Астанада 2004 жылғы 9 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы
Шекара өкiлдерiнiң қызметі туралы
КЕЛIСIМ
<*>
(2006 жылғы 29 наурызда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2006 ж., N 3, 27-құжат)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
тату көршiлiк қатынастарды дамытуға және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының (бұдан әрi - мемлекеттiк шекара) режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын күзету жөнiндегi шаралар қабылдауда екi тәуелсiз мемлекеттердiң ажырамас құқығын мойындай отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерiнiң шекаралық қақтығыстарының алдын алуына, ал олар туындаған жағдайда - оларды шұғыл тергеудi және реттеудi қамтамасыз етуге қатысу қажеттiлiгiн атап өтiп,
мына төмендегілер туралы келiстi:
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекара өкiлдерi мен шекара өкiлдерiнiң орынбасарлары Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес тағайындалады. Тараптардың шекара өкiлдерi мен олардың орынбасарларының тағайындалғаны туралы тегiн, атын және әкесiнiң атын, қызмет ету телiмдерiн және орналасқан жерлерін көрсете отырып, дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiне хабарлайды.
Шекара өкiлдерiнiң мiндеттерiн орындаған кезде шекара өкiлдерiнiң орынбасарлары шекара өкiлдерiне берiлген құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.
Шекара өкiлдерi өз мемлекеттерiнiң заңнамасына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға, Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi туралы хаттамамен (N 1-қосымша) анықталған Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы телiмдерi шеңберiнде, сондай-ақ осы Келiсiммен анықталатын өкiлеттiктерге сәйкес бiр-бiрiмен бiрлесiп өз мiндеттерiн орындайды.
Жазбаша өкiлеттiктердi (N 2-қосымша):
Қазақстан Республикасының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының орынбасары - Шекара қызметiнiң Директоры;
Ресей Федерациясының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Ресей Федерациясының Федералды қауiпсiздiк қызметiнiң Директоры бередi.
Шекара өкiлдерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн көмекшiлер, хатшылар, аудармашылар, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер тағайындалады, сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылады.
Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң жазбаша өкiлеттiктерiн, хатшылардың және аудармашылардың куәлiктерiн, екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiктердi (N 3-5-қосымшалар) шекара өкiлдерi бередi.
Шекара өкiлдерi өз қызметi телiмдерiнiң шегiнде:
шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
Тараптар белгiлеген мемлекеттiк шекарадан өту ережесiнiң сақталуын бақылайды және белгiленген тәртiптi бұза отырып, одан өтудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп контрабандаға қарсы күрес жөнiнде шаралар қабылдайды;
құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, заңсыз көшiп-қонушыларды депортациялау (бepу) жөнiнде шаралар қабылдайды, соның iшiнде үшiншi елдерден, егер олардың басқа Тараптары мемлекетiнiң аумақтарынан шығуына дәлелдемелер бар болса;
адамдардың мәйiттерiн тануға қатысады және қажет болған жағдайда оларды беру жөнiндегi шаралар қабылдайды;
табиғатты мемлекеттiк басқару мен қорғау уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп, мемлекеттiк шекарадағы шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтiң өткiзiлуiн жүзеге асырумен, сондай-ақ шекаралық су тоғандарындағы суды пайдалануды бақылауды қамтамасыз етедi;
мемлекеттiк шекара арқылы өрттердiң, жұқпалы аурулардың, індеттердiң және ауыл шаруашылығы зиянкестерiнiң таралу қаупi туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды;
мемлекеттiк шекара режимiн қамтамасыз етуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
1. Шекара өкілдері бiрлескен жұмысты, әдетте, отырыстарды (кездесулердi) өткiзу жолымен жүзеге асырады. Шекара өкiлдерiнiң арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiлуi мүмкiн.
2. Шекара өкiлдерiнiң отырысы (кездесуi) олардың бiреуiнiң ұсынысы бойынша өткiзiледi. Отырыстың (кездесудiң) күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, оның өткiзiлетiн орны мен уақыты бiр мезгiлде ұсынылады.
Жекелеген жағдайларда отырыстарда (кездесулерде) шекара өкiлдерi арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкiн.
Отырысты (кездесудi) өткiзу туралы ұсыныстарға жауапты шекара өкiлдерi мүмкiндiгiнше қысқа мерзiм iшiнде, бiрақ осындай ұсынысты қызметтiк хат-хабарды қабылдау беру жөнiндегi уәкiлдер алған сәттен бастап 48 сағаттан кешiктiрмей беруi тиiс. Бұл ретте талқылау үшiн қосымша мәселелер, сондай-ақ отырысты (кездесудi) өткiзетiн өзге уақыт пен орын ұсынылуы мүмкiн.
3. Шекара өкiлi ұсынған отырысқа (кездесуге) Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi өздерi келуi тиiс. Егер бұл мүмкiн болмағанда, онда отырысқа (кездесуге) шекара өкiлiнiң орынбасары келедi, ол туралы отырыс (кездесу) басталғанға дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей отырысты (кездесудi) өткiзудi ұсынған шекара өкiлiн хабардар етедi.
4. Шекара өкiлдерiнiң отырыстарында (кездесулерiнде) олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәлер, жәбiрленушiлер және басқа да адамдар) қатыса алады.
Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң кездесулерiне хатшылар мен аудармашылар, ал қажет болған кезде сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
5. Жеке кездесулердi талап етпейтiн мәселелер хат алмасу немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану жолымен шешiлуi мүмкiн.
6. Шекара өкiлдерi келiсiлген мерзiмде отырыстарда (кездесулерде) қабылданған шешiмдердi орындау жөнiндегі шаралар туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
Шекара өкiлдерiнiң және олардың орынбасарларының жоспарлы отырыстары (кездесулерi), әдетте, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы аумақтарында кезекпен, ал жоспардан тыс болатындары оларды өткiзудi ұсынған Тараптардың шекара өкiлi ұсынған мемлекеттiң аумағында өткiзiледi.
Шекара өкiлдерiнiң тапсырмасы бойынша шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң кездесулерi өткiзiледi. Шекара өкiлдерi көмекшiлерiнiң қабылдаған шешiмдерi оларды шекара өкiлдерi бекiткеннен кейiн ғана күшiне енедi. Шекара өкiлдерiнiң көмекшiлерi келiсе алмаған мәселелер шекара өкiлдерiнiң қарауына берiледi.
Шекара өкiлдерi мәжiлiстерiнiң (кездесулерiнiң) қорытындылары бойынша бірлескен хаттама жасалады, онда отырыстың (кездесудiң) күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, отырыстың (кездесудiң) жалпы барысы, қабылданған шешiмдер мен оларды орындау мерзiмдерi көрсетiледi.
Отырыстың (кездесудiң) хаттамасы екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады, шекара өкiлдерiнiң немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдарымен және елтаңбалық мөрлермен бекiтiледi.
1. Шекара өкiлдерi өзара келiсiм бойынша мемлекеттiк шекарада кездесу бекеттерiн, сондай-ақ қызметтiк хат-хабар алмасу бекеттерiн және техникалық байланыс құралдарын пайдалану тәртiбiн белгiлейдi. Қызметтiк хат-хабар қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер қызметтiк хат-хабарды мемлекеттiк шекарада қабылдау мен берудi тәулiк бойы жүзеге асырады.
2. Шекара өкiлдерi Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес ұсталған адамдарды және олардағы заттарды, сондай-ақ үй жануарларын және адамдардың мәйiттерiн берудi ұйымдастырады. Осы рәсiмдердi жүзеге асыру орнын, уақытын және тәртiбiн шекара өкiлдерi жеке анықтайды.
3. Шекара өкiлдерi өзара уағдаластық бойынша ұсталған адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру кезiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа да iс-қимыл жасау кезiнде ресiмделетiн актiлердiң, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгiлерiн белгiлейдi.
Ұсталған адамдарды, жануарларды, мүлiктердi және адамдардың мәйiттерiн берудi шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары немесе көмекшiлерi жүзеге асырады.
1. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары мен сарапшылары осы Келiсiмге сәйкес өз мiндеттерiн орындау үшiн осы мақсатта белгiленген бекеттерде немесе келiсiлген жерлерде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
2. Шекара өкiлдерi, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерi жазбаша өкiлеттiктер (N 2 және 3-қосымшалар) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
3. Хатшылар мен аудармашылар куәлiктерi (N 4-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
4. Сарапшылар және бiрлесiп жұмыс істеуге тартылған басқа да адамдар шекараның екi жағына біржолғы өтеуге арналған куәліктердің (N 5-қосымша) негiзiнде мемлекеттiк шекарадан өтедi.
5. Шекара өкiлдерiнiң, олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң өкiлеттiктерiн, хатшылар мен аудармашылардың куәлiктерiн растауды шекара өкілі отырыстарда (кездесулерде) жүзеге асырылады.
6. Шекарадан өтуге құқық беретiн құжаттарды жоғалтқан жағдайда, осы Келiсiмге сәйкес олардың иелерi бұл туралы шұғыл өз мемлекетінің шекара өкiлiне дереу хабарлауы тиiс, ол жоғалған құжаттың күшiн жояды және басқа Тарап мемлекетiнiң шекара өкiлiн болған жағдай туралы хабарлайды.
1. Шекара өкiлдерiне, олардың орынбасарларына, көмекшiлерiне, хатшыларға, аудармашылар мен сарапшыларға осы Келiсiмге сәйкес басқа Тарап мемлекетiнiң аумағындағы өз мiндеттерін атқарған кезде олардың жеке басына қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ олардың өздеріне жүктелген мiндеттердi орындауына қажеттi құжаттары мен мүлiктеріне қол сұғылмайтындығына кепiлдiк берiледi.
Аталған лауазымды адамдар белгiленген нысандағы киiмдi киiп, баж төлемінсіз және басқа да салықтар мен алымдар салынбайтын жеке пайдалануы және жұмыс iстеу үшiн қажеттi заттарды, азық-түлiк тағамдарын, темекi бұйымдары және дәрi-дәрмектердi басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына алып жүре алады.
2. Әр Тарап осы Келiсiмдi өз мемлекетінің аумағында орындалуына байланысты шығыстарды көтередi, бұл ретте отырыстарды (кездесулердi) өткiзу жөніндегі шығыстарды аталмыш шараларды өз мемлекеті аумағында өткiзетiн Тарап көтередi.
Шекара өкiлдерi:
мемлекеттiк шекараны заңсыз кесіп өту фактiлерi туралы;
шекара арқылы адамдарды заңсыз тасымалдаумен және контрабандамен айналысатын адамдардың әрекеттері туралы;
мемлекеттiк шекараның маңында адамдардың немесе жануарлардың қауiптi жұқпалы ауруларының туындауы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен орман зиянкестерiнiң жаппай таралуы туралы, өрттер мен су тасқындары туралы;
әрбiр Тарап мемлекетiнiң қауiпсiздiгiне және мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ықтимал ic-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнiнде қабылданған шаралар туралы;
мемлекеттiк шекара режимiн қамтамасыз етуге ықпал ететін басқа да мәселелер бойынша ақпараттармен алмасады.
Шекара өкiлi шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөнiндегi ынтымақтастықты жүзеге асырады, соның iшiнде:
мемлекеттiк шекара арқылы адамдарға және басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына қарай атыс жүргiзуге, соның iшiнде адамдардың қаза болуына немесе жарақат алуына, мүлiктердiң бүлiнуiне және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын жағдайлар;
мемлекеттiк шекарадан адамдардың және көлік құралдарының заңсыз өтуiне;
мемлекеттiк шекараны жүзу құралдарымен және ұшу аппараттарымен бұзуға;
мемлекеттiк шекара арқылы контрабандаларды алып өтуге;
Тараптар мемлекеттерiнiң шекара қызметтерi лауазымды адамдарының өз қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк шекарадан абайсыз өтуiне;
табиғат апаты немесе өзге де мән-жайлар салдарынан басқа Тарап мемлекетінің аумағында пайда болған мүлiктің табылуына;
шекара белгiлерi мен басқа да шекара құрылғыларын өз бетiмен немесе кездейсоқ жылжытуға, бүлдiруге немесе қиратуға;
үй жануарларының мемлекеттiк шекара арқылы өтуiне;
мемлекеттiк шекара арқылы өрттiң тарауына;
Тарап мемлекеттерiнiң мүдделеріне нұқсан келтiретiн, бiрақ дипломатиялық арналар бойынша шешудi талап етпейтiн мемлекеттiк шекара режимiн өзге де бұзушыларға тергеу жүргізеді және оларды реттейді.
1. Осы Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген шекаралық қақтығыстардың мән-жайларын анықтауды шекара өкiлдерi келісілген тәртіппен жүргiзедi. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру шекаралық қақтығыс болған мемлекет аумағындағы Тараптың шекара өкiлiнiң басшылығымен жүзеге асырылады.
2. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексерудiң нәтижелерi бойынша акт, ал қажет болғанда басқа да құжаттар жасалады.
3. Шекара өкiлдерi осы Келiсiм бойынша өздеріне берiлген өкiлеттiлер аясында, басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына өткен үй жануарларын және мүлiкті қайтару мәселелерiн шешедi.
4. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тексеру құқық қорғау органдарының құзыретiне жатқызылған iс-әрекеттерді алмастырмайды.
5. Шекара өкiлдерi шекаралық қақтығыстарды реттеуде келісімге қол жеткізе алмаса, ол дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану жөнiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер және консультациялар жолымен шешедi.
Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 17-бабына сәйкес күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және оның күшіне енуі үшін қажеттi мемлекет iшiндегі рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Егер Тараптардың бiрде-бiрi басқа Тарапқа Келiсiмнiң қолдану мерзiмi өткенге дейiн алты ай қалғанда оның қолданылуын тоқтату жөніндегі өз ниетi туралы жазбаша хабарламаса, оның қолданысы автоматты келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.
2004 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және екi мәтiннiң де күшi бiрдей.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
Yкiметi үшін Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 1-қосымша
Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi туралы
ХАТТАМА
Шекара өкiлдерiнiң қызмет ету телiмдерi былайша белгiленедi:
Қазақстан Республикасы тарапынан:
Атырау телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Атырау қаласы) - Каспий теңiзiндегi мемлекеттiк шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiнен Атырау облысының, Батыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орал телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Орал қаласы) - Атырау облысының, Батыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Батыс Қазақстан облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Ақтөбе телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Ақтөбе қаласы) - Батыс Қазақстан облысының, Ақтөбе облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Қостанай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Қостанай қаласы) - Ақтөбе облысының, Қостанай облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Петропавл телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Петропавл қаласы) - Қостанай облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Павлодар телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Павлодар қаласы) - Солтүстiк Қазақстан облысының, Павлодар облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Шығыс телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Өскемен қаласы) - Павлодар облысының, Шығыс Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн;
Ресей Федерациясы тарапынан:
Астрахан телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Астрахан қаласы) - Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының аумақтық теңізінің сыртқы шегімен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Каспий теңiзiндегi аумақтық теңізін шектеудің қиылысу сызығының нүктесінен Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараның құрғақ телiмiнiң басталу нүктесiне дейін, әрі қарай Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Волгоград телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Волжский қаласы) - Астрахан облысының, Волгоград облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Саратов телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Саратов қаласы) - Волгоград облысының, Саратов облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Самара облысының, Орынбор облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Самара облысының, Орынбор облысының әкімшілік шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының түйісу нүктесіне дейін;
Бузулук телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Бузулук қаласы) - Самара облысының, Орынбор облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Илекск ауданының, Орынбор облысының Соль-Илецк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орынбор телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Орынбор қаласы) - Орынбор облысы Илекск ауданының, Орынбор облысы Соль-Илецск ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Орск телiмi бойынша шекаралық өкiл үшiн (орналасқан жері - Орск қаласы) - Орынбор облысы Гайск ауданының, Орынбор облысы Новотроицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Орынбор облысының, Челябинск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Магнитогорск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Магнитогорск қаласы) - Орынбор облысының, Челябинск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Челябинск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Троицк қаласы) - Челябинск облысы Варненск ауданының, Челябинск облысы Троицк ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Курган телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Курган қаласы) - Челябинск облысының, Курган облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Курган облысының, Тюмен облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Тюмен телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Ишим қаласы) - Курган облысының, Тюмен облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Тюмен облысының, Омбы облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Исилькуль телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Исилькуль қаласы) - Тюмен облысының, Омбы облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысы Полтавск ауданының, Омбы облысының Шарбақты көл ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Омбы телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Омбы қаласы) - Омбы облысы Полтавск ауданының, Омбы облысы Шарбақты көл ауданының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Новосибирск телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Купино қаласы) - Омбы облысының, Новосибирск облысының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Новосибирск облысының, Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Барнаул телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Барнаул қаласы) - Новосибирск облысының, Алтай өлкесiнiң әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiне дейiн;
Таулы-Алтай телiмi бойынша шекара өкiлi үшiн (орналасқан жері - Акташ поселкесi) - Алтай өлкесiнiң, Алтай Республикасының әкiмшiлiк шекараларының және Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасының түйiсу нүктесiнен Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы мемлекеттiк шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн.
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 2-қосымша
Шекара өкiлiнiң (шекара өкiлi орынбасарының)
өкiлеттігі
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
1-бет - Өкiлеттік
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей шекарасының _______________________________________
(телiмнiң атауы)
бойынша __________________________ шекара өкiлi (шекаралық өкiлiнiң
(мемлекеттің атауы)
орынбасары) болып тағайындалды.
____________________________________________________________________
(атағы, тегi)
аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн уәкiлеттенедi
және осыған байланысты Қазақстан-Ресей шекарасынан өтуге және
____________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өкiлеттiкке қол қоюға құқығы бар адам лауазымының атауы)
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_ жылғы "___" ________________ қаласы.
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _________ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 3-қосымша
Шекара өкiлi көмекшiсiнiң өкiлеттiгi
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
1-бет - Өкілеттік
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей шекарасының ________________________________________
(телімнің атауы)
бойынша ____________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара өкiлiнiң көмекшiсi болып тағайындалды.
____________________________________________________________________
(атағы, тегі)
аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн уәкiлеттенедi
және осыған байланысты Қазақстан-Ресей шекарасынан өтуге және
____________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
ШЕКАРА ӨКIЛI
____________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(атағы, тегі, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _______ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 4-қосымша
Хатшының және аудармашының куәлiгi
Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
1-бет - Куәлік
2-бет -
3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
4-бет - 200_жылғы "___" ____________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей шекарасының ________________________________________
(телiмнiң атауы)
бойынша ___________________________________________ шекара өкiлiнiң
(мемлекеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(лауазымы)
болып тағайындалады және Қазақстан-Ресей шекарасынан өтуге және
____________________________________________________________________
(мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
ШЕКАРА ӨКIЛI
____________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
5-бет - 4 беттiң мәтiнi _______ тілінде
6-бет -
7-бет -
8-бет -
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Ресей Федерациясының Yкiметi
арасындағы Шекара өкiлдерiнiң
қызметi туралы келiсiмге
N 5-қосымша
Шекараның екi жағына бiр жолғы
өтуге арналған куәлiк
1-бет - Қазақстан-Ресей шекарасынан бiр жолғы өтуге арналған
куәлiк
2-бет - 200_жылғы "___" ___________ Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Шекара
өкiлдерiнiң қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан-Ресей шекарасының екi жағына да өтуге немесе
______________________________ шекара жолағында болуға құқығы бар.
(мемлекеттің атауы)
Иесiнiң жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.
200_жылғы "___" ___________ бастап
200_жылғы "___" ___________ жарамды.
ШЕКАРА ӨКIЛI
____________________________________________________________________
(мемлекеттiң атауы)
____________________________________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Мөр орны
200_жылғы "___" _______________
3-бет - 2 беттiң мәтiнi _______ тілінде
4-бет -