Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 245 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысымен

      «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының күші жойылуына байланысты және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Стоматологиялық ұйымдардың құрылымына, жабдықталуына, оларды пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бағытталған талаптар» санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 26 маусымдағы № 24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1918 болып тіркелген), күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Төрағаның міндетін
      атқарушы                                   А. Есмағамбетова