Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15. N 171 , 2005.04.21. N 1557 жарлықтарымен.

      2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.

      3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
1999 жылғы 22 қаңтардағы 
N 29 Жарлығына      
1-қосымша         

     Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.02.04 N 331, 2000.10.12 N 471, 2000.12.20 N 517, 2001.01.31 N 544, 2001.11.13 N 720, 2002.03.21 N 825, 2002.08.05 N 916, 2002.08.29 N 939, 2002.12.10 N 992, 2004.03.23 N 1317, 2004.05.14 N 1367, 2004.07.05 N 1400, 2004.08.02 N 1413, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.28 N 1692 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.08 N 144, 2006.08.28 N 166, 2008.02.19 N 544 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.22 N 729, 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 165 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

  Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
   қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының штат саны

__________________________________________________________________
|            Саны                              |    Барлығы       |
|______________________________________________|__________________|
| Қазақстан Республикасы Парламенті            |      391         |
| Палаталарының аппараты                       |                  |
|______________________________________________|__________________|
| Қазақстан Республикасы Президентінің Іс      |      118         |
| Басқармасы                                   |                  |
|______________________________________________|__________________|
|Қазақстан Республикасы Конституциялық         |       25         |
|Кеңесінің аппараты                            |                  |
|______________________________________________|__________________|
|Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау    |       86         |
|жөніндегі есеп комитетінің аппараты           |                  |
|______________________________________________|__________________|
|Қазақстан Республикасы Парламентінің          |       33         |
|Шаруашылық басқармасы                         |                  |  |______________________________________________|__________________|
|Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы |      5579        |
|Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті|                  |
|(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының       |                  |
|аппараты), оның ішінде: облыстардағы,         |      5403        |
|астанадағы және республикалық маңызы бар      |                  |
|қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері) |                  |
|______________________________________________|__________________|
|Қазақстан Республикасының Мемлекеттік         |       215        |
|қызмет істері агенттігі                       |       173        |
|соның ішінде аумақтық органдар                |                  |
|Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық       |        12        |
|______________________________________________|__________________|  

      Қазақстан Республикасы      
Президентінің           
1999 жылғы 22 қаңтардағы     
N 29 Жарлығына          
2-қосымша             

     Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің
1999.12.30 N 320, 2001.07.09 N 653, 2003.03.28 N 1050, 2004.12.01
N 1477, 2007.09.17 N 408, 2010.04.09 N 970, 2010.09.27 N 1072
(2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.10 N 1098 Жарлықтарымен.

             Қазақстан Республикасы Прокуратурасының
                          Штат саны
________________________________________________________________
|Қазақстан Республикасының                       |    5336      |
|Прокуратурасы                                   |              |
|________________________________________________|______________|
|       соның ішінде:                            |              |
|________________________________________________|______________|
| Бас прокуратура                                |     286      |
|________________________________________________|______________|
| Прокуратура органдары                          |     4394     |
|________________________________________________|______________|
|Құқықтық статистика және арнайы есепке алу      |              |
|жөнiндегi комитет                               |     100      |
|________________________________________________|______________|
|Құқықтық статистика және арнайы есепке          |              |
|жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдары         |     556      |
|________________________________________________|______________|

Қазақстан Республикасы        
Президентінің 1999 жылғы       
22 қаңтардағы N 29 Жарлығына     
N 3-қосымша              

     Ескерту. Жарлық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.04.09 N 970 Жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

          Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы 
               Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің 
                            штат саны 
                             ЛИМИТІ

      Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары
судьяларының штат саны
ЛИМИТІ

Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары              488

Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары             1653

Қазақстан Республикасы 
Президентінiң    
1999 жылғы 22 қаңтардағы
N 29 Жарлығына    
4-ҚОСЫМША      

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2005.04.21 N 1557 Жарлығымен, өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдарының
ШТАТ САНЫ

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары     3375

соның iшiнде:

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы)                                        363

қаржы полициясының аумақтық органдары                   2852

Қаржы полициясы академиясы                               160