Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 12 қазан N 471. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығымен

      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы
                           ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен  бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген өзгерiс бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктердi қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекiтiлген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiстi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткізiлген күннен бастап екі апталық мерзiмда осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесін бекiту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен бекітiлген Банк операцияларының жекелеган түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық және реттеуші есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерісті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінiңаумақтық филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.  

      Ұлттық Банк Төрағасы

Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының
 Қаржы министрлігімен                     Ұлттық Банкі басқармасының
 Келісілген                                 2000 жылғы 13 қазандағы
 23 қараша 2000 жыл                            N 388 қаулысымен
                                                  Бекітілген

         Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының
    1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 455 қаулысымен  бекiтiлген Банк
    операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың
   қаржылық және реттеушi есебiн жасау және ұсыну ережесiне өзгерiс

     - 6-тармақтың екінші бөлігіндегі "тоқсан сайын" деген сөз "жыл сайын" деген сөзбен ауыстырылсын.  

     Ұлттық Банктің Төрағасы