Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына өзгерiс енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 1413 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Халықаралық және ішкі авиабағыттарда азаматтық әуе кемелерінің тұрақты емес ұшуларды орындауына арналған рұқсаттарды беруден бас тарту үшін негіздерді нақтылау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502  бұйрығымен бекітілген (N 2558 нормативті-құқықтық кесімдердің Мемлекетті топтау тізбесінде тіркелген) Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесі және беруден бас тарту үшін негіздерге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру және беруден бас тарту ережесінде:
      14-тармақтың 1-ші абзацында:
      "болуы мүмкін" деген сөздер "болады" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға