РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 18-бабының 1-тармағына, 56-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 1, 1-құжат; 2012 ж., № 32, 414-құжат):
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мыналарды қоса алғанда 65 судьядан тұрады деп белгіленсін:";
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж., № 7, 50-құжат; № 26, 264-құжат; № 28, 299-құжат; № 30, 320-құжат; 2007 ж., № 30, 330-құжат; № 33, 361-құжат; 2008 ж., № 10, 105-құжат; 2009 ж., № 5, 13-құжат; 2010 ж., № 27, 205-құжат; № 51, 466-құжат; 2011 ж., № 2, 12-құжат; № 34, 408-құжат; № 59, 833-құжат; 2012 ж., № 32, 414-құжат; № 42, 552-құжат; № 58, 793-құжат; № 59, 806-құжат; 2013 ж., № 56, 770-құжат; № 58, 788-құжат; 2014 ж., № 54, 532-құжат; 2015 ж., № 29-30, 184-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (сот кеңселері) |
6233 6057 |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдар (соттардың кеңселері) |
6221 5993 |
";
жоғарыда аталған Жарлыққа 3-қосымшада:
"Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары" деген жолдағы "488" деген цифрлар "456" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 23.12.2015 № 137 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев