Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
      1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15. N 171 , 2005.04.21. N 1557 жарлықтарымен.
       2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
      3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

      Қазақстан Республикасының
Президенті



Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына
1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2000.02.04 N 331, 2000.10.12 N 471, 2000.12.20 N 517, 2001.01.31 N 544, 2001.11.13 N 720, 2002.03.21 N 825, 2002.08.05 N 916, 2002.08.29 N 939, 2002.12.10 N 992, 2004.03.23 N 1317, 2004.05.14 N 1367, 2004.07.05 N 1400, 2004.08.02 N 1413, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.28 N 1692 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.08 N 144, 2006.08.28 N 166, 2008.02.19 N 544 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.22 N 729, 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 165 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266, 2012.04.08 N 294, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 18.02.2016 № 198; 05.10.2016 № 349; 31.10.2016 № 366 Жарлықтарымен.
 

Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының
штат саны

Саны
 

Барлығы
 

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты
 

391
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
 

118
 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
 

25
 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
 

13
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты
 

132
 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
 

33
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:
 

6203
 

облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)
 

5975
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары
 

2309
 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
 

12
 


Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ШТАТ САНЫ

      Ескерту. Штат саны жаңа редакцияда - ҚР Президентінің
      04.05.2015 N 15 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.01.2016 N 183 Жарлығымен.
 

Қазақстан Республикасының прокуратурасы
 

5636
 

оның ішінде:
 


Бас прокуратура
 

355
 

Құқық қорғау органдары академиясы
 

213*
 

прокуратура органдары
 

4412
 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
 

100
 

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары
 

556
 


            _____________________
      *2017 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының прокуратурасының штат саны - 5606 бірлік, Құқық қорғау органдары академиясының штат саны - 183 бірлік.
 


Қазақстан Республикасы
Президентінің 1999 жылғы
22 қаңтардағы N 29 Жарлығына
N 3-қосымша

      Ескерту. Жарлық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.04.09 N 970 Жарлығымен, өзгер3c енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің
штат саны
ЛИМИТІ

      Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен.
 

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары
судьяларының штат саны
ЛИМИТІ

      Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 456
      Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 1693
 


Қазақстан Республикасы
Президентінiң
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдарының
ШТАТ САНЫ

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.