Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 5 шілде N 648

Жаңартылған

      Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070319 қараңыз
      1. Мына мемлекеттік жоғары оқу орындарына:
      1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
      2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
      3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
      4) Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне;
      5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
      6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
      7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
      8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;
      9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;
      10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;
      11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ерекше мәртебе берілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15 Жарлықтарымен.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15 Жарлықтарымен.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы  N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті