Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 маусымдағы № 252 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы" болып өзгертілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының штат саны 55 бірлік болып белгіленсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      4. Осы Жарлық:

      1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының жиырма екінші абзацын;

      2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он тоғызыншы абзацтарын;

      3) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын, өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағының оныншы, он бірінші абзацтарын, 3-тармағын, 4-тармағының қырық екінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші абзацтарын, 6-тармағының алтыншы, жетінші, сегізінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 10 маусымдағы
№ 252 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 3315 Жарлығында:

      1-1-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуінің негізгі міндеттері жергілікті соттардағы жұмыстың ерекшеліктерін зерделеу, судья лауазымындағы жұмыс үшін қажетті практикалық және ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеру болып табылады.

      Тағылымдамадан өту судьялыққа кандидаттың іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін зерделеу және оның судья өкілеттіктерін жүзеге асыру перспективасын айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі негізгі жұмыс орнынан қол үзе отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Судьялыққа кандидат Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алғаннан кейін тағылымдамадан өте алады.

      Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.

      Тағылымдамадан өту кезеңінде судьялыққа кандидатқа бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар аудандық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымдық айлықақысының 70% мөлшерінде жалақының белгіленген сомасы төленеді.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) аяқтаған адамдардың оқуды аяқтаған күнінен бастап төрт жыл бойы тағылымдамадан өтуі талап етілмейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тағылымдамадан өту мерзімі аудандық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – аудандық сот) сегіз айды, облыстық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – облыстық сот) бір айды құрайды.

      Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.

      Заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.

      Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған және заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.

      Заң мамандығы бойынша он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.

      Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған және заң мамандығы бойынша кем дегенде он бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі екі айды, оның ішінде аудандық сотта бір айды, облыстық сотта бір айды құрайды.

      Тізбесін Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекітетін құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар болып табылатын адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі облыстық сотта бір айды құрайды.

      Судьялыққа кандидат ұзақтығы екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы тағылымдаманы тоқтатады.

      Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьялыққа кандидаттың өтініші бойынша уәкілетті органның басшысы белгіленген мерзім өткенге дейін тағылымдаманы тоқтатады.

      Кейіннен судьялыққа кандидат осы Ережеде белгіленген тәртіппен тағылымдамадан өтуге жіберілуі мүмкін.

      Уәкілетті орган бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымды алған адамдардың тағылымдамасы тоқтатылғаны туралы мәліметті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Жоғары Сот Кеңесіне жолдайды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырған және Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адамдардың тізімдерін уәкілетті органға жолдайды.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы уәкілетті орган басшысының ұсыныстары негізінде жыл сайын жергілікті соттарда тағылымдамадан өту үшін бос орындарды бөлуді жүзеге асырады.

      Тағылымдамадан өтуге арналған орындар облыста, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда судьялардың болжанатын бос орындарының саны негізінде, бірақ әрбір облыс, астана және республикалық маңызы бар қала үшін кемінде үш орыннан бөлінеді.

      Судья лауазымына кандидаттар бос орындардың бөлінуіне сәйкес тағылымдамаға қабылданады.

      Тағылымдамадан өту судья лауазымына кандидаттың тұрғылықты жері бойынша тіркелген облыс, астана және республикалық маңызы бар қалалар аумағындағы жергілікті соттарда жүзеге асырылады. Тұрғылықты жері бойынша тағылымдамадан өту үшін бос орындар болмаған жағдайда кандидат басқа облыста, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда бос орындар болған жағдайда тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен Тағылымдамадан өтуге адамдарды іріктеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жүгінуге құқылы.

      Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адамдарға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру тағылымдамадан өтуге бос орындардың бөлінуіне қарамастан жүзеге асырылады.

      Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымын алған адамның тағылымдамадан өтуі осы Ереженің 4-тармағының талаптарын ескере отырып, бос лауазымға тағайындауға ұсыным келіп түскен сотта жүзеге асырылады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган жергілікті соттарда тағылымдамадан өту үшін бос орындар туралы хабарландыруды тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтініштерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде Жоғарғы Соттың және Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурстарында жариялайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Тағылымдамадан өтуге ниет білдірген адам тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішпен хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Комиссияға жүгінеді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ;

      2) өмірбаян;

      3) диплом мен оның қосымшасының көшірмелері;

      4) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) соңғы жұмыс орнынан қызметтік мінездеме. Дәлелді себептермен мінездеме беру мүмкін болмаған жағдайда жазбаша түсініктеме ұсынылады;

      6) құжаттарды тапсырған күнге дейін берілгеніне бір жыл өтпеген, судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растайтын, медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

      Жоғары Сот Кеңесінің бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымын алған адам уәкілетті органның сұрау салуы бойынша осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссия Жоғары Сот Кеңесінен бос лауазымға тағайындау туралы ұсыным алған адамдардың тізімі келіп түскеннен кейін бос лауазымға тағайындау туралы ұсыным алған адамдарға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тағылымдамадан өтуге рұқсат алған адам интернет-ресурстарда мәліметтер жарияланғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тағылымдамаға кірісуге міндетті.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жоғары Сот Кеңесі бос лауазымға тағайындау туралы ұсыным беру кезінде кандидаттардың осы тармақтың жоғарыда аталған талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Комиссия отырысқа дейін адамның моральдық-этикалық бейнесін жағымсыз жағынан сипаттайтын мәліметтер келіп түскен жағдайда тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы.

      Тағылымдамадан өтуге рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде Комиссия кандидатты бос лауазымға тағайындау туралы ұсынымның күшін жою жөнінде мәселені қарау үшін материалдарды Жоғары Сот Кеңесіне жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27.Тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытынды алған жағдайда судьялыққа кандидат қайтадан тағылымдамадан өтуге оны алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін ғана жіберіледі.

      Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тағылымдама нәтижелері туралы теріс қорытынды алған жағдайда медициналық куәландыру нәтижелері бойынша судьяның кәсіби міндеттерін орындауға кедергі болатын ауруларының жоқтығы кейіннен расталған жағдайларды қоспағанда, судьялыққа кандидат қайтадан тағылымдамадан өтуге жіберілмейді.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) құрылымдық бөлімшесі судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу үшін ақпарат жинауды жүзеге асырады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кәсіби қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы Комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

      Кәсіби қызметті мерзімді бағалау нәтижелері бойынша судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы Комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Судьяның бір жыл мерзім өткеннен кейінгі жұмыс нәтижелері бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерінің көшірмелері келіп түскен материалдармен бірге кейіннен Жоғары Сот Кеңесіне ұсыну үшін Жоғарғы Сот Төрағасына бекіту үшін жолданады.

      Судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын қызметіне сай келмейді деп тану, басқа сотқа ауыстыру туралы Комиссияның хаттамалық шешімдерінің көшірмелері Жоғары Сот Кеңесіне жолданады.";

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Комиссия Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдар негізінде судьяның отставкаға құқығын растау туралы мәселені қарауды жүзеге асырады.

      41. Аудандық соттың судьясына, төрағасына және облыстық соттың судьясына қатысты Комиссия Регламентінде көзделген құжаттарды Комиссияға облыстық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасына және сот алқасы төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясы мен сот алқасының төрағасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің оларды лауазымға тағайындауына байланысты өз өкілеттіктерін бұрын тоқтатқан судьяларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасы ұсынады.";

      44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Судьяның отставкасы Конституциялық заңның 35-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.

      Комиссия Жоғары Сот Кеңесі жіберген материалдар негізінде отставканы тоқтатуды қарайды.

      45. Комиссия судьяның отставкаға құқығын растау және отставканы тоқтату туралы материалдарды қарау нәтижесі бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) отставкаға құқығын растау туралы;

      2) отставкаға құқығын растаудан бас тарту туралы;

      3) отставканы тоқтату туралы;

      4) отставканы тоқтатудан бас тарту туралы.

      Комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесіне қарау үшін жіберіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Комиссия шешімін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Комиссияның Конституциялық заңның 44-бабында көзделген өзге шешімді қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      Жоғары Сот Кеңесінің Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.".

      3. "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығында:

      1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына;".

      4. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аппарат өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.";

      "2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аппараттың міндеттері мен өкілеттіктері";

      13-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақта:

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Кеңестің аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;

      8) аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкестігі тұрғысынан алдын ала қарау;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Кеңестің аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды өз кандидатурасын дербес ұсынған адамдар және (немесе) кадр резервінде тұрған адамдар қатарынан іріктеуін ұйымдастыру;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Кеңестің қарауына шығарылатын ұйымдық-кадрлық және басқа да мәселелер бойынша, оның ішінде Кеңестің:

      облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;

      аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына сайланған адамдарға қатысты облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстарының қорытындыларын;

      Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураларды;

      конкурстан тыс тәртіппен Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураларды;

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау мәселелерін;

      Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының отставка нысанында өкілеттіктерін тоқтату, отставканы тоқтату мәселелерін;

      сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      судья лауазымына алғаш рет тағайындалған, сайланған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейінгі жұмыс нәтижелерін және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселенің шешімін;

      Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде кәсіби жарамсыздығына орай, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриі шешімінің негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;

      зейнеткерлік жасқа немесе шекті жасқа толғаннан кейін судья лауазымында болу мерзімін ұзарту мәселелерін;

      сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;

      Сот жюриі және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне судьялардың шағым жасау туралы өтініштерін;

      Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсыну туралы мәселелерді;

      судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселелерді;

      аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтау мәселелерін қарауы бойынша талдамалық және өзге де материалдарды дайындау;";

      10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1) Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Біліктілік комиссиясының, Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;";

      12) тармақшада:

      "судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған," деген сөздерден кейін "Кеңестің ұсынымын алған," деген сөздермен толықтырылсын;

      "Жоғарғы Сот" деген сөздер "Кеңес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1) Кеңестің:

      кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін;

      Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия төрағасының кандидатурасы мен комиссия құрамын;

      Кеңес жанындағы Сот жюриі құрамын бекіту жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15-1) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының бюджеттік шығыстарын қарау, келісу және бекіту;

      15-2) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды келісу;

      15-3) сот оқуы, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;";

      "3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Аппаратқа басшылықты басшы жүзеге асырады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      Аппарат басшысы лауазымы бойынша Кеңестің хатшысы болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Аппарат басшысының орынбасарлары болуы мүмкін, оларды Аппарат басшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      Аппарат басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) Аппараттың қызметін ұйымдастырады;

      2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына шығарылатын мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды;

      3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне қолын қойып растайды;

      4) қажет болған кезде тексеру ұйымдастырады;

      5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;

      6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;

      7) Кеңестің ғалым заңгерлер және адвокаттар қатарынан мүшелерінің лауазымдық айлықақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекітеді;

      8) Аппаратқа басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      9) Аппараттың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      10) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      11) Аппаратта атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;

      12) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шоттарына қол қояды;

      13) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;

      14) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;

      15) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және оның өткізілуіне жауап береді;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      17) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      18) Аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      19) Аппарат қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      20) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      21) Кеңес органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;

      22) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз құзыреті шегінде Кеңестің атынан өкілдік етеді;

      23) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;

      24) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды.

      Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      "4. Аппараттың мүлкі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Аппараттың мүлкі";

      "5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату".

      5. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары";

      "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген 2-тарауда:

      "Б корпусы" деген бөлімде:

      В санаттарының тобында:

      В-3 санатында:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының сектор меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сектор меңгерушісі".

      6. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ережеде:

      14-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "жергілікті және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту не тарату жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісу, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту не тарату, судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі үшін бос орындарды бөлу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына енгізу;";

      жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі, оның ішінде судьялыққа кандидаттардың ақылы тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;";

      отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      18-тармақта:

      мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Сот Төрағасымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісілген аудандық және оларға теңестірілген соттарды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы ұсыныс енгізеді;";

      аудандық және оларға теңестірілген, облыстық және оларға теңестірілген соттарда және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында іс жүргізу қағидаларын бекітеді;";

      он төртінші және он бесінші абзацтар алып тасталсын.