Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 222 Заңы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 13, 85-құжат):

      10-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. Қазақстан Республикасының заңдарында өнімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және (немесе) қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.".

      2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 24, 337-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; N 8, 189-құжат; N 18, 339-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 23-24, 192-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 23, 139, 142-құжаттар; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):

      14-баптың 2-тармағындағы "қызметтің тиісті түрлерімен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға" деген сөздер "лицензиатты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына берілген лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 52-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      "4. Кредиттік бюроны қоспағанда, қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреттері шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырады.";

      2) 357-3-бапта:
      бірінші бөліктің екінші абзацындағы "онға дейінгі" деген сөздер "елуге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацындағы "оннан он беске дейінгі" деген сөздер "елуге дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің екінші абзацындағы "он бестен жиырмаға дейінгі" деген сөздер "алпыстан жетпіске дейінгі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 357-5-баппен толықтырылсын:

      "357-5-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе)
                  лицензияға қосымшаны қайтармау

      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиаттың он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтармауы -
      жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейінгі, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";

      4) 541-баптың бірінші бөлігіндегі»"357-4," деген цифрлардан кейін "357-5," деген цифрлармен толықтырылсын;

      5) 636-баптың бірінші бөлігінде:
      1) тармақшада:
      жиырма алтыншы абзацтағы "357-3," деген цифрлардан кейін "357-5," деген цифрлармен толықтырылсын;

      жиырма жетінші абзацтағы "357-1," деген цифрлардан кейін "357-5," деген цифрлармен толықтырылсын;

      жиырма тоғызыншы абзацтағы "357-4," деген цифрлардан кейін "357-5," деген цифрлармен толықтырылсын;

      отызыншы абзацтағы "357-3," деген цифрлардан кейін "357-5," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) тармақшада:
      "валюталық операциялар жүргізуге бақылауды жүзеге асыратын"
деген сөздер алып тасталсын;

      "357-1-баптар" деген сөздер "357-1, 357-5-баптар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 121-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қызметтің осы түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру және қосымша жалпы және кәсіптік білім беру жөніндегі қызмет көрсетуден;";

      2) 227-баптың 2-тармағында:
      1) тармақшаның сегізінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) банкаралық клиринг бойынша қызмет көрсету;";

      3) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) мыналарды:
      медициналық, дәрігерлік қызметті; ветеринария саласындағы қызметті: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуді; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті;
      тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды, жөндеуді және салуды;
      күзет белгісі құралдарын монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      жолаушы лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
      дәрілік заттарды дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды;
      жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатындарын қоспағанда) өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды;
      алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;
      ақпараттандыру мен байланыс, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу саласында қызметтер көрсетуді;
      жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдауды;
      жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді;
      өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;
      тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;
      пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
      мыналардың:
      мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың;
      мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
      жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта, кәсіптік бастауыш, оның ішінде кәсіптер бойынша, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
      рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін;
      жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
      электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды, электр станцияларын, электр желілері мен шағын станцияларды жобалауды және пайдалануды;
      тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау мен пайдалануды, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды;
      химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық-барлау, тау-кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см 2 -ден жоғары және жылу тасығыш температурасы 115 0 С болатын қазандықтарды, 0,7 кг/см 2 -ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді (негізгі лицензияланатын қызмет түрінің технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықты жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
      астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеуді;
      қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді;
      мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрлерін:
      мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді;
      мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждауды, орнатуды, оларға қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.";

      4) 530-баптың 3-тармағындағы "кері қайтарып алынған немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 7-8, 40-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; 2005 ж., N 11, 43-құжат; N 21-22, 86-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы ):

      1) 64-баптың 3-тармағындағы "қайтарып алынған немесе тоқтатылған" деген сөздер "одан айырылған немесе ол тоқтатылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 67-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "67-бап. Кедендік тасымалдаушы ретіндегі қызметті жүзеге
               асыруға арналған лицензиядан айыру

      Лицензиядан айыру үшін:
      1) тиісті уәкілетті мемлекеттік орган тауарларды тасымалдауға берген лицензиядан айыру;
      2) кедендік тасымалдаушы табыс еткен дұрыс емес мәліметтер негізінде лицензия беру;
      3) осы тарауда айқындалған шарттардың сақталмауы;
      4) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің осы Кодекстің 66-бабында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы негіз болып табылады.";

      3) 70-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы "лицензия кері қайтарып алынғанда" деген сөздер "лицензиядан айырылғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 88-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "немесе еркін қойма құруға арналған лицензия" деген сөздер "құруға арналған лицензия және еркін қойма құруға арналған шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "107-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған
                лицензиядан айыру

      Лицензиядан айыру үшін:
      1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
      2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
      3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
      4) соттың лицензиатқа уақытша сақтау қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.";

      6) 108-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "лицензия қайтарылып алынған" деген сөздер "лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "139-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензиядан айыру

      Лицензиядан айыру үшін:
      1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
      2) лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы;
      3) лицензияның қолданылуы бұрын тоқтатыла тұрған себептердің жойылмауы;
      4) соттың лицензиатқа кеден қоймасы қызметтерін көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.";

      8) 140-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "лицензия қайтарып алынған" деген сөздер "лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "146-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешім

      1. Бажсыз сауда дүкенін қазақстандық тұлға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы орган беретін шешімді алғаннан кейін құрады.
      2. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыс істеп жатқан бажсыз сауда дүкендері туралы, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланып отырып, ақпарат жариялауды қамтамасыз етеді.";

      10) 147-бапта:
      тақырыбындағы "лицензияны" деген сөз "шешімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "лицензияны" деген сөз "шешімді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1) тармақшадағы "лицензия" деген сөз "шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақтағы "лицензиат" деген сөз "бажсыз сауда дүкенінің иесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "148-бап. Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған шешімнің
                қолданылуын тоқтата тұру

      1. Бажсыз сауда дүкенінің иесі өз міндеттерін және бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын талаптарды орындамаған жағдайларда, шешімнің қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұруға дейін бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылған тауарлар өзге кедендік режимге орналастырылуға тиіс.
      3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.";

      12) 149-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "лицензияны", "Лицензияны", "лицензиядағы", "лицензияның", "Лицензия" деген сөздер тиісінше "шешімді", "Шешімді", "шешімдегі", "шешімнің", "Шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "лицензиат" деген сөз "бажсыз сауда дүкенінің иесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "лицензиатқа" деген сөз "бажсыз сауда дүкенінің иесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Шешімді қайтарып алу кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының қайтарып алу туралы бұйрығы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады.";

      13) 150-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "лицензияның", "лицензия", "лицензиясы" деген сөздер тиісінше "шешімнің", "шешім", "шешімі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 244-баптың 5) тармақшасындағы және 246-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "лицензия" деген сөз "шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      15) 247-бапта:
      тақырыбындағы "лицензия" деген сөз "шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "берген лицензия", "Мұндай лицензия" деген сөздер тиісінше "берген шешім", "Мұндай шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның еркін қойма құру туралы шешімі осы орган белгілеген нысан бойынша ресімделеді.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      16) 248-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "лицензия" деген сөз "шешім" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      2-тармақтағы "лицензиат" деген сөз "еркін қойманың иесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 249-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "249-бап. Еркін қойма құруға берілген шешімнің қолданылуын
                тоқтата тұру

      1. Еркін қойманың иесі осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған жағдайда, шешімнің қолданылуы кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
      2. Шешімнің қолданылуын тоқтата тұру кезінде тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді. Шешімнің қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін еркін қоймаға орналастырылған тауарлар кедендік бақылаумен басқа еркін қоймаға ауыстырылуға немесе өзге кедендік режимдерге орналастырылуға тиіс.
      3. Шешімнің қолданылуы оның қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін мұндай шешім қабылданған күннен бастап кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен қайта жаңғыртылады.";

      18) 250-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "лицензияны", "лицензиядағы", "Лицензияны", "Лицензия", "лицензия", деген сөздер тиісінше "шешімді", "шешімдегі", "Шешімді", "Шешім", "шешім" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      2) тармақшадағы "лицензиат" деген сөз "еркін қойманың иесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "лицензиатқа" деген сөз "еркін қойманың иесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      "туралы шешім" деген сөздер алып тасталсын;

      "ресімделеді" деген сөзден кейін "және қайтарып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      6-тармақтағы "лицензияны қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін" деген сөздер "белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 251-бапта:
      тақырыбындағы және мәтініндегі "лицензияның", "лицензия", "лицензияны" деген сөздер тиісінше "шешімнің", "шешім", "шешімді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "тоқтату туралы шешім" деген сөздер "тоқтату" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20) 298-баптың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

      21) 403-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "403-бап. Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыру
                құқығына арналған лицензиядан айыру

      Лицензиядан айыру үшін:
      1) көрінеу дұрыс емес мәліметтер беру;
      2) кеден ісі саласында бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
      3) біліктілік аттестаты жоқ маманның, біліктілік аттестаты қайтарып алынған маманның немесе біліктілік аттестатының қолданылуы сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не бұл қызметпен айналысу құқығынан айырылған маманның қызметтерін пайдалану;
      4) лицензияның қолданылуын бұрын тоқтата тұруға негіз болған себептердің жойылмауы;
      5) соттың лицензиатқа брокерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салуы негіз болып табылады.";

      22) 404-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "лицензия қайтарып алынған" деген сөздер "лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 405-баптың 6-тармағындағы "ол қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 13, 99-құжат; 2005 ж., N 9, 26-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 79, 83-құжаттар; N 16, 97-құжат):

      150-баптың 2-тармағындағы "заңдарына" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 16, 140-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 16, 97-құжат):

      1) 41-баптың 4) тармақшасындағы "лицензияның кері қайтарылып алынуы" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 89-бапта:
      тақырыбындағы "және бөрене кесу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      "және бөрене кесу жөніндегі жұмыстар" деген сөздер алып тасталсын.

      8. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 17, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат):

      1) 23-баптың 7-тармағындағы "лицензия және" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 37-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы, 40-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы, 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "лицензия немесе", "лицензияның немесе" деген сөздер алып тасталсын, "арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне", "арнайы су пайдалану қызметінің түрлеріне" деген сөздер "арнайы су пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 49-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "лицензияларды және" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 64-баптың 3-тармағындағы "лицензия немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      5) 75-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы және 3-тармағындағы "лицензияны немесе" деген сөздер алып тасталсын;

      6) 66-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-бап. Арнайы су пайдалану

      1. Халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды ағызу үшін мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
      суды жер үсті және теңіз суларынан механикалық және өз бетімен ағызу жолымен алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
      жер үсті және теңіз суларына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлық-сорғыту, нөсер және басқа да ағынды суларды ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
      ағынды суларды суармалау, булану, сүзгілеу алқаптарына және жергілікті рельефке бұруға арналған құрылыстарды;
      бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (оның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
      гидравликалық электр станцияларын;
      сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
      суармалау, суландыру, суармалау-суландыру және құрғату жүйелерін;
      жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар үшін, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
      ағынды суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғылар, құдықтар, шахталар);
      шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
      су деңгейін мәжбүрлі төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алуға арналған өздігінен шығатын ұңғыларды, шахта құдықтарын, шегендеу көздерін және басқа да шағын құрылыстарды;
      өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды, технологиялық ерітінділерді жер асты су тұтқыш жиектерге және тау-кен жыныстары қуыстарына ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
      көмірсутегі шикізатын өндіру кезінде қыртыс қысымын сақтауға және қатты пайдалы қазбалардың кен орнын игеру кезінде жер астын шаймалауға арналған айдауыш ұңғыларды;
      судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, тікелей су объектісінен алып немесе алмай, жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
      2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде сонда айқындалған мақсаттар үшін ғана жүзеге асырады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
      3. Жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға рұқсат талап етілмейді.";

      7) 72-баптың 7) тармақшасындағы "лицензияда және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      8) 76-бап алып тасталсын;

      9) 92-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "лицензия" деген сөз "рұқсат" деген сөзбен ауыстырылсын.

      9. "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 15, 363-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      34-бапта:
      бірінші бөліктің екінші сөйлемі жаңа абзацтан жазылып, екінші бөлік болып есептелсін және мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу, реставрациялау жөніндегі жұмыстарды тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін лицензия негізінде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргізеді.";

      екінші бөлікте:
      "жөндеу, реставрациялау," деген сөздер алып тасталсын;
      ", осы қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялар және (немесе) арнайы рұқсат" деген сөздер "арнайы рұқсат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 275-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 17-18, 245-құжат; 2002 ж., N 4, 32-құжат; N 15, 147-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 18, 106-құжат; N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат):

      10-баптың 2-тармағының алтыншы абзацындағы "жеке детективтік және күзет қызметімен айналысуға рұқсат" деген сөздер "күзет қызметімен айналысуға лицензиялар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 10, 123-құжат; 2003 ж., N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат):

      1) 8-бапта:
      д-1) тармақшада:
      "банкаралық клиринг; төлем карточкаларын шығару;" деген сөздер алып тасталсын;

      "чек кітапшаларын шығару" деген сөздер "банкаралық клирингті жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      и-1) тармақшадағы "валюталық операциялар жүргізуге," деген сөздер алып тасталсын;

      и-2) тармақшадағы "ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; төлем карточкаларын шығаруға" деген сөздер "ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-баптың е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "е) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауды жүргізуге лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және лицензиядан айыру туралы шешімдер қабылдау;";

      3) 56-баптың г) тармақшасындағы "валюталық операцияларды," деген сөздер алып тасталсын.

      12. "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 150-құжат; 1999 ж., N 21, 787-құжат; 2003 ж., N 6, 34-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 22, 131-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2006 ж., N 16, 99-құжат):

      1) 8-2-баптың 4-тармағындағы "рұқсаты" деген сөз "лицензиясы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 36-3-баптың 2-тармағында:
      бірінші сөйлемдегі "жазбаша рұқсаты" деген сөздер "лицензиясы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "рұқсат" деген сөз "лицензия" деген сөзбен ауыстырылсын.

      13. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 11, 55-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 8-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
      3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;";

      2) 20-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының үшінші абзацындағы "қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 30-бапта:
      2-тармақтың 10) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
      5-тармақтың екінші бөлігіндегі және 6-тармақтың төртінші бөлігіндегі "9)-12)" деген цифрлар "9) және 12)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтағы "10)-12) тармақшаларында көзделген операцияларды" деген сөздер "12) тармақшасында көзделген операцияны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 47-баптағы "оны қайтарып алуға", "рұқсатты қайтарып алуға", "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алу", "лицензиясын (лицензияларын) қайтарып алғаннан", "лицензия қайтарып алынғаннан", "лицензияны кері қайтарып алу", "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "одан айыруға", "рұқсаттан айыруға", "лицензиясынан (лицензияларынан) айыру", "лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан", "лицензиядан айырғаннан", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 48-бапта:
      тақырыбындағы "оны қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың бірінші абзацындағы "оны қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.";

      2-тармақтағы "оны қайтарып алады" деген сөздер "одан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 48-1-баптың 1-тармағындағы "лицензиясы қайтарылып алынған" деген сөздер "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 57-баптың 6-тармағының төртінші абзацындағы "банктің лицензиясын қайтарып алуға" деген сөздер "банкті лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 67-баптың 3-тармағындағы "лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 70-баптың б) тармақшасындағы "лицензияларды қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиялардан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 72-бапта:
      1-тармақтағы "лицензияларын қайтарып алу" деген сөздер "лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екінші бөлігіндегі "банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларын қайтарып алады" деген сөздер "банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияларынан банк айырылады"
деген сөздермен ауыстырылсын.

      14. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 1-бапта:
      екінші бөліктегі "және жолаушылардың, жүктің, теңдеме жүк пен почтаның әуе тасымалдарын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы" деген сөздер алып тасталсын;

      жиырма сегізінші бөліктегі "немесе лицензиясы" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 71-бап алып тасталсын.

      15. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N 23, 416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар; N 23, 920-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 13-14, 174-құжат; N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; N 23, 309-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      11-баптың 1-тармағы 33) тармақшасында:
      бірінші абзацтағы "атыс тирлері мен стендтерін ашуға" деген сөздер "атыс тирлері мен стендтерін, штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға және олардың жұмыс істеуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "әкетудің" деген сөзден кейін ", сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, әкелудің, әкетудің" деген сөздермен толықтырылсын.

      16. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат):

      1) 5-2-баптың 3-тармағындағы "кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-4-бапта:
      4-тармақтың 2) тармақшасындағы "кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігіндегі "оны кері қайтарып алады" деген сөздер "одан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2003 ж., N 23, 169-құжат):

      1) 3-баптағы "экспортқа бағдарланған" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 14-баптағы "қолданылып жүрген заңдарына" деген сөздер "лицензиялау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      18. "Экспорттық бақылау туралы" 1996 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 240-құжат; 2000 ж., N 20, 377-құжат; 2003 ж., N 18, 143-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      7-баптың алтыншы бөлігіндегі "оны кері қайтарып алуға немесе" деген сөздер алып тасталсын.

      19. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      11-баптың екінші бөлігінің он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттауды өткізеді;".

      20. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; N 12, 82-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      1) 5-баптың он екінші абзацы алып тасталсын;

      2) 7-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау;";

      3) 9-бап алып тасталсын.

      21. "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 14, 112-құжат; N 24, 177-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 9-1-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 23-бапта:
      тақырыбындағы "лицензиялау және" деген сөздер алып тасталсын;

      "лицензиялау және" деген сөздер алып тасталсын.

      22. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат; 2006 ж., N 1, 4-құжат; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 13, 86-құжат; N 15, 95-құжат):

      1) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
      Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.";

      2) 41-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сырттай байқау әкімшісі лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істерін және мүлкін басқаруға қандай тәртіппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртіппен шеттетілуге тиіс.
      Лицензиясынан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.".

      23. "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат; 2000 ж., N 8, 187-құжат; 2004 ж., N 11-12, 67-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      12-баптың 2-тармағындағы "лицензиялар" деген сөз "куәліктер" деген сөзбен ауыстырылсын.

      24. "Атом энергиясын пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 83-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 5-баптың 1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "иондандырушы сәуле көздерін алу деңгейінен төмен пайдаланатын сынақ зертханаларын техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген қызметті қоспағанда, атом энергиясын пайдалануға байланысты жұмыстарды атқару мен қызметтер көрсету;";

      2) 11-баптағы "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      25. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 11, 39-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 69-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-баптың бірінші бөлігіндегі "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 40-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 42-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға не одан айыруға құқылы.";

      1-4-тармақтағы "оны уәкілетті органның қайтарып алуына" деген сөздер "уәкілетті органның одан айыруына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 42-6-баптың 3-тармағындағы "лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45-2-бапта:
      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "қоры лицензияларының кері қайтарылып алынуына" деген сөздер "қорын лицензияларынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың екінші бөлігіндегі "лицензияны кері қайтарып алуға", "оның лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "лицензиядан айыруға", "оны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "қорының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қорын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тармақтағы "Лицензиясы кері қайтарып алынған" деген сөздер "Лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 49-3-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы "қорының лицензиясын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде кері қайтарып алуға" деген сөздер "қорын осы Заңның 42-бабы 1-4-тармағының негізінде лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      26. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; 1998 ж., N 22, 307-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 48-құжат; N 12, 86-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 11, 55-құжат):

      бүкіл мәтін бойынша "лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан", "лицензияны кері қайтарып алу", "Нотариус лицензиясын кері қайтарып алу", "нотариус лицензиясы кері қайтарылып алынады", "Лицензия кері қайтарылып алынған", "кері қайтарып алу", "нотариустардың лицензияларын кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "лицензиясынан айырылғандықтан", "лицензиясынан айыру", "Нотариусты лицензиясынан айыру", "нотариус лицензиясынан айырылады", "Лицензиясынан айырылған", "одан айыру", "нотариустарды лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 21-22, 281-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 10, 32-құжат; 2006 ж., N 13, 86-құжат):

      1) 1-баптың жетінші абзацы алып тасталсын;

      2) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Сот-сараптама қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      28. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 22, 328-құжат; 2001 ж., N 15-16, 236-құжат; 2003 ж., N 11, 65-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "лицензияларын кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензияларынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Лицензияны кері қайтарып алу", "адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "Лицензиядан айыру", "адвокатты лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 21-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы және 24-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "адвокат лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "адвокатты лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 31-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "лицензия кері қайтарылып алынған" деген сөздер "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "адвокат лицензиясын кері қайтарып алуға" деген сөздер "адвокатты лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      29. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат; 2001 ж., N 20, 258-құжат; 2002 ж., N 5, 50-құжат; 2004 ж., N 5, 29-құжат; N 13, 74-құжат; 2005 ж., N 17-18, 73-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      36-бап мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      4-1. Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялаудың ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбелерін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.".

      30. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат):

      1) бүкіл мәтін бойынша "оны кері қайтарып алу", "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу", "кері қайтарып алуды", "оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу", "Лицензия кері қайтарып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "одан айыру", "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру", "лицензиясынан айыруды", "алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру", "Лицензиядан айырылған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 6) тармақшасындағы "оны кері қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру" деген сөздер "оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу туралы" деген сөздер тиісінше "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "ұйымның", "лицензиясы кері қайтарып алынса" деген сөздер тиісінше "ұйым", "лицензиясынан айырылса" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-бапта:
      3-тармақта:
      бірінші абзацтағы "Лицензияны уәкілетті орган" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "кері қайтарып алуды жүзеге асырады" деген сөздер "лицензияны кері қайтарып алу жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "лицензиясы кері қайтарылып алынған" деген сөздер "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      31. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; 2004 ж.,  N 23, 140, 142-құжаттар):

      1) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қару мен оның патрондарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға берілген лицензиялар мерзімі шектелмей берілетін бас лицензиялар болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
      Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, бірнеше қызмет түрлеріне де, сол сияқты жекелеген қызмет түрлеріне де беріледі.
      Қару мен оның патрондарын иемденіп алуға лицензия біржолғы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.";

      2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата түру және одан айыру

      Осы Заңда және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындамау лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
      Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.";

      3) 20-баптың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "рұқсаттардың күші белгіленген тәртіппен жойылғанда" деген сөздер "рұқсаттардан белгіленген тәртіппен айырылғанда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 21-баптың бірінші бөлігіндегі "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы қолданыстағы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 28-баптың 2) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

      6) 29-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау құқығына;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, иемденіп алу құқығына;".

      32. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 4, 102-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; 2002 ж., N 15, 147-құжат; 2004 ж., N 6, 41-құжат):

      9-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;".

      33. (алып тасталды)
      Ескерту. 33-тармағы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      34."Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 3-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде "отыз проценттен алпыс процентке дейінгі" деген сөздер "отыз проценттен басталатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 15-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс";

      5) 18-бап алып тасталсын;

      6) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Лицензиядан айыру

      Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты қызмет түрлеріне берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      35. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1065-құжат; 2003 ж., N 15, 129-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 13, 86-құжат):

      1) 23-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (федерациялардың), жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялауды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;";

      2) 23-1-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;".

      36. "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 14-15, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат; N 17, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      1) 14-баптың 2) тармақшасындағы "күзету" деген сөзден кейін "түрінде жүзеге асырылады" деген сөздермен толықтырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 17-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "лицензияны сот тәртібімен кері қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиатты лицензиядан сот тәртібімен айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 21-баптағы"лицензияларды кері қайтарып алу немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру" деген сөздер "лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе олардан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      37. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 3, 19-құжат; N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):

      9-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "басшысы" деген сөзден кейін "немесе ол уәкілеттік берген адам" деген сөздермен толықтырылсын.

      38. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 22, 406-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 85-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2005 ж., N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 25-құжат; N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 16, 99-құжат):

      1) 20-баптың 8-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы "ұйымының лицензиясын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде кері қайтарып алуға" деген сөздер "ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 34-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 37-баптың 8-тармағының 10) тармақшасындағы "лицензиясы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес кері қайтарып алынған", "лицензия кері қайтарып алынған" деген сөздер "заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған", "лицензиядан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 43-баптың 16) тармақшасындағы "лицензияларды кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиялардан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 53-3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияны кері қайтарып алуды" деген сөздер "лицензиядан айыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 55-бапта:
      тақырыбындағы "брокерінің лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "брокерін лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақтың 6) тармақшасындағы "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша да, жекелеген сыныптары бойынша да лицензиясынан айырылуы мүмкін.";

      2-тармақтағы "Кері қайтарып алу", "оны кері қайтарып алудың" деген сөздер тиісінше "Лицензиядан айыру", "одан айырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "Лицензиясы кері қайтарып алынған" деген сөздер "Лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтағы "Лицензиясы кері қайтарып алынған" деген сөздер "Лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 56-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "брокерінің лицензиясын қайтарып алудың", "брокерінің лицензияларын кері қайтарып алу", "Лицензияны кері қайтарып алу", "Лицензия кері қайтарылып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "брокерін лицензиясынан айырудың", "брокерін лицензияларынан айыру", "Лицензиядан айыру", "Лицензиядан айырған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 60-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Актуарийді лицензиясынан айыру";

      1-тармақтың 5) тармақшасындағы "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта:
      бірінші сөйлемдегі "Лицензияны кері қайтарып алу", "оны қайтарып алудың" деген сөздер тиісінше "Лицензиядан айыру", "одан айырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші сөйлемдегі "лицензия кері қайтарылып алынған" деген сөздер "лицензиат лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 69-баптың 6-тармағындағы "лицензияны кері қайтарып алуына", "оның лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "лицензиясынан айыруына", "оны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      39. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 1, 8-құжат; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 10, 56-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 15, 95-құжат):

      22-баптың 6-тармағындағы "адвокаттың лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "адвокатты лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      40. "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):

      1) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 24-1-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы "кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру
               құқығына лицензиядан айыру

      Мыналар:
      1) лицензиаттың біліктілік талаптарын бұзуы;
      2) лицензиаттың өзі жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрімен айналысуына соттың тыйым салуы;
      3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған себептердің жойылмауы;
      4) лицензия алған кезде лицензиаттың көрінеу жалған ақпарат беруі лицензиядан айыруға негіз болып табылады.";

      4) 33-баптың 3-тармағындағы "уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен лицензияны кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізеді және" деген сөздер "лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылады және уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.

      41. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; N 17-18, 76-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат):

      1) 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында:
      "шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ", "және кері қайтарып алуға" деген сөздер алып тасталсын;

      "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 10-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде:
      "шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын;

      "түрін жүзеге асыруға" деген сөздер "түрімен айналысуға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "лицензиялау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 11-баптың 5-тармағындағы "Шетелдік жұмыс күшін тартуға және" деген сөздер алып тасталсын.

      42. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 9-баптың 3-тармағының 3) тармақшасында:
      "заңдарына" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау" деген сөздер ", туристік қызмет саласындағы стандарттау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп стандарттау мәселелерін реттейді;";

      3) 15-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.";

      4) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау

      Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.";

      5) 17-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы ", туристік қызмет көрсетуге сертификаттың болуы туралы" деген сөздер алып тасталсын.

      43. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 243-құжат; 2004 ж., 23, 142-құжат; 2005 ж., N 6, 10-құжат; N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат, N 15, 95-құжат; 2006 жылғы 23 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 20-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 32-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлік "конструкцияларын" деген сөзден кейін "(сертификатталатын өнімдерді қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші абзацындағы "лицензиарға" деген сөзден кейін "есеп беру нысанында" деген сөздермен толықтырылсын.

      44. "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 23, 320-құжат; 2004 ж., N 23; 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      1) 1-баптың 14) тармақшасындағы "лицензияның" деген сөз "сертификаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 4-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 5-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "пайдаланушы сертификаты және тиісті лицензиясы" деген сөздер "әуежай пайдаланушы сертификатының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 8-баптың бірінші бөлігіндегі "пайдаланушы сертификаты мен халықаралық және (немесе) ішкі әуе тасымалдарын жүзеге асыруға лицензиясы" деген сөздер "әуежай пайдаланушы сертификаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 9-бап алып тасталсын;

      7) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "Лицензияның", "лицензияның" деген сөздер "Сертификаттың", "сертификаттың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      45. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; N 24, 154-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 10, 52-құжат; N 13, 86-құжат):

      19-баптың 1-тармағында:
      1) тармақшадағы "оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату" деген сөздер "оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;".

      46. "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 140-құжат; 2004 ж., N 17, 98-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      1) 6-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасындағы "мен бекіту" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінген пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемін уәкілетті орган айқындайды.";

      3) 14 және 19-4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
      Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "19-4-бап. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау

      Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезеңінде мерзімділігі жылына екі реттен және ұзақтығы екі күннен аспайтындай етіп жүргізіледі.".

      47. "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 13-14, 141-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат):

      6-баптың 8) тармақшасындағы ", геодезиялық және картографиялық жұмыстарды" деген сөздер "жұмыстарын" деген сөзбен ауыстырылсын.

      48. "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):

      12-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

      Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      49. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 63-құжат; 2005 ж., N 14, 55-құжат; 2006 ж., N 4, 25-құжат):

      1) 6-баптың 2) тармақшасындағы "қайтарып алуды" деген сөздер "одан айыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптағы "лицензияны кері қайтарып алғанға" деген сөздер "лицензиясынан айырылғанға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      50. "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат):

      1) 7-1-баптың 12) тармақшасындағы ", сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 8-баптың 2-тармағының 11-1) тармақшасындағы ", сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 9-1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "және медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер ", медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 10-баптағы "заңдарында" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 11-баптың 3-тармағындағы ", лицензиялау" деген сөз алып тасталсын;

      6) 33-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      7) 36-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын.

      51. "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 12, 88-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      10-бапта:
      тақырыбындағы "оны кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "лицензия", "лицензиялау туралы", "кері қайтарып алынуы мүмкін" деген сөздер тиісінше "лицензиядан айыру", "әкімшілік құқық бұзушылық туралы", "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      52. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2004 ж., N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 58-құжат; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағының 12) тармақшасындағы "және қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады" деген сөздер ", қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 51-бапта:
      тақырыбындағы "Лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер "Лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      4) тармақшадағы "лицензияны қайтарып алуға" деген сөздер "лицензиядан айыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлік алып тасталсын;

      5-тармақтағы "заң актілерінде" деген сөздер "лицензиялау туралы заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақтағы "оны кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 54-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу" деген сөздер "қаржы ұйымын лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 68-баптың 4-тармағындағы "ол кері қайтарып алынған" деген сөздер "одан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 93-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы "қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 99-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "мүшесінен бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензия кері қайтарып алынған" деген сөздер "мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 102-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "кері қайтарып алынуы" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 106-баптың 3) тармақшасындағы "кері қайтарып алу" деген сөздер "одан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      53. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 15, 134-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 13-баптың 7) тармақшасындағы "заңдарына" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-6-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы ", лицензиялармен" деген сөз алып тасталсын.

      54. "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат):

      1) 6-баптың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды;";

      2) 7-бапта:
      10) тармақшадағы ", оларды кері қайтарып алады" деген сөздер алып тасталсын;

      13) тармақша алып тасталсын;

      3) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "және кері қайтарып алады" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау

      Фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.".

      55. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 14, 81-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 95-құжат):

      1) 17-бапта:
      2-тармақтағы "заңдарына" деген сөз "лицензиялау туралы заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Лицензиядан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.";

      2) 28-4-баптың 10-тармағының 5) тармақшасындағы "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      56. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 15, 87-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):

      1) 11-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 13-баптың тақырыбындағы және 5) тармақшасындағы "бюроның лицензиясын қайтарып алу" деген сөздер "бюроны лицензиясынан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын.

      57. "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 16, 90-құжат; 2006 ж., N 16, 103-құжат):

      бүкіл мәтін бойынша "қайтарып алған", "қайтарып алынғаны", "лицензиясы қайтарып алынса", "лицензияны қайтарып алған", "қайтарып алынған", "(қайтарып алынуына)", "лицензиясы қайтарып алынған" деген сөздер тиісінше "одан айырған", "одан айырылғаны", "лицензиясынан айырылса", "лицензиядан айырған", "одан айырылған", "(одан айырылуына)", "лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      58. "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 7-8, 18-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) медициналық-әлеуметтік мекеме (ұйым) - күтім мен медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж қарттардың, мүгедектердің, оның ішінде психоневрологиялық аурулар қатарындағы мүгедектердің, мүгедек балалардың стационарда немесе күндіз болу жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған интернат-үй, әлеуметтік қызмет көрсететін аумақтық орталық немесе өзге де ұйым;";

      2) 24-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығы тұлғаларға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары беретін тиісті лицензиясы болған кезде беріледі.".

      59. "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; 2006 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      34-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау

      Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      60. "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 4, 23-құжат):

      1) 10-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "лицензиясын кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған" деген сөздер "лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған" деген сөздермен, 12-баптың 8-тармағының екінші бөлігіндегі "лицензиясы кері қайтарып алынған, оның қолданылуы тоқтатыла тұрған" деген сөздер "лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, ол лицензиясынан айырылған" деген сөздермен ауыстырылсын.

      61. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 90-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы, "қатысушы банктен", "лицензиясын қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "қатысушы банкті", "лицензиясынан айыру" деген сөздермен, 12-баптың 3-тармағындағы "Қатысушы банктен", "лицензия қайтарып алынған" деген сөздер тиісінше "Қатысушы банкті", "лицензиясынан айырған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 15-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "қатысушы банктен", "лицензиясын қайтарып алуы" деген сөздер тиісінше "қатысушы банкті", "лицензиясынан айыруы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы "қатысушы банктен", "лицензияны қайтарып алған", "лицензияны қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "қатысушы банкті", "лицензиясынан айырған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақта:
      екінші бөліктегі "Банкті мәжбүрлеп таратуға және мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға байланысты шығару жағдайларын қоспағанда," деген сөздер "Осы баптың 2-тармағының 1), 3) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату жағдайынан басқа) және 4) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.".

      62. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж. N 16, 101-құжат):

      4-баптың 5) тармақшасындағы "лицензиясын сот тәртібімен береді, тоқтатады немесе кері қайтарып алады" деген сөздер "лицензиясын береді, оның қолданылуын тоқтата тұрады немесе сот тәртібімен одан айырады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті