Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 266 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2013 № 125 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 4 ақпандағы
№ 204 қаулысымен   
бекітілген     

Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабын және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.
      Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне алу құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен орындау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) айырма төлемі – алушының зейнетақы төлемдеріне алу құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде белгіленген, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
      2) айырма төлемін алушы – міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;
      3) мемлекеттік орган – өз құзыреті шегінде айырма төлемін тағайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
      4) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Үкіметі функцияларды Заңда көзделген шарттармен жүзеге асыруға уәкілеттік берген заңды тұлға;
      5) жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – Қор) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті:
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі белгіленген күні;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні;
      Заңның 23-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету ниетін немесе фактісін дәлелдейтін құжатты ресімдеу күні басталады.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарына алғаш рет өтініш берген күнге белгіленеді.
      Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына қайта аударған жағдайда зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді.
      Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1383 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты алу үшін Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне өтініш береді.
      Орталықтың құрылымдық бөлімшесі осы адам өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге оған инфляция деңгейін ескере отырып, Қорға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты ұсынады.
      4. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпарат алу үшін өзі салымшы болып табылатын Қорға өтініш береді.
      Қор осы адам өтініш берген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнгі зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ұсынады.

2. Айырма төлеміне өтініш беру тәртібі

      5. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлға айырма төлемін алу үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
      6. Өтінішке айырма төлемін алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, паспортының, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, шетел азаматының тұруға ықтиярхатының) көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
      2) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі;
      3) осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не село және/немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) куәлігінің көшірмесі.
      Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы мен өзге де төлемдерді алушы өтініш берген жағдайда, өтінішке осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген нысандар бойынша ақпарат қана қоса беріледі, олар Орталықтан берілетін зейнетақы немесе өзге де төлемдер бойынша істер макеттеріне жинақталады.
      Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмелері;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат;
      2) алушы өзі өтініш берген кезде:
      азаматтығы жоқ адамның паспортының не куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;
      осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ақпарат.
      Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасы не оның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1383 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін өтініш пен қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары береді.
      8. Айырма төлемі туралы өтінішті почта байланыс құралдары арқылы берген кезде айырма төлемін алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын жағдайда құжаттардың көшірмелерін нотариалды куәландыру тұрғылықты тұратын мемлекетте жүргізіледі.
      9. Сенім білдірілген өкіл айырма төлемін тағайындау туралы өтініш берген кезде ол осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа:
      1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын;
      2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса) ұсынады.
      Сенім білдірілген өкілдің айырма төлемін алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1383 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі

      10. Орталық айырма төлемі туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде барлық қорларға осы адамның міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді.
      11. Қорлар сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметті Орталыққа электронды форматта ұсынады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1383 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Орталық қорлардан мәліметтер түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қорлардан алынған зейнетақы жарналарының сомалары туралы мәліметтерді, инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. Егер алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда, Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін жүргізеді.
      13. Айырма төлемі сомасының есебін жүзеге асырғаннан кейінгі бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) іс-қағаздар макеті, сондай-ақ осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасы мемлекеттік органға жіберіледі.
      14. Электронды (қағаздағы) істер макеті келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырманы төлеуді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Егер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда мемлекеттік орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.
      15. Шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік орган айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) істер макеті мен айырма төлемін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді Орталықтың құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
      Орталықтың құрылымдық бөлімшесі айырма төлемін алушының электронды (қағаздағы) істер макетін алған күннен бастап үш күн ішінде өтініш берушіні айырма төлемін тағайындаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді және ұсынылған құжаттарды мемлекеттік органның тағайындаудан бас тарту себептері туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
      16. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен төлемнің күнделікті кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне Министрлікке ұсынады.
      17. Министрлік айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес есепті кезеңге көзделген сома шегінде бюджет қаражатын Орталыққа аударуды жүзеге асырады.
      18. Орталық бюджет қаражатын алып, 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының банктік шотына аударады.

Зейнетақы төлемдерін алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
міндетті зейнетақы жарналарының
нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы 
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы төлемдеріне 
құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау 
қағидаларына        
1-қосымша          

 Инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорына
нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомалары
туралы ақпарат

Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________

туған күні (кк.аа.жжжж)______________________________________

ӘЖК ______________________________________
 

Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

Келіп түскен міндетті зейнетақы жарналарының саны

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы




М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы ________________________ _________
                                     (Т.А.Ә.)             (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің маманы ______________________________ _________
                                     (Т.А.Ә.)             (қолы)

Зейнетақы төлемдерін алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
міндетті зейнетақы жарналарының
нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы 
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы төлемдеріне 
құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау  
қағидаларына          
2-қосымша            

Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке
зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының
есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.31 № 1383 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
_______________________________________________________
Жинақтаушы зейнетақы қорының атауы

Өтінімнің №

Салымшының
Т.А.Ә

Салымшының туған күні

Салымшының
ӘЖК

Зейнетақы жинақтарын алу құқығына ие болған күнгі (күні, айы, жылы) зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы

Бірінші рет алу күні

Бірінші рет алу сәтіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы

Бірінші рет алудың себебі

1

2

3

4

5

6

7

8

























      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының директоры
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)
      М.О. Жинақтаушы зейнетақы қорының маманы
      _______________________________________________________
            (Т.А.Ә.)                               (қолы)

Зейнетақы төлемдерін алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
міндетті зейнетақы жарналарының
нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы 
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы төлемдеріне 
құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау  
қағидаларына          
3-қосымша            

Ауданның коды__________________
Қазақстан Республикасы

_________________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті

 Өтініш

      Азамат ____________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты толық)

Туған күні 19___ ж. «___»______________,_____________________________
мекен жайында тұратын
банктегі шотының № ___________ Банк филиалының №___________ Байланыс
бөлімшесінің №__________________
Менің СТН ______________________ ӘЖК___________________________
Жеке куәліктің (паспорттың) деректері: №_____________________________
Кім берді_________________ Берілген күні_____________________________

      Маған зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
      Мен____________________________________________________________ жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табыламын.

      Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.
      Орталыққа жинақтаушы зейнетақы қорындағы (-ларындағы) жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметке сұрау салуды өтінемін.

Берілген күні_______________ Өтініш берушінің қолы___________________
Азамат________________________________________________________өтініші
20___ ж. «____» №____________ қабылданды.

Құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______________

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: 

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтың саны

Ескертпе





















__________________________________________________________________
      (қию сызығы)

Азамат________________________________ өтініші №___________ тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған күн_____________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:____________

Зейнетақы төлемдерін алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
міндетті зейнетақы жарналарының
нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы  
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы төлемдеріне 
құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау 
қағидаларына         
4-қосымша         

Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті
зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының
сомасы арасындағы айырма төлемін алушының
ісі

Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі

№_____________

Қазақстан Республикасы

Облыс


Қала (аудан)


Телефоны


Тегі


Аты


Әкесінің аты


Жинақтаушы зейнетақы қоры


Жеке зейнетақы шоты


Банк филиалы


Банктік шоты


Зейнетақы төлемдерін алушыларға
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
міндетті зейнетақы жарналарының
нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналары мөлшерінде сақталуы  
жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін
алушының зейнетақы төлемдеріне  
құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның
деңгейін ескере отырып орындау  
қағидаларына         
5-қосымша            

Коды_______________

_______________________облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің
20___ жылғы «____» ______________ №______ шешімі
Іс №____________

      Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
      Азамат ___________________________________________________

Жынысы________ Туған күні 19___ ж. «____» ___________________.

Өтініш берген күні 20___ ж. «____»___________ №______________
      1. Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы________________________ теңгені құрайды.
_______________________________________________________________теңге.
           (сомасы жазбаша)
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы
_____________________________ теңгені құрайды.
_______________________________________________________________теңге.
           (сомасы жазбаша)
      3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы
____________________________________________________________________
______________________________________теңге мөлшерінде тағайындалсын.
           (сомасы жазбаша)
      4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын
____________________________________________________________________
             (негіздеме)
М.О. Департамент директоры____________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)
Басқарма (бөлім) бастығы______________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

Тағайындау жөніндегі маман____________________________ ______________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

____________________________________________________________________

Шешім жобасы дайындалды:
М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы__________________________ ____________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)

ЗТМО бөлімшесінің маманы________________________________ ___________
                                    (Т.А.Ә.)              (қолы)