ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат; 2003 ж., № 39, 397-құжат; 2006 ж., № 26, 265-құжат):
1-тармақтың 8)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;";
2) Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |