"Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 645 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 13) тармақшасы "Қазақ ұлттық хореография академиясына;" деп жазылып, мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне ерекше мәртебе берілсін.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев