"Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 242 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 12) тармақшасы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына;» деп жазылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      «13) Қазақ ұлттық хореография академиясына ерекше мәртебе берілсін.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев