Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 254 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-7-жолмен толықтырылсын:
      «268-7 «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ»;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен;
      3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.09.2014 № 1011 қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 254 қаулысына   
қосымша      

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.