Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен.
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Мына жоғары оқу орындарына:
1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;
5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;
9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР Президентінің 10.06.2023 № 252 (15.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына;
13) Қазақ ұлттық хореография академиясына;
14) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне;
15) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне;
16) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне ерекше мәртебе берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233; 27.04.2016 N 242; 28.02.2018 № 645; 25.12.2018 № 805; 15.01.2020 № 241 Жарлықтарымен.2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) алып тасталды - ҚР Президентінің 11.04.2016 № 233 Жарлығымен;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15; 18.02.2016 № 198; 11.04.2016 № 233 Жарлықтарымен.3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |