Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171, 2005.04.21. N 1557 жарлықтарымен.

      2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.

      3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2000.02.04 N 331, 2000.10.12 N 471, 2000.12.20 N 517, 2001.01.31 N 544, 2001.11.13 N 720, 2002.03.21 N 825, 2002.08.05 N 916, 2002.08.29 N 939, 2002.12.10 N 992, 2004.03.23 N 1317, 2004.05.14 N 1367, 2004.07.05 N 1400, 2004.08.02 N 1413, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.28 N 1692 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.08 N 144, 2006.08.28 N 166, 2008.02.19 N 544 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.22 N 729, 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 165 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266, 2012.04.08 N 294, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 18.02.2016 № 198; 05.10.2016 № 349; 31.10.2016 № 366; 04.08.2018 № 723; 29.08.2018 № 734; 26.12.2018 № 812; 18.03.2019 № 880; 22.07.2019 № 74; 05.10.2020 № 427; 05.10.2020 № 428; 20.02.2021 № 515 Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен қамтылған жекелеген
мемлекеттік органдарының штат саны

Саны
 

Барлығы
 

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары

396

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
 

118
 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
 

25
 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
 

25
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты
 

132
 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
 

33
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:
 

6243
 

облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)
 

6015
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары 

661
 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
 

12
 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары

1688

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері

2862

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері

267

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

1731

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

      Ескерту. Жалпы штат саны жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 07.08.2018 № 727 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

5716

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
3-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің штат саны
ЛИМИТІ

      Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары судьяларының штат саны
ЛИМИТІ

      Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 458

      Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 2161

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 22 қаңтардағы
№ 29 Жарлығына
4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының
ШТАТ САНЫ

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.