Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 наурыздағы № 340 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді не тұрғылықты жерін ауыстырған кезде тіркеуден шығаруды жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырады.
      Ішкі көшіп-қонушы тіркелген жер оның заңды мекенжайы болып табылады.";
      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Босқындарды қоспағанда, тіркеуге жататын ішкі көшіп-қонушылар бұрынғы тіркеу орнынан есептен шыққан күннен бастап он күн мерзімде халыққа қызмет көрсету орталықтарына мынадай құжаттарды:»;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығаруға мынадай ішкі көшіп-қонушылар:";
      10-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу және тіркеуден шығару "Халықты құжаттандыру және тіркеу" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      Азаматтарды тіркеу кітабы не мекенжай анықтамасы ішкі көшіп-қонушылардың тіркелген жерін растайтын құжат болып табылады.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару үшін қажетті азаматтарды тіркеу кітабының, мекенжай анықтамасының, мөртабандардың және бланкілердiң нысандарын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi және береді.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Ішкі көшіп-қонушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн – паспорттар мен әскери билеттер бойынша жүзеге асырылады.";
      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ерекше режим жағдайындағы елді мекендерде (жабық әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарда) тұрақты тұратын немесе уақытша болатын жерге келген ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу үшін белгіленген тәртіппен құзыретті органдар беретін рұқсат ұсынылады. Бұл ретте уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері шекара аймағы аумағында тұрақты тұратын адамдарға паспорттарына, жеке куәлiктерiне олардың шекара аймағында тұратынын растайтын құжат береді.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов