Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.2020 № 128 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Нұсқаулықтың 11-тармағының 3) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
3. Нұсқаулықтың 16-тармағының 6) тармақшасында "бизнес сәйкестендіру нөмірі" деген сөздер 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер болып саналсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банктік сәйкестендіру кодтарын беруін, пайдалануын және күшін жоюын, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беруін және күшін жоюын, олардың құрылымдарын, Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыруды және жүргізуді нақтылайды.
2. Нұсқаулықта "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банктің атауы – банктің (банк филиалының) толық атауы. Банктің құрылтай құжаттарына сәйкес қысқартылған атауды пайдалануға жол беріледі;
2) банк коды, банк филиалының коды – Ұлттық Банк банктерге және олардың филиалдарына беретін, үш цифрлық разрядтан тұратын бірегей нөмір;
3) банктердің анықтамалығы – банктердің жүйеге келтірілген, олардың банктік сәйкестендіру кодтары, банктердің кодтары, банктер филиалдарының кодтары және басқа деректемелері бар тізбесі;
4) банктік сәйкестендіру коды – ақша аудару не төлеу туралы нұсқауларды ұсыну кезінде, Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің қатысушылары болып табылатын банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – банк) сәйкестендіруге арналған символдар қатары;
5) мәртебе – ағымдағы мәртебені анықтауға мүмкіндік беретін деректеме;
6) жеке сәйкестендіру коды – банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотының тиісті нөмірі;
7) клиенттің түрі – жүзеге асыратын қызметінің негізгі түріне сәйкес топтасатын институционалдық бірлік.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Ұлттық Банк банктік сәйкестендіру кодтарын береді, жояды және пайдаланылуын айқындайды, банктердің кодтарын және банктер филиалдарының кодтарын береді және жояды, олардың құрылымдарын белгілейді, сондай-ақ Банктердің анықтамалығын қалыптастырады және жүргізді.
4. Банктердің коды, банктер филиалдарының коды өз клиенттеріне банк шотының нөмірін қалыптастыру, экспорттық-импорттық валюталық бақылау және банктің/филиалдың Ұлттық Банктен қолма-қол ақша алу мақсатында пайдаланылады.
5. Банктердің анықтамалығында Ұлттық Банкте корреспонденттік шоттар ашқан банктер туралы ақпарат болады. Бұл ақпарат төлем құжаттарын қалыптастыру кезінде, олардың дұрыс қалыптастырылуын бақылау мақсатында пайдаланылады, сондай-ақ ақпараттық мақсатта пайдаланылады.
2-тарау. Банктік сәйкестендіру кодын беру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Банкке банктік сәйкестендіру кодын беру Ұлттық Банк пен банк арасында жасалған корреспонденттік шот шарты негізінде Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты ашу кезінде жүзеге асырылады.
7. Банкте ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына сәйкес берілген банктік сәйкестендіру коды болған кезде банк бұл банктік сәйкестендіру кодын оны Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығына енгізген соң Қазақстан Республикасының аумағында қолданады. Банктік сәйкестендіру коды латын әліпбиінің сегіз не он бір әріптік белгілерінен және цифрлардан құралады.
8. Банк ISO халықаралық стандарттарына (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code сәйкес берілген банктік сәйкестендіру кодын Қазақстан Республикасында пайдалану туралы өтініш жасаған кезде Ұлттық Банк берген банктік сәйкестендіру коды жойылады.
3-тарау. Банк кодын және банк филиалының кодын беру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
9. Банкке банк коды Ұлттық Банкте корреспонденттік шотты ашумен бір мезгілде беріледі.
10. Банк филиалына кодты беру және оны Банктердің анықтамалығына енгізу банктің Ұлттық Банкке мына құжаттарды беруінен кейін жүзеге асырылады:
1) банк филиалына кодты беру туралы банктің өтініш хаты;
2) заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы қазақ және орыс тілдеріндегі анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі.
3) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Банк коды және банк филиалы кодының разрядтары мынадай мәнді білдіреді:
1) Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдарға 001-ден 099-ға дейін;
2) Ұлттық Банкке және оның филиалдарына 101-ден 199-ға дейін;
3) банктерге және олардың филиалдарына 201-ден 999-ға дейін.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Банктің коды және /немесе банк филиалының коды бірегей болып табылады және басқа банкке/банк филиалына қайталап тағайындалмайды.
4-тарау. Банктік сәйкестендіру кодының, банк кодының және банк филиалы кодының күшін жою
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Банк пен Ұлттық Банктің арасында жасалған корреспонденттік шот шартын бұзған және корреспонденттік шотты жапқан кезде Ұлттық Банк банктік сәйкестендіру кодының және банк кодының күшін жояды және оны Банктер анықтамалығынан алып тастайды.
14. Ұлттық Банк банктің филиалының кодының күшін жояды және оны банктің жазбаша хабарламасы негізінде Банктер анықтамалығынан алып тастайды.
5-тарау. Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы ISO (International Organization for Standartization) 9362: Bank Identifier Code халықаралық стандартына негізделген және сегіз әріптік-цифрлық разрядтан тұрады, мұндағы:
1) бірінші, екінші, үшінші және төртінші разряд – банктің банк атауының төрт әріптік символынан тұратын бірегей коды. Банктің оның құрылтай құжаттарында көрсетілген атауына сәйкес келетін қысқартылған атауы пайдаланылады және латын әріптерімен белгіленеді. Банктің бірегей коды банкпен келісім бойынша беріледі;
2) бесінші және алтыншы разрядтар – елдің коды. Қазақстан Республикасының халықаралық коды – KZ пайдаланылады;
3) жетінші және сегізінші разрядтар – әріптік-цифрлық символдардан тұратын банктің орналасқан жерінің (қала, аймақ) коды. Алматы қаласында орналасқан банктер үшін жетінші разряд - "К" мәнін, Қазақстанның аймақтық банктері үшін - "2", сегізінші разряд аймақ немесе қала ішінде қосымша бөлімшені айқындайды және "0" және "1" және "O" әрпінен басқа кез келген белгіні көрсетеді.
6-тарау. Банктер анықтамалығының құрылымы
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
16. Банктер анықтамалығы Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесінде қалыптастырылады және мынадай деректерден тұрады:
1) банктің банктік сәйкестендіру коды (банк және оның филиалы үшін);
2) Ұлттық Банктің банктік сәйкестендіру коды;
3) банктің коды/банк филиалының коды;
4) жеке сәйкестендіру коды;
5) банктің атауы;
6) бизнес сәйкестендіру нөмірі;
7) клиенттің түрі;
8) резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті емес);
9) ұлттық және (немесе) шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиясының нөмірі мен датасы;
10) экономика секторы;
11) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуішінің (КҰЖЖ) коды;
12) банктің орналасқан жері;
13) телефон, факс, электрондық пошта;
14) банктің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
15) банктің бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
16) деректеме. Бұл бағанда мына мәртебелердің бірі көрсетіледі:
"белсенді" төлемдерді жүргізуде шектеудің жоқтығын көрсетеді;
"белсенді емес" белсенді операциялар жүргізуге тыйым салуды көрсетеді;
"жабық" Банктердің анықтамалығынан банктік сәйкестендіру кодын алып тасталғанын көрсетеді.
7-тарау. Банктердің анықтамалығын жүргізу
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Банктердің анықтамалығын жүргізу деректерді жинақтауды, өңдеуді, өзгерістерді енгізуді, сондай-ақ Банктердің анықтамалығын банктерге, Ұлттық Банктің филиалдарына және Орталыққа жеткізуді қамтиды.
18. Банк немесе банктің филиалы өзінің деректемелері өзгерген кезде корреспонденттік шоттың шартына сәйкес ол туралы Ұлттық Банкке он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
19. Ұлттық Банк алынған ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде Банктердің анықтамалығына өзгерістер енгізеді және электрондық байланыс арналары арқылы Ұлттық Банк төлем жүйесінің қатысушыларына, Ұлттық Банктің филиалдарына, сондай-ақ Орталыққа хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығына өзгерістерді енгізгеннен кейін енгізілген өзгерістер туралы банкке жазбаша түрде хабарлайды.
21. Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығын Ұлттық Банктің интернет–ресурсында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырады.
22. Ұлттық Банк Банктердің анықтамалығындағы ақпараттың дәйектілігін және өзектілігін, сондай-ақ оның уақтылы жіберілуі мен Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етеді.