Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.02.2014 № 3-2/106 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 27 сәуірдегі
№ 3-3/222 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі – ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі туралы келісім-шарттың тараптары туралы ақпаратты есепке алу және сақтау деректер қоры;
2) өтініш беруші – тіркеуші органға кепілді тіркеу туралы өтінім берген жеке немесе заңды тұлға, немесе құзіретін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері;
3) тіркеу объектісі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне (бұдан әрі – Бірдейлендіру ережесі) сәйкес бірдейлендіруден өткен ауыл шаруашылығы жануары;
4) тіркеуші орган – ауданның (облыстық маңызы бap қаланың) жергiлiктi атқарушы органы (әкiмдiгі).
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.12.25 № 3-3/660 Бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібі
3. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін өтініш беруші тіркеуші органға:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, өкілі үшін – оның өкілеттігін растайтын құжаттың, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін;
3) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін жиынның бюджетке төлеуін растайтын құжаттарды ұсынады.
Өтінішпен бірге ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесі және кепіл туралы келісім-шарт қоса беріледі, оны тіркеуші орган өтініште көрсетілген деректерді тексерген соң тіркеу туралы белгісін қойып өтініш берушіге қайтарады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.12.25 № 3-3/660 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 15.04.2013 № 15-07/172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап тіркеуші орган:
1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттарды қабылдағанын растайтын күні, уақыты (сағат, минут) көрсетілген қолхатты өтініш берушіге береді;
2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кепілді тіркеу туралы өтініштегі деректерді ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тізіліміне енгізеді;
3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті берген тұлғаға ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті береді;
4) қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес деректерді хабарлайды.
5. Ауыл шаруашылығы жануарының кепілін тіркеуді жүргізбей тұрып, тіркеуші орган жануар туралы деректерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорынан Бірдейлендіру ережесіне сәйкес, олардың бірдейлендіруден өткендігін, кепіл берушінің меншігіндегі жануардың шығуы, ұрлануы, сойылуы немесе жануардың өлім-жітімі туралы деректерді тексереді.
6. Тіркеуші орган жануардың кепілі туралы ұсынылған келісім-шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкестігі, қайта кепілге шектеу қою туралы шарттардың болуына тексереді.
7. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар:
1) кепіл туралы келісім-шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкес болмауы;
2) құжаттарды толық ұсынбауы;
3) Бірдейлендіру ережесіне сәйкес бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын кепілге беруі негіз болады.
8. Тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган өтініш берушіге құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жазбаша уәжді жауап жолдайды.
9. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден жалтару әрекеттеріне өтініш беруші сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
10. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу кепілді тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерді ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
11. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу:
1) жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша;
2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны тіркеген жері бойынша жүзеге асырылады.
12. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті беру арқылы құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
13. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікке уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады және тіркеуші органның мөрімен куәландырылады.
14. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі кепіл туралы келісім-шарттың тараптарының бірінің талап етуі бойынша тіркеледі.
Ауыл шаруашылығы
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға
1-қосымша
Нысан
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2013 № 15-07/172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
________________________________________________________
тіркеуші органның атауы
№ _______
ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы
өтініш
Кепілге қоюшы
Жеке тұлғаның тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, тұрғылықты
жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның атауы,орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жеке тұлға үшін жеке тұлғаны растайтын куәлігі: түрі ____ сериясы ___
№ __________________
______________ күні ________________________________________ берілген
(құжатты берген органның атауы)
заңды тұлға үшін заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама:
№ __________________
______________ күні _______________________________________ берілген
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекен-жайы, телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________________ атынан қызмет ететін
(уәкілетті өкілдің тегі, аты және болған
кезде әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(құзіретін куәландыратын құжаттардың атауы және
берілген күні)
Кепілді ұстаушы
Жеке тұлғаның тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, тұрғылықты
жері, туған күні және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жеке тұлға үшін жеке тұлғаны растайтын куәлігі: түрі ____ сериясы ___
№ __________________
______________ күні _______________________________________ берілген
(құжатты берген органның атауы)
заңды тұлға үшін заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама:
№ __________________
_____________ күні _________________________________________ берілген
(құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекен-жайы, телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________________________________________ атынан қызмет ететін
(уәкілетті өкілдің тегі, аты және болған
кезде әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(құзіретін куәландыратын құжаттардың
атауы және берілген күні)
Ауыл шаруашылығы жануары кепілі келісім-шартын тіркеуді сұраймын
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(келісім-шарт нөмірі, жасалған күні, келісім-шарт жасалған орны)
Кепіл нысаны туралы дерек (саны, түрі, жануардың бірдейлендіру
нөмірі, кепілге көп мал санын ұсынған жағдайда міндетті түрде барлық
малдың бірдейлендіру нөмірі көрсетілетін келісім-шартқа сілтеме
жасауға жол беріледі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мүліктің кепіл құны

Келісім-шарттың мерзімі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілге қойылған мүлік: кепілге қоюшының, кепілде ұстаушының
иелігінде қалады (керексізін сызып тастау)
_____________________________________________________________________
Оны қолдану мүмкіндігі: Иә Жоқ (керексізін сызып тастау)
Қайта кепіл туралы дерек: Иә Жоқ (керексізін сызып тастау)
Өтінішке қоса беремін:
1. жеке тұлғаны растайтын немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы құжаттардың көшірмесін (керексізін сызып
тастау)
2. кепілді тіркеу үшін жиынды төлеу туралы төлем құжатының көшірмесін
3. ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесін
Өтінішті берген күні: ________________ 20 ___ жыл.
Өтініш қабылданған күні: _____________ 20 ___ жыл.
Өтініш берушінің қолы: ____________________________
Уақыты: _________________ сағат ___________________ минут.
Тіркеушінің тегі, аты және болған кезде әкесінің аты және қолы
_____________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 2-қосымша
Нысан
________________________________________________________________
тіркеуші органның атауы
Қолхат
20___ жылғы «___» __________ № ____ өтініш бойынша құжаттарды алдым.
Уақыты: _______ сағат ________ минут.
1. Төлем бойынша құжат: түрі _____________ № _____________ соммаға
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мөр орны
---------------------------------------------------------------------
_____________________________________________________________________
Қабылдадым: _______________ Өтініштің орындалу күні: ________________
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты және қолы 20___ жылғы _______________
Ауыл шаруашылығы
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 3-қосымша
Нысан
№ _____ парақ
№ ______ тіркеу ісі
Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі
жазба № |
тізілім № |
кепіл нысаны |
Кепіл ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі |
Кепіл беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі |
Кепіл соммасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Келісім-шарттың қолданылуы |
Кепілдің туындауы |
Кепілдің аяқталуы |
Тіркеушінің ерекше белгілері |
||
Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы |
Күні және уақыты (сағат және минут) |
Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы |
Күні және уақыты (сағат және минут) |
||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Тіркеу парағын аяқтау/жалғастыру туралы жазба
---------------------------------------------------------------------
Жазбаларды аяқтау/жалғастыру үшін негіз (жалғастыру кезінде) |
Ауыстырылған (жабу кезінде) немесе соңғы (жалғастыру кезінде) жазбалар тізімі |
Парақ нөмірі |
Күні, уақыты (сағат, минут) |
Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ауыл шаруашылығы
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 4-қосымша
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2013 № 15-07/172 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Нысан
Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәлік
20__ жылғы «___» _________ № ____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
(кепіл ұстаушының реквизиттері)
Кепіл нысанына:
Тізілім нөмірі |
Кепіл нысанын түрі және сипаты |
Саны |
Кепіл құны |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
___________________________________
___________________________________
қатысты кепіл тіркелгенін растайды
Кепіл ұстаушының құқығы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, тұрғылықты
жері, туған күні және жылы/ заңды тұлғаның атауы, тіркеу (қайта
тіркеу) анықтаманың нөмірі, орналасқан жері)
кепіл нысанына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл нысанын сипаттау (жануардың бірдейлендіру нөмірі)
кепіл туралы келісім-шарт негізінде
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(келісім-шарт жасасу күні және жері)
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ тіркелген және
(тіркеуші органның атауы, тіркеу күні және нөмірі)
келесі негізгі шарттарды қамтитын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(негізгі міндеттеменің көлемі және орындалу мерзімі және
кепілдің өзге шарттары)
Кепіл беруші _________________________________________________ құқығы
(құқық түрі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________ расталды
(жеке тұлғаның тегі, аты және болған кезде әкесінің аты, тұрғылықты
жері, туған күні және жылы/ заңды тұлғаның атауы,
тіркеу (қайта тіркеу) анықтаманың нөмірі, орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
Кепіл нысанына құқық беретін құжаттың атауы, қабылдау күні,
тіркеу нөмірі және күні
_____________________________________________________________________
Тіркеуші
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты және болған кезде әкесінің аты және қолы)
Тіркеуші органның басшысы ___________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты және болған кезде әкесінің аты және қолы)
Мөр орны
Ескерту.
1. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәліктің реттік нөмірі болуы қажет.
2. Осы ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу куәлігі кепілді өтеген кезде тіркеуші органға қайтарылу тиіс.