Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7715 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 3-2/106 бұйрығымен

      Ескерту. Орындау мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013.01.16 № 128 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарына 2012 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беру туралы» 2012 жылғы 7 ақпандағы № 10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-148, 2012 жылғы 6 наурызда «Мәртөк тынысы» газетінің № 15-16 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1 тармақта «және спорт» деген сөздер «, спорт және ветеринария» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1 тармақтың 2) тармақшасында және 2 тармақта «тұрғын үй сатып алу», «тұрғын үй сатып алуға» деген сөздерден кейін «немесе салу», «немесе салуға» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат                  Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                      хатшысы

         Ә.Әлмұхамбетов                       А. Смағұлов