"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану тәртібін белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 91 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13665 тіркелген, 2016 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 21 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 19 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 204 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану тәртібінде чектерді пайдалану туралы шартты жасасу, чек кітапшасын беру, чектерді пайдалана отырып төлемдерді және өзге де операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ қолдан жасалған не ақауы бар чекті анықтаған кезде іс-әрекетті жүзеге асыру қамтылады.
2. Қағидалар жол чектерін пайдалануға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Көрсетілген қатынастар "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптар ескеріле отырып, осындай жол чектерінің чек берушінің банкі реттейді және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiмен реттеледі.
2-1. Қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.
Ескерту. Қағидалар 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) чек беру – төлемдi жүзеге асыру әдiсi‚ төлем бұл ретте чек берушiнiң атауы бірдей төлем құжатын чек ұстаушыға беруi арқылы жүргізіледі;
2) чек берушiнiң банкi – чек кiтапшасын берген және ақша төлеу туралы бұйрық жiберiлетiн банк;
3) чек кiтапшасы – чектердiң брошюраланған және жүйелі түрде нөмiрленген бланктерi. Чектiң бiр бланкiнен тұратын чек кiтапшасына рұқсат етіледі;
4) чекті төлеу – чек берушiнiң чек ұстаушының чек бойынша ақша алуымен көрсетілген ақшалай міндеттемесінің орындалуы;
5) чектiң түбiртегi – бұл чектiң осы чектiң деректемелерi көрсетiлген бiр бөлiгi. Қағидалардың мақсаты үшiн чектердiң түбiртектерi деп чек кiтапшаларына жүйелі түрде брошюраланған чектердiң көшiрмелерi түсініледі;
6) чек ұстаушының банкi – чек ұстаушы чекті төлеу не алынған чектi кейiннен ақы төлеу үшiн ұсынған банк.
4. Чек мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
1) "чек" деген атауы;
2) чектiң сериясы және нөмірi;
3) чек берушiнiң немесе соның мүддесiн білдірушiнiң атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса));
4) чек берушінің (чек ұстаушының) жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
5) цифрлармен және жазумен көрсетiлген сомасы‚ чек берiлген күн‚ орын, чек берушiнiң немесе оның мүддесін білдірушiнiң қолы;
6) чек ұстаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса));
7) чек берушінің банкінің атауы;
8) чек берушінің банкінің банктік сәйкестендіру коды;
9) "төлеңiз" деген баған;
10) "төлемнiң мақсаты" деген баған (қолма-қол ақша алуға арналған чекті қоспағанда);
11) "чек ұстаушының чектiң төлеуге қабылданғаны туралы белгiсi" деген баған;
12) АЖК (ақша жіберушінің коды), БеК (бенефициардың коды) және төлем белгілеу коды бағандары;
13) "шығыс мақсаттары" (қолма-қол ақша алуға арналған чектер үшін) деген баған;
14) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға үшін мөр бедері.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Чек берушінің банкіне чекті пайдалана отырып операцияларды өңдеу үшін қажетті қосымша деректемелердің чекке қойылуын талап етуіне рұқсат етіледі.
6. Чек қолма-қол ақшасыз төлемдердi жүзеге асыру және қолма-қол ақшаны алу үшiн пайдаланылады.
7. Чектi беру чек берушiнiң ақшалай мiндеттемесiн орындау болып табылмайды‚ оны орындау үшiн осындай чек жазып берiлген. Аталған мiндеттеме чек бойынша ақша алған кезде орындалады.
8. Қазақстан Республикасының аумағындағы чектер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен жазып берiледi. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасындағы чектердiң айналысы "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Чектердi чек берушiнiң банкi чектердi пайдалану туралы шартқа және Қағидаларға сәйкес қабылдайды және төлейді.
10. Чек ұстаушының банктері чек бойынша қабылдауды және ақы төлеуді чек берушінің банкі мен чек ұстаушының банкі арасында жасалған чектерді қабылдау және төлеу шарты негізінде жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Чектегi сыйақы туралы нұсқау жазылмаған деп саналады.
12. Чек бланктерi (оның iшiнде олар чек кiтапшалары болып брошюраланбаған кезде де) қатаң есептегі құжаттар болып табылады, Қағидалардың 4-тармағында көзделген мiндеттi деректемелер және қорғау дәрежесi (кем дегенде бес еселенген) ескерiле отырып жасалады‚ олардың болмауы чектің жарамсыз болуына әкеп соғады.
Чек берушінің банкі чек бланкінің пен чек кітапшасының үлгісін чек пен чек кітапшасының Қағидаларға сәйкес келуі шартымен дербес бекітеді.
13. Қорғау дәрежелеріне қойылатын ең төменгі талаптарды, сондай-ақ чек беруші банкінің төленген чектерді есепке алуы тәртібін чек берушінің банкі белгілейді.
2-тарау. Чектердi пайдалану туралы шартты жасау
14. Чек берушiнiң және чек берушi банкiнiң чектi пайдалануға байланысты құқықтары мен мiндеттерi чектердi пайдалану туралы шарт негiзiнде туындайды.
15. Чектердi пайдалану туралы шартта мынадай талаптар қамтылады:
1) чек кiтапшасындағы чек бланктерiнiң саны туралы мәлiметтер;
2) мыналарды қоса алғанда, чектердi дұрыс жазып беру талабы:
чек бланкілерi нөмiрлерiнiң реттiлiгiн сақтау;
чек сомасын цифрлармен және жазумен көрсету (жазумен көрсетілген сома жолдың ең басында бас әріппен басталады‚ "теңге" деген сөз жазумен көрсетiлген сомадан кейiн бір бос орыннан кейін көрсетiледі‚ "тиын" деген сөз чекте көрсетiлмейдi, сома цифрлармен және жазумен жазылғаннан кейінгі бос орын қос сызықпен сызып тасталады);
бағанда "төлеңiз" деген сөзден кейiн атына чек жазып берiлетiн адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) немесе тұлғаның атауы көрсетiледi;
чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек кітапшасын иелік етуге чек беруші уәкілетті берген тұлғаның (жеке және заңды тұлғалар үшін) жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, кім және қашан берген;
чектi жазып берген күнді қою (күнi және жылы - цифрлармен‚ айы - жазумен);
чек берушiнiң жеке басын куәландыратын құжатқа (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек кітапшасын иелік етуге чек беруші уәкілетті берген тұлғаның қол қою үлгілері бар құжаттағы қол қою үлгiсіне (заңды тұлғалар үшiн) сәйкес келетін қолын қою;
чектiң түбiртегiнде чек жазып берілген ақша сомасын (сома цифрлармен қойылады), чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек кітапшасын иелік етуге чек беруші уәкілетті берген тұлғаның (жеке және заңды тұлғалар үшін) қолы қойылған чек үзінді-көшірмесінің күнін, егер чек кітапшасы белгілі бір сомаға берілсе - операция жүргізілгенге дейінгі сома қалдығын және чек кітапшасы бойынша жаңа қалдықты (қалдық цифрлармен және жазумен қойылады) көрсету.
Чек берушi - жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға мөрінің бедерін қою;
3) чектермен операциялар жүргізу кезіндегi чек берушiнiң банкi мен чек берушi арасындағы өзара төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi;
4) чек кiтапшасының қолданылу мерзiмi (егер чек кітапшасы белгілі бір мерзімге берілсе);
5) чек берушiнiң жоғалған немесе ұрланған чектері‚ чек кiтапшалары‚ чекке қол қоюға уәкiлеттiк берілген тұлғалар құрамының (заңды тұлғалар үшiн) өзгерiстері туралы чек берушiнiң банкiн хабардар ету рәсiмi;
6) чек берушiнi чек берушi банкiнің чектердi төлеуден бас тарту‚ сондай-ақ ақауы бар және қолдан жасалған чектер туралы хабардар ету рәсiмi;
7) чек берушiнiң чек беруші банкiнiң чектермен операция жүргiзу жөнiндегi қызметiн төлеу талаптары;
8) чек берушiнiң чектiң пайдаланылмаған бланктерiн чек берушiнiң банкiне қайтару тәртiбi;
9) чек берушi мен чек берушiнiң банкi арасындағы қатынастар кезіндегі тараптардың жауапкершiлiгi және талап қою тәртiбi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Чектерді пайдалану туралы шарттың Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарын чек берушінің банкі мен чек беруші арасында жасалатын өзге де шарттарға (аралас шарттарға) енгізуге жол беріледі.
