Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiнiң мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 166 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 139 Жарлығымен

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi  Заңын  iске асыру мақсатында:
      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi бiр ай мерзiмде "Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы" ведомстволық нормативтiк құқықты кесімдi әзiрлесiн және қабылдасын әрi Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын.

      Премьер-Министрдiң
      мiндетiн атқарушы