Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 3-3/222 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7715 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 27 сәуірдегі 
№ 3-3/222 бұйрығымен   
бекітілген        

Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі – ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі және ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі туралы келісім-шарттың тараптары туралы ақпараты бар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорының бөлігі;
      2) өтініш беруші – тіркеуші органға кепілді тіркеу туралы өтінім берген жеке немесе заңды тұлға, немесе құзіретін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері;
      3) тіркеу объектісі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне (бұдан әрі – Бірдейлендіру ережесі) сәйкес бірдейлендіруден өткен ауыл шаруашылығы жануары;
      4) тіркеуші орган – ауданның (облыстық маңызы бap қаланың) жергiлiктi атқарушы органы (әкiмдiгі).

2. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тәртібі

      3. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін өтініш беруші тіркеуші органға:
      1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы өтінішті;
      2) жеке тұлғаны растайтын немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың, өкілі үшін – оның құзіретін растайтын құжаттың, сондай-ақ жеке тұлғаны растайтын құжаттың түпнұсқасын және көшірмесін;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу үшін мемлекеттік баждың бюджетке төлеуін растайтын құжатты ұсынады.
      Өтінішпен бірге ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесі және кепіл туралы келісім-шарт қоса беріледі, оны тіркеуші орган өтініште көрсетілген деректерді тексерген соң тіркеу туралы белгісін қойып өтініш берушіге қайтарады.
      4. Осы Қағиданың 3-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап тіркеуші орган:
      1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттарды қабылдағанын растайтын күні, уақыты (сағат, минут) көрсетілген қолхатты өтініш берушіге береді;
      2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кепілді тіркеу туралы өтініштегі деректерді ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу тізіліміне енгізеді;
      3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті берген тұлғаға ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті береді;
      4) қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес деректерді хабарлайды.
      5. Ауыл шаруашылығы жануарының кепілін тіркеуді жүргізбей тұрып, тіркеуші орган жануар туралы деректерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорынан Бірдейлендіру ережесіне сәйкес, олардың бірдейлендіруден өткендігін, кепіл берушінің меншігіндегі жануардың шығуы, ұрлануы, сойылуы немесе жануардың өлім-жітімі туралы деректерді тексереді.
      6. Тіркеуші орган жануардың кепілі туралы ұсынылған келісім-шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкестігі, қайта кепілге шектеу қою туралы шарттардың болуына тексереді.
      7. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тартуға мыналар:
      1) кепіл туралы келісім-шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабына сәйкес болмауы;
      2) құжаттарды толық ұсынбауы;
      3) Бірдейлендіру ережесіне сәйкес бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын кепілге беруі негіз болады.
      8. Тіркеуден бас тартқан жағдайда тіркеуші орган өтініш берушіге құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жазбаша уәжді жауап жолдайды.
      9. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден жалтару әрекеттеріне өтініш беруші сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
      10. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу кепілді тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерді ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      11. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу:
      1) жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін – салық төлеуші ретінде тіркелген жері бойынша;
      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны тіркеген жері бойынша жүзеге асырылады.
      12. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікті беру арқылы құжаттарды қабылдаған күннен соң екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      13. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу туралы куәлікке уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы қойылады және тіркеуші органның мөрімен куәландырылады.
      14. Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілі кепіл туралы келісім-шарттың тараптарының бірінің талап етуі бойынша тіркеледі.

Ауыл шаруашылығы     
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 1-қосымша

Нысан

________________________________________________________________
тіркеуші органның атауы

№ _______ өтініш

Кепілге қоюшы
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні
және жылы; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жеке тұлға үшін жеке тұлғаны растайтын куәлігі: түрі ________________
сериясы _____________ № ___________________

______________ күні _________________________________________берілген
                          (құжатты берген органның атауы)

заңды тұлға үшін заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі: № __________________

______________ күні _________________________________________берілген
                        (құжатты берген органның атауы)

Пошталық мекен-жайы, телефоны

____________________________________________ атынан қызмет ететін
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________________________ негізінде
(құзіретін куәландыратын құжаттардың атауы және берілген күні)

Кепілді ұстаушы

Ауыл шаруашылығы жануары кепілі келісім-шартын тіркеуді сұраймын

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Келісім-шарт жасалған күні

_____________________________________________________________________

Келісім-шарт жасалған орны

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Кепіл нысаны туралы дерек (жануардың бірдейлендіру нөмірі)

_____________________________________________________________________

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай эквиваленті

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Келісім-шарттың мерзімі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Кепілге қойылған мүлік:
кепілге қоюшының __________________________ кепілде ұстаушының
____________________________ иелігінде қалады

_____________________________________________________________________
Оны қолдану мүмкіндігі: Иә Жоқ
Қайта кепіл туралы дерек: Иә Жоқ (керексізін сызып тастау)
Өтінішке қоса беремін:
1. Жеке тұлғаны растайтын немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу) туралы құжаттардың көшірмесін (керексізін сызып тастау)

2. Мемлекеттік бажды төлеу туралы құжатты: түрі ____________________ № _________________ соммасы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3. Ауыл шаруашылығы жануарының ветеринариялық паспортының көшірмесін

Өтінішті берген күні: _________________________ 20 __ жыл.
Өтініш қабылданған күні: _________________________ 20 __ жыл.
Өтініш берушінің қолы: ____________________________
Уақыты: _________________ сағат ___________________ минут.
Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

_____________________________________________________________________

Ауыл шаруашылығы     
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 2-қосымша

Нысан

________________________________________________________________
тіркеуші органның атауы

Қолхат

20___ жылғы «___» __________ № ____ өтініш бойынша құжаттарды алдым.
Уақыты: _______ сағат ________ минут.
1. Төлем бойынша құжат: түрі _____________ № _____________ соммаға
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мөр орны

---------------------------------------------------------------------

_____________________________________________________________________

Қабылдадым: _______________ Өтініштің орындалу күні: ________________
_____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты және қолы 20___ жылғы _______________

Ауыл шаруашылығы     
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 3-қосымша

Нысан

№ _____ парақ
№ ______ тіркеу ісі

Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілінің тізілімі

жазба №

тізілім №

кепіл нысаны

Кепіл ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепіл беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепіл соммасы

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Келісім-шарттың қолданылуы

Кепілдің туындауы

Кепілдің аяқталуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні және уақыты (сағат және минут)

Құжаттың атауы және нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні және уақыты (сағат және минут)

7

8

9

10

11

12

Тіркеу парағын аяқтау/жалғастыру туралы жазба

---------------------------------------------------------------------

Жазбаларды аяқтау/жалғастыру үшін негіз (жалғастыру кезінде)

Ауыстырылған (жабу кезінде) немесе соңғы (жалғастыру кезінде) жазбалар тізімі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағат, минут)

Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

1

2

3

4

5

Ауыл шаруашылығы     
жануарларының кепілін тіркеу
туралы қағидаларға 4-қосымша

Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәлік

20__ жылғы «___»_________№ ____

____________________________________________________________________
__________________________________________________________ берілді

Кепіл ұстаушының реквизиттері

Кепіл нысанына:

Мүлік түрі

Тізілім нөмірі

Кепіл нысанын сипаттау (жануардың бірдейлендіру нөмірі)

Саны құрайды

Құны

Ескерту

1

2

3

4

5

6

---------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------
қатысты кепіл тіркелгенін растайды
Кепіл ұстаушының құқығы

_____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы

_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі кепіл нысанына

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепіл нысанын сипаттау (жануардың бірдейлендіру нөмірі)

кепіл туралы келісім-шарт негізінде

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
келісім-шарт жасасу күні

______________________________________ тіркелген және келесі негізгі
      тіркеу күні және нөмірі

шарттарды қамтитын: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Негізгі міндеттеменің көлемі және орындалу мерзімі және кепілдің өзге шарттары

Кепіл беруші __________________________________құқығы________________
_____________________________________________________________________
Құқық түрі

_____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған күні және жылы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі

расталды

_____________________________________________________________________
Кепіл нысанына құқық беретін құжаттың атауы, қабылдау күні, тіркеу нөмірі және күні

_____________________________________________________________________

Тіркеуші ____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты, қолы

Басшы _______________________________________________________________
__________________________ Мөр орны

_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты, қолы

_____________________________________________________________________

      Ескерту.
      1. Ауыл шаруашылығы жануарлары кепілін тіркеу туралы куәліктің бланкісін жасаудан қорғау үшін реттік нөмірі, тангирлі торлы қағаз және қорғаныш белгісі болуы қажет.
      2. Осы куәлік кепілді өтеген кезде тіркеуші органға қайтарылады.