Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.05.2017 № 286 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiндегi жұмыстардың қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты", "Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi қауiпсiздiгiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-зерттеу орталығы", "Түсті металлургия кәсiпорындарының техникалық қауiпсiздiгi жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы", "Мұнай-газ өнеркәсiбiндегi, мұнай және газ бойынша геологиядағы техникалық қауiпсiздiк жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" қосылу және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қоғам) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні өнеркәсіп қауіпсіздігін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітуді;
2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді;
4) осы қаулыны іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырылулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1084 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-134-жолмен толықтырылсын:
"21-134. "Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-5-жолмен толықтырылсын:
"295-5. "Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:
1) реттік нөмірі 147-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы" акционерлік қоғамы";
2) реттік нөмірлері 148, 149, 150, 151-жолдар алып тасталсын.