Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3283. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiнде:
      1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі