Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 941 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:

      1) өрт себептерін зерттеу;

      2) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;

      3) заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерін айқындау;

      4) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға қатысу деп белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

      3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 941 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-133-жолмен толықтырылсын:

      "123-133 "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-4-жолмен толықтырылсын:

      "295-4 "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институты" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.