17. Чектерді пайдалану туралы шартты жасамас бұрын банктер клиентті чектермен операциялар жүргізу жөніндегі қызметтердің құны туралы және чектерді пайдалану туралы шарттың талаптары туралы ақпаратты алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
3-тарау. Чек кітапшасын беру
18. Чек кiтапшаларын ресiмдеген кезде чек берушi банкiнiң уәкiлеттi тұлғасы мынадай іс-қимылдарды орындайды:
1) чек берушiнiң немесе оның мүддесiн білдіретін тұлғаның жеке басын куәландырады;
2) чек кiтапшасы мұқабасының мыналар көрсетiлетін немесе қойылатын сыртқы бетiн толтырады:
чек берушiнiң тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе атауы;
чек берушінің (жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар үшін) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
чек берушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;
чек берушiнiң банкiнiң банктiк сәйкестендіру коды;
чек бланктерiнiң нөмiрлерi;
чек кiтапшасының қолданылу мерзімі және чек кітапшасының сомасы (егер олар белгіленсе);
чек кітапшасының берілген күні;
уәкiлеттi тұлғалардың қойылған қолдары (чек кітапшасын қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру мақсатында берген кезде);
3) чек кітапшасының әрбір бланкіне мөртабанмен чек берушінің банкінің банктік сәйкестендіру кодын және оның атауын қояды;
4) чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшiн) немесе чек берушi чек кiтапшасына иелік етуге уәкiлеттiк берген тұлғаның (заңды тұлғалар үшiн) қол қою үлгілері бар құжатты қабылдайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Чектердi пайдалану туралы шартқа сәйкес бiр мезгiлде бiрнеше чек кiтапшаларын беруге жол берiледi.
4-тарау. Чектерді пайдалана отырып төлемдерді және өзге операцияларды жүзеге асыру
20. Чек берушi заңды тұлғалар жазып беретiн чектерге чек кiтапшасына иелік етуге уәкiлеттi тұлғалар қол қояды және чек берушi мөрiнiң бедерi қойылады.
Чек берушi мөрiнiң бедерiн қою жөніндегі талап чек берушi - жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаға қолданылмайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Чек ұстаушы чектi төлеу үшін қабылдай отырып, чектiң "чек ұстаушының чектiң төлеуге қабылданғаны туралы белгiсi" деген бағанда және оның түбiртегiне чек ұстаушының тегiн‚ атын, әкесiнiң атын (ол бар болса)‚ сондай-ақ қолын (жеке тұлғалар үшiн) немесе атауын көрсете отырып мөртаңбасын не мөрiн және чек ұстаушы уәкiлеттiк берген тұлғаның қолын (заңды тұлғалар үшiн) қояды.
Мөртаңбаны не мөрдi қою жөніндегі талап чек берушi - жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаға қолданылмайды.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Чек берген кезде чекте Қағидалардың 4-тармағында көзделген деректемелерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес бекіткен Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес чек беруші қояды.
23. Чекте түзетулер және жөнделген жерлер болса – чек жарамсыз.
Чек бланкiн толтырған кезде чек берушi қате жiберiп қойса‚ бланкте және оның түбiртегiнде чек берушi қиғашынан "бүлінген" деп жазып‚ күнiн және қолын қояды.
24. Чек берушi жазып берген чектi чек ұстаушыға беру үшiн түбiртегiнен ажыратылады және чек ұстаушы егер ол сонымен қатар чек беруші болып саналмаса, чектiң дұрыс толтырылғанын тексереді (түзетулер мен жөнделген жерлерiнiң iзi болған-болмағаны‚ чек деректемелерiнiң дұрыс толтырылуы‚ чек түбiртегiндегi шығарылған қалдықтың дұрыстығы‚ чек түбiртектерiнiң нөмірленуі тексерiледi)‚ жеке басты куәландыратын құжат бойынша чек жазып берген тұлғаның жеке басының кiм екенiне көз жеткiзеді‚ чек берген тұлғаның қолын чек кiтапшасы мұқабасының сыртқы бетiндегi қол қою үлгiсiмен салыстырып тексередi.
25. Чектi чек ұстаушы оны жазып берген күнi қабылдап алады.
Чек ұстаушы чектi чек берушiнiң банкiне не чек ұстаушының банкiне ұсынады.
Чектiң қолданылу мерзiмi чекті жазып берген күннен кейінгі күннен бастап есептелетін күнтiзбелiк он күнді құрайды.
26. Чек ұстаушының чек бойынша iшiнара төлемді қабылдаудан бас тартуына жол беріледі.
Чек бойынша iшiнара төлем жасаған жағдайда чек ұстаушының банкi немесе чек берушiнiң банкi осындай төлем туралы чекте белгi қояды және чек ұстаушыға чек бойынша соманың қалдығына қолхат бередi.
27. Чек ұстаушының банкiне немесе чек берушiнiң банкiне ұсынылған чектердi банктің уәкiлеттi тұлғалары чектер деректемелерiнің дұрыс толтырылуы және олардың қолданылу мерзiмiнiң сақталуы тұрғысынан тексередi.
28. Чек ұстаушының банкi немесе чек берушiнiң банкi төмендегi негіздер бойынша чектi төлеу үшін қабылдаудан бас тартады:
1) жазумен жазылған сома цифрлармен жазылған сомаға сәйкес келмеуі;
2) чектi қолдану мерзiмiнің өтуі;
3) чекте түзетулердің және (немесе) тазартып көшірулердің болуы;
4) чектегi жазу мен сияның түсiнде айтарлықтай айырмашылықтардың болуы;
5) чекте бiр немесе бiрнеше қорғаныш дәрежесiнің болмауы;
6) чекте чек деректемелерiн көрсетуде қателердің болуы;
7) чектегi қойылған қолдың және чек берушiнiң (жеке тұлғалар үшін) немесе чек берушi чек кiтапшасына иелiк етуге уәкiлеттiк берген тұлғаның (заңды тұлға үшін) қол қою үлгiлерi бар құжаттағы қолының сәйкес келмеуі;
8) чектегi мөр бедерінің чек берушiнiң (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғалар үшін) қол қою үлгiлерi бар құжаттағы мөр бедеріне сәйкес келмеуі;
9) чекті төлеу үшін ақша сомасы жеткіліксіз болған кезде;
10) қолдан жасалған немесе ақауы бар чектiң анықталуы;
11) чектердi пайдалану туралы шартта көзделген өзге де негіздер.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.29. Чек кітапшасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты пайдаланылмаған әрбір чекке чек беруші "өтелді" деп жазады және чек кітапшасын чек берушінің банкіне қайтарады.
30. Чек берушінің банкі өтеген чектер банктің жеке банк шотында есепке алатын, чек беруші енгізген сома шегінде белгілі бір ақша сомасына шығарылады.
Өтелмеген чектердің төлемі чек берушінің банк шотындағы ақша сомасы шегінде не чектерді пайдалану туралы чек берушімен жасасқан шартқа сәйкес берілген банктің банктік қарызы есебінен жүзеге асырылады.
31. Чек кітапшасының қолданылу мерзімінің аяқталу күніне таман оның сомасы бойынша қалдық қалған жағдайда немесе чек беруші чектерді пайдалана отырып жасайтын операцияларын тоқтатқан кезде чек беруші чек кітапшасын чек берушінің банкіне ұсынады.
Чек берушінің банкі чек беруші чек кітапшасын қайтарған кезде оған чек кітапшасы бойынша қалған қалдық сомасын қайтарады.
32. Чектерді пайдалану туралы шартта көзделген жағдайда чек кітапшасының сомасы бойынша қалдық чек беруші банкінің тиісті баланстық шотында сақталады және жаңа чек кітапшасының сомасын белгілеу кезінде есепке алынады.
33. Чек берушінің банкі чек кітапшасын қайтарған кезде немесе толық пайдаланған жағдайда чек кітапшаларын тіркеу журналында тиісті белгі қойылады.
Чектерді толық пайдаланған кезде чек кітапшасы бойынша сома пайдаланылмаған болып табылған жағдайда, чектерді пайдалану туралы шартта көзделген болса, клиентке жаңа чек кітапшасы беріледі.
5-тарау. Қолдан жасалған не ақаулы бар чек анықталған жағдайда іс-әрекеттерді жүзеге асыру
34. Қағидаларда белгіленген талаптарды бұза отырып жазылған, сондай-ақ Қағидалардың 4-тармағында көзделген чектің міндетті деректемелерін толтыруда қате жіберілген және (немесе) түзетулер жасалған чек ақаулы деп танылады және банк чек ұстаушыға қолхат ала отырып қайтарады.
35. Егер:
1) төлемге ұсынылған чек осы чекте көрсетілген банк бермеген чек кітапшасынан жазылса;
2) чектің бланкі Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) чек берушінің немесе чек беруші уәкілеттік берген тұлғаның қойған қолы чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) немесе чек беруші чек кітапшасына иелік етуге уәкілеттік берген тұлғаның (заңды тұлғалар үшін) қол қою үлгісіне сәйкес келмесе не қолдан жасаудың айқын белгілері болса;
4) чек беруші мөрінің бедері чек берушінің қол қою үлгілері бар құжаттағы мөр бедерінің үлгісіне (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғалар үшін) сәйкес келмесе, чек қолдан жасалған болып.
Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Төлем жасау үшін чек ұсынған банктің уәкілетті тұлғасы қолдан жасалған чекті анықтаған сәтте қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы акт Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасайды.
37. Чек беруші қолдан жасалған чекті ұсынған кезде банктің уәкілетті тұлғасы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабар береді.
Қолдан жасалған чек қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы актінің бір данасымен бірге Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына беріледі, қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы актінің екінші данасы қолдан жасалған чек анықталған банкте қалады.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қолдан жасалған чекті алған жағдайда және чектің қолдан жасалғандығы расталмаған кезде банк чекті қайтару шараларын қабылдайды. Чекті алғаннан кейін банк чекті чек берушіге қайтарады.
Егер қолдан жасалған чекті чек берушінің банкі болып табылмайтын чек ұстаушының банкі анықтаған жағдайда, қолдан жасалған чекті анықтағаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей чек ұстаушының банкі қолдан жасалған чектің көшірмесін, қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы актінің көшірмесін чек берушінің банкіне береді.
Егер қолдан жасалған чекті чек берушінің банкі анықтаған жағдайда, қолдан жасалған чекті анықтағаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қолдан жасалған чектің көшірмесі, қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы актінің көшірмесі чек ұстаушының банкіне немесе чек ұстаушыға беріледі.
38. Чекті жазғаннан кейін жеке тұлға чек берушінің іс-әрекетке қабілетсіздігі немесе қайтыс болуы, сондай-ақ заңды тұлға чек берушінің таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы чектің жарамсыздығына алып келмейді.
39. Чек кітапшасын жоғалтқан жағдайда чек беруші бұл туралы чек берушінің банкіне чектерді пайдалану туралы шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде чектердің пайдаланылмаған бланктерінің нөмірлерін көрсете отырып хабарлайды.
Қолдан жасалған чектің анықталғаны туралы акт
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.11.2020 № 139 (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мен, төменде қол қойған
__________________________________________________________________________
(қолдан жасалған чекті анықтаған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент
банкі филиалының уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және
лауазымы),
____________________________________________________________________ сомаға
__________________________________________________________________________
(чек ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
жазылған № _____________ чекті тексеру
кезінде__________________________________
чектің анықталғаны туралы осы актіні жасадым, осыған байланысты аталған чек төлем
жасауға қабылданбайды.
______________________
(қолы)
Қолдан жасалған чек Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ ұсынылды.
(қолдан жасалған чек берілген мемлекеттік органның атауы көрсетілсін)