Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін: Z070319 қараңыз
1. Мына мемлекеттік жоғары оқу орындарына:
1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне;
2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне;
3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне;
4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;
5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне;
6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына;
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына;
8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;
9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне;
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына ерекше мәртебе берілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.09.26 N 1201, 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.12 N 996; 04.05.2015 N 15; 26.08.2015 N 75 Жарлықтарымен.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына қолданылмайтын, Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2006.07.08 N 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 04.05.2015 N 15 Жарлықтарымен.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті