Мемлекеттік меншіктің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 295 Қаулысы

      «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі пакеттеріне айырбастап, Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;
      2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттері мемлекеттік меншікке қабылданғаннан кейін оларды илену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 наурыздағы 
№ 295 қаулысына    
қосымша        

Қордың меншігіне берілетін республикалық меншіктің мүлкі

Р/с
N

Мүліктің атауы

1

Теміржол вокзалдарының ғимараттары мен үй-жайлары

2

Теміржол вокзалдарының жолаушылар платформалары мен перрондары

3

Ақмола гарнизоны әскери сотының 2008 жылғы 25 наурыздағы іс № 1/29сс-2008 жыл үкімімен тәркіленген, саны 1000 (бір мың) дана жартылай вагондар

4

Республикалық бюджет қаражаты есебінен салынған «Хромтау - Алтынсарин» жаңа темір жол желісінің аяқталмаған құрылыс объектілері

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 295 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы 123-130, 123-131-жолдармен толықтырылсын:
      «123-130. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
      123-131. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік
пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 217-11, 217-12-жолдармен толықтырылсын:
      «217-11. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы
      217-12. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы».
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.