«Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2308 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. «Жұқпалы ауруларды шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесін және жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 ақпандағы № 139 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 6, 80-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2270 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның
ішінде карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және
кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің
ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және:
      1) шетелден инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну қаупі төнген кезде;
      2) Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында инфекциялық және паразиттік аурулардың жағдайлары туындаған кезде;
      3) Қазақстан Республикасының объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулар тіркелген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді, сондай-ақ халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Инфекциялық және паразиттік аурулардың шетелден әкеліну
қаупі төнген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде
карантинді жүзеге асыру тәртібі

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін тізбеде (бұдан әрі - тізбе) көзделген инфекциялық және паразиттік аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде заңнамада белгіленген тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді.
      3. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді тоқтатады.

3. Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында инфекциялық
және паразиттік аурулар жағдайлары туындаған кезде шектеу
іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі

      4. Жекелеген аумақтарда тізбеде көзделген инфекциялық және паразиттік аурулар туындаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары мыналарды қамтитын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді:
      1) инфекциялық және паразиттік аурулардың ықтимал таратушы көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды зертханалық зерттеп-қараудың нәтижелері алынғанға дейін оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберу;
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды, созылмалы бактерия тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттету;
      3) эпидемиологиялық айғақтары бойынша инфекциялық және паразиттік аурулар көздері болып табылатын адамдарды оқшаулау және емдеу;
      4) инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық айғақтары бойынша инкубациялық кезең мерзіміне ауруханаға жатқызуға жіберу - олармен байланыста болған адамды медициналық бақылау және қажет болғанда оқшаулау және емдеу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларға және көлік құралдарына, аумақтарға, инфекциялық және паразиттік арулар ошақтарына профилактикалық және ошақтық дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу.
      5. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тиісті аумақтардағы және көліктегі уәкілетті органның лауазымды адамының тиісті шешімі заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданған сәттен бастап 24 сағат ішінде енгізіледі.
      6. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин аурудың соңғы жағдайы тіркелген күннен бастап инкубациялық кезең мерзіміне енгізіледі.
      7. Елді мекеннің аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді тоқтатады.

4. Жекелеген объектілерде инфекциялық және паразиттік аурулар
тіркелген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде
карантинді жүзеге асыру тәртібі

      8. Жекелеген объектілерде тізбеде көзделген инфекциялық және паразиттік аурулар тіркелген кезде тиісті аумақтағы (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шешімімен, сондай-ақ ведомстволық объектілерде - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшысы мынадай шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізеді:
      1) инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды зертханалық зерттеп-қараудың теріс нәтижелерін алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету;
      2) айналасындағыларға қауіп төндіретін созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды, созылмалы бактерия тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттету;
      3) инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және науқастармен байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық айғақтары бойынша инкубациялық кезең мерзіміне ауруханаға жатқызу.
      9. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру бойынша жедел басшылық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияға және төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық комиссияға жүктеледі.
      10. Жекелеген объектілерде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде тиісті аумақтағы (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шешімдерімен, сондай-ақ ведомстволық объектілерде — халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшысы шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді тоқтатады.

5. Халық тұрмысының және кәсіпкерлік және (немесе) өзге де
қызметті жүргізудің ерекше шарттары мен режимдері

      11. Кодекстің 90-бабына сәйкес тізбеде көзделген инфекциялық және паразиттік аурулар туындаған және тіркелген, Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:
      1) тиісті аумақтағы (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу туралы шешімдерінің талаптарын сақтайды;
      2) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтайды;
      3) медициналық ұйымдардың талабы бойынша зерттеп-қараудан және емдеуден өтеді;
      4) өзінің ауруы туралы медициналық персоналға ақпарат береді.
      12. Кодекстің 90-бабына сәйкес тізбеде көзделген инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және таралу, тіркелу және пайда болу қаупі төнген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті жүргізген кезде:
      1) тиісті аумақтағы (көліктегі) бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің немесе оның орынбасарларының шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу жөніндегі шешімінің талаптарын сақтайды;
      2) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізеді;
      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындайды;
      4) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік аурулар пайда болған жағдайларда санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзушылықтары туралы уақтылы ақпарат береді.