 қаулысына    
қосымша       

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен
аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.