"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (б

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 165 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж. № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты» деген жолдағы «371» деген цифрлар «391» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығына:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2010 жылғы 1 қарашадан бастап осы Жарлықтың 5 (құпия), 5-1-тармақтарында (құпия) көрсетілген органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының:»;
      4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;
      5-тармақта: (құпия);
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. (құпия).».
      2. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев