"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - Серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды, автокөлік қызметін көрсетуді жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
      3. Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) берілсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Серіктестік жарғысының бекітілуін;
      2) Серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
       6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2012 жылғы 19 қаңтардағы 
№ 106 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      Астана қаласы деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21 - 143-жолмен толықтырылсын:
      21-143 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы ЖШС.
      3. Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 269-1-жолмен толықтырылсын:
      269-1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы ЖШС.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.