Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

      1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15. N 171 , 2005.04.21. N 1557 жарлықтарымен.

      2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.

      3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Қазақстан Республикасының
Президенті




  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  1999 жылғы 22 қаңтардағы
  N 29 Жарлығына
  1-қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2000.02.04 N 331, 2000.10.12 N 471, 2000.12.20 N 517, 2001.01.31 N 544, 2001.11.13 N 720, 2002.03.21 N 825, 2002.08.05 N 916, 2002.08.29 N 939, 2002.12.10 N 992, 2004.03.23 N 1317, 2004.05.14 N 1367, 2004.07.05 N 1400, 2004.08.02 N 1413, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.28 N 1692 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.08 N 144, 2006.08.28 N 166, 2008.02.19 N 544 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.22 N 729, 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 165 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266, 2012.04.08 N 294, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 18.02.2016 № 198; 05.10.2016 № 349; 31.10.2016 № 366; 04.08.2018 № 723 Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасының республикалық бюджет есебінен
қамтылған жекелеген мемлекеттік органдарының
штат саны

Саны
 

Барлығы
 

Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараты
 

391
 

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
 

118
 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты
 

25
 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
 

13
 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты
 

132
 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
 

33
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде:
 

6203
 

облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот әкімшілері)
 

5975
 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары
 

2349
 

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
 

12
 



  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  1999 жылғы 22 қаңтардағы
  N 29 Жарлығына
  2-қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратурасының ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ

      Ескерту. Жалпы штат саны жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.10.2017 № 563 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде:
Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары

5636



  Қазақстан Республикасы
  Президентінің 1999 жылғы
  22 қаңтардағы N 29 Жарлығына
  N 3-қосымша

      Ескерту. Жарлық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2010.04.09 N 970 Жарлығымен, өзгер3c енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің
штат саны
ЛИМИТІ

      Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының жергілікті соттары
судьяларының штат саны
ЛИМИТІ

      Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 456

      Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 1693


  Қазақстан Республикасы
  Президентінiң
  1999 жылғы 22 қаңтардағы
  N 29 Жарлығына
  4-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы қаржы полициясы
органдарының
ШТАТ САНЫ

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.