Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070319 қараңыз
1. Мына мемлекеттік жоғары оқу орындарына:
1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;
5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;
9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;
12) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына ерекше мәртебе берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75; 18.02.2016 № 198 Жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15; 18.02.2016 № 198 Жарлықтарымен.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті