Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 49 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
      реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 27-1-жолдағы «Облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» және «алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;» деген сөздер алып тасталсын;
      реттік нөмірі 31-1-жолда:
      «Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты» деген сөздерден кейін «, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату» деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 35-жолдағы «Алматы қаласындағы лотереяларды (мемлекеттіктерінен басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызмет» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылдың 1 қаңтар бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